2-тарау. КТ өткізу тәртібі
1-параграф. КТ-ға қатысу үшін құжаттарды қабылдау
4. КТ-ға қатысу үшін түсуші желілік ЖОО-ның қабылдау комиссиясына
және/немесе ақпараттық жүйе арқылы келесі құжаттарды тапсырады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжат
тапсыру кезінде);
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) 3x4 сантиметр өлшемді екі фотосурет;
5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып
тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық
анықтама;
6) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру
үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Құжаттарды салыстыру түсушінің
қатысуымен
жүргізіледі.
Салыстыру
жүргізілгеннен
кейін
түпнұсқа
қайтарылады.
КТ-ға қатысу үшін көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары
бұзылған мүгедектер «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн
бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген)
бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы құжатты (бұдан әрі – мүгедектікті
белгілеу туралы құжат) ұсынған кезде желілік ЖОО-ның қабылдау комиссиясы
төрағасының атына:
1) жеке аудиторияның;
2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектер
үшін КТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің оқытушысы болып табылмайтын
4
көмекші және (немесе) есту функциялары бұзылған мүгедектер үшін ымдау
тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысандағы қосымша өтінішті
бере алады.
5. КТ-ға қатысу үшін өтініш берген түсушілерге құжаттардың
қабылданғандығы туралы қолхат (еркін нысанда) беріледі.
6. КТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылғы
3-25 шілде аралығында жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |