КӘсіпкерлік қҰҚЫҒы пәнінен барлық тақырыптары бойынша оқып үйренуге ұсынылатын нормативті актілер мен негізгі әдебиеттер


Тақырып: Коммерциялық кәсіпкерлік



бет2/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#131746
1   2   3   4

Тақырып: Коммерциялық кәсіпкерлік

1725 жылы Ричард Кантильон кәсіпкерді – нар тәуекел жағдайында қызмет етуші адам деді. 1961 жылы “кәсіпкер – ұстамды тәуекел жағдайында қызмет ететін пысық адам” деп пайымдаған Давид Маклелланд да осы пікірді қолдаған.

Кәсіпкерлік ұғымына анықтама беруші келесі ағым – кәсіпкерлікке тән тәуекелділікпен қатар, одан алынатын пайда мен туындайтын жауапкершілікті жатқызады. Мысалы, 1797 жылы Бодо кәсіпкер – іскерлік қызметке жауап беруші, кәсіпорын қызметін бақылап, жоспарлап, ұйымдастырып және оған иелік етуші тұлға деген. 1964 жылы Питер Друкердің дәлелдемесі – кәсіпкер қандай болмасын мүмкіндікті пайдалана отырып, ең жоғарғы деңгейдегі пайдаға жетуге ұмтылатын адам.

Кәсіпкерлік – белгілі бір құнға ие болатын жаңа нәрсе ашу үрдісі, ал кәсіпкер – осыған барша күші мен уақытын жұмсай отырып, орнына ақшалай және қанағаттарнарлыққа жете алатын, қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді мойнына алатын адам.

Отандық экономикада кәсіпкерліктің кең тараған түрі бар. Ол – коммерциялық кәсіпкерлік. Бұны көптеген себепртермен түсіндіруге болады. Негізгілері: коммерциялық кәсіпорынның пайдасының жоғары болуы; жылдам қайтарымдылығы; жүзеге асыру прпоцесінің оңайлығы; басқару жүйесінің жеңілдігі, тиімділігі және тағы басқалар.

Кәсіпкерлік ұғымы пайда алып келетін белсенді қызмет бабы. “Коммерция” латын сөзінен аударғанда “сауда” мағынасын береді. Олай болса коммерциялық кәсіпкерлік – пайда және табыс алуға бағытталған сауда-делдалдық, сауда-дайындық жұмыстарының жиынтығы.

Коммерциялық кәсіпкерлік ең алдымен, ақша-тауар, сауда-айырбас операцияларында анықтаушы рөл атқаратындығымен сипатталады. Сондықтан, коммерциялық кәсіпкерліктің мәні – сату, сатып алу бойынша, яғни, тауарларды қайта сату операциялары болып табылады.

Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі зерттеу объектісі – тауар, капитал. Капитал кезінде қаржылық кәсіпкерлік пайда болады.

Комерсант болу үшін тек өзінің аумағында ғана емес, сонымен бірге басқа жерлерде коммерция туралы әртүрлі ақпараттарға ие болу керек.
Бақылау және реферат сұрақтары.


              1. Кәсіпкерлік түсінігі.

2. Коммерция түсінігі.

3. Кәсіпкерлік коммерция.

4. Кәсіпкердің құқықтық мәртебесі

5. Кәсіпкердің іскерлік әдебі.


Глоссарий.

Бересі — есептелген және мерзімінде төленбеген салықтар және бюджетке теленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары.

Бизнес — пайда беретін экономикалық қызмет; баюдың кезі болып табылатын табыс өкелетін кез келген қызмет түрі (іс, көсіп, кәсіпкерлік жөне басқалары).

Мемлекеттік багдарлама — салааралық сипаты бар, өлеуметтік-эко-номикалық дамудың неғүрлым маңызды міндеттерін шешуге жөне мемлекеттің қорғаныс қабілетін, құқық тәртібін, заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағыггалған мәселелер бойынша Қазақ-стан Республикасының Үкіметі әзірлейтін және Қазақстан Республика-сының Президенті бекітетін бағдарлама.

Мүліктік зиян - құқықпен қорғалатын мүліктің ұрлануымен, жойылуымен, зақымдалуымен немесе жоғалуымен келтірілген, сондай ақ материалдық нұқсан жеке адамға басқаша жолмен, еңбек ақы алмау,денсаулығына келтірілген зиянға байланысты емделу кезіндегі шығындарды алмау және тағы басқа жолмен келтірілген залал.

Зиян – заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі.
Тест.

1. Мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеуші органға құрылтай шартын табыс ету

а) талап етілмейді;

б) талап етіледі;

в) міндетті түрде табыс етілуі тиіс;

г) заң бұзушылық болып есептеледі;

д) екі жақтың келісіміне байланысты;



2. Өндірістік қызметпен айналысатын шағын кәсіпкерлік субьектілерінің жазбаша өтініші бойынша жерді пайдалану актісін бергені үшін төленетін соманы

а) 3 жылға қалдыра алады

б) 1 жылға қалдыра отырып жүргізеді;

в) 5 жылға қалдыра алады;

г) 7 жылға қалдыра алады;

д) 10 жылға қалдыра алады;



3. Шағын кәсіпкерлік субьектлері бірлестіктерін құруға құқылы ма?

а) сот шешімі негізінде;

б) құқығы жоқ;

в) құқылы;

г) лицензия негізінде;

д) әкім рұқсатымен құқылы;



1. Алғашқы өндірістік кооператив қай елде, қашан құрылды?

а) Англияда 1844ж.

б) Германияда 1845ж.

в) Францияда 1899ж.

г) Ресейде 1856ж.

Тақырып: Шағын бизнес
Кәсіпкерліктің жекеше және мемлекеттік кәсіпкерлік деген екі түрі бар. Жекеше кәсіпкерліктің бір түрі жеке кәсіпкерлік – азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес зңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігіне алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі.Ол әсіресе серіктес мүліктік жауапкершілікті бірінші дәрежеге қоятын әрқандай іс-әрекет қимылдарды тиымды пайдаланатын тұлға болып есептеледі.

Жеке кәсіпкерлік бұл заң әрекеті қимылы жағынан екіге бөлінеді:



  • жеке тұлғалы кәсіпкерлік;

  • заңды тұлғалы кәсіпкерлік

Жеке тұлғалы кәсіпкерлікпенен заңды тұлғалы кәсіпкерліктің төмендегідей айырмашылығы бар. Жеке тұлғалы кәсіпкерлік ресми түрде барша экономикалық қатынастардан пайдаланады:

а) қаржы көздері жағынан;

ә) қажетті тауарлармен қызметтерді қамтамасыз ету жағынан;

б) өндіріс процесін тиымды дәрежеде ұйымдастыру жағынан;

в) несие беру жағынан;

г) жаңа техника мен технология жағынан қамтамасыз ету.



Жеке кәсіпкер дегеніміз бұл заңды тұлға құрмай, заңды тұлға белгілері болмаған жағдайда кәсіпкерлікпен шұғылданатын жеке азаматтар.Осыған байланысты жеке кәсіпкерлік екі топқа бөлінеді:

  1. өзіндік кәсіпкерлік;

  2. бірлескен кәсіпкерлік

Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланыст дербес жүзеге асырылады.

Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобі (жеке кәсіпкерлер) ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерліктің түрлеріне мыналар жатады:



  1. ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншіші негізіндегі жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;

  2. шаруа (фермерлік) шаруашылығының ортақ меншіші немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;

  3. кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестк

Бақылау және реферат сұрақтары.

1. Кәсіпкердің құқықтық мәртебесін анықтау

2. Кәсіпкердің іскерлік әдебі.

3. Коммерсант түсінігі

4. ҚР кәсіпкерліктің түрлері

5. Жеке кәсіпкер ұғымы



Глоссарий

Бизнес — пайда беретін экономикалық қызмет; баюдың кезі болып табылатын табыс өкелетін кез келген қызмет түрі (іс, көсіп, кәсіпкерлік жөне басқалары).

Бизнес-жоспар — фирманың бизнес-операциясын, іс-қимылдарын жүзеге асыру жоспары, бағдарламасы, ол фирма, тауар, оның өндірісі, өткізу рыноктары, маркетинг, операциялардың үйымдастырылуы және олардың тиімділігі туралы мәліметтерден түрады.

Брокер - сыйақы үшін шарт негізінде іс-қимыл жасайтын, клиенттердің тапсырмасы бойынша, солардың есебінен және мүдделерін көздеп бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді жүзеге асырушы делдал.

Қорғаншылық (қамқоршылық) – кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) деп таныған адамдардың қүқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.

Тест

  1. Акционерлік қоғам қандай бағалы қағаздын турін шығаруға құқылы.

    1. Акция.

    2. Облигация.

    3. Депозит.

    4. Вексель.

    5. Чек.

  1. Муліктік игіліктерге жатадын обьектілер.

    1. Заттар, ақша.

    2. Жеке адамның өмірі.

    3. Денсаулығы.

    4. Есім алу құқығы.

    5. Автор болу құқығы.

3. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастар қандай болып бөлінеді?

а) ішкі және сыртқы.

б) негізгі және жалпы.

в) ішкі және жалпы.

г) жеке және арнайы.

4. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың элементтері қандай?

а) Кәсіпкерлік құқық нормалары, субьектілері, обьектілері

б) аграрлық құқық құрылысы

в) реттеу, тарату

г) аграрлық құқықтық нормалар жиынтығы

Тақырып: Кәсіпкерлік түрлері сипаттамасы
Бақылау түрі: Тест тапсырмалары
Тест тапсырмасы:
1. Кәсіпкерлік құқықтың негiзгi қағидасы кайсы:

А) пайда табу

Б) меншiктi коргауды камтамасыз ету

В) кiнәсiздк презумпциясы

Г) жоспарлау

Д) мiндеттi төлеу



2. Кәсіпкерлік құқық обьектiсi кайсысы:

А) өндіріс орындары

Б) енбек ету

В) салык


Г) занды факт

Д) жәрдемақы



3. Кәсіпкерлік құқық субьектiсi кайсысы

А) мемлекет, ел, жұрт, өңір

Б) аурухана

В) сот сараптама

Г) жергiлiктi аткарушы органдар

Д) әкiмшiлiк



4. Кәсіпкерлік бұл:

А) елдің, мемлекеттің халықтың қажеттілігін жүзеге асырудағы қызметі

Б) мүлiктiң болуы

В) дербес мүлiктiк жауапкершiлiк

Г) ұйымдасқан бiрлiк

Д) азаматтық айналым



5. “Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау” туралы заңы нені реттейді:

А) азаматтық айналым

Б) мүлiктiң болуы

В) дербес мүлiктiк жауапкершiлiк

Г) ұйымдасқан бiрлiк

Д) елдің, мемлекеттің халықтың қажеттілігін жүзеге асырудағы қызметі



6. Кәсіпкерлік құқық құқық саласы ретінде қандай жүйелерге бөлінеді?

а) жалпы, ерекше

б) жалпы, ерекше, арнайы

в) жеке, арнайы

г) жеке, жалпы

7. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастар қандай болып бөлінеді?

а) ішкі және сыртқы

б) негізгі және жалпы

в) ішкі және жалпы

г) жеке және арнайы



8. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың элементтері қандай?

а) Кәсіпкерлік құқық нормалары, субьектілері, обьектілері

б) аграрлық құқық құрылысы

в) реттеу, тарату

г) аграрлық құқықтық нормалар жиынтығы

9. Кәсіпкерліктің ішінде жүріп жатқан қоғамдық ауылшаруашылық қатынастар бұл:

а) ішкі аграрлық құқықтық қатынастар

б) сыртқы аграрлық құқықтық қатынастар

в) негізгі аграрлық құқықтық қатынастар

г) орталық аграрлық құқықтық қатынастар

10. Алғашқы өндірістік кооператив қай елде, қашан құрылды?

а) Англияда 1844ж.

б) Германияда 1845ж.

в) Францияда 1899ж.

г) Ресейде 1856ж.

11. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым бұл:

а) шаруашылық серіктестік

б) ауылшаруашылық өндірістік кооперативі

в) ауылшаруашылық тұтыну кооперативі

г) акционерлік қоғам

12. Жалғыз қатысушысы бар серіктестіктің құрылтый шарты

а) жалпы негізде

б) арнайы негізде

в) ерекше негізде

г) салалық негізде

д) жасалмайды



13. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жеке-дара атқарушы органы серіктестіктің атынан

а) сенімхатсыз әрекет етеді

б) сенімхат арқылы әрекет етеді

в) шарт негізінде әрекет етеді

г) мәміле негізінде әрекет етеді

д) куәлік негізінде әрекет етеді



14. Мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеуші органға құрылтай шартын табыс ету

а) талап етілмейді;

б) талап етіледі;

в) міндетті түрде табыс етілуі тиіс;

г) заң бұзушылық болып есептеледі;

д) екі жақтың келісіміне байланысты;



15. Өндірістік қызметпен айналысатын шағын кәсіпкерлік субьектілерінің жазбаша өтініші бойынша жерді пайдалану актісін бергені үшін төленетін соманы

а) 3 жылға қалдыра алады

б) 1 жылға қалдыра отырып жүргізеді;

в) 5 жылға қалдыра алады;

г) 7 жылға қалдыра алады;

д) 10 жылға қалдыра алады;



16. Шағын кәсіпкерлік субьектілері бірлестіктерін құруға құқылы ма?

а) құқылы;

б) құқығы жоқ;

в) сот шешімі негізінде;

г) лицензия негізінде;

д) әкім рұқсатымен құқылы;



17. Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары

а) құрылтай шарты мен жарғысы

б) тек құрылтай шарттары;

в) тек құрылтай жарғысы;

г) бұйрықтар;

д) қаулылар;



18. Бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт бойынша тараптар жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға

а) бірлесіп іс-әрекет жасауға міндеттенеді;

б) еркін іс-әрекет жасауға міндеттенеді;

в) жеке-дара іс-әрекет жасауға міндеттенеді;

г) ешқандай міндет алмайды;

д) ешқандай құқық алмайды;



19. Егер жеке кәсіпкер лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге асырса, онда:

а) оның осындай қызметті жүзеге асыруға лицензиясының болуы міндетті;

б) лицензияның қажеті жоқ;

в) лицензия керек емес өйткені ол тіркелу кезінде ақы төлейді;

г) лицензия бір жылдан кейін алуы тиіс;

д) құқығы шектеледі;



20. Жай серіктестік қалай құрылады?

а) бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде құрылады;

б) Үкімет қалысымен құрылады;

в) атқарушы органның шешімімен құрылады;

г) әкімнің өкімімен құрылады;

д) сот шешімімен құрылады;






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет