2
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы «8» мамымрдағы
№ 190 бұйрығы
Кешенді тестілеуді өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кешенді тестілеуді өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
5-бабының 12) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650
болып тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және
кешенді тестілеуді (бұдан әрі - КТ) өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) жауап парағы – түсуші тест тапсырмаларының жауаптарын белгілейтін
кешенді тестілеу нәтижелерін бағалауға арналған арнайы бланк;
2) жауап парақтарының көшірмесі – тестілеу нәтижелерін бағалауға
арналған құжат болып табылмайтын кешенді тестілеуден кейін балдарды өз
бетінше санауға арналған бланк;
3) желілік ЖОО-лар – кешенді тестілеуге құжаттарды қабылдауды жүзеге
асыратын ЖОО-лар;
4) желілік ЖОО-лардың қабылдау комиссиясы – кешенді тестілеуге
түсушілерден құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО жанындағы
комиссия;
5) кешенді тестілеу – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан
нысаны;
6) нұсқаларды тарату парағы – кітапша нұсқасының аудиториядағы
белгілі бір орын нөміріне бекітілгендігі туралы ақпаратты қамтитын парақ;
7) отырғызу парағы – түсушілерді аудиториядағы орындар бойынша бөлу
парағы;
8) сертификат (бұдан әрі - сертификат) – КТ-да алған балдарын ресми
растайтын, белгіленген түрдегі атаулы құжат;
9) кешенді тестілеу өткізу пункттері (бұдан әрі – КТӨП) – КТ өткізуді
жүзеге асыратын жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО);
3
10) КТӨП қабылдау комиссиясы – КТ өткізуді жүзеге асыратын ЖОО
жанындағы комиссия;
11) шекті балл – республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет
есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға немесе ақылы
негізде оқуға түсуге рұқсат беретін Үлгілік қағидалармен белгіленген
тестілеудің әр бөлімі немесе пәндері бойынша балдардың минималды
жиынтығы.
3. КТ жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген тұлғалар үшін
өткізіледі.