Кәсіпорынның өндірістік құрылымы дегеніміз кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерінің құрамы мен көлемдерін, олардың өзара байланыстарының түрлерін



Pdf көрінісі
бет49/53
Дата24.12.2023
өлшемі0.53 Mb.
#487816
түріҚұрамы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
treatise63052

Бағаның элементтері – өзіндік құн, пайда, үстемеақы, салықтар, үстеме бағалар – 
бағалардың әр түрлі түрлерін белгілеудің негізін құрайды.
Бағалардың негізгі 3 түрі бар: 
1) кәсіпорынның көтерме сауда бағасы; 
2) өнекәсіптің көтерме сауда бағасы; 
3) бөлшек сауда бағасы. 


Бағалардың элементтері мен түрлері 
Толық өзіндік құн 
(ӨҚт) 
Пайда 
(Пө) 
Сапа үшін үстемеақы мен 
жеңілдіктер (Ү/Ж) 
Қосылған құнға 
салынатын салық 
(ҚҚС) 
Кәсіпорынның көтерме сауда бағасы 
КБ = ӨҚт + Пө ± Ү/Ж + ҚҚС
 
Кәсіпорынның көтерме 
сауда бағасы (КБ) 
Көтерме-өткізу үстеме бағасы 
(КҮБ=Шөұ+Пөұ), 
мұнда Шөұ 
мен Пөұ – өткізу ұйымдарының 
шығындары мен пайдасы
Акциздер (А) 
Өнеркәсіптің көтерме сауда бағасы 
КБөн = КБ + КҮБ + А 
Өнеркәсіптің көтерме сауда бағасы 
(КБөн) 
Саудалық үстемеақы (Үс=Шсұ+Псұ) 
Бөлшек сауда бағасы 
ББ = КБөн + Үс
 
Бағалар базистік болуы мүмкін, мысалы электрқуат бағасы, кейбіреулері 
жоспарланатын болуы мүмкін, мысалы көтерме сауда бағасы, және реттелетін бағалар 
да бар, мысалы тіркелген тарифтер, прейскуранттар. Сонымен бірге нарықтық бағалар 
еркін болады, бірақ сұраныс пен ұсынысқа орай реттелуі мүмкін – мұндай бағаларға 
келісілген және аукциондық бағалар жатады.
Келешекте бұл бағалар өнімнің жаңартпалығына қарай, қызмет етуінің ұзақтығына 
қарай сараланады. Нәтжеде жеңілдіктік бағалар пайда болады. Өнімнің сапасы мен 
бәсекеге қабілеттігіне қарай бағалар төменгі және жоғары шектің деңгейінде орнатылуы 
мүмкін. Төменгі шек – ұйғарынды пайдалылықтың есебімен қойылған өткізу бағасы, ал 
жоғары шек – тұтынушы үшін сапа мен нәтиженің деңгейін ескеруімен орнатылған өткізу 
бағасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет