Кәсіпорынның өндірістік құрылымы дегеніміз кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерінің құрамы мен көлемдерін, олардың өзара байланыстарының түрлерін



Pdf көрінісі
бет40/53
Дата24.12.2023
өлшемі0.53 Mb.
#487816
түріҚұрамы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53
treatise63052

2.3 НӨҚ-ң амортизациясы мен тозуы 
НӨҚ ұдайы жаңғыртылуы екі түрде жүзеге асырылады: жай (қалпына келтіру) 
және кеңейтілген (жаңарту). НӨҚ жаңарту жартылай және толығымен, яғни жаңа 
құрылыс (толтыру және жаңа НӨҚ енгізу), қайта құру (өндірістік аудандарды кеңейту) 
арқылы жүзеге асырылады.
НӨҚ жай ұдайы өндірісі шартында оларды жаңғыртудың қаржылық көзі болып 
амортизациялық қор табылады. Кеңейтілген ұдайы өндірісі қосымша қаржыландыру 
көздері (пайда, қосымша акциялар, несие) арқылы қамтамасыз етіледі.
Амортизация дегеніміз экономикалық тозуына қарай НӨҚ баланстық (бастапқы 
немесе қалпына келтіру) құнын өткізілетін өнімнің құнына үнемі аудару процесі. 
Практикада амортизацияны келесі тұрғылардан қарастыруға болады: 
– 
бухгалтерлік (тозу себебінен НӨҚ өзгеруін есепке алу); 
– 
қаржылық (капиталдық шығындарды өтеу); 
– 
салықтық (салықтық жеңілдіктер беру). 
Экономика тұрғысынан амортизация НӨҚ ұдайы өндірісін қаржыландыру көзі 
ретінде қарастырылады. Ол үшін келешекте тозуды өтеу үшін амортизация НӨҚ 
амортизациялық қызмет мерзімі аралығында амортизациялық қорда бірте-бірте 
қорланады.
Амортизациялық қор амортизациялық аударымдар (амортизация нормалары 
бойынша өткізілетін өнімнің өзіндік құнына енген НӨҚ баланстық құнының бөлігі) 
арқасында құрылады. Амортизациялық аударымдардың нормасы – НӨҚ бастапқы 
немесе қалпына келтіру құнынан % түрінде алынған аударымдардың жылдық көлемі: 
Н
а
 = (S
б(қ/к) 
– S
ж
) ⁄ (S
б(қ/к) 
· T
а
), 
мұнда: S
ж
– НӨҚ жою құны; 
T
а
– НӨҚ қызметінің нормативті амортизациялық мерзімі. 
НӨҚ амортизациялық қызмет мерзімі оңтайлы болу тиіс, яғни өнім өндірісіне
НӨҚ бүкіл қызмет кезеңінде пайдалануға, жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге 
кеткен ең аз ағымдағы және капиталдық шығындарды қамтамасыз ететін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет