Кәсіпкерліктің Ұйымдық-ҚҰҚЫҚТЫҚ нысандары, олардың ерекшеліктері



бет4/9
Дата13.09.2023
өлшемі135.34 Kb.
#477413
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Шаруашылық серіктестік

  • Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым.
  • Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.
  • Шаруашылық серіктестікті бір тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.
  • Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктесгігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін

Акционерлік қоғам

  • Акционерлік қоғам — капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық акционерлік қоғам болып саналады. Ал ашық акционерлік қоғам акциялары еркін сатылады және сатып алынады. Акционерлік қоғам заңды тұлға болып есептеледі. Оның жарғысында қоғамның мақсаты, капитал мөлшері, іс басқару тәртібі айқындалады.
  • Акционерлік қоғамда басқарудың ең жоғары органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Ол әдетте жылына бір рет өтеді, ал күнделікті істерге атқарушы орган — басқарма басшылық етеді. Мұның сыртында бақылаушы орган — тексеру комиссиясы сайланады. Акционерлік қоғамның тапқан пайдасы салықтар төлеуге, өндірісті кеңейтуге, резервтерді толықтыруға, жарғылық капиталды өсіруге және дивидендтер төлеуге жұмсалады. Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” Заң қабылданғаннан кейін Акционерлік қоғамдар құрыла бастады. 1998 жылы олардың саны 3 мыңнан асты.Акционерлік қоғамға қатысушылардың әрқайсысы өзі қосқан капиталдың сомасына сәйкес көлемдегі акцияларға ие болады және тиісті мөлшерде табыс — дивиденд немесе белгіленген пайыз алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет