2-параграф. КТ өткізу процесі
7. КТ уәкілетті орган белгілейтін КТӨП-де өткізіледі.
8. КТӨП және желілік ЖОО-лардың қабылдау комиссияларының құрамы
ЖОО басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен
бекітіледі.
Желілік ЖОО қабылдау комиссиясының функциялары:
1) түсушілерге таңдаған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
бағдарламалары тобының мәселелері бойынша консультация беру, КТ
рәсімімен таныстыру;
2) түсушілердің құжаттарын қабылдауды және тексеруді ұйымдастыру;
3) тестілеуге кіруге рұқсаттамаларды және «Білім беру ұйымдары білім
беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысаның
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып
тіркелген) бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі КТ сертификаттарын
беруді қамтамасыз ету.
КТӨП қабылдау комиссиясының функциялары:
1) желілік ЖОО-ның техникалық хатшылары мен жауапты хатшыларына
консультация беруді ұйымдастыру;
2) түсушілерге таңдаған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
бағдарламалары тобының мәселелері бойынша консультация беру, КТ
рәсімімен таныстыру;
3) түсушілердің құжаттарын қабылдау мен тексеруді ұйымдастыру;
4) КТӨП-да тестілеу өткізу үшін аудиториялық қорды қалыптастыру
және бекіту;
5) КТ-ға техникалық жабдықтардың жұмысын ұйымдастыру және
қамтамасыз ету;
6) желілік ЖОО-ның жауапты хатшыларына КТ-ға кіруге рұқсаттамалар
беруді ұйымдастыру;
7) Құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп, тестілеу басталғанға
дейін ғимаратты терроризмге қарсы қорғалу мәніне тексеруді, сондай-ақ
5
тестілеуді өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуді
ұйымдастыру;
8) түсушілерді тестілеуге кіргізуді ұйымдастырады;
9) тестілеуге кіргізу барысында металл іздегіштерді пайдалануды және
қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырады;
10)
«Халықтың
санитарлық-эпидемиологиялық
саламаттылығы
саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30
мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) 135-қосымшаға сәйкес
ұтқыр және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын беретін құрылғыларды
пайдалануды, сондай-ақ электромагниттік өрісті өлшеу хаттамасын алуды
ұйымдастырады;
11)
КТ
өткізу
кезінде
кезекшілермен
және
медициналық
қызметкерлермен жұмысты ұйымдастырады;
12) КТ материалдары салынған қаптарды ашу кезінде қатысады;
13) тестілеуге кіргізу барысында тәркіленген тыйым салынған заттарды
сақтауды қамтамасыз етеді;
14) көру қабілеті, тірек-қозғалыс аппаратының функциялары, есту
қабілеті бұзылған мүгедектер үшін мүгедектігі белгіленгені туралы құжатты
көрсеткен жағдайда КТ шеңберінде тапсырылатын пән оқытушысы болып
табылмайтын немесе ымдау тілін меңгерген маман беруді ұйымдастырады;
15) КТ нәтижелерінің (апелляцияны есепке алмағандағы және алғандағы)
жалпы шолу үшін ұсынылуын ұйымдастырады;
16) апелляциялық комиссияның жұмысы үшін жағдай жасауды
қамтамасыз етеді;
17) сертификаттарды басып шығаруды және желілік ЖОО-ның жауапты
хатшыларына беруді ұйымдастырады;
18) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
өкілдерімен (бұдан әрі - Министрлік өкілдері) бірлесе отырып, осы
Қағидалардың 15-тармағында қарастырылған себептерге байланысты тестілеуге
қатыспаған түсушінің КТ-ға қатысуы туралы шешім қабылдайды.
9. КТӨП және (немесе) желілік ЖОО қабылдау комиссиялары
түсушілерге жауап парағын дұрыс толтыру бойынша алдын ала консультация
береді.
10. КТ күнтізбелік жылдың 8 – 16 тамызы аралығында өткізіледі.
11. КТ:
1) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші
тұлғалар үшін: шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша
тесттен, қазақ немесе орыс тілдеріндегі (таңдау бойынша) оқуға дайындығын
анықтауға арналған тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні
бойынша тесттен;
6
2) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар
үшін: оқуға дайындығын анықтауға арналған қазақ немесе орыс немесе
ағылшын тіліндегі (таңдау бойынша) тесттен және ағылшын тіліндегі білім
беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен;
3) шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру бағдарламаларының тобына түсушілер үшін: шет тілі (таңдау
бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, оқуға дайындығын
анықтауға арналған қазақ немесе орыс тіліндегі (таңдау бойынша) тесттен
тұрады.
КТ бейінді пәндері көрсетілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
бағдарламалары топтарының тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес
белгіленеді.
12. КТ тест тапсырмаларының саны:
оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратура үшін:
1) шет тілі бойынша тест – 50;
2) оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30, оның ішінде: сыни
ойлау бойынша – 15, аналитикалық ойлау бойынша – 15;
3) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша – 50 тест, оның
ішінде: бірінші бейіндік пән бойынша – 30, екінші бейіндік пән бойынша – 20.
оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура үшін:
1) оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30, оның ішінде: сыни
ойлау бойынша – 15, аналитикалық ойлау бойынша – 15;
2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша – 50 тест, оның
ішінде: бірінші бейіндік пән бойынша – 30, екінші бейіндік пән бойынша – 20;
шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру бағдарламаларының тобына түсушілер үшін:
1) шет тілі бойынша тест – 50;
2) оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30, оның ішінде: сыни
ойлау бойынша – 15, аналитикалық ойлау бойынша– 15.
13. КТ бойынша ең жоғарғы балл саны:
1) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратура үшін –150
балл;
2) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура үшін – 100 балл.
3) шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру бағдарламаларының тобына түсушілер үшін – 80 балл.
14. КТ-ға берілетін уақыт:
оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға түсушілер
үшін КТ-ға 3 сағат 55 минут;
оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсушілер үшін КТ-
ға 2 сағат 40 минут.
шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру бағдарламаларының тобына түсушілер үшін 2 сағат 5 минут.
7
15. КТ-ға қатысу үшін өтініш берген бірақ рұқсаттамада көрсетілген күні
тестілеуге қатыспаған болса, тиісті тест тапсыру тіліне және білім беру
бағдарламалары тобының бейініне сәйкес аудиторияда орын болған жағдайда
және келесі дәлелді себептер бойынша КТ-ны өткізу кезеңінде келесі күндердің
бірінде қатысу мүмкіндігі беріледі:
1) денсаулық жағдайы бойынша № 907 бұйрықпен бекітілген № 035-1/у
нысанға сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы
болған жағдайда;
2) тізбесі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан
Республикасының Кодексінде айқындалған жақын туыстарының қайтыс
болуын растайтын құжаттар болған кезде;
3) төтенше жағдайлар кезінде.
16. КТ өткізу ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін
КТӨП-ге Министрлік өкілдері жіберіледі.
17. КТ өткізілетін корпустарда тестілеу күндері тестілеу үшін
пайдаланылмайтын барлық аудиториялар, кабинеттер, үй-жайлар (санитарлық
тораптардан басқа), сондай-ақ түсушілердің кіруі мен шығуы үшін
пайдаланылатындардан басқа кіретін есіктер жабылады және мөрленеді.
Ғимараттан тыс орналасқан санитарлық тораптан ғимаратқа дейінгі аумақ пен
жол бөгде адамдардың кіруіне шектеледі.
18. Ғимаратқа кіргізу үшін пайдаланылатын кіретін есіктер және КТ
өткізілетін аудиториялар бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл
ретте бейнебақылау жазбасы КТ аяқталғаннан кейінгі күнтізбелік 5 (бес) күн
ішінде ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының мұрағатына тапсырылады.
19. Тестілеуге кіргізу кезінде қол және рамалы түрдегі металл іздегіштер
қолданылады. Тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеуді
өткізу кезінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың
ғимаратқа тыйым салынған заттарды алып кіруіне жол бермеу шеңберінде
жүзеге асырылады.
20. Түсушілер аудиторияға бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте түсушінің
жеке басын растайтын құжат негізінде сәйкестендіріледі. Содан соң рұқсаттама
және рұқсаттама түбіртегі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша салыстырылып тексеріледі.
21. КТ-ге кіргізу барысында «бөгде адам» анықталған жағдайда
Министрлік өкілі КТӨП-ның қабылдау комиссиясының төрағасымен бірлесе
бөгде адамның қатысуымен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша «Тестілеуге кіргізу барысында бөгде тұлғаны анықтау актісін»
жасайды. Тестілеуге кіру рұқсаттамасы алынады. Түсуші тестілеуге
кіргізілмейді.
22. КТ өткізу қарсаңында Министрлік өкілі отырғызу парағын басып
шығарады.
8
23. Түсушілер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
отырғызу парағындағы нөмірге сәйкес орын алады.
24. Түсушілерді отырғызғаннан кейін Министрлік өкілі түсушілерге
тестілеу материалдарымен жұмыс істеу ережелерін түсіндіреді. Одан әрі
Министрлік
өкілі
аудиториядан
үш
түсушінің
қатысуымен
тестілеу
материалдары бар қорапты ашуды ұйымдастырады. Шақырылған түсушілер
қораптағы мөрдің бүтіндігін тексереді. Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес
нысан бойынша тестілеу материалдарын ашу туралы актісі жасалып, қорап
ашылады және қораптағы тестілеу материалдары саналады.
25. Бірінші кезекте жауап парақтары мен жауап парақтарының
көшірмелері таратылады.
26. Жауап парағының қызметтік секторлары толтырылған соң
түсушілерге тест тапсырмалары бар сұрақ-кітапшалар таратылады.
Кітапшалар түсушілерге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша нұсқаларды үлестіру парағына сәйкес таратылады.
27. Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға
түсушілер үшін КТ жауап парағы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша келесі тәртіппен толтырылады:
1) 1-секторда баспа әріппен түсушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
жазылады;
2)
2-секторда
жоғарғы
торкөздерге
көлденеңінен
түсушінің
рұқсаттамасында көрсетілген тестіленушінің жеке коды (бұдан әрі - ТЖК)
жазылады. Әр санның астындағы торкөздегі сандарға сәйкес дөңгелекшелер
боялады;
3) 3 және 4-секторларда тестілеу тапсыру кезінде түсушінің отырғызу
орны және кітапшасының нұсқасы боялады;
4) 5-секторда түсуші КТ тапсыратын лек пен аудитория нөмірі қойылады.
Лек нөмірі тестілеу болатын күн бойынша анықталады;
5) 6-секторда шет тілі бойынша тест тапсырмаларының жауаптары
боялады. 6-сектордың әр тапсырмасы берілген төрт жауап нұсқаларынан
жалғыз дұрыс жауапты таңдауды қажет етеді. Таңдалған жауап сәйкес
дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді;
6)
7-секторда
оқуға
дайындығын
анықтауға
арналған
тест
тапсырмаларының жауаптары боялады. Әр тапсырмаға жауаптың бес нұсқасы
беріледі, оның ішінде бір ғана жауап дұрыс болып табылады. Тек қана бір
сәйкес дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет;
7) 8-секторда бірінші бейіндік пән бойынша тест тапсырмаларының
жауабы боялады. Бұл секторда әр тапсырмаға жауаптың бес нұсқасы берілген,
оның ішінде бір ғана жауап дұрыс болып табылады. Тек қана бір сәйкес
дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет;
8) 9-секторда екінші бейіндік пән бойынша тест тапсырмаларының
жауабы боялады. 9-сектордағы әр тапсырмаға сегіз жауап нұсқасы берілген,
9
оның ішінде бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау қажет. Сәйкес
дөңгелекшелерді толық бояу арқылы белгіленеді;
9) 10-сектор (жауап парағының нөмірі көрсетіледі) боялмайды;
10) «Назар аударыңыз» бағанына аса көңіл бөлінеді:
жауап парағы көк немесе қара түсті қаламмен толтырылады;
жауап парағын былғауға, умаждауға, жыртуға және корректор
сұйықтықтарын пайдалануға, жауап парағын тестілеу аяқталғанға дейін
аудиториядан шығаруға, ұялы телефонды қолдануға жол берілмейді;
11) түсуші жауап парағының төменгі оң жақ бұрышындағы «Түсушінің
қолы» деген 11-секторға қолын қояды.
28. Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсушілер үшін
КТ жауап парағы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келесі
тәртіппен толтырылады:
1) 1-секторда баспа әріппен түсушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
жазылады;
2)
2-секторда
жоғарғы
торкөздерге
көлденеңінен
түсушінің
рұқсаттамасында көрсетілген ТЖК жазылады. Әр санның астындағы торкөздегі
сандарға сәйкес дөңгелекшелер боялады;
3) 3 және 4-секторларда тестілеу тапсыру кезінде түсушінің отырғызу
орны және кітапшасының нұсқасы боялады;
4) 5-секторда түсуші КТ тапсыратын лек пен аудитория нөмірі қойылады.
Лек нөмірі тестілеу болатын күн бойынша анықталады;
5)
6-секторда
оқуға
дайындығын
анықтауға
арналған
тест
тапсырмаларының жауаптары боялады. Әр тапсырмаға жауаптың бес нұсқасы
берілген, оның ішінде бір ғана жауап дұрыс болып табылады. Тек қана бір
сәйкес дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет;
6) 7-секторда бірінші бейіндік пән бойынша тест тапсырмаларының
жауабы боялады. Бұл сектордағы әр тапсырмаға жауаптың бес нұсқасы
берілген, оның ішінде бір ғана жауап дұрыс болып табылады. Тек қана бір
сәйкес дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет;
7) 8-секторда екінші бейіндік пән бойынша тест тапсырмаларының
жауабы боялады. Бұл секторда әр тапсырмаға сегіз жауап нұсқасы берілген,
оның ішінде бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау қажет. Сәйкес
дөңгелекшелерді толық бояу арқылы белгіленеді;
8) 9-сектор (жауап парағының нөмірі көрсетіледі) боялмайды;
9) «Назар аударыңыз» бағанына аса көңіл бөлінеді:
жауап парағы көк немесе қара түсті қаламмен толтырылады;
жауап парағын былғауға, умаждауға, жыртуға және корректор
сұйықтықтарын пайдалануға, жауап парағын тестілеу аяқталғанға дейін
аудиториядан шығаруға, ұялы телефонды қолдануға жол берілмейді;
10) түсуші жауап парағының төменгі оң жақ бұрышындағы «Түсушінің
қолы» деген 10-секторға қолын қояды.
10
29. Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру бағдарламаларының тобына түсушілер үшін жауап парағы
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келесі тәртіппен
толтырылады:
1) 1-секторда баспа әріппен түсушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
жазылады;
2)
2-секторда
жоғарғы
торкөздерге
көлденеңінен
түсушінің
рұқсаттамасында көрсетілген ТЖК жазылады. Әр санның астындағы торкөздегі
сандарға сәйкес дөңгелекшелер боялады;
3) 3 және 4-секторларда тестілеу тапсыру кезінде түсушінің отырғызу
орны және кітапшасының нұсқасы боялады;
4) 5-секторда түсуші КТ тапсыратын лек пен аудитория нөмірі қойылады.
Лек нөмірі тестілеу болатын күн бойынша анықталады;
5) 6-секторда шет тілі бойынша тест тапсырмаларының жауаптары
боялады. 6-сектордың әр тапсырмасы берілген төрт жауап нұсқаларынан
жалғыз дұрыс жауапты таңдауды қажет етеді. Таңдалған жауап сәйкес
дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді;
6)
7-секторда
оқуға
дайындығын
анықтауға
арналған
тест
тапсырмаларының жауаптары боялады. Әр тапсырмаға жауаптың бес нұсқасы
беріледі, оның ішінде бір ғана жауап дұрыс болып табылады. Тек қана бір
сәйкес дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет;
7) шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары оқу орнынан кейінгі
білім
беру
бағдарламаларының
тобына
түсушілер
үшін
8
және
9-секторлар боялмайды;
8) 10-сектор (жауап парағының нөмірі көрсетіледі) боялмайды;
9) «Назар аударыңыз» бағанына аса көңіл бөлінеді:
жауап парағы көк немесе қара түсті қаламмен толтырылады;
жауап парағын былғауға, умаждауға, жыртуға және корректор
сұйықтықтарын пайдалануға, жауап парағын тестілеу аяқталғанға дейін
аудиториядан шығаруға, ұялы телефонды қолдануға жол берілмейді;
10) түсуші жауап парағының төменгі оң жақ бұрышындағы «Түсушінің
қолы» деген 11-секторға қолын қояды.
30. Жауап парағының дөңгелекшелері шеңберінен шығарылмай толық
боялуы тиіс.
Жауап парағының жоғары оң жақ бұрышында дөңгелекшені дұрыс
толтыру үлгісі берілген.
31. Жауап парағы секторларының және дөңгелекшелерінің дұрыс
толтырылуын түсуші өзі қамтамасыз етеді.
32. Жауап парағы бір данада беріледі, жауап парағы ауыстырылмайды
және түсушінің КТ нәтижесін растайтын жалғыз құжат болып табылады.
33. Түсуші кітапшадағы нұсқа нөмірін жауап парағына (4-сектор) көшіріп
жазады және кітапшаның мұқабасын толтырады.
11
34. Түсушілер жауап парақтарының қызметтік секторларын және
кітапшаның мұқабасын толтырған соң тақтада КТ-ның басталу және аяқталу
уақыты жазылады. Түсушілерді аудиторияға кіргізу КТ-ның басталғандығы
хабарланған сәтте тоқтатылады.
35. КТ өткізу барысында түсушіге аудиториядан дәліз кезекшісінің
міндетін атқаратын Министрлік өкілінің рұқсатынсыз және алып жүруінсіз
шығуға, сөйлесуге, орын ауыстыруға, тестілеу материалдарымен алмасуға,
тестілеу материалдарын аудиториядан шығаруға, шпаргалкалар, оқулықтар мен
әдістемелік әдебиеттер, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын
(пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone
(Айфон), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді
роутерлер), радио-электрондық байланыстың (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth
(Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), сымды және сымсыз
құлаққаптар және басқалары) кез-келген түрлерін аудиторияға кіргізуге және
қолдануға, тестілеу материалдарын (жауап парағы мен кітапшалар) умаждау,
корректор сұйықтығын қолдану, беттерді жырту, бояуға қарастырылмаған
секторларды бояу (жауап парағының нөмірі) арқылы бүлдіруге рұқсат
етілмейді.
36. Түсушіде осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген заттар
табылған, сондай-ақ түсуші осы Қағидалардың 35-тармағын бұзған жағдайда
Министрлік өкілі КТӨП-тің қабылдау комиссиясының төрағасымен және
кезекшімен бірге түсушінің қатысуымен осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес
нысан бойынша «Аудиторияда тыйым салынған заттардың тәркіленуі және
тәртіп сақтау ережесін бұзған түсушіні аудиториядан шығару туралы акт»
толтырады. Түсуші аудиториядан шығарылады. КТ нәтижелері өңделмейді
және жойылуға жатады.
37. Тестілеу өткізу кезінде түсушінің орнына бөгде адамның кіруі орын
алған жағдайда Министрлік өкілі қабылдау комиссиясының төрағасымен,
кезекшімен бірге түсушінің қатысуымен осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес
нысан бойынша «Тестілеу барысында бөгде тұлғаларды анықтау актісі»
толтырады. Бөгде адам аудиториядан шығарылады. КТ нәтижелері өңделмейді
және жойылады.
38. Тестілеу уақыты аяқталған соң түсуші тестілеу материалдарын
өткізуден бас тартқан жағдайда Министрлік өкілі қабылдау комиссиясының
төрағасымен, кезекшімен бірге түсушінің қатысуымен осы Қағидаларға
12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Тестілеу уақыты аяқталған соң
түсушінің тестілеу материалдарын уақытылы тапсырмау фактісі туралы акт»
толтырылады. КТ нәтижелері өңделмейді және жойылады.
39. КТ аяқталуына қарай немесе КТ уақыты аяқталғанда түсуші өзінің
орнынан жауап парағы мен кітапшаны Министрлік өкіліне тапсырады.
40. Жауап парағы мен кітапшаны қабылдау барысында Министрлік өкілі
жауап
парағындағы
барлық
қызметтік
секторлардың
және
кітапша
мұқабасының толтырылуын тексергеннен кейін түсуші аудиториядан шығады.
12
41. Министрлік өкілі тестілеу материалдарын қорапқа салады және бес
түсушінің алып жүруімен тестілеу материалдарын КТ нәтижелері өңделетін
кабинетке жеткізеді.
42. КТ тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау келесі түрде жүзеге
асырылады:
1) бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында дұрыс жауапты
таңдағанда бір балл беріледі, басқа жағдайда нөл балл беріледі;
2) бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында: барлық
дұрыс жауапты таңдағанда екі балл беріледі, жіберілген бір қате үшін - бір
балл, жіберілген екі және одан да көп қате үшін - нөл балл беріледі;
43.
Жауап
парақтарын
сканерленуді
Министрлік
программисті
аудиториялар бойынша екі рет жүргізеді.
44. Жауап парақтары сканерленген соң электрондық пошта арқылы дұрыс
жауаптар кодтары файлы жіберіледі.
45. Апелляциялық комиссия үшін апелляцияға өтініш берген түсушінің
талдау картасы басып шығарылады.
46. КТ нәтижелері тестілеу өткізу күні хабарланады және ақпараттық
стендте ілінеді, сондай-ақ тестілеу нәтижелерімен www.testcenter.kz сайтында
танысуға болады.
47. КТ аяқталғаннан кейін және апелляция рәсімі өткізілген соң
қолданылған
және
қолданылмаған
кітапшалар
осы
Қағидаларға
13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «КТ кітапшаларын жою туралы акт»
жасала отырып жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |