«Кәсіби қазақ (орыс) тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет4/5
Дата25.02.2016
өлшемі373 Kb.
#21635
1   2   3   4   5

5-тапсырма. Берілген сөз бен сөз тіркестерінің дұрыс жазылуына назар аударыңыз. Жатқа жазыңыз.

Пернетақта, жад, интернет жүйесі, өрмекші тор, өңдеу, қолайлы жағдай, дүниежүзілік, қолтетік, қоржын, жазғы, компьютерлік желі, ақпараттық технология жетістіктері, біртұтас ақпараттық кеңістік, желілер жиынтығы, пайдаланушылардың саны, ақпараттар сақталады, электрондық пошта, хабарды жедел жеткізеді, қызмет құны, гипермәтіндік сілтеме, бейнелік мәлімет.


6-тапсырма. Төмендегі сөздердің сөзжасамның қандай жолымен жасалғанына мән беріңіздер.

Пернетақта, интернет жүйесі, өрмекші тор, дүниежүзілік, қолтетік, қоржын, компьютерлік желі, ақпараттық технология, біртұтас, электрондық пошта, қызмет құны, гипермәтіндік сілтеме, бейнелік мәлімет, қоржын, бағдаржол, шартбелгі, алмалы табақша, біріктіруші, басылым, ұяшық, қуат көзі.


* * *

Тәкәппарлық

Вениямин Франклин деген даңқты білім иесі, Америка жұртының кісісі, он сегіздегі жас күнінде, Медера деген қаланың бір қарт адамына қонақ болып, шығар уақытта қарт ішкі бір есіктен шығарып салуға алып келіпті. Франклин бұл кісіге келе жатып, алдында не барын аңғармай, есікке жақындағанда қарт дауыстапты:



  • Еңкей, еңкей, - деп.

Сүйдегенше болмай, есік аласа екен, маңдайшасына Франклин маңдайымен тарс ете түсіпті. Сонда қарт күліп айтты дейді:

- Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнан да артық неше соққылардан құтыларсың.

Бұл сөзді Франклин сексен жасқа келгенше ұмытпай, әрдайым айтушы еді:

- Сол қарттың ақылы маған көп пайда болды және көзіммен көрдім, басын жоғары көтерген тәкәппарлардың нешеуінің әлек болғанын, - дейді.



Практикалық сабақ №14

Туынды сөздер.


Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №14
Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру.


Әдістемелік нұсқау
Грамматикалық тақырып.

ТУЫНДЫ СӨЗДЕР
Есім сөзден зат есім тудыратын жұрнақтар:

  1. шы, - ші: бағдарламашы, күзетші

  2. шылық, -шілік: адамшылық, малшылдық

  3. лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: замандас, бауырлас

  4. лақ, -лек, -дық, -дік, -тық, -тік: орындық, түндік

  5. хана: асхана, дәріхана


Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар:

  1. -м, -ым, -ім: байлам, күзем, қысым, түсім.

  2. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: ұрма, көрме, сүзбе, кеспе.

  3. -қы, -кі, -ғы, -гі: шалғы, тепкі, бұрғы.

  4. -с, -ыс, -іс: талас, айтыс, жүріс.

  5. -қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек: тарақ, күрек, қызық, түкірік.

  6. -ыш, -іш: қуаныш, таяныш, өкініш, сүйініш.

  7. -н, -ын, -ін: боран, жуын, түйін.

  8. -у: сабау, жамау, көсеу.

  9. -ынды, -інді: шайынды, үйінді.

10.-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: сүзгіш, сыпырғыш, білгіш.

  1. -уыш, -уіш: өлшеуіш, түйреуіш, бастауыш.

  2. -ыр, -ір, -р, -ар, -ер: үңгір, шұңқыр.


Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар:

  1. лы, -лі, -ды, -ді: таулы, күшті

  2. дай, дей, -тай, -тей: қыздай, сүттей

  3. лық, -лік, - дық, -дік, -тық, -тік: компьютерлік, инженерлік

  4. сыз, -сіз: сусыз, бұлтсыз

  5. қы, -кі, -ғы, -гі: жазғы, қысқы


1-тапсырма. Төмендегі сөздерге тиісті -кіш,-гіш, -қыш, -уыш, -уіш,

-шы жұрнақтарын қосып туынды зат есімдер жасаңыз.

Желдет, бейнеле, тасымалда, өткіз, ұш, аударма, зертте, жүргіз, сату, бағдарлама, бейнебейімде, дыбыста.


2-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерінің қандай жұрнақтар арқылы жасалғанын анықтаңыз және орыс тіліне аударыңыз.

Физикалық құрылғылар, сызбалық бейімдеуіш, сандық ақпарат, арифметикалық амалдар, орталық пошта, электрондық пошта, мәтіндік немесе сызбалық өңдегіштер, стратегиялық шешім, жүйелік қорап, аналық тақшаға, оперативті жады, ақпараттық технологиялар, жергілікті өнімдер, білікті мамандар, өмірлік тәжірибе, бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламалар, құрамдас бөліктер.

* * *

Назар аудараңыз.

1876 жылы Александр Грейам Белл телефон ойлап тапты.



Алғашқы телевизиялық картиналарды 1924 жылы Джон Лоджи Бэйрд құрған, дегенмен тиімдірек электрондық жүйе Би-би-Сидің 1960 жылы алғаш рет телевизияның шығуы үшін қолданылды.


1940 жылы Иоганн Гутенборг сөздерді қағазға түсіру үшін ыңғайластыра орналастырылған әріптерді қолдана отырып, қағаз беттеріне із қалдыратын бұрандалы пресс ойлап тапты. Баспа пайда болғаннан бастап, кітаптар арзандатылды. Сонымен қатар дұрыс жазу мен тыныс белгілерінің стандарттары шықты.
№14 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Практикалық сабақ №15

Жалғаулардың түрлері.


Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №15
Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру.


Әдістемелік нұсқау

Грамматикалық тақырып.

ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ (ТӘУЕЛДІК, КӨПТІК, ЖІКТІК, СЕПТІК)
Сөздер жекеше түрде де, көпше түрде де қолданыла береді. Көптік мағынаны білдіру үшін сөздерге көптік жалғауы жалғанады. Мысалы: ағаш-тар, көше-лер, қыз-дар т.б.

Көптік жалғауының түрлері мыналар: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер. Көптік жалғауының басқы дыбысының түрліше болуы түбір сөздің соңғы дыбысына байланысты.

Тәуелдік жалғауы заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді (меншікті) екенін білдіреді. Тәуелденетін зат үш жақтың біріне меншікті болып тұрады, сол себепті тәуелдік жалғауының үш жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады.


Жекеше түрі

Көпше түрі

І жақ -м, -ым, -ім

ІІ жақ -ң, -ың, -ің

ІІ жақ -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз

ІІІ жақ -сы, -сі, -ы, -і



І жақ -мыз, -ымыз, -міз, -іміз

ІІ жақ -тарың, -терің,-дарың, -дерің, -ларың, -лерің

ІІ жақ -тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз

ІІІ жақ -сы, -сі, -ы, -і


Сөздердің тәуелденуі оңаша тәуелдену және ортақ тәуелдену болып екіге бөлінеді.

Бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену оңаша тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың жекеше түрде тәуелденуі.

Бір немесе бірнеше заттың көп затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену ортақ тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың көпше түрде тәуелденуі.

Мысалы:



Оңаша тәуелдену:

Ортақ тәуелдену:

Менің компьютер-ім, телефон-ым.

Сенің компьютер-ің. телефон -ың.

Сіздің компьютер-іңіз, телефон-ыңыз.

Оның компьютер, телефон -ы.



Біздің компьютер-іміз, телефон -ымыз.

Сендердің компьютер-лерің, телефон -дарың.

Сіздердің компьютер-леріңіз, телефон -дарыңыз.

Олардың компьютер-і, телефон -ы.


Сөздің жіктік жалғауларын қабылдауын жіктелу дейді. Жіктік жалғауы бастауыш пен баяндауышты байланыстырады. Сондықтан жіктік жалғаулы сөз әрқашан баяндауыш болады да, сөйлемді тиянақтап тұрады.

Жіктік жалғауы негізінен етістікке жалғанады. Сондай-ақ есім сөздерге де жалғана береді. Бірақ жіктік жалғауы кез келген есім сөзге жалғана бермейді, тек адамның кім екенін, қандай екенін білдіретін және кәсібін көрсететін есім сөзге жалғанады.

Мысалы:


Есім сөздің жіктелуі:

Жақ

Жекеше

Көпше

І

Мен кәсіпкермін

Біз кәсіпкерміз

ІІ

ІІ


Сен кәсіпкерсің

Сіз кәсіпкерсіз



Сендер кәсіпкерсіңдер

Сіздер кәсіпкерсіздер



ІІІ

Ол кәсіпкер

Олар кәсіпкерлер

Етістіктің жіктелуі:




Жақ

Жекеше

Көпше

І

Мен сөндіремін

Біз сөндіреміз

ІІ

Сен сөндіресің

Сіз сөндіресіз



Сендер сөндіресіңдер

Сіздер сөндіресіздер



ІІІ

Ол сөндіреді

Олар сөндіреді

Сөздердің септік жалғауларын қабылдауын септелу дейді. Зат есім жекеше және көпше түрде септеледі. Септік атаулары, сұрақтары және жалғаулары төмендегіше:

Атау. Кім? Не?

Ілік. Кімнің? Ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

Барыс. Кімге? Неге? Қайда? -а, -е, -қа, -ке, -ге, -на, -не

Табыс. Кімді? Нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н

Жатыс. Кімде? Неде? Қайда? -да, -де, та, -те, -нда, -нде

Шығыс. Кімнен? Неден? -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен

Көмектес. Кіммен? Немен? -мен, -бен, -пен, -менен, -бенен, -пенен
Септелудің екі түрі бар: жай септелу және тәуелді септелу. Сөздердің тәуелденбей тұрып түбір күйінде септелуі жай септелу деп аталады. Сөздердің тәуелденіп барып септелуі тәуелді септелу деп аталады.
Мысалы:

Жай септелу

Тәуелді септелу

А. Компьютер

І. Компьютер-дің

Б. Компьютер-ге

Т. Компьютер-ді

Ж. Компьютер-де

Ш. Компьютер-ден

К. Компьютер-мен


А. Компьютер-ім

І. Компьютер-ім-нің

Б. Компьютер-ім-е

Т. Компьютер-ім-ді

Ж. Компьютер-ім-де

Ш. Компьютер-ім-нен

К. Компьютер-ім-мен



1-тапсырма. Төмендегі сөздерге тәуелдік жалғауларды жалғап сөйлем құраңыз.

Бастық, компьютер, құжат, отан, өтініш, мамандық, куәлік, білім, еңбекақы, уақыт.



2-тапсырма. Ортақ тәуелденген сөздерді тауып, сөйлемдерді аяқтаңыз.

Менің жұмысымның ....

Сіздің уақытыңыз.....

Сіздің көмекшілеріңіз....

Біздің Республикамызда....

Сендердің мамандықтарың...

Сіздердің компьютерлеріңіз...

Олардың табыстары.....


3-тапсырма. Мына сөздерге тиісті жіктік жалғауларын жалғаңыздар.

Мен бағдарлашы... . Сіз хатшы... . Сен заңгер... . Ол төраға... . Біз сарапшы.... Сендер кеңесші... . Сіздер көмекші... . Олар білімді... . Мен кәсіпкер... . Сіз құрылысшы... . Сендер ғалым.... . Сіздер саясаткер..... Олар тұтынушы... . Мен тілші... . Сен тексеруші... .


4-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден септік жалғаулары бар сөздерді теріп жазыңыздар.

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары, өйткені бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды. Компьютерге әлемдегі ең үлкен тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды.


Есте сақтаңыз.

В казахском языке суффиксы -тағы, -тегі, -дағы, -дегі присоединяются к именам существительным, образуя имена прилагательные находящихся в местном падеже, и переводятся как «тот, который находится», «тот, который принадлежит»: компьютердегі файлдар (файлы, которые на компьютерах), менің папкамдағы фаилдар (файлы, которые на мойх папках), компьютер үстеліндегі флешка (флешка, которая лежит на компьютерном столе) и т.д.


5-тапсырма. -тағы, -тегі, -дағы, -дегі жұрнақтарымен келетін сөз тіркестерін құрыңыз.

6 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
6.1 Студенттің өздік жұмысын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау

Студенттің өздік жұмысының тапсырмалары жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы) түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект, реферат, баяндама түрінде жазылады. Сабақ барысында студенттің теориялық білімі, белсенділігі, ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады.



Студенттің өздік жұмысының тақырыптары:

    1. Психологиялық терминдер. Психологиялық терминдердің салалық сөздікте түзілуі (Тапсырма түрі: терминдер сөздігін құрастыру – 100 сөз).

    2. Психологиялық ғылыми жаңалықтарға сипаттама беру (Тапсырма түрі: реферат).

    3. Іскерлік дағды қалыптастыруға арналған тілдік құрылымдар (Тапсырма түрі: реферат).

    4. Мамандығы бойынша ғылыми еңбектерді оқып түсіну және қазақ және орысша аңдатпа (аннотация) жазу (Тапсырма түрі: ғылыми мақаланың көшірмесі және 2 тілде жазылған аңдатпа).

    5. Аударма: түсінігі, түрлері, талаптар, әдістері, ерекше жағдайлары, маңызы (Тапсырма түрі: баяндама жасау).


ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ


Өзгерістің рет нөмірі

Құжаттың тарауы, пункті

Өзгеріс түрі (ауыстыру, жою, қосу)

Хабарламаның нөмірі және күні

Өзгеріс енгізілді

Күні

Аты-жөні, қолы, қызметі



















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет