Кэролайн Уилсон, Алтон



бет73/136
Дата04.05.2024
өлшемі4.82 Mb.
#500530
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   136
Султанбаева ЮНЕСКО 23,11,18 (1)

5-модуль
ма берушілерге, қоғамға және қарапайым адамдарға артықшылығын және бұл стратегияларға деген жауапкершілікті талқылаңыз.
Журналдардардың бірнешеуін, телевизиядағы жарнамаларды, бірнеше үлкен ком- паниялардың веб-сайттарын қарастырыңыз. Сіз қарастырған мысалдарда қолданыл- ған жарнамалы стратегияларды сипаттаңыз. Бірнеше жарнамалық жолдауларды таңдап, оларды мұқият қарастырыңыз. Жарнамалық жолдауда көрсетілген тауардың жекелігін сипаттаңыз және жарнама беруші тудырғысы келген эмоцияларды анық- таңыз. Сатылымдық немесе әлеуметтік жарнама нені жасайды және қандай шешім- дер ұсынады? Бұл уәделердің қаншалықты орындалу мүмкіндігі бар? Бақыт немесе сәттілік туралы қалай ұсынады?

    • Бұл жарнама жолдауында қамтылған идеялар мен құндылықтарды анықтаңыз. Редакциялық және жарнамалық контент арасындағы нақты айырмашылықтарды көрсетудің қажеттілігін анықтаңыз. Бұл жарнамалық жолдаулар қандай да бір тұжырым бар ма? Берілген тұжырымды растайтын қандай фактілер бар? Қандай да бір бұрыс немесе бір жақты емес ақпарат бар ма? Өзіңіздің талдауыңызға сүйене отырып, бұл жарнамаға қандай кеңес бере аласыз? Басқаша айтқанда, сіз жaрнaмa көзделген aқпaрaтты қaлaй келтірер едіңіз? Неліктен? Ақпаратқа немесе жарнамалық жолдауға қандай да бір өзгеріс енгізуді ұсынар ма едіңіз? Мысалмен түсіндіріңіз.



Мерзімді басылымда бір жарнамалық жолдау таңдап, қарастырыңыз. Бұл жаттығу жарнамалық жолдауда қолданылатын дизайн элементтерін талдауды көздейді. Ди- зайн элементтері (композиция, түсірілу бұрышы, жарық, сөз таңдау, т.б.) жарнамалық жолдау мен ақпаратты қалай толықтырады? Басқаша айтқанда, форма мағынаны қалай күшейтеді?
Продакт плейсмент коммерциялық тауарды нақты радио немесе телебағдарлама не- мес кітапта, сонымен қатар интернетте көрінетін жерге орналастыруды білдіреді. Кейбір жағдайларда продакт плейсментті бағдарламаның басы мен соңында қоюға рұқсат береді. Продакт плейсменттің мысалдарын алыңыз. Оларды идентификаци- лау оңай ма? Егер сіздің еліңізде продакт плейсментті реттейтін заңдар бар болса, азаматтар қандай әрекет жасай алады? Тауар жайындағы қандай жолдаулар контекст арқылы беріледі? Өзге контекст немесе басқа продакт плейсмент тауардың имиджі мен оның негізгі жолдауын өзгерте ала ма?

    • Жарнама индустриясының ойыншылар тізімін құрыңыз. Тізімге жеке тұлғалар мен ұйымдар кіруі керек. Олардың ролдерін сипаттаңыз. Аудиовизуальді жарнамаға назар аударыңыз. Жарнамалық жолдауда әрбір кілтті ойыншының ролі берілген бе, қалай ойлайсыздар? Егер сіз жарнаманы жасайтын және тарататын адамдар- мен таныс болсаңыз, бұл жарнаманы басқаша қабылдайсыз? (Назар аударыңыз: бұл ретте «The Persuaders» – «Умеющие убеждать») деректі фильмдер циклі қызығушылық тудырады. Модуль соңында бағдарламаны көріңіз).



БAҒAЛAУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Жарнама жолдауын эмоционaлдық тaртымдылығын, техникaлық компоненттерін, дизайн компоненттерін және мaқсaтты aудиторияны бaғaлaуды қосa aлғaндa тaлдaу.
Медиа журналды жүргізу: жарнамалық хабарламаларды талдау мен көруге реакция.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет