Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)



Дата17.06.2016
өлшемі129.02 Kb.
#141425

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Энергетикалық факультеті
Жылуэнергетика кафедрасы

5В071700 Жылуэнергетика мамандығына арналған

«Кәсіби қазақ тілі»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар

Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ЭФ факультетінің деканы

_________

(қолы)


20___ж. «___»___________

Құрастырушы: __________ Тулебаева Ж.А.

Жылуэнергетика кафедрасы

5В071700 Жылуэнергетика мамандықтардың

Күндізгі және сыртқы оқу нысанындағы студенттеріне арналған

Кәсіби қазақ тілі

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама «___» _________20___ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


20___ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.

Кафедра меңгерушісі ____________ ________________ 20___ж. «____» ________

(қолы)

Энергетикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 20___ж. «_____»____________№____ хаттама


ОӘК төрағасы ____________ Е.Н.Жуманкулова 20____ж. «_____»___________

(қолы)




1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

--------------

2 Пән туралы мәліметтер

Пәннің атауы – Кәсіби қазақ тілі

Курс 3 семестрге белгіленген.

Сабақ өткізілетін орны: деканат бекіткен сабақ кестесіне сай өткізіледі.


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

практи-ка

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СРСП

3

2

60

-

30

-

-

-




30

Емтихан


4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы

Мәтін мазмұнын түсініп сұрақ қою, сұраққа жауап беру; сөйлеу жағдаятына сәйкес сөздер мен сөз үлгілерін пайдаланып, қазақша тілдік қатынасты іс жүзінде асыру және кәсіби терминдерді қолдана білу.

Студенттердің бір-бірімен қарым-қатынасын іске асырумен қатар оның ой-пікірін, көзқарасын, танымы мен білімін аңғарту. Кәсіби мәтін арқылы тіл дамыту. Жаттығулар мен тапсырмаларды өз бетімен жұмыс жасауға, тілді терең игеруге мүмкіндік жасау. Мәтінге қатысты тапсырмалар арқылы коммуникативтік дағдысын қалыптастыру.

5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

- практикалық курста берілген тақырыптарға қатысты актив сөздер мен пассив лексика кәсіби бағытта пікірлесуді жүзеге асыру;

- тілдік қатынастағы тірек сөздерді дұрыс меңгеру;

- сұхбат барысында дұрыс байланыстырып сөйлеуді үйрену;

- грамматикалық ережелер түсінікті, сауатты жаза алу.

6 Пререквизиттер

Кәсіби қазақ тілі пәнін оқымас бұрын студенттердің қазақ тілі пәнінен алған білімдері кем дегенде «қанағаттанарлық» деген баға болуы керек. Осы пәнді меңгеру үшін өз білімін көрсете алуы, сауатты жаза білуі, мәнерлі түрде оқи алуы, термин сөздерді игеруі сияқты талаптарды орындап, тілге деген құрметін, ықыласын білдіруі қажет.



7 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде студент кез келген салада өзінің теориялық білімдерін жүзеге асыра алады. Кәсіптік тілде жатық сөйлеуге, жазуға машықтанып, алдына қойылған тапсырмаларды орындай алады. Қызметтік орындарда хат алмасу, ақпарат, қызмет көрсету, тауарды жарнамалаудың жаңа мәдениетін қалыптастыру жолындағы құндылықтарымен де назар аудартады.


8 Пәннің тақырыптық жоспары




Тақырып атаулары

Сағат саны

Тәжіри-белік

СОӨЖ

СӨЖ





Теориялық практикум

Тілдік практикум




1

Кәсіби қазақ тілінің

негізгі ұғымдары



Елбасының «Қазақстан – 2030» стратегиясы



2

1

1

2

Кәсіби қазақ тілінің

негізгі тіреккөзі



Редакция почтасы. Хат-қолжазбалармен жұмыс әдебі.

Хат-қолжазбалар тағдырын шешетін редакция қызметкерлері.




2

1

1

3

Ресми тілдесім.


Телехабардың тілі


2

1

1

4

Кәсіби тілдесім

Радиохабар жасаудың негізгі әдістері.


2

1

1

5

Әлеуметтік тілдесім.

Жанрдың түрлері, оның жаңа формалары




2

1

1

6

Дербестік тілдесім.


“Хабар” арнасындағы телеочерк.


2

1

1

7

Кәсіби лексика

туралы түсінік



Қазіргі халықаралақ қарым-қатынастар және бұқаралық ақпарат құралдары. Дамыған елдердегі журналистиканың теориялары мен доктриналары.


2

1

1

8

Терминдер

туралы түсінік



БҰҰ-ның адам құқықтары жалпыға ортақ Декларациясы және журналистика.


2

1

1

9

Тілдік қатынас.

Ұлттық-халықтық салт-дәстүр және журналистика

2

1

1

10

Сөйлеудің мәдениеті

мен әдебі



Әлемдік БАҚ заңдылықтары


2

1

1

11

Кәсіби тілдегі

этномәдени айшықтары



БАҚ және оның этикасы туралы


2

1

1

12

Кәсіби мәтін –

тілдік бірлік



Ақпарат әлемі және жедеғабыл жаңалықтар желісі.


2

1

1

13

Кәсіби тілдегі ұлттық

реалия мәселелері



Эфирлік материалдарды сақтау және адамзат игілігіне жарату.


2

1

1

14

Кәсіби қазақ тілінің

құзыреті және қолданым

жиілігі


Экран тілінің стилі.



2

1

1

15

Лексикалық қор.

Реферат жұмысын қорғау


2

1

1







30

15

15

Барлығы

60


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы: «Кәсіби қазақ тілі» пәні 1 семестр, яғни сағат санына байланысты 15 апта бойы жүргізіледі. Аталған пән бойынша оқу жоспарына сай 2 кредит, 2 аралық бақылау алынады.

«Кәсіби қазақ тілі» сабағында әрбір студент өз мамандығына сай

термин сөздер мен сөз тіркестерімен таныса отырып, мәтін бойынша қамтылған тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асыра алады.

10 Курс компоненттері

Практикалық (семинар) сабақтарының мазмұны
1 тақырып. Кәсіби қазақ тілінің негізгі ұғымдары.

Кәсіби қазақ тілі туралы жалпы түсінік беру. Оны мамандыққа байланысты оқытудың бағыттарымен таныстру.

2 тақырып. Кәсіби қазақ тілінің негізгі тіреккөзі.

3 тақырып. Ресми тілдесім.

Тіл үйренушілерге ресми қарым-қатынастың элементтерін үйрету, ондағы сөз қолданыстарды, ситуацияларды, ресми материалдарға қатысты меңгерту.

4 тақырып. Кәсіби тілдесім.

Тіл үйренушілерге белгілі бір мамандықтың саласына байланысты сөйлесудің үлгілерін, мамандыққа қатысты сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету. Студенттер арасындағы тілдік қатынасты әр түрлі мамандық иелерімен қалай сөйлесіп, тіл табысуға болатынын ұғындыру.

5 тақырып. Әлеуметтік тілдесім.

Адамның қоғамдағы орнын, беделін, қызметін ескере отырып, тілдік қарым-қатынас орнату.

6 тақырып. Дербестік тілдесім.

Адамның қызметіне, беделіне, әлеуметтік орнына қарамай, жеке басының қасиеттеріне қарай, өзіне тән барлық ерекшеліктерін ескере отырып, тілдесу, сөйлесу. Оқытушы мен студенттің тең дәрежеде, бірін-бірі құрметтей, бірінің кісілігін бірі танып тілдесуге мүмкіндік жасау, тілдік қатынасты арттыру, адамдардың өзара достасуына, түсінісуіне жол ашу.

7 тақырып. Кәсіби лексика туралы түсінік.

Кәсіби лексика туралы жалпы түсінік беру. Кәсіби сөз – нақты бір мамандықпен байланысты айтылатын сөз екенін ұғындыру.

8 тақырып. Терминдер туралы түсінік.

Терминология туралы жалпы түсінік. Өз мамандықтарына байланысты термин сөздерді оқып білу, меңгеру. Сөздік дәптер жасау арқылы термин сөздердің мән-мағынасын айыру, қолдану.

9 тақырып. Тілдік қатынас.

Тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу. Түсінісу, адамзаттың тіл арқылы сөйлесім әрекетін меңгерту.

10 тақырып. Сөйлеудің мәдениеті мен әдебі.

Әр сөздің айтылу заңдылықтарын (орфоэпиялық норма) сақтай отыра, мағынасына орай сөйлемде дұрыс қолдануға дағдыландыру. Аса қатты сөйлеу немесе міңгірлеу, сөйлеу кезінде артық қимылдар жасау және мәнсіз майысып сөйлесу сияқты жағдайларды болдырмаудың жолын табу. Жалпы сөйлеу мәдениеттерінің алғышарттары мен әдебән жалпыға бірдей ұғындыру. Күнделікті өмірде іске асыру.

11 тақырып. Кәсіби тілдегі этномәдени айшықтары.

Кәсіби тілдің этномәдениеті туралы жалпы түсінік беру. Оның түп-төркіні мен өмірдегі қарым-қатынастарының айырмашылқтарын ажырату.

12 тақырып. Кәсіби мәтін – тілдік бірлік.

Кәсіби мәтін арқылы өздерінің мамандықтарына сай жұмыс жасту. Термин сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Тілдік нормаларды басшылыққа ала отырып, тілдік бірлік қалыптастыру.

13 тақырып. Кәсіби тілдегі ұлттық реалия мәселелері.

Кәсіби лексиканың дамуы, ұлттық көзқарастары. Олардың қоғамдағы мәселелерін тану арқылы талдау.

14 тақырып. Кәсіби қазақ тілінің құзыреті және қолданым жиілігі

Кәсіби сөздердің тілдегі орны. Оның қоғамда қалыптасқан сөздердің ерекшеліктері. Қолданыс аясы.

15 тақырып. Лексикалық қор.

Лексикалық қорды жинақтау, қорытындылау.
11 Курс саясаты
Құрметті студенттер!

Сіздерді «Кәсіби қазақ тілі » пәнінің саясатымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Студенттерге қойылатын талаптар:


  • дәріс сабақтарына, практикалық сабақтарға толық қатысу;

  • себепсіз сабақтарды босатпау, босатқан жағдайда оқытушы белгілеген уақыттарда тапсыру;

  • сабақтарға кешікпей келу;

  • сабақтарға белсенділік таныту;

  • практикалық сабақтарға дайындалып келу;

  • қосымша материалдармен жұмыс жасай білу;

  • сөздіктерді пайдалана отырып, түсініксіз, қиын сөздермен жұмыс жасай білу;

  • сабақ кезінде ұялы телефонды уақытша ажырату;

  • өз курстастарыңның оқуына ықпал жасау.

Топ жұмысына қатысудың сапалы болуы сандық көрсеткіштен де

маңызды. Аудиторияда оқылғанның бәрі талқыланады, студенттерге өз ойларын айтуға мүмкіндік беріледі, тәжірибелік сабақтардың орындалуы тексеріледі. Әр сабаққа міндетті түрде мұқият дайындалу, сондай-ақ берілген дәрістерді түгел оқу – парыз. Барлық тапсырма белгіленген уақытта орындалуы тиіс. Бұл тапсырманы орындау Сізге курсты толығымен меңгеруге, құжат түрлерімен танысуға, сауатты жазуға, құжаттарды дұрыс ресімдеуге (құрастыруға), т.б. сияқты білімдеріңізді кеңейте түсуге көмектесетін болады.

Кешіктіріліп орындалған тапсырма 1 ұпайға кеміп отырады.

Жазба жұмыстарын орындаған кезде көшіріп алуға тыйым салынады. Егер сіз бақылау шараларын өткізген уақытта бір себептермен қатыса алмасаңыз, онда сізге келесі сабақтың бас кезінде яғни біз талқылауға кіріспес бұрын өтуге мүмкіндік жасалады, әйтпесе сіз «0» деген ұпайға ие боласыз.

Курста аралық бақылау қарастырылған. Аралық бақылау

1-рейтингінің соңында (8 аптада), 2-рейтінгінің соңында (15 аптада) тест түрінде өткізіледі.

Емтихан семестр аяқталған соң, дәстүрлі түрде ауызша және жазбаша түрде қабылданады.

12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:


1 Мухамадиева Н. Қ. Кәсіби қазақ тілі: Оқулық . Aлматы: Sansam , 2003. -112 б.

2 Қожабаева Х.Ш. Кәсіби қазақ тілі: Оқу құралы. - Астана: Фолиант. 2010. - 240 б.

3 Хасенова С.Е. Өнер колледжінің «Кескіндеме» бөліміне арналған «Кәсіби қазақ тілі». - СҚ ПКБАКДИ., 2006 - 60 б

4 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік /Жалпы редакциясын басқарған пед. ғ.д., профессорА.Қ. Құсайынов. -Алматы: Республикалық мемлекеттік «Рауан» баспасы, 2000.


Қосымша:

1 Оразбаева Ф. Ш.



Қазақ тілі [Электронный ресурс] : в2+-Терендетіле, ілгерілей қалыптасқан игерім: С1- Кәсіби игерім: Жетік деңгей: оқу-әдістемелік кешен / Ф. Ш. Оразбаева, К. Т. Искаков, С. И. Есболганов. - Электрон. текстовые дан. и 481 МБ. - Алматы : Абай атын. Қазақ ұлттық пед. ун-ті, [2006].

2 Кәсіби қазақ тілі [Электронный ресурс] = Профессиональный казахский язык : электронное учебно-методическое пособие на основе модульной объектно-ориентированной среды дистанционного обучения: 7кн. в PDF-формате. - Электрон. текстовые дан. и (417 МБ). - Астана : Ізет, 2007.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет