Кәсіпкерліктің жекеше және мемлекеттік кәсіпкерлік деген екі түрі бар. Жекеше кәсіпкерліктің бір түрі жеке кәсіпкерлік – азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес зңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігіне алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі.Ол әсіресе серіктес мүліктік жауапкершілікті бірінші дәрежеге қоятын әрқандай іс-әрекет қимылдарды тиымды пайдаланатын тұлға болып есептеледі.
Жеке кәсіпкерлік бұл заң әрекеті қимылы жағынан екіге бөлінеді:
-
жеке тұлғалы кәсіпкерлік;
-
заңды тұлғалы кәсіпкерлік
Жеке тұлғалы кәсіпкерлікпенен заңды тұлғалы кәсіпкерліктің төмендегідей айырмашылығы бар. Жеке тұлғалы кәсіпкерлік ресми түрде барша экономикалық қатынастардан пайдаланады:
а) қаржы көздері жағынан;
ә) қажетті тауарлармен қызметтерді қамтамасыз ету жағынан;
б) өндіріс процесін тиымды дәрежеде ұйымдастыру жағынан;
в) несие беру жағынан;
г) жаңа техника мен технология жағынан қамтамасыз ету.
Жеке кәсіпкер дегеніміз бұл заңды тұлға құрмай, заңды тұлға белгілері болмаған жағдайда кәсіпкерлікпен шұғылданатын жеке азаматтар.Осыған байланысты жеке кәсіпкерлік екі топқа бөлінеді:
1.өзіндік кәсіпкерлік;
2.бірлескен кәсіпкерлік
Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланыст дербес жүзеге асырылады.
Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобі (жеке кәсіпкерлер) ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерліктің түрлеріне мыналар жатады:
-
ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншіші негізіндегі жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;
-
шаруа (фермерлік) шаруашылығының ортақ меншіші немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
-
кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестк
Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі, бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың өзара келісуі арқылы, ынтымақ бірлесуі арқылы, аудан әкімі жағынан тіркеуден өткен соң өтініш білдіріледі. Егер кәсіпкер дәйекті түрде басқа тұлғалармен экономикалық қатынас жасауды қалайтын болса, осы қызмет үшін лицензия алуы тиіс. Лицензия бергені үшін аудан әкімінің аппараты алым алмайды. Ал бұл лицензия өнеркәсіп, аул шаруашылық, құрылыс және жөндеу қызметтері үшін, сауда үшін шектелген мерзімде лицензия беріледі. Лицензия мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін. Ал жеке дәрігерлік, мал дәрігерлік қызметін жүзеге асыру үшін лицензия мерзімі шектелмейді. Ал көлік қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия кемінде 5 жыл мерзімге беріледі. Ал жеке қызметтердің кәсіпкерлік түрлеріне лицензия кемінде 1 жылға бері леді.
Тауар сататын азаматтар импорт, экспорт үшін лицензия беру Қазақстан Республикасының “Жеке кәсіпкерлік” туралы заңында белгіленген дәрежеде беріледі.
Жеке кәсіпкерліктің әр алуан түрлерін жүзеге асыру кезінде іскерлік айналымда іс-қимыл жасау, өндіріс процесінің 2 түрін анықтадық, соның екінші түрінде бірлескен кәсіпкерлік жағдайында тұлғалардың құқықтық іс-қимылы төмендегідей жағдайда болуы керек:
Біріншіден: кәсіпкерлікті жүзеге асыруда ерлі-зайыптылардың мүддесі бір-біріне қайшы болмауы керек. Бір-біріне пайдалану жағынан мүлікті әр түрлі дәрежеде пікірі болмауы керек. Яғни пайдалануға зайыбының өзара келісімі көзделеді.
Екіншіден: ерлі-зайыптылардың іс-әрекетінде, яғни кәсіпкерлікті жүзеге асыру ретінде ерлі-зайыптылардың бірі екіншісінің келісімімен ерлі-зайыптылардың атынан іс-қимыл жасайды. Мұның өзге жеке кәсіпкерлікті тіркеу кезінде расталуы керек.
Үшіншіден: кәсіпкерлік қызметінің объектісі болған үйді пайдалануға байланысты кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде іскерлік айналымда тұрғын үйге меншік иелерінің куәландырған келісімі болуы тиіс. Осы жағдайда ғана бұл субъектілер жеке кәсіпкерлердің іс-қимылын жүзеге асырады.
Бақылау және реферат сұрақтары.
1. Кәсіпкердің құқықтық мәртебесін анықтау
2. Кәсіпкердің іскерлік әдебі.
3. Коммерсант түсінігі
4. ҚР кәсіпкерліктің түрлері
5. Жеке кәсіпкер ұғымы
Глоссарий
Жеке кәсіпкерлік – азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес зңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігіне алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі
Адвокат - кәсіптік заң көмегін көрсететін, айыпталушыны сотта қорғайтын заңгер.
Оралымды басқару құқығы- меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландарылатын мекеменің, мемлекеттік мекеменің меншік иесінен мулік алған және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жузеге асыратын қазыналық кәсіпорындардың заттық құқығы.
Тест.
-
Заң құжаттарында көзделген реттерде мүлік меншік иесінен жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылық үшін санкция түрінде сот тәртібімен тегін алынуы мумкін, яғни:
-
Тәркілеу.
-
Реквизициялау.
-
Алимент.
-
Декрет.
-
Жауабы жоқ.
-
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) болінген коммерциялық үйым, бұл:
-
Шаруашылық серіктестік.
-
Өндірістік серіктестік.
-
Мекеме.
-
Қоғамдық қор.
-
Акционерлік қоғам.
-
Шаруашылық серіктестік неше адамнан құруы мүмкін.
-
Бір адамнан.
-
Екі және одан көп адамнан.
-
Өн адамнан және одан көп адамнан.
-
50 адамнан және одан көп адамнан.
-
100 адамнан және одан көп адамнан.
Тақырып: Шаруашылықтардың кәсіпкерлігі
Шаруашылық серіктестігінің мүлкіндегі қатысушылардың үлесі пайыздық шамамен, ал акционерлік қоғамда акция мөлшерімен есептеледі.
Қатысушылар өздерінің салымдарының көлеміне сәйкес мынадай құқықтарды жүзеге асырады:
а) серіктестіктің басқару ісіне қатысушылардың қатысу құқығы;
ә) қатысушылардың арасында серіктестік түсірген пайданы (кірісті) бөлуге қатысу құқығы;
б) серіктестіктің мүлкіндегі үлесіне орай қатысушының құқығы.
Шаруашылық серіктестігінің меншік құқығын алу негіздері болып табылатындар: құрылтайшылардың салымдары, олардың жиынтығы серіктестіктің жарғылық қорын құрайды; серіктестіктің қызметі барысында құралған, өндірілген және алынған мүліктер.
ҚР “Шетелдік инвестициялар туралы” заңының 15 бабы 4 тармағына сәйкес серіктестік қатысушылары шетелдік инвесторлар болған жағдайда, олар жарғылық қорға өздерінің салымдарын шетелдік валюта түрінде енгізе алады.
Біріккен кәсіпорын мен шетел қатысушыларының жарғылық капиталына салым мүлкінің үлесі шетелдік валютамен айқындалуы мүмкін.
Серіктестіктің қызметі мен сипатына байланысты кей жағдайда жарғылық қорға салым бола алатын жекелеген мүлікке заңмен шектеу жасалуы мүмкін.
Шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталының көлемі шектеусіз болады, бірақ та қызметінің сипаты мен нақты түріне орай заң олардың жарғылық қорының ең төменгі мөлшерін тағайындайды, ол қатысушылардың салымы салынған сәтте айлық есептік көрсеткіш мөлшерімен өлшенеді. Жарғы капиталының көлемін азайту белгіленген ең төменгі мөлшерден кеміп кетпеуі керек, әрі қалыптан төмендетіп жіберуді сот арқылы реттеуге мүдделі жақтардың ұмтылысына жол берілмейді (“Шаруашылық серіктестік туралы” жарлықтың 6 бабы 6 тармағы).
Шаруашылық серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі өздерінің үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын алуға құқылы. Серіктестікке қатысушының пайдалануға ғана берген мүлкі сыйақы төленбей зат түрінде қайтарылады.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.
Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік (коммандиттік) сенім серіктестігі деп танылады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады.
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.
Бақылау және реферат сұрақтары.
1. Шаруашылықтардың кәсіпкерлігі.
2. Кәсіпкерлік іс-әрекеті түсінігі
3. Кәсіпкерлік іс-әрекеті түсінігі белгілері.
4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің кәсәпкерлігі.
Глоссарий
Жай серіктестік - бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде қүрылады. Бірлескен қызмет туралы шарт бойынша (ж.с. шарты) тараптар кіріс түсіру немесе заңға қайшы келмейтін басқа да мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет етуге міндеттенеді.
Заңды тұлға - меншік, шарушылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және муліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жузеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын үйым. З.т. дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс.
Еншілес ұйым - жарғылық капиталының (шығарылғаи жарғылық капиталының) басым бөлігін заңды тұлға қалыптастырған олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымнын, қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік -бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік Ж.ш.с. қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.Ж.ш.с. қатысушылардың саны елуден аспауға тиіс. Ж.ш.с. жалғыз қатысушы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды.
Тест
-
Занды түлғаның дербесінде не болуға тиіс.
-
Дербес балансы , сметасы және оз атауы мөрі.
-
Тек сметасы болып тиіс.
-
Тек морі.
-
Тек морі мен сметасы.
-
Жауабы жөқ.
-
Коммерциялық ұйым деп нені айтылады.
-
Оз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысы келтіруді көздейтін заңды тұлғалар.
-
Мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысуарына үлестірмейтін занды тұлға.
-
Оз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді козмейтін занды тұлға.
-
Мақсат ретінде пайда келтіре алатын және алынға таза табысың
қатысушыларының үлестірмейтің занды тұлға.
-
Жауабы жөқ
-
Коммерциялық емес деп нені айтамыз.
-
Мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін занды тұлға.
-
Оз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді козмейтін занды тұлға.
-
Оз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысы келтіруді көздейтін заңды тұлғалар.
-
Мақсат ретінде пайда келтіре алатын және алынға таза табысың қатысушыларының үлестірмейтің занды тұлға.
-
Жауабы жоқ.
-
Занды тұлғаның құқық қабілеттілігі қай кезде пайда болады.
-
Ол құрылған кезде.
-
Ол туылған кезде.
-
18 жаста.
-
Сот шешімімен пайда болған.
-
құрылтайшылардың шешімімен.
-
Шаруашылық серіктестіктерінің жоғары органы не болып табылады.
-
Оның қатысушыларының жалпы жиналысы.
-
Оның құрылтайшылардың құжаты.
-
Бухгалтерия.
-
Басқарма.
е) Жауабы жоқ.

Тақырып: Кәсіпкерлік формалары
Қаржылық кәсіпкерлік – кәсіпкердің қаржылық типі, оның шұғылданатын айрықша түрі, айрықша тауар болып есептелінеді. Олар мыналар: ақша, валюта және құнды қағаздар.
Қаржы кәсіпкерлігімен шұғылданатын тұлғалар төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруы тиіс:
-
кәсіпкер ең алдымен ақша, валюта, құнды қағаз сатып алатын потенциалды тұлғаларға ие болуы керек. Яғни суверенитеттерге ие болуы керек;
-
кәсіпкер әр уақытта, әр қашанда өз еліндегі шетелдердегі валюталардың курс деңгейін, поритеттерін анық біліп бару керек, сонымен бірге кәсіпкер сол елдердегі банк пайыздарының дәрежесін біліп әрі талдауы керек;
-
кәсіпкер қаржы операцияларын жүзеге асырудың шарттарын және орындау, реттеу, тәртіпке келтіру құжаттарын, сонымен бірге қаржының шығатын қайнар көзін тағы басқа ресурстарды Алдан-ала білу керек.
Міне сындай жағдайға шетел ақпараттарына ие болған кәсіпкер өзінің алдына қойған міндеттерін жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің ең кең тараған формалары екіге бөлінеді:
-
жеке кәсіпкерлік
-
ұжымдық кәсіпкерлік
Осы екі кәсіпкерлікке байланысты Қазақстан Республикасы бірнеше заңменен жарлықтар шықты. Ол заңменен жарлықта Үкімет және жергілікті органдардың тікелей кәсіпкерлікті дамыту, оларды қаржы жағынан қолдау және қорғау мәселелеріне байланысты тікелей міндеттерін анықтап берді.
Әсіресе бұл заңдарды 1997 ж. бері тілге алуға болады. Олар мыналар:
-
1997 ж. 19 маусымда шыққан “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау” туралы Қазақстан Республикасы заңы;
-
1998 ж. 27 сәуірде шыққан “Кәсіпкерлік қызметке еркіндік берудегі азаматтардың және жеке заңды тұлғалардың құқығын қорғау туралы” Қазақстан Президентінің жарлығы;
Бақылау және реферат сұрақтары.
1. Кәсіпкерлік формалары.
2. Кәсіпкерлік түрлері.
3. Қаржылық кәсіпкерлік.
4. Кәсіпкерлік саласынадығы міндетмемлер.
5. Кәсіпкерлік саласындағы шарттар олардың орындалу.
6. Кәсіпкрлік саласындағы шаруашылық байланыстар.
Глоссарий.
Жалған көсіпкерлік - кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жузеге асыру ниетінсіз несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгі-ленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік
Заңсыз кәсіпкерлік - кесіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен байланысты болса.
Тест.
-
Қайсы пункт шаруашылық жүргiзу құқығының обьектiсi болып табылмайды.
-
Ар-ұят.
-
Адам.
-
Мал.
-
Үй-ғимараттары.
-
Су.
-
Достарыңызбен бөлісу: |