Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы Тұлғаның кəсіби дамуының психологиялық ерекшеліктері 10


А.К. Маркова кəсіпқойдың қалыптасуында 5 деңгей мен 9 кезеңді бөліп көрсетті



бет6/8
Дата13.04.2024
өлшемі21.26 Kb.
#498551
1   2   3   4   5   6   7   8
stud.kz-101401 2

А.К. Маркова кəсіпқойдың қалыптасуында 5 деңгей мен 9 кезеңді бөліп көрсетті:

  • Кəсіпқойлыққа дейін мамандықпен алғаш рет танысу кезеңі;

  • Кəсіпқойлық 3 кезеңнен тұрады: мамандыққа бейімделу, өзін-өзі таныту жəне шеберлілік түріндегі мамандықты еркін меңгеру;

  • Жоғары кəсіпқойлық 3 кезеңнен тұрады: шығармашылық түрде мамандықты еркін меңгеру, əр түрлі мамандықтармен шұғылдану, өзін-өзі тұлға ретінде өзіндік шығармашылық болжау жасау;

  • Кəсіпқой емес тұлғаның оқшаулануынан еңбектің кəсіби бүлінген нормалары арқылы орындалуы;

  • Кəсіпқойлықтан кейін кəсіби іс-əрекеттің аяқталуы [4].

Кəсіби қалыптасу процесіндегі іс-əрекет динамикасын Н.С. Глуханюк зерттеген. Оның айтуынша, кəсіпке дайындық, оған бейімделу, шеберлік т.б. кезеңдерде тұлға іс-əрекеті күрделене жəне кеңейе түседі. Ал, В.Д. Шадриков кəсіби мəнді сапа ретінде іс-əрекет тиімділігіне жəне меңгеру табыстылығына əсер ететін іс-əрекет субъектісінің индивидуалды сапаларын қарастырған [5].
Н.С. Пряжников кəсіби өзіндік анықталуды зерттей келе, оның келесі түрлерін бөліп қарастырған: нақты еңбек функциясы кезіндегі, нақты еңбек орнындағы, нақты мамандықтағы, нақты кəсіптегі, өмірлік, тұлғалық жəне тұлғаның мəдениеттегі анықталулары [6].
Л.М. Митина кəсіби іс-əрекет қалыптасуының екі моделін бөліп көрсетті.
Бейімдік (адаптивті) моделі – адам сана-сезімінде кəсіби еңбектің сыртқы жағдайларға тəуелді болу тенденциясы кəсіби міндеттер, ережелер, нормаларды шешу алгоритмдерінің орындалуы түрінде басым болады.
Кəсіби даму моделі – тұлғаның қалыптасқан практика шектерінен шығу, өз іс-əрекетін практикалық қалыптасу затына айналдыру жəне сол арқылы өзінің кəсіби мүмкіндіктерінің шектерін жеңе алу қабілеттіліктерімен сипатталады [7]. Тұлғаны сана атрибуты ретінде қарастыратын болсақ, онда ол өзінің қажеттілігін бойындағы белсенділікпен көрсете алады. Бұл арада тұлға алдындағы құндылық пен сол құндылыққа жету мүмкіндігі орын алуы үшін тұлғаның ішкі рухани қабілеті жұмсалып, оның əрекеті белсенді сипатта болуы керектігін айтып кетсек болады. Əлбетте, белсенділік дара емес əлеумет, ұжым ішінде көрінеді. Сондықтан біз студенттердің де іс-əрекетін қоғамдық іс- əрекеттерден бөлу мүмкін еместігін, олармен қатар кəсіби, педагогикалық жəне т.б. іс-əрекеттердің жүретіні жайлы айтқымыз келеді. Л.С. Выготский бұл мəселені яғни, тұлғаны əлеуметтік орта мен қоғамнан бөліп қарастыру мүмкін еместігін қарастыра келе, психологияда дамудың əлеуметтік жағдайлары деген түсінікті енгізген. Оның айтуынша, тұлғаның дамуы индивидтің мəдени құндылықтарды меңгеруімен ұйғарылады. Адамдық мазмұн жəне мəн адам қатынастары нəтижесінде туындайды, яғни баланың баламен, үлкендермен тікелей əлеуметтік байланысы кезінде туындап, интериоризация арқылы адам санасында дамиды. Сонда бұл жерде адам қоғаммен жəне басқа адамдармен біріккен іс-əрекет жасау арқасында қалыптасады, дамиды жəне өзгереді десек те болады [8].
Тұлғаны белгілі-бір іс-əрекет тəсіліне дайындық күйлерін реттейтін функциялар өте көп. Осындай функцияларды атқаратындар қатарында өмірлік ұстанымды, қызығушылықтар бағыттылығын, құндылықтық бағдарларды, əлеуметтік бағдарларды, субъективтік қатынастарды, жетекші түрткіні қарастыруға болады. Отандық психологияда индивидпен саналанатын жəне мойындалатын барлық əлеуметтік құндылықтар оның өмірі барысында ассимиляцияланып, даралық құндылықтарға айналатыны жөнінде пікір айтылған.
Адамның кəсіпке бейімделуі басталғанда ол көптеген бейтаныс адамдармен байланысқа түседі. Ол тұлғаны тұрақты қалыптастыратын фактордың ең негізгісі кəсіптік қызмет процесінде, оң мотивация ретінде кəсіптік қажеттілік қалыптасқанда болады дейді. Климовтың ойынша, əрбір кəсіптік топ үшін өз қызметтерінің мəні, құндылықтары бар. Егер таңдалған кəсіп, өмірлік мəн, субъекті бірлессе, онда кəсіптік қызмет мəнді, өмірлік сипатқа тең болады.
Э. Эриксонның айтуынша, жоғары оқу орнына түсу тұлғаның үлкендер рөлін қабылдауымен байланыста болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет