Кәсіпорынның өндірістік құрылымы дегеніміз кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерінің құрамы мен көлемдерін, олардың өзара байланыстарының түрлерін



Pdf көрінісі
бет45/53
Дата24.12.2023
өлшемі0.53 Mb.
#487816
түріҚұрамы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53
treatise63052

ӨНІМНІҢ ҚҰНДЫҚ БАҒАСЫ 
 
1. Өзіндік құн, пайда және пайдалылық 
 
 
Өндіріс шығындарының сыныптамасы мен құрылуы 
Өнімді өткізуден түскен пайда негізгі үш факторға тәуелді: өнімнің өткізу көлемі, 
нарықтық бағасы мен өзіндік құны.
Өнімнің сомалы өзіндік құнын нарықтық сұраныс шегінде бұйымдарды дайындау 
мен сатуға кеткен шығындар құрайды. Шығындар дегеніміз өнімді дайындау, өндіру, 
шығару мен сатудың барлық сатыларында материалдық, техникалық және еңбек 
ресурстарының ағымдағы шығындары. 
Материалдық ағымдағы шығындар: шикізат, материалдар, отын, энергия, құралдар 
және т.б. техникалық ағымдағы шығыстар: НӨҚ амортизациясы, ал еңбек шығындары: 
еңбек ақы мен әлеуметтік сақтандыруға төлемдер. 
Өнімнің өзіндік құны дегеніміз ақшалай түрде көрсетілген кәсіпорындардың 
өнімді өндіру мен өткізуге жұмсаған ағымдағы және жеке шығындары. Ол кәсіпорын 
экономикасының маңызды сапалық көрсеткіші болып табылады. Оның деңгейіне баға
пайда, шаруашылық есеп табыс, қорлану мен тұтыну қорлары және дивидендтер тәуелді.
Өнімнің өзіндік құнының түрлері
– 
технологиялық – өнімнің өндірісіне кеткен барлық шығындар (негізгі 
материалдар, меншікті және сатып алынған шала фабрикаттар, құрастыру 
бұйымдары, жұмысшылар еңбек ақысы, жабдықтауды пайдалану мен 
жөндеу шығыстары); 
– 
цехтік – технологиялық өзіндік құн мен цехтік шығыстардың 
(қамсыздандыру, өндіру және өткізу қызметін ұйымдастыру мен басқару 
шығыстары, ғимараттар мен құрылыстарды, қоймаларды, ішкі зауыттық 
көлікті ұстау мен жөндеу шығыстары) қосындысы
– 
зауыттық – цехтік өзіндік құн мен жалпы зауыттық шығыстардың 
(басқару аппаратын ұстауға шығыстар, материалдық-техникалық 
қамсыздандыруға, өнімнің өндірісі мен өткізілімін басқаруға және т.б. 
шығыстары) қосындысы.
Экономикалық сипаты жағынан өндірістік (сомалық технологиялық, цехтік және 
жалпы зауыттық шығыстар) және толық (коммерциялық) өзіндік құнды ажыратады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет