КТ кезінде бір тестілеу пәні бойынша оқытушылар саны – кемінде екі адамды
13
53. Түсуші тест тапсырмаларының мазмұны немесе техникалық себептер
бойынша тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда, осы Қағидаларға 14, 15,
16, 17-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша апелляциялық комиссия
төрағасының атына өтініш береді. Түсушінің өзімен бірге жеке басын
куәландыратын құжаты, тестілеуге рұқсаттамасы болуы керек. Апелляциялық
комиссия түсушінің әрқайсысымен жеке жұмыс жасайды.
54. Апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:
тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:
1) дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмесе (дұрыс
жауаптың нұсқасы көрсетіледі);
2) дұрыс жауап болмаса;
3) берілген барлық жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға
арналған тест тапсырмаларында бірден көп дұрыс жауап болса (дұрыс
жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);
4) тест тапсырмасы дұрыс құрылмаса;
5) тест тапсырмасы шартының фрагменті (мәтін, сызба, суреттер,
кестелер) болмаса, соның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау мүмкін
болмағанда;
техникалық себеп бойынша:
1) дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер
екі және одан көп дөңгелекше ретінде оқыса;
2) дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер
бос дөңгелекше ретінде оқыса;
3) жауап парағында ақау болғанда.
Апелляция өтініштері КТ нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі
сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия
(республикалық апелляциялық комиссия) күнтізбелік бір күн ішінде
қарастырады. Түсуші апелляциялық комиссияның отырысына келмеген
жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қарастырылмайды.
Тестілеу нәтижелері бойынша апелляция өтініштерінің барлығы осы
Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апелляцияға арналған
өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі.
55. Апелляцияға арналған өтініште көрсетілген нақты фактілер
қарастырылуға жатады. Апелляция кезінде апелляциялық комиссияға түсуші
көрсеткен пәнді және нұсқаны ауыстыруға рұқсат етілмейді.
Барлық тест тапсырмаларын қайта қарастыру бойынша апелляцияға
арналған өтініште әрбір тест тапсырмасы бойынша дәлелді негіздемені
көрсетпей (толық түсіндірме, тапсырманың толық шешімі) берілсе, қарастыруға
жатпайды.
Түсуші балл алған тест тапсырмасына апелляцияға өтініш берген
жағдайда, сәйкесінше оған балл қосылмайды.
14
Өтініштер бойынша шешім апелляциялық комиссия мүшелерінің жалпы
санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда,
комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық комиссия
мүшелерінің
қолдары
қойылған
осы
Қағидаларға
19,
20-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша КТ апелляциялық комиссиясы
отырысының хаттамасымен ресімделеді.
56. КТӨП-дағы апелляциялық комиссия өтінішті оң шешкен жағдайда,
өтініш Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына жіберіледі.
57. Түсуші КТӨП-дағы апелляциялық комиссия шешімімен келіспеген
жағдайда, Республикалық апелляциялық комиссияға өтініш береді.
58. Апелляциялық комиссия төрағасы апелляцияға берілген барлық
өтініштер бойынша осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
өтініштер тізілімін (тест тапсырмаларының мазмұны/техникалық себептер
бойынша) толтырады.
КТӨП-дағы апелляциялық комиссияның оң шешімін алған өтініштер
бойынша Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына жіберген
өтініштер бойынша осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
өтініштер тізілімі қалыптастырылады.
Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша өтініштер
қарастыру үшін Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына
жіберіледі.
59. Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның
оң шешімі туралы ұсыныстардың негізділігін қарастырып, шешім шығарады.
Республикалық
апелляциялық
комиссияның
шешімі
комиссия
мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең
болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып
табылады және қайта қарастыруға жатпайды.
Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі төрағаның және
барлық
комиссия
мүшелерінің
қолдары
қойылған
осы
Қағидаларға
23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.
КТӨП-дағы апелляциялық комиссия түсушіге апелляция қорытындысы
туралы хабарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: