Кәсіпорын қызметінде материалдық және тауарлық ағындардың негізін
негізгі
қорлар, әсіресе машиналар мен жабдықтау паркі құрайды. Оларды үнемдеу
амортизациялық аударымдар арқасында орындалады.
Сонымен бірге өнімнің өзіндік құнында
еңбек шығындарының үлес саламғы
үлкен, сондықтан оларды үнемдеу өнімнің еңбек сиымдылығын азайту мен еңбек
өнімділіген арттыру арқасында жүзеге асырылады.
Цехтік және жалпы зауыттық шығыстар да өз әсерін тигізеді, сондықтан оларды
үнемдеу өнімнің өндіру мен өткізу көлемін өзгерту арқылы мүмкін.
Өнімнің өзіндік құнына әсер ету жағынан
факторлар 4 топқа бөлінеді:
1) ғылым мен техника жетістіктерін енгізу
және өндірістің техникалық
деңгейін жоғарлату – нәтижеде еңбек өнімділігін арттыру арқасында
өзіндік құн төмендейді;
2) өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру деңгейін жоғарлату –
нәтижеде өнімнің өндіріс көлемі өседі де,
өзіндік құны азаяды;
3) материалдық ресурстарды тиімді пайдалану мен үнемдеу – нәтижеде аса
үдемелі және арзан материалдық ресурстарды пайдалану арқылы өзіндік
құн азаяды;
4) сыртқы факторлар: өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттігінің әсерінен
өнімдегі құрылымдық өзгерістер мен өткізуге нарықтық бағалардың
өзгеруі – нәтижеде өзіндік құн төмендейді.
Өнімнің өзіндік құнының үлес салмағы нарықтық бағалардың 80% дейін жетеді,
сондықтан оны төмендету – пайданы өсіру мен өнімнің пайдалылығын арттырудың басты
көзі болып табылады. Бірақ нарықтық экономика шартында
пайдалылықты арттырудың
басқа да факторлары бар, ең алдымен сапалы және бәсекеге қабілетті өнімге сұранысты
өсіру. Сонда нарықтық сұранысты ескеруімен болжанатын
пайда тең:
Достарыңызбен бөлісу: