Акционерлік қоғам - рұқсат ету жолымен құрылатын заңды кұқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік. Акцио-нерлер болуға жеке адам да, заңды тұлғалар да хақылы. Акционерлік қоғам құру үшін нотариус куәландырған серіктестік келісім шарты жасалады, оны қоғамның жарғысы деп атайды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушылар санына шек қойылмайды. ¥йымдастырушы тіпті бір адам болуы да мүмкін. - Акционерлік қоғам - рұқсат ету жолымен құрылатын заңды кұқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік. Акцио-нерлер болуға жеке адам да, заңды тұлғалар да хақылы. Акционерлік қоғам құру үшін нотариус куәландырған серіктестік келісім шарты жасалады, оны қоғамның жарғысы деп атайды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушылар санына шек қойылмайды. ¥йымдастырушы тіпті бір адам болуы да мүмкін.
- Қоғамның негізгі жарғылық қорының мөлшері сол елдің қолданылып жүрген заңымен белгіленеді.
- Акционерлік қоғамның негізгі капиталы акцияларға бөлінеді, акцияның ақшалай сомасы негізгі капитал көлеміне сай келуі шарт.Ашық қоғамның акциялары еркін сату жолымен таратылады, оны кәсіпорындар да, жеке адамдар да сатып ала алады.Акционерлік қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізіліп тұрады. Онда тексеру және есеп (санақ) комиссиясы құрылады. Олардың мүшелері бір немесе бес жылға сайланады. Сонымен қатар директорлар кеңесі (бақылау кеңесі) ұйымдастырылып, оның төрағасы бір жыл мерзімге тағайындалады. Ал директорлар кеңесі атқарушы директорды және оның мүшелерін сайлайды
- Өндірістік кооператив - азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізденген ерікті бірлестігі.
- Өндірістік кооперативтің және оның мүшелер құқықтық жағдайы елдің заңнамалық актілеріне сәйкес белгілері.
- Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың формасы ретінде кооперативтердің мәні мынада: олар өзінің мүшелері аударатын заттай болсын, қаржылай болсын пайлық жарнаның есебінен құрылады. одан кейін мүлік кооперативтер шығаратын өнімнің және оны сатудан түсетін пайданың, қызмет көрсету немесе қызметтің басқа да түрлерінен түсетін пайданың есебінен толығып отырады. Жоғары ұйым болып жалпы жиналыс саналады. Өкілеттілік және атқарушылық міндеттерді жалпы жиналыс сайлатын басқарма мен оның төрағасы іске асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |