Кәсіпорын экономикасы : оқу құралы. Атырау,2019


Тақырып 4. Кәсіпорынның еңбек ресурстары



Pdf көрінісі
бет61/72
Дата30.05.2022
өлшемі1.45 Mb.
#458801
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72
Baimukashova2

Тақырып 4. Кәсіпорынның еңбек ресурстары
Есеп 1.
Кәсіпорында кадрлар саны 1000 адам.Оның ішінде өндірістік-өнеркәсіптік
персонал саны 980 ад.,өндірістік емес персонал -20 адамды қамтиды.
Жұмысшылар – 820, жетекшілер -80, қызметкерлер саны -50, кіші қызмет
көрсету персонал саны -30 адам. Өнім көлемі -7056 мың тенге. Кадрлардың
құрылымын, еңбек өнімділігін анықтау.
Есепті шешудің әдістемелік нұсқауы:
1.Кадрлардың құрылымы жалпы ӨӨП санындағы әр категорияның үлестік
салмағымен анықталады 
А) Жұмысшылардың үлестік салмағы 820/980 . 100=83,7%
Б) Жетекшілердің үлестік салмағы 80/980 . 100=8,2%
В)Қызметкерлердің үлестік салмағы 50/980 . 100=5,1%
С) Кіші қызметкерлердің үлестік салмағы 30/980 . 100=3 %
Есеп 2.
Кәсіпорында жыл бойы жұмысшылардың орта тізімдегі саны 600 адам. Жыл
бойы өз еркімен 37 адам жұмыстан кетті , еңбек тәртібін бұзған үшін 5 адам
жұмыстан шығарылды, 11 адам зейнетке шығарылды, әскер қатарына 13
адам кетті.
Табу керек:
1. Кадрлардың кету коэффициентін.
2. Кадрлардың тұрақтылық коэффициентін.
Есеп 3.
Есепті жылы тауар өндірісінің көлемі 260 млн.тенге. Кәсіпорынның
өндірістік персоналының орташа саны 120 адам. Жоспарланған жылы
тауарлы өнім көлемі 280 млн.тенгені құрайды, ал ӨӨП саны 10 адамға
азаяды. Бір қызметкердің еңбек өнімділігін, сондай-ақ келесі жылғы еңбек
өнімділігінің өсуін анықтаңыз.
Есеп 4.
 Келесі адамдардың қайсысы жұмыссыз болып саналады:
183


А) жарамды жұмысты газеттегі хабарландырудан қарап жүрген
зейнеткер;
Б) 3 ай бұрын жұмысын жоғалтып, жаңа жұмысты әлі іздеп жүрген адам;
В) Жұмыс істегісі келген, бірақ жұмыс іздеуді әлі бастамаған студент;
Г) жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде жұмыс істейтін студент;
Д) Жұмыс орнынан уақытша шығып, сол орынға қайтуды күтіп отырған,
сондықтан жұмыс іздемей жүрген адам;
Е) 8 ай бойын жұмыс іздеп, экономикалық жағдайыдың жақсарғанын
күтуді шешкен адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет