Кәсіпорын экономикасы : оқу құралы. Атырау,2019


 Кәсіпорынның құрылу тәртібі



Pdf көрінісі
бет7/72
Дата30.05.2022
өлшемі1.45 Mb.
#458801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72
Baimukashova2

1.5 Кәсіпорынның құрылу тәртібі
Кәсіпорынды жаңадан құрудың бастапқы сатысында құрылтайшылар құрамы
анықталып, құрылтайшы құжаттары дайындалады. Кәсіпорын жарғысы мен
ұйымдастыру-құқықтық формасы көрсетілген кәсіпорынды құру туралы
23


келісімі жасақталады. Сосын банкте уақытша есеп шот ашылады, оған бір ай
көлеміндегі уақытта тіркелген кәсіпорынның жарғылық қорының 50%-ы
түсуі керек. Одан кейін, кәсіпорын құрылған жеріндегі басқарушы
органдарда тіркеледі. Ал мемлекеттік регистрде тіркелу үшін келесі
құжатгар тапсырылуы тиіс:
1) Құрылтайшының тіркеу туралы арызы
2) Кәсіпорын жарғысы
3) Құрылтайшылар арасында бекітілген кәсіпорынды құру туралы келісімі
4) Мемлекеттік баж салығын төлеу туралы куәлік.
Тіркеліп болғасын және тіркелгені туралы куәлік алынғаннан кейін жаңа
кәсіпорын туралы мәлімет Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігіне өткізіледі. Бұл жерде берілген кәсіпорынды көсіпорындардың
мемлекеттік регистріне тіркейді. Кәсіпорынға, кәсіпорындар мен
ұйымдардың Республикалық классификациялық коды беріледі. Жаңа
кәсіпорынды құрудың соңғы сатыларында құрылтайшылар өзінің
салымдарын толығымен банкке салады. Банкте тұрақты есепшотын ашады.
Жергілікті салық инспекциясында тіркеледі. Мөртаңба мен дөңгелек мөрді
тапсырыс беріп алады.Кәсіпорын ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап
құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие
болады.Кәсіпорынның басшысы қаржы-шаруашылық қызметіне және
мүлігін сақтау үшін жеке жауапты болады.Кәсіпорынның мүлігіне активтері
жатады, олардың құны оның балансында көрсетіледі.
Кәсіпорын жарғысы - кәсіпорынның міндеттерін, оның қызметінің
ережелері мен шеңберін, оның шаруашылық органдарының жүйесіндегі
жағдайын айқындайтын құжат.
Кәсіпорындар шаруашылық қызметін жүзеге асыру процесінде
банктердің, инвестициялық қорлардың, сақтандыру, т.б. ұйымдардың
көрсететін қызметтерін пайдаланады.Кәсіпорындар есептесу және кассалық
қызмет көрсету үшін банкты өз бетімен таңдап алады. Банктер өз кезеңінде
кәсіпорындарға әртүрлі шоттарды, оның ішінде есеп айырысу шоттарын
ашады. Банктер кәсіпорындардың өтініштері бойынша қысқа және ұзақ
мерзімде несиені ұсынуы мүмкін. Несие берер алдында банктер мына
критерийлерді есепке алады:
- кәсіпорынның тиімді қызмет атқаратындығын;
- меншік нысаны - жекеменшік, акционерлік немесе бірлескен кәсіпорындар,
т.б.;
- кәсіпорындардың сенімділігі, төлем қабілеттілігі, басшыларының құзыреті;
- жарғылық қордың мөлшері;
- кепілдік беру кейде басқа тұлғадан кепілдік алу.
Банк несиесін алу үшін меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалар келесі
құжат түрлерін ұсынуы қажет:
- өтініш;
- бизнес-жоспар немесе техника-экономикалық негіздеу;
- келісім-шарттардың жобаларын;
- қарыз алушының сауал-сұрағы;
24


- қарыз алушының құрылтай құжаттары;
- кәсіпорынның жарғысы, құрылтайшылық келісім-шарт, тіркелу жөніндегі
куәлік;
- кәсіпорынның салық инспекциясымен куәландырылған қаржы құжаттары
(кәсіпорнның балансы, қаржы нәтижелері мен оларды пайдалану туралы
есептеме);
- кепіл және кепілдік құжаттар.
Кәсіпорынның құрылымы оның ішкі бөлімшелері байланыстарының
құрамы мен қатынасы болып табылады: цехтар, бөлімшелер, зертханалар
және біртұтас экономикалық объектіні құрайтын басқа құраушылары.
Кәсіпорын құрылымы келесі негізгі факторлармен анықталады:
1) кәсіпорынның мөлшері;
2) өнеркәсіп саласы;
3) технологиялық және кәсіпкерлік мамандану деңгейі.
Кәсіпорынның құрылымы өнеркәсіптік және салалық болып бөлінеді .
Салалық тәуелділік әрқашан кәсіпорынның құрылымына және оның
мөлшеріне әсер етеді. Кәсіпорын құрылымы тікелей өндіріс
технологиясының әсерінен қалыптасады. Процестің күрделілігі неғұрлым
жоғары болса, кәсіпорынның құрылымы (оның өлшемі) неғұрлым ауқымды
және жоғары болып табылады.
Кәсіпорынның ауқымы оның ішкі бөлімшелерінің құрылымына тікелей әсер
етеді. Ірі және орта кәсіпорындарда әртүрлі жауапкершіліктерді орындау
үшін арнайы құрылымдық бөлімшелер құрылады - цехтар, бөлімшелер.
Кәсіпорын құрылымының жалпылама схемасы мыналарды қамтиды:
1) негізгі өндірістік цехтар;
2) қосалқы және қызмет көрсету цехтары, қоймалар;
3) функционалдық бөлімдер (зертханалар, басқа да өндірістік емес
қызметтер);
4) басқа ұйымдар (еншілес, тұрмыстық);
5) кәсiпорындарды басқару органдары.
Басқару органдары кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерін
байланыстырады.
Ірі кәсіпорындардан айырмашылығы шағын кәсіпорындар құрылымдық
бөлімшелерінің функциялары өзгеріске икемді болады , керісінше, оның
жетекшісі кейде бас бухгалтердің немесе мастердің функцияларын
орындауға қабілетті дәрежеде құрылады.
Негізгі өндіріс цехтары өнімдерді тікелей өндірілетін және тұтынушыларға
сатуға арналған нысандардан тұрады.
Барлық басқа құрылымдық бөлімшелер ішкі инфрақұрылымға (кәсіпорын
инфрақұрылымы) тиесілі, себебі олар кәсіпорынның тікелей қызметін жүзеге
асыруға бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет