мыңнан сатам жаңа жұмыс орны ашылып,100 млрд. теңгеден астам
өндірістік кәсіпорындар өнімі өндірілген.ҮИИДБ аясында шағын және орта
бизнес субьектілерін қолдау үшін жан-жақты жұмыстар жүргізілді.Ел
экономикасында бизнес саласын кешенді қолдау мақсатында «Инвестор -
2020», «Экспорттаушы-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» кешенді
мемлекеттік бағдарламалары қабылданып, жүзеге асырылды.Өнімдерін
экспортқа шығаратын 1,5 мыңнан астам отандық кәсіпорын жүйелі түрде
мемлекеттік қолдау түрлерімен қамтылды.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі дәуірде Қазақстан ғаламдық экономикада
әлемдік деңгейдегі тауар нарықтарына мұнай, газ, қара түсті, сирек
кездесетін және қымбат металдар мен уран өнімдерін шығаратын ел ретінде
таныла бастады. Ауыл шаруашылық өнімдерінің ішінде астық экспортының
орыны үлкен.
Өнеркәсіптің шикізат салаларына шетелдік
инвестицияларды тарту және
қаржы саласында құрылымдық- институтционалдық өзгерістерді жүзеге
асыру жөнінде мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне орай Қазақстан
экономикасының дамуында ілгерілеу байқалды және ұзақ мерзімді кезеңде
индустриялық сервистік – технологиялық даму сатысына өтуге мүмкіндік
беретін қаржы ресурстары жинақталды.
Екінші ИИМДБ-сы өнеркәсіптің маңызды салаларын,әсіресе өңдеу
өнеркәсібін үдете дамытуға бағытталып отыр.
Дүниежүзілік Банк Қазақстанды әлемдегі инвестиция салуға ең тартымды
елдердің қатарына қосты. Тәуелсіздік дәуірінде Қазақстан экономикасына
300 милиардтан астам АҚШ доллары тартылды.
Қазақстанның қолданыстағы өндірістік әлеуетін бағалау және Қазақстанның
индустриалды кешенін жаңғырту және қайта құрылымдау «Өнімділік -
2020» мемлекеттік бағдарламасы негізінде жүзеге асырылды.
Қазақстанда1994 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 700
долларды құраса, 2014 жылдың басында бұл көрсеткіш 12 еседен артық
өскен және 13500 долларға жеткен.
Экспорттық өнімдерге - машина жасау,химия өнеркәсібі құралдары,тоқыма
өнімдері және құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпорындарға осы
бағдарлама аясында мемлекеттік қолдау көрсетілген. Бұл өнімдер негізінен
Ресей, Беларусь, Өзбекстан,Грузия,
Тәжікстан, Түркменстан, Ауғанстан
сияқты елдерге экспортталды. «Экспорттаушы-2020» бағдарламасы
шеңберінде отандық кәсіпорындарды өнімдерін экспорттауға ынталандыру
үшін Қазақстандық тауарлар мен брендтердің тұсаукесерін жасау
мақсаатында 30 арнаулы шара өткізіліп,20 мемлекеттің тауар сатушылары
қатысқан 9 сауда миссиясы,63 отандық экспорттаушылар қатысқан 50
шетелдік көрмелер өткізілген.Өнімдерін экспорттаушы отандық
кәсіпорындар шетелдік сатып алушылармен 372 миллион АҚШ доллары
көлеміндегі келісімдер жасалды.
Ел экономикасы қарқынды дамыған сайын қуат көздеріне деген
сұраныс та күннен күнге артып келеді. Сондықтан казіргі уақытта энергия
үнемдеу және
оны тиімді пайдалану мәселесі,әсіресе,өнеркәсіптік
13
кәсіпорындарда ерекше маңызға ие. Себебі,елімізде өндірілетін электр
қуатының 70 пайызын өнеркәсіптік кәсіпорындар тұтынса, 20 пайызынан
астамы тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы тұтынады.
Қазақстан еңбекөнімділігі төмен ел болып саналады. Құрылымдық-
инстутционалдық реформалар саласындағы жетістіктерді, қаржы секторы
сенімділігінің артуын және елдің экспорттық әлеуетінің жедел қарқынмен
өсуін айта отырып, өнеркәсіптің өңдеуші салалары, сондай-ақ өндірістік
сипаттағы қызметтер көрсететін салалар тиісінше дамымай отырғанын да
атап өткен жөн. Өңдеуші өнеркәсіпте металлургия өнеркәсібі ғана сыртқы
нарықта бәсекеге түсе алады. Тамақ өнеркәсібінің кейбір өнімдері осыған
ұқсас шетелдік өнімдермен ішкі нарықта ғана бәсекеге түсе алса, ал өңдеуші
өнеркәсіптің қалған өнімдері бүгінгі таңда
тікелей және жанама демеу
қаржылардың есебінен ғана ұсталып отыр.
Индустриялық – инновациялық саясатты енгізудің тиімді тәсілдерінің
бірі- бұл бір аймақта орналасқан және түпкі өнім өндіру шеңберінде өзара
технологиялық байланысқа ие болған кәсіпорындардың интеграциялануы
мен кооперациялануы. Бұл осы салаға материалдық, қаржылық және
басқалай ресурстар құйылуының маңызды факторлары болып табылады.
Экономиканы дамытудың мұндай инновациялық тәсілі кластер қағидасын
пайдалану негізінде жүзеге асырылады және оның мақсаты интеграцияға
кіруші кәсіпорындардың бәсекеге қабылеттілігін жоғарлату болып табылады.
Қазірге кезде Қазақстанда машина жасау саласында, металлургияда, химия
мен экономиканың басқа да салаларында ұлттық кластерлер нышандарыы
құрылуда. Мысалы, олардың ең үлкені – Павлодар – Екібастұз отын-
энергетика кешенінде жүзеге асырылып отыр. Дегенмен, қазіргі кезде
көптеген отандық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігі төмен болып,
әлемдік нарықтағы бәсекелестікті айтпағанда, Қазақстан ішіндегі ұлттық
компаниялармен кластерлік (мысалы, оларды қосалқы бөлшектермен
қамтамасз ету, техникалық қызмет көрсету және т.б.) сипатта
жұмыс істей
алуға мүмкіндіктері шектеулі.
Индустриалдық саясат деп бәсекелестікке қабілетті кәсіпкерлікті және
тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін мемлекет қолайлы жағдай
тудыратын және қолдау көрсететін кешенді шаралар түсініледі.
Мемлекет өнеркәсіптік саясат оның құрылымын қайта құру мен жұмыс
істеуге қабілетті тұрғындардың көбірек толық жұмыспен қамтамасыз етілуі
мүмкіндігі негізінде экономикалық өсуге көмектесуді қосқанда, өнеркәсіптің
қалыпты жұмыс істеуіне бағытталған.
Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы Қазақстан мемлекетінің
экономикалық саясатын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бағдарлама
дамудың шикізаттық бағытынан кетіп, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік
технологиялық экономикаға көшу үшін жағдай жасады, экономика саласын
әртараптандыру арқылы, Қазақстанның тұрақты дамуына ықпалды әсер
етуде.
Бүгінде Қазақстан цифрлы технологияны өнеркәсіптік кәсіпорындарда
кеңінен жүзеге асыруда. Атап айтқанда, цифрлы технологиялық және
14
ғылыми-инновациялық өндірістерді
құру жобаларын дамыту, оларды
қаржыландыру, инвестиция тарту өнеркәсіптік кәсіпорындар өнімдерін
арттыруға бағытталып отыр.
Қазақстанның Инвестициялық қоры – компанияның жарғылық капиталын
инвестициялайтын, инвестициялық мекеме. Бұл жаңа өндірістік алаңында
құралған кәсіпорын немесе қызметін кеңейту үшін қосымша инвестиция
көлемін қамтамасыз етеді.
Даму банкісі – бұл кепілдігі бар кредиттелген компанияға қарсы кредит
беру тәртібін реттеу бойынша жаңа оның ішінде банк қызметін реттеу
мөлшеріне келетін банк мекемесі.
Даму институты арқылы, өндіріс жүйесінің тұтастығын құруға
бағытталған, бәсекелестікке қабілетті өнім шығара алатын,
экономикалық
қосымша құн тізбегі және жалғасатын технологиялық дамудағы мемлекеттік
жобаларға қатысу қарастырылды. Бұл барлық талаптарға жауап беретін,
бәсекелестікке қабілетті соңғы өнімге жұмыс істейтін, көп салалы
кәсіпорындарды құруға мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: