2-нұсқа («еркіндік - билік», «еңбек - ақшаға» бағытталған әлеуметтік –психологиялық тұғырнамаларының қаншалықты дәрежеде екенін анықтау)
-
Сіз өмірде ең бастысы өз ісінің шебері болу дегенмен келісесіз бе?
-
Сіз үшін өзіңіздің шешім қабылдай алу мүмкіндігіңіздің болуы маңызды ма?
-
Сізді таныстарыңыз өктем адам деп санай ма?
-
Сіз ақша табуды білмейтін адамдар сыйлауға тұрмайтын адамдар деген пікірмен келісесіз бе?
-
Сіз үшін шығармашылық жұмыс өмірдегі рахат алатын басты дүние болып табыла ма?
-
Сіз үшін өмірдегі қол жеткізуге тұрарлық басты дүние билік пен ақша емес, еркіндік дей аласыз ба?
-
Сіз ең басты құндылық адамдарға билік жүргізу дегенмен келісесіз бе?
-
Сіздің достарыңыз ауқатты адамдар ма?
-
Сіз айналаңыздағы адамдарды қызықты істермен айналыстыруға тырысасыз ба?
-
Сіз сырттаң келген талапқа сәйкес болмаса да, өз сеніміңізге берік бола аласыз ба?
-
Сіз билік үшін басты қасиет оның күшінде деп санайсыз ба?
-
Сіз ақшаң болса бәрін де сатып алуға болады дегенге сенімдісіз бе?
-
Сіз достарыңызды іскерлік қасиеттеріне қарап таңдайсыз ба?
-
Сіз басқалардың алдында міндетті болмауға тырысасыз да, қоршаған ортаның талаптарына қарамастан өзіңіздің пікіріңізде қала аласыз ба?
-
Сіздің талаптарыңызды біреу орындамаған жағдайда оған қатысты наразылықты сезінесіз бе?
-
Сіз үшін билік пен еркіндіктен гөрі ақша маңызды ма?
-
Сіз сүйікті жұмысыңызсыз ішіңіз пысып, зерігесіз бе?
-
Сіз әркімнің заң аясындағы еркіндігі болуы қажет дегенге сенімдісіз бе?
-
Сіз адамдарды өз еркіңізге жеңіл бағындыра аласыз ба?
-
Сіз жоғары зияткерліктен гөрі, жоғары еңбекақы пайдалырақ дегенге келісесіз бе?
-
Сізді өмірде жұмыстың жақсы нәтижесі ғана қуанта ма?
-
Сіздің өмірдегі қол жеткізуге тырысатын құндылығыңыз еркіндік пе?
-
Сіз өзіңіздің бойыңызда үлкен ұжымды басқара алатын қасиетіңіз бар деп ойлайсыз ба?
-
Сіз үшін табыс өмірдегі қол жеткізуге тырысатын құндылығыңыз болып табыла ма?
-
Сіз үшін билік пен ақшадан гөрі сүйікті ісіңіз құндырақ па?
-
Сіз әдетте өз еркіндігіңіз үшін күресіп, жеңіске жетесіз бе?
-
Сіздің билік етуді, басқаруды аңсайсыз ба?
-
Сіз ақшаны табудың жолы маңызды емес, бастысы ақша болса болды деген пікірмен келісесіз бе?
-
Сіз демалыста жүріп те жұмыс істемей жүре алмайсыз ба?
-
Сіз өз еркіндігіңіз үшін көп нәрсені құрбан етуге дайынсыз ба?
-
Сіз өзіңізді өз отбасыңыздың қожайыны сезінесіз бе?
-
Сіз үшін ақшаны шектеп жұмсау қиындық тудыра ма?
-
Сізді достарыңыз бен таныстарыңыз жақсы маман деп бағалай ма?
-
Сіз үшін сіздің еркіндігіңізге нұсқан келтіретін адамдар ең жағымсыз сезімдеріңізді тудыратын адамдар болып табыла ма?
-
Сіз үшін Билік басқа көптеген құндылықтардың орнын толтыра ала ма?
-
Сіз әдетте қандай да бір дүниеге қажет ақшаны жинай аласыз ба?
-
Сіз үшін Еңбек басты құндылық па?
-
Сіз таныс емес адамдардың арасында өзіңізді сенімді және еркін сезіне аласыз ба?
-
Сіз билікке қол жеткізу үшін еркіндігіңізге нұсқан келтіре аласыз ба?
-
Сіз үшін ең басты күйзеліс ақшаның жоқтығы ма?
«Альтруизм – өзімшілдік», «үдеріс – нәтиже» тұғырнамаларын анықтаудың әдісінің кілті: мәліметтерді өңдеу хаттаманың көлденең жолдары бойымен жасалады. Бірінші жолдың оң жауаптарының жиынтығы «Үдеріске бағытталу», екінші жолдың оң жауаптарының жиынтығы «Нәтижеге бағытталу», үшінші жолдың оң жауаптарының жиынтығы «Альтруизмге бағытталу», төртінші жолдың оң жауаптарының жиынтығы «Өзімшілдікке бағытталу».
«Үдеріске бағытталу»: 1, 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29, 33, 37
«Нәтижеге бағытталу»: 2, 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30, 34, 38
«Альтруизмге бағытталу»: 3, 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31, 35, 39
«Өзімшілдікке бағытталу»: 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28, 32, 36, 40
«Еркіндік – билік», «еңбек - ақша» тұғырнамаларын анықтаудың әдісінің кілті: мәліметтерді есептеу жоғарыдағы әдісте көрсетілгендей жүргізіледі. Бірінші жолдың оң жауаптарының жиынтығы «Еңбекке бағытталу», екінші жолдың оң жауаптарының жиынтығы «Еркіндікке бағытталу», үшінші жолдың оң жауаптарының жиынтығы «Билікке бағытталу», төртінші жолдың оң жауаптарының жиынтығы «Ақшаға бағытталу».
3Тұлғаның бағыттылығын анықтау әдістемесі.
(авторлары В.Смекал мен М.Кучер)
Чех психологтары В.Смекал мен М.Кучердің әдістемесі Б. Басстың бағдарлау сауалнамасының негізінде оған біршама өзгерістер енгізе отырып жасалған. Смекал-Кучер әдістемесі сынақтан өтушінің жұмысымен байланысты немесе сынақтан өткізуге басқа адамдардың қатысуымен ұсынылатын түрлі жағдайларға қатысты ауызша беретін жауаптарына негізделген.
Әдістеменің белгіленуі – адамның:
-
жеке басының (өзіне);
-
ұжымшылдық (әрекеттесуге);
-
іскери (тапсырмаға) бағыттылықтарын анықтау.
Бағыттылықтың үш түрі де бірінсіз бірі жеке, тәуелсіз өмір сүре алмайды, олар өзара тығыз байланыста болады. Сондықтан диагностика тұлғаның бір ғана жеке бағыттылығын емес, оның бойында қай бағыттылықтың басым екенін анықтауға мүмкіндік береді.
Сынақтан өтушіге нұсқау: сауалнаманың әр пунктісіне а, в, с әріптерімен белгіленген үш жауап бере аласыз. Әр пунктінің жауаптарының ішінен сіздің көзқарасыңызды білдіре алатын, сіз үшін ең құндырақ немесе шындыққа жақынырақ болып табылатын жауапты таңдаңыз. Жауабыңыздың әріпін «Жауап парағындағы» «Ең көбі» деген бағанадағы сұрақтың нөміріне қарама-қарсы жазыңыз. Осыдан кейін осы сұрақтың жауаптарының ішінен сіздің оң жауабыңызға сәйкес келмейтін жауапты таңдап алыңыз. Тиісті әріпті «Ең азы» деген бағанадағы сұрақтың нөміріне қарама-қарсы жазыңыз. Әрбір сұрақ үшін екі әріпті ғана пайдаланыңыз. Қалған жауапты ешқайда жазбаңыз. Сұраққа жауап бергенде көп ойланып отырмаңыз, әдетте ойға бірінші келген жауап ең дұрысы болып табылады. Жұмыс барысында әлсін-әлсін өзіңіздің жауаптарыңызды қажет бағандарға дұрыс қойып отырғаныңызды, барлық жерде әріптердің қойылуын тексеріп отырыңыз. Өзіңіздің жауаптарыңыздан қандай да бір қате тапсаңыз, оны сіздің жөндегеніңіз анық көрінетіндей етіп дұрыстаңыз.
Сауалнаманың мәтіні
1 Сізді өміріңізде ең алдымен қанағаттандыратын:
а) жұмысыңыздың бағалануы;
в) жұмыстың жақсы орындалғанын сезіну;
с) өзіңізді достарыңыздың арасында сезіну.
2 Егер мен футбол ойнасам, онда мен:
а) ойынның тактикасын белгілейтін жаттықтырушы;
в) белгілі ойыншы;
с) басқа ойыншылардың таңдауымен болған команда капитаны болар едім.
3 Ең үздік оқытушылар – олар:
а) әркіммен жеке тіл табыса алатын;
в) өз пәніне жан-тәнімен берілген және басқалардың оған деген қызығушылығын тудыратын;
с) ұжымда әркімнің өз пікірін қорықпай айта алатындай жағдай туғызатын адамдар.
4 Оқушылар үшін ең нашар оқытушылар – олар:
а) кейбір адамдардың өздеріне ұнамайтындарын жасырмайтын;
в) ұжым мүшелерінің барлығының бойларында жарыс, бәсеке сезімін тудыратын;
с) өздері оқытатын пән өзін қызықтырмайтындай сезім қалдыратын адамдар.
5 Мен достарым үшін мынандай жағдайларда қуанамын:
а) қажет болғанда басқаларға көмек қолын созғандары үшін;
в) қашанда сенімді де адал болғандары үшін;
с) зиялы, жан-жақты болғандары үшін.
6 Ең жақсы дос, ол:
а) кіммен өзара жақсы қарым-қатынас қалыптасса, сол;
в) кімнің мүмкіндігі менен артық болса, сол;
с) кімге сенім артуға болса, сол.
7 Менің мынандай адам сияқты атақты болғым келер еді;
а) өмірде жетістіктерге жеткен адам;
в) шын сүйе алатын адам;
с) ақжарқын және жайдарылық қасиетімен ерекшеленетін адам.
8 Егер мен таңдайтын мүмкіндігім болса мен:
а) ғылыми қызметкер;
в) бөлім бастығы;
с) тәжірибелі ұшқыш болар едім.
9 Балалық шағымда маған ең қатты ұнайтыны:
а) достарыммен ойнау;
в) істерімде жетістіктерге жету;
с) маған қатысты айтылған мақтаулар болды.
10 Маған ең ұнамайтыны:
а) маған артылған міндеттерді орындауда бөгеттердің кездесуі;
в) ұжымда жолдастық қарым-қатынастың нашарлауы;
с) мені бастығымның сынағаны.
11 Мектептің негізгі ролі:
а) оқушыларды мамандықтар бойынша жұмыс істеуге дайындау;
в) оқушылардың жеке қабілеттері мен дербестіктерін дамыту;
с) оқушыларды адамдармен тіл табысуға тәрбиелеу.
12 Маған ұнамайтын ұжым:
а) қалыптасқан жүйесі демократиялық құрылымнан алшақ болатын;
в) көпшіліктің ішінде адам өзінің дербестігін жоғалтатын;
с) әркімнің өзінің бастамасын таныту мүмкін болмайтын ұжым.
13 Егер менің бос уақытым көп болса, мен уақытымды былай өткізер едім:
а) достарыммен бірге;
в) сүйікті істеріммен айналысып және өз білімімді жетілдіріп;
с) алаңсыз демалып.
14 Менің ойымша мен мына жағдайда ең жоғары жетістікке жетемін:
а) келбетті адамдармен жұмыс істегенде;
в) жұмысым өзімді қанағаттандырғанда;
с) менің еңбегім тиісті дәрежеде бағаланғанда.
15 Маған ұнайтыны:
а) достарыммен уақытты көңілді өткізу;
в) айналамдағылардың мені жоғары бағалағандары;
с) орындалған жұмысқа қанағаттану.
16 Егер мен туралы газетке жазса, онда менің қалайтыным:
а) менің орындаған ісімді атап өткендері;
в) мені жұмысым үшін мақтағандары;
с) менің кеңеске немесе комитетке сайланғаным туралы хабарлағандары.
17 Мен жақсырақ оқыр едім, егер оқытушы:
а) менімен жеке тіл табыса алса;
в) мені тартымдырақ жұмысқа итермелесе;
с) талқыланатын мәселелер бойынша пікірталасқа шақырса.
18 Ең жаманы:
а) адамның жеке басын қорлау;
в) маңызды тапсырманы орындаудағы сәтсіздік;
с) достарыңды жоғалту.
19 Менің жоғары бағалайтыным:
а) жеке табыс;
в) ортақ жұмыс;
с) іс жүзіндегі нәтиже.
20 Мынандай істер үшін қуанатын адамдар өте аз:
а) атқарылған жұмыс үшін шын ниетімен қуанатын;
в) ұжымда рахаттанып жұмыс істейтін;
с) жұмысты шын мәнінде жақсы атқаратын.
21 Менің төзбейтінім:
а) дау-дамай мен ерегес;
в) барлық жаңашылдықтан бас тарту;
с) өзін өзгелерден жоғары қоятын адамдар.
22 Менің қалайтыным:
а) айналамдағылардың мені өздеріне дос деп санағандары;
в) ортақ істе басқаларға көмектесу;
с) басқаларға таңдай қақтыру.
23 Маған басшылық ұнайды, егер олар:
а) талапшыл;
в) беделді;
с) қол жетерлік болса.
24 Менің жұмыста қалайтыным:
а) шешімнің ұжымды түрде қабылданғаны;
в) мәселені шешуде жеке жұмыс істеу;
с) бастықтың менің абыройымды мойындағаны.
25 Менің оқығым келетін кітап:
а) адамдармен тіл табысу өнері туралы;
в) белгілі адамның өмірі туралы;
с) «Өзің істеп ал» деген сияқты дүние.
26 Егер менің музыкалық қабілетім болса, мен:
а) дирижер;
в) жеке орындаушы;
с) композитор болар едім.
27 Бос уақытымды:
а) детективтік фильмдер көрумен;
в) достарыммен бірге;
с) өзімнің құштарлықтарыммен айналысумен өткіземін.
28 Бірдей қаржылық жетістіктерге қол жеткізуге болатын болса, мен:
а) қызықты сайыс ойлап табар едім;
в) сайыста жеңер едім;
с) сайыс ұйымдастырып, оны басқарар едім.
29 Мен үшін ең маңыздысы:
а) өзімнің не істегім келетінімді білу;
в) мақсатыма жетудің жолын білу;
с) өз мақсатыма жетуде басқаларды пайдаланудың жолын білу.
30 Адамның мінез-құлықы:
а) басқаларға ұнайтындай болуы тиіс;
в) өз міндетін алдымен орындайтын болуы қажет;
с) оны жұмысы үшін жазғырмайтындай болуы керек.
Нәтижелерді өңдеу. Егер кілтте көрсетілген әріп «Ең көбі» деген айдарға енгізілген болса, онда сынақтан өтушіге осы бағыттылық бойынша «+» деген белгі қойылады. Егер әріп «Ең азы» деген айдар бойынша болса, онда «-» белгісі қойылады. Осыдан соң барлық «+» белгілері саналады да, олар қортынды кестеге қандай кілттің қолданылғанына қарай тиісті Ө, Ә, немесе МШ бағандарына жазылады. «-» саны да осылай саналады. «+» саны «-» санымен қосылады (белгі есепке алынып). Алынған қортынды кестедегі «Жиынтық» бағанына жазылады. Алынған санға 30 қосылады (белгісі есепке алынып). Осы көрсеткіш берілген бағыттылықтың басымдылық деңгейін сипаттайды. Барлық үш бағыттылық бойынша балдардың жиынтық саны тура 90-ға тең болуы қажет.
Жауаптар парағы
№ п/п
|
Ең көбі
|
Ең азы
|
№ п/п
|
Ең көбі
|
Ең азы
|
№ п/п
|
Ең көбі
|
Ең азы
|
№ п/п
|
Ең көбі
|
Ең азы
|
1
|
|
|
9
|
|
|
16
|
|
|
24
|
|
|
2
|
|
|
10
|
|
|
17
|
|
|
25
|
|
|
3
|
|
|
11
|
|
|
18
|
|
|
26
|
|
|
4
|
|
|
12
|
|
|
19
|
|
|
27
|
|
|
5
|
|
|
13
|
|
|
20
|
|
|
28
|
|
|
6
|
|
|
14
|
|
|
21
|
|
|
29
|
|
|
7
|
|
|
15
|
|
|
22
|
|
|
30
|
|
|
8
|
|
|
|
|
|
23
|
|
|
|
|
|
В.Смекала, М.Кучердің сауалнамасының кілті
Бағыттылық
|
өзіне (Ө)
|
әрекеттесуге (Ә)
|
Тапсырма, мәселе шешуге (МШ)
|
1 а
|
11 в
|
21 с
|
1 с
|
11 с
|
21 а
|
1 в
|
11 а
|
21 в
|
2 в
|
12 в
|
22 с
|
2 с
|
12 а
|
22 а
|
2 а
|
12 с
|
22 в
|
ф3 а
|
13 с
|
23 в
|
3 с
|
13 а
|
23 с
|
3 в
|
13 в
|
23 а
|
4 а
|
14 с
|
24 с
|
4 в
|
14 а
|
24 а
|
4 с
|
14 в
|
24 в
|
5 в
|
15 а
|
25 в
|
5 а
|
15 с
|
25 а
|
5 с
|
15 в
|
25 с
|
6 с
|
16 в
|
26 в
|
6 а
|
16 с
|
26 а
|
6 в
|
16 а
|
26 с
|
7 а
|
17 а
|
27 а
|
7 с
|
17 с
|
27 в
|
7 в
|
17 в
|
27 с
|
8 с
|
18 а
|
28 в
|
8 в
|
18 с
|
28 с
|
8 а
|
18 в
|
28 а
|
9 с
|
19 а
|
29 а
|
9 а
|
19 в
|
29 с
|
9 в
|
19 с
|
29 в
|
10 с
|
20 с
|
30 с
|
10 в
|
20 в
|
30 а
|
10 а
|
20 а
|
30 в
|
Қорытынды кесте
|
Ө
|
Ә
|
МШ
|
«+» саны
|
|
|
|
«-» саны
|
|
|
|
Жалпы саны
|
|
|
|
Жинағы
|
|
|
|
4Ерікті өзіндік реттеуді анықтау әдістемесі
(авторлары А.Г.Зверков, Е.В.Эйдман)
Бұл әдістеме ерікті реттеудің дамуының жеке деңгейінің жалпы бағалауына бағытталған. Ерікті реттеуді адамның түрлі жағдайларда өзін-өзі бақылап ұстауы - өзінің әрекетін, жағдайын, пиғылын саналы түрде басқару қабілеті деп түсінуге болады.
Ерікті түрде өзін-өзі бақылау сауалнамасы 30 пунктіден тұрады. Оның 24-і жұмыс және 6-сы бүркеме пункті. Баста ерікті түрде өзін-өзі бақылау сауалнамасы бір шамадағы нұсқада жасалған болатын, бірақ оның факторлық құрылымының эмпирикалық талдауы нәтижесінде екі тұрақты субшкала белгіленді.
Бірінші субшкала саналы түрде жұмылдыруға болатын әрекетті аяқтаудың энергетикалық әлеуетін сипаттайды. Екінші субшкала – эмоциялық реакциялар мен жағдайларды ерікті бақылау деңгейін көрсетеді. Субшкалалар тұлғаның еріктілік белгілерінің дәстүрлі терминдерінің ішінен «табандылық» және «сабырлылық» дегендерімен аталды.
Нұсқау: сауалнама сіздің өз әрекеттеріңізді, жағдайыңызды және пиғылыңызды саналы түрда басқару қабілетіңізді анықтауға мүмкіндік беретін 30 пікірден тұрады. Егер сіз онымен келіссеңіз, оның нөмірінің қарсысына «ия» деп жазыңыз, келіспесеңіз – «жоқ» деп жазыңыз. Басқа ештеңе жазудың қажеті жоқ. Жауабыңызға сенімсіз болсаңыз басқа таңдау жасауға болады.
Сауалнаманың мәтіні
1 Егер қандай да бір істі орындауда қиындықтар туындап жатса, менің көбіне ондай істі аяқтамай тастай салғым келді. (-В, -Н).
2 Мен өзімнің жоспарларым мен істерімнен тіпті достарымның көңілді ортасында уақыт өткізу үшін де бас тартпаймын. (+В, +Н).
3 Қажет болған жағдайда өзімді қысқан ашуды сыртқа білдірмей ұстау маған қиындық тудырмайды. (+В, +С).
4 Кездесуге келіскен уақыттан кешігіп жатқан досымды күткенде әдетте сабыр сақтаймын. (+В, +С).
5 Мен үшін басталған жұмыстан бас көтеру қиын. (+В, +Н, -С).
6 Мен тән ауыруына өте шыдамсызбын. (-В, -Н).
7 Менімен әңгімелесіп тұрған адамды, оған тез қарсылық білдіргім келіп тұрса да, соңына дейін бөлмей тыңдауға тырысамын. (+В, +С).
8 Мен қашанда өзімнің көзқарасымды қорғаймын.
9 Егер қажет болса мен түні бойы көз ілмей (мысалы, жұмыста, кезекшілікте), ал келесі күні тамаша күйде жүре аламын. (+В, +Н).
10 Менің жоспарларым сыртқы жағдайларға қарай өте жиі өзгереді. (-В, -Н).
11 Өзімді шыдамды адаммын деп санаймын. (+В, +Н).
12 Мен үшін толқытатын көріністерді салқын қандылық сақтап бақылау қиын.
13 Менің бірнеше рет болған сәтсіздіктерден соң жұмысты жалғастыруға өзімді мәжбүр ететін жағдайларым жиі болады. (-В, -Н, -С).
14 Егер маған біреу ұнамаса мен үшін өзімнің оған деген көзқарасымды жасыру қиын. (-В, -С).
15 Қажет болған жағдайда мен өз ісіммен қолайсыз, жайсыз жағдайларда да айналыса аламын.
16 Маған жұмыс істеуге оны белгілі бір уақытта бітіру қажет деген ой қатты бөгет жасайды. (-В, -Н, -С).
17 Өзімді батыл адаммын деп санаймын. (+В, +Н).
18 Мен басқаларға қарағанда дененің шаршауынан тез арыла аламын. (+В, +Н).
19 Баспалдақпен көтерілгенше жаңа ғана кетіп қалған лифтіні күткен дұрыс.
20 Менің жайдан-жай көңіл-күйімді бұзу оңай емес. (+В, +Н).
21 Кейде бір ұсақ-түйек ойымнан шықпай, мазамды алатыны болады. (-В, -С).
22 Маған басқаларға қарағанда жұмысқа немесе тапсырмаға көңіл аудару қиынырақ. (-В, -Н).
23 Мен үшін қайта сұрау ыңғайсыздық тудырмайды.
24 Мен бастаған істі үнемі соңына дейін жеткізуге тырысамын. (+В, +Н, +С).
25 Мені жұмысымнан алаңдату өте оңай. (-В, -Н).
26 Мен кейде өзімнің қалыптасқан жағдайға қарамастан мақсатыма жетуге тырысатынымды байқаймын.
27 Басқалар менің шыдамым мен қазымырлығыма кейде қызығады. (+В, +Н, +С).
28 Мен үшін стрестік жағдайларда сабырлылық сақтау қиын. (-В, -С).
29 Мен біркелкі жұмыс үстінде әрекет түрін, оның кейде жұмыс сапасына нұсқаны тисе де, еріксіз өзгерте бастайтынымды байқаймын. (-В, -С).
30 Кетіп бара жатқан лифтінің немесе көліктің есігі менің дәл алдымда жабылып қалса бұл менің жүйкеме қатты тиеді. (-В, -С).
Нәтижелерді өңдеу. Жиынтық балдарды санағанда тек кілтпен сәйкестік қана есепке алынады. Әрбір сәйкес келген жағдай жиынтық балға тағы бір балл қосып отырады. Кілтпен сәйкес келмейтін жағдайлар есепке алынбайды, жиынтық балл санына әсер етпейді. Осылай есептеудің нәтижесінде ерікті бақылаудың жиынтық балл саны 0-ден 24 балға дейінгі аралықта болады, «табандылық» субшкаласы бойынша - 0-ден 16 балға дейін, «сабырлылық» субшкаласы бойынша – 0-ден 13 балға дейін. Алынған балдар нормативтік көрсеткіштер шкаласының көмегімен қалыпты түрге ауыстырылады. Сауалнаманың кілті: «Е» - ерікті түрде өзін-өзі бақылаудың жалпы индексі, «Т» - табандылық, «С» - сабырлылық.
Ұлдарға арналған нормативтік көрсеткіштер шкаласы
Әдістеме
|
Нәтиже
|
Төменгі деңгей
|
Орта деңгей
|
Жоғары деңгей
|
Е
|
0-9
|
10-20
|
21-24
|
Т
|
0-4
|
5-10
|
11-13
|
С
|
0-5
|
6-13
|
14-16
|
Қыздарға арналған нормативтік көрсеткіштер шкаласы
Әдістеме
|
Нәтиже
|
Төменгі деңгей
|
Орта деңгей
|
Жоғары деңгей
|
В
|
0-7
|
8-18
|
19-24
|
С
|
0-3
|
4-10
|
11-13
|
Н
|
0-4
|
5-13
|
14-16
|
5 Коммуникативтік бақылау деңгейін зерттеуге арналған әдістеме
( авторы М.Шнайдер)
М. Шнайдердің зерттеулеріне сәйкес коммуникативтік бақылау деңгейі жоғары адамдар өздерін үнемі бақылап ұстайды, өзін қай жерде қалай ұстау керек екенін жақсы біледі. Өзінің эмоциясын тізгіндеп ұстайды. Сонымен бірге олар бірден өз ойын білдіруде елеулі қиыншылықтарды кездестіреді, кенеттен туындайтын жағдайларды жаратпайды.
Коммуникативтік бақылауы төмен адамдар бірбеткей және ашық адамдар, бірақ оларды айналасындағы адамдар тым турашыл және жабысқақ мінезді адамдар деп қабылауы мүмкін.
Инструкция: Внимательно прочитайте 10 высказываний, отражающих реакции на некоторые ситуации общения. Каждое из них оцените как верное (В) или неверное (Н) применительно к себе, поставив рядом с каждым пунктом соответствующую букву.
Нұсқау: Қарым-қатынастың кейбір жағдайларына көзқарасты танытатын 10 пікірді мұқият оқыңыз. Әрқайсын өзіңіздің жауабыңызға байланысты дұрыс (В) немесе дұрыс емес (Н) деп бағалап, әр пунктінің қарсысына тиісті әріпті қойыңыз.
Сауалнама
-
Маған басқа адамдарға еліктеу қиын.
-
Мен айналамдағылардың назарын аудару үшін ақымақ болып көріне алар едім.
-
Менен жақсы актер шығар еді.
-
Шын мәнінде олай болмаса да, басқа адамдарға менің уайымым тым қатты болып көрінеді.
-
Адамдардың ортасында барлығының назарын менің өзіме аударуым өте сирек болады.
-
Басқа адамдармен қарым-қатынас жасағанда көбіне жағдайға байланысты мен өзімді әртүрлі ұстаймын.
-
Мен ойымның дұрыстығына сенімді болған жағдайда ғана пікірімді қорғаймын.
-
Ісім алға басуы үшін және басқа адамдармен тіл табысу мақсатында көбіне мен басқалар мені қандай адам ретінде көргілері келсе, сондай боламын.
-
Мен өзіме ұнамайтын адамдармен жақсы қарым-қатынаста бола аламын.
-
Мен сырт көзге бір түрлі болып көрінгеніммен, кейде шын мәнінде басқамын.
Нәтижелерді өңдеу және талдау: 1, 5, 7 сұрақтар бойынша «Н» жауабы үшін және қалған сұрақтардың «В» жауабы үшін 1 балдан беріледі. Жалпы балл саны есептеледі.
0-3 балл - коммуникативтік бақылауы төмен; қарым-қатынаста қызба, ашық, еркін, мінез-құлықы жағдайға қарай көп өзгермейді және ортадағы басқа адамдардың мінез-құлықтарына сәйкес келе бермейді.
4-6 баллов - коммуникативтік бақылауы орташа; қарым-қатынаста тура, басқалармен бүкпесіз шын көңілімен қарым-қатынас жасайды, бірақ эмоциясын тізгіндеп ұстайды, басқалардың мінез-құлықтарымен санасады.
7-10 баллов - коммуникативтік бақылауы жоғары; үнемі өзін бақылап ұстайды, эмоциясын білдіруде өзін-өзі ұстайды.
«Өзін-өзі бағалау» әдістемесі (авторы В.Р.Овчарова)
Нұсқау: тұлғаның ең бағалы қасиеттері туралы әркімнің өзінің белгілі бір түсінігі болады. Адамдар өзін-өзі тәрбиелеу үдерісінде осы қасиеттерді ұстанады. Сіз адамдардың бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыз? Адамдардың бұл сұраққа берер жауаптары да алуан түрлі болады, сондықтан өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижелері де сәйкес келмейді. Сіздің бұл туралы түсінігіңіз қандай? Бұл сұраққа жауапты екі кезеңнен тұратын мына тапсырмалар бере алады.
1 кезең
-
Қағаздың бетін төрт тең бөлікке бөліңіз. Оларды рим цифрларымен I, II, III, IV деп белгілеңіз.
-
Адамдардың жағымды қасиеттерін сипаттайтын сөздердің төрт жиынтығы берілген. Сіз берілген сөздердің ішінен өзіңіз үшін ең бағалыларын, маңыздыларын, басқаларының ішінен ерекше бөліп алатындарыңызды белгілеуіңіз қажет. Бұлар қандай қасиеттер болады және қанша болады – оны әркім өзі шешеді.
-
Қасиеттердің бірінші жиынтығының сөздерін мұқият оқыңыз. Сіз үшін ең бағалы қасиеттерді олардың сол жағындағы нөмірлерімен бірге бір бағанға көшіріп алыңыз. Енді қасиеттердің екінші жиынтығының сөздеріне кірісіңіз. Солай соңына дейін жұмыс істеңіз. Нәтижесінде сіз мінсіз қасиеттердің төрт жиынтығын алуыңыз қажет.
Психологиялық зерттеудің қатысушыларының бұл қасиеттерді бірдей түсінулеріне жағдай жасау мақсатында бұл қасиеттерді кеңірек түсіндіреміз:
І Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастарда:
-
Әдептілік — сыпайылық ережелерін сақтау, инабаттылық;
-
Қамқоршылық — адамдардың амандығын ойлау немесе сол үшін әрекет жасау; қамқорлық жасау, күту;
-
Шынайылық — шынайы сезімді білдіру, ашықтық;
-
Ұжымшылдық — ортақ жұмысты, ортақ мүддені қолдай білу қабілеті;
-
Қайырымдылық — біреудің ісіне қол ұшын беруге дайын болу;
-
Жайдарылық — қонақжайлылықпен, қандай да бір қызмет көрсетуге дайын болумен бірлескен мейірімділік, ақжүректік қатынас;
-
Тілектестік — адамдардың уайымдарына, қайғыларына ортақтасу;
-
Өнегелілік — адамдардың ортасында өзін-өзі ұстай білуге негіз болатын сезім, адамдардың ар-намыстарына тимеу;
-
Шыдамдылық — басқа біреудің пікіріне, мінезіне, әдеттеріне өшпенділіксіз қарай білу;
-
Елгезектік — қайырымдылық, тілектестік, басқаларды жеңіл түсіне білу;
-
Ақкөңілділік — адамдарға жақсылық тілеу, олардың амандықтарына қажет жағдай жасау;
-
Жарқындық — іш тарта, жақын тарта білу;
-
Тартымдылық — сүйсіндіре білу, өзіне тарта білу;
-
Көпшілдік — басқалармен жеңіл тіл табысу;
-
Міндеттілік — сөзінде тұру, міндетін орындау;
-
Жауаптылық — өзінің ісі мен сөзі үшін жауап бере алу;
-
Ашықтық — сырын жасырмау, адамдармен шынайы болу;
-
Әділдік — адамдарды шындыққа сай бағалау;
-
Сиысушылық — ортақ мүдде үшін өз мүмкіндіктерін басқалардың белсенділіктерімен біріктіру;
-
Талапшылдық — қатаңдық, адамдардың өз міндеттерін, парыздарын орындауын күту.
ІІ Мінез-құлық, жүріс-тұрыс ерекшеліктері:
-
Белсенділік — қоршаған ортаға, өзіне, ұжымның істеріне қызығушылық таныту, белсенді әрекеттер мен істер жасау.
-
Тәккапарлық — өзін бағалай білу.
-
Рақымшылдық — жұмсақ мінезділік, адамдарға жақын болу.
-
Инабаттылық — адалдық, арамза, қоғамға қарсы қылықтар жасамау.
-
Батылдық - қорықпай шешім қабылдап, оларды орындау.
-
Табандылық — өзінің айтқанында тұра білу, қысымға шыдау, тұрақтылық.
-
Сенімділік— істерінің дұрыстығына сену, жалтақтамау, сенімсіздік танытпау.
-
Адалдық — турашылдық, қарым-қатынас пен істерде шынайылық таныту.
-
Жігерлілік — істегі белсенділік, батылдық.
-
Құлшыныс — күшті ынталану, шабыттану.
-
Ұқыптылық — өз міндеттерін адал орындау.
-
Белсенділік — әрекеттің жаңа түрлеріне ұмтылу.
-
Зиялылық — жоғары мәдениеттілік, білімділік, эрудиция.
-
Қайсарлылық — мақсатқа жетудегі табандылық.
-
Шешімділік — тайсалмау, мінездің қаттылығы, ішкі сенімсіздіктерді жеңіп, шешім қабылдай білу.
-
Ұстанымдылық — түрлі оқиғалар мен түсініктерге қатысты бірбеткейлік, бір көзқарасты, сенімді, қағидаларды ұстану.
-
Өзіне-өзі сын көзбен қарау – өзінің мінез-құлқын бағалау, өзінің қателіктері мен кемшіліктерін жасыра білу.
-
Тәуелсіздік — біреудің көмегінсіз, өз күшімен әрекет ету.
-
Байсалдылық — сабырлы, салмақты мінез
-
Мақсаттылық — алдына қойылған нақты мақсаттың болуы, соған жетуге тырысу.
ІІІ Іс-әрекеттік:
-
Байыптылық — істің мәнін терең түсіну.
-
Іскерлік — істі білу, пысықтық, пайымдылық.
-
Шеберлік — қандай да бір салада өнердің болуы.
-
Аңғарымпаздық — түсіне білу, ұғымталдық.
-
Жылдамдық — амал-әрекеттегі шапшаңдық.
-
Жинақылық — ықшамдылық.
-
Нақтылық — үлгіге сай, тек дұрыс әрекет ету.
-
Еңбекқорлық — еңбекке, қоғамдық пайдалы жұмысқа құмарлық.
-
Әуесқойлық — қандай да бір іске толығымен берілу.
-
Ынталылық — көп уақыт пен шыдамдылықты қажет ететін әрекетке зейін қою.
-
Ұқыптылық — орындаушылық, барлық жағдайда тәртіпті сақтау.
-
Тәртіптілік — қоғам алдындағы парызды түсіну, тәртіпке дағдылану.
-
Орындаушылық — зер салу, тапсырманы жақсы орындау.
-
Білуге құмарлық — ақылдың ұшқырлығы, білімге құштарлық.
-
Тапқырлық — қиын жағдайлардан шығуда жол таба білу.
-
Жүйелілік — әрекеттерді, тапсырмаларды қатаң тәртіппен, логикалық үйлесіммен орындау.
-
Жұмысқа қабілеттілік — көп және жемісті жұмыс істеуге қабілеттілік.
-
Егжей-тегжейлілік — ерекше мұқияттылық.
ІV Ойлау, уайымдау сезімдері.
-
Сергектік — күшті, энергияны сезіну.
-
Ержүректік — қорқыныштың болмауы, жүректілік.
-
Көңілділік — уайым-қайғысыз, қамсыз жағдай.
-
Шын көңілділік — шынайы ықылас, адамдарға ынталылық.
-
Қайырымдылық — жақсылық жасауға дайын болу, жаны ашығандықтан кешіру, адамсүйгіштік.
-
Нәзіктік — махаббатты сездіру, еркелету.
-
Бостандықты сүю — еркіндікке, тәуелсіздікке ұмтылу.
-
Ақжүректілік — қарым-қатынастағы шынайылық.
-
Ынтықтық — құштарланған дүниеге толығымен берілу қабілеті.
-
Ұялшақтық — ұялу сезімінің болуы.
-
Толқу — уайымдау, көңілдегі алаңдаушылық.
-
Шаттану — жан толқынысы, қуаныш, таңдану.
-
Аяғыштық — есіркеуге, аяуға жақын болу.
-
Өмірге құштарлық — үнемі қуаныш сезіну, жабырқаушылықтың болмауы.
-
Сүйішпеншілік — көп адамдарды қатты жақсы көре білу.
-
Оптимистік — дүниені жарқын сезіммен қабылдау, сәттілікке сену.
-
Ұстамдылық — сезімдерін білдірмей ұстамды болу.
-
Қанағатшылдық — арманының орындалғанынан ләззат алу.
-
Салқынқандылық — сабыр сақтай білу.
-
Сезімталдылық — тез әсерлену, сезіну, сыртқы құбылыстардың ықпалын жылдам сезіну.
2 кезең
Тұлғаның бірінші жиынтықтан жазып алынған қасиеттерін мұқият қараңыз да, олардың арасынан өзіңіздің бойыңызда болғанын шынайы қалайтындарыңызды тауып алыңыз. Олардың цифрларын дөңгелектеңіз. Енді екінші жиынтыққа, онан соң үшінші және төртінші жиынтықтарға көшіңіз.
Нәтижелерді өңдеу:
1 Өзіңіздің бойыңыздан қанша қасиет тапқаныңызды санаңыз. (Р).
2 Өз бойыңыздан тауып, көшіріп алған мінсіз қасиеттердің санын анықтаңыз да (И), сонан соң олардың пайыздық қатынасын шығарыңыз: өз бойыңызда бар қасиеттердің санын 100% -ға көбейтіп, шыққан санды мінсіз қасиеттердің санына бөліңіз.
3 Нәтижелерді бағалау шкаласымен салыстырыңыз:
жынысы
|
Өзін-өзі бағалау деңгейлері
|
Негізсіз төмен
|
Төмен
|
Орташадан төмен
|
Орташа
|
Орташадан жоғары
|
Жоғары
|
Негізсіз
жоғары
|
ер
|
0-10
|
11-34
|
35-45
|
46-54
|
55-63
|
64-66
|
67
|
әйел
|
0-15
|
16-37
|
38-46
|
47-56
|
57-65
|
66-68
|
69
|
Нәтижелерді түсіндіру: өзін-өзі бағалау оңтайлы, үйлесімді де, оңтайсыз, үйлесімсіз де болуы мүмкін. Оңтайлы, негізді өзін-өзі бағалау болған жағдайда субъект өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттерінің арақатынасын дұрыс қоя біледі. Өзіне сын көзқарасымен қарайды, өзінің сәтсіздіктері мен жетістіктерін шынайы бағалауға тырысады, алдына іс жүзінде қол жеткізуге болатын мақсаттар қоюға ұмтылады. Қол жеткізген істерін бағалауда өзі ғана бағалап қана қоймайды, оған жолдастары, әріптестері және туған-туыстары қалай қарайтындарын алдын-ала білуге тырысады. Басқаша айтқанда, негізді түрде өзін-өзі бағалау үнемі шынайы шаманы іздестірудің нәтижесі болып табылады, яғни бұл тым асыра бағалаусыз, өзінің жалпы мінез-құлқына, қарым-қатынасына, әрекетіне, күйзелістеріне тым ққатты асыра сынамай қараудың нәтижесі деуге болады. Бұндай өзін-өзі бағалау нақты жағдайлар үшін өзін-өзі бағалаудың ең жақсы жолы болып табылады. Оңтайлы өзін-өзі бағалауға «жоғары деңгей» мен «орташадан жоғары» (адам өзін-өзі бағалайды, өзін сыйлайды, өз-өзіне риза) деңгейлер және «орташа деңгей» (адам өзін-өзі сыйлайды, бірақ өзінің әлсіз тұстарын біледі де, жетілуге, дамуға тырысады) жатады. Бірақ өзін-өзі бағалау оңтайлы болмай, тым жоғарылатылған немесе тым төмендетілген де болуы мүмкін.
Негізсіз өзін-өзі жоғары бағалаудың негізінде адамның бойында өзін-өзі дұрыс танымау, өз тұлғасын және мүмкіндіктерін мінсіз етіп көру, өзінің айналасындағылары мен ортақ істерге тигізер өзінің пайдасын асыра бағалау қасиеттері пайда болады. Бұндай жағдайларда адам өзін, өзінің істері мен қылықтарын қалыпты түрде жоғары бағалауын сақтап қалу үшін сәтсіздіктерге көңіл аудармайды. Өзін-өзі бұлай бағалауға бөгет болатындардың бәрін өзінен алшақтатады. Шынайы өмір бұрмаланып қабылданады, адам оны таза эмоционалдық түрде ғана қабылдайды. Бағалаудың пайдалы жағы толық түсіп қалады. Сондықтан дұрыс жасалған ескертулер мін іздеу мақсатында айтылғандай болып, ал жұмыстың нәтижелерін объективті бағалау – әділетсіз түрде төмендету ретінде қабылданады. Сәтсіздіктер жайсыз жағдайлардың нәтижесі немесе біреудің әдейі істеген ісі ретінде қабылданады.
Өзін-өзі негізсіз жоғары бағалайтын адам бұның бәрі өзінің қателерінің, жалқаулығының, білімсіздігі мен қабілетсіздігінің немесе өзін дұрыс ұстамауының нәтижесі екенін түсінгісі келмейді. Сайма-сайсыздық аффектісі сияқты ауыр эмоционалдық жағдай қалыптасады. Оның басты себебі - өз тұлғасын жоғары бағалау стереотипінің тұрақты қалыптасуы болып табылады. Ал егер өзін-өзі жоғары бағалау иілімді болып, нақты қалыптасқан жағдаймен сәйкес өзгеріп – сәттіліктер кезінде артып, сәтсіздіктер кезінде төмендесе, бұл тұлғаның дамуына әсер етуі мүмкін. Себебі тұлғаға алдына қойған мақсатына жету үшін күш салып, өзінің қабілеттері мен ырықын дамытуы қажет болады.
Кейде өзін-өзі бағалау тұлғаның шынайы мүмкіндіктерінен төмен болуы мүмкін. Әдетте бұл өзіне деген сенімсіздікті, жасқаншақтықты, батылдықтың болмауын, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмау сияқты жағдайларды тудырады. Бұндай адамдар алдарына жетуі қиын мақсаттарды қоймайды, қалыпты мәселелерді шешумен ғана шектеледі, өз-өздерін тым қатты сынайды.
Өзін-өзі жоғары немесе төмен бағалау өзін-өзі басқару үдерісін бұзады, өзін-өзі бақылауды бұрмалайды. Әсіресе бұл басқалармен қарым-қатынаста байқалады, өзін-өзі жоғары немесе төмен бағалалайтын тұлғалар түрлі жанжалдардың себебі болады. Өзін-өзі жоғары бағалаған жағдайда жанжал басқа адамдарды менсінбеуден, адамды сыйламаудан, оларға қатысты негізсіз және тым дөрекі сөздер айтудан, өзгенің пікірін тыңдамаудан, тәккапарлық пен менменсуден туындайды. Өзін-өзі жоғары бағалайтын адамдар басқаларды өзінің тәккапарлығы мен өз пайымдауларына шүбә келтірмеулерімен қаншалықты кемітіп тұрғанын түсінбейді.
Өзін-өзі төмен бағалаған жағдайда жанжал ол адамдардың тым сыншылдығы негізінде туындауы мүмкін. Олар өздеріне қатаң талап қояды, басқаларға онан да қатты талап қойғыш болады, бір де бір қателікті кешірмейді, басқалардың кемшіліктерін үнемі атап көрсетіп отыруға бейім. Бұл басқаларға жақсылық ойлаудан туындайтын болса да, көптеген адамдардың біреудің үнемі ескерту айтып отырғанына шыдамайтындықтарынан барып жанжал туындайды. Сенің бойыңнан үнемі жамандықты ғана көріп, оны астын сызып айта бергенде, ол адамға қатысты жағымсыз сезімдердің туындайтыны сөзсіз.
Жоғарыда сайма-сайсыздық аффектісі туралы сөз болды. Бұндай психикалық жағдай өзін-өзі жоғары бағалайтын тұлғалардың шынайы жағдайлардан өздерін бөліп, үйреншікті бағалауларын сақтауға ұмтылуларынан болады. Өкінішке орай бұл басқа адамдармен қарым-қатынасты бұзуға әсерін тигізеді. Уайым, реніш және әділетсіздіктер өзін-өзі запа шеккен адам ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Бұл адамның өзінің көз алдында өзін жоғарылатып, өзін-өзі ақтап алуына ықпал етеді. Өзін-өзі жоғары бағалаудың қажеттілігі қанағаттандырылып, оны өзгертудің қажеттілігі, яғни өзін-өзі басқарумен айналысудың қажеттілігі болмай қалады. Бұл өзін-өзі ұстаудың ең керемет үлгісі емес. Бұндай ұстанымның әлсіздігі бірден немесе біраз уақыт өткен соң көрінеді. Бұл тұлға туралы, оның қабілеттері мен мүмкіндіктері, оның қоғамдағы орны туралы басқа пікірдегі адамдармен арада жанжал туындайды. Сайма-сайсыздық аффектісі — бұл психологиялық қорғаныс, ол уақытша шара. Себебі басты мәселені шешпейді. Ол адамдар арасындағы қалыптасатын жағымсыз қарым-қатынастардың себебі болып табылатын өзін-өзі оңтайсыз бағалаудың түбірімен өзгеруіне әсер ете алмайды. Психологиялық қорғаныс қарапайым мәселелерді шешудің құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін, бірақ өмір бойғыға есептелген басты, стратегиялық мақсатқа жетуге жарамайды.
Өзін-өзі бағалау айналадағы адамдардың бағалауының әсерімен қалыптасатындықтан және ал адам бойында әдбен қалыптасқан соң өзгеруі қиын болатындықтан, оны айналадағы адамдардың (құрдастарының, жұмыстағы әріптестерінің, оқытушыларының, туысқандарының) қарым-қатынасын өзгертіп барып өзгертуге болады. Сондықтан тұлғаның өзін-өзі оңтайлы бағалауының қалыптасуы алдымен айналасындағы осы адамдардың оны әділ бағалауларына байланысты болады. Әсіресе өзін-өзі негізсіз төмен бағалайтын адамға өзін-өзі бағалауын жоғары көтеріп, өз-өзіне деген сенімін қалыптастырып, оның өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сенуіне жағдай жасау қажет.
ҚОСЫМША
1- қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |