«Кәсіптік бағдар- болашаққа бағдар» Тәрбие сағат тақырыбы



бет1/6
Дата08.02.2023
өлшемі42.47 Kb.
#469281
  1   2   3   4   5   6
Тәрбие сағаты Кәсіптік бағдар-болашаққа бағдар



«№13 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ

Келісілді


ТЖ жөніндегі
директордың орынбасары
____________ А.Ш.Шербаева
«30» 01 2023ж.


«Кәсіптік бағдар- болашаққа бағдар»
Тәрбие сағат тақырыбы:

9 «Ә» сынып жетекшіcі:


Ихласова А.А.
«30» 01 2023ж.
Қарағанды, 2023

Ақтөбе-2018ж



Тақырыбы: Кәсіптік бағдар- болашаққа бағдар.
Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өзін-өзі тану
аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу: қазіргі
заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа бағыттау.
Cабақтың түрі: Пікір алмасу
Көрнекілігі: нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Барысы:
Мұғалім: Қайырлы күн, оқушылар! Қазақстанның жарқын болашақтары! Отанымыздың болашағы, мемлекеттің келешегі жастар мына сіздердің қолдарыңда, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді. Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыздар, бүгін сабақта біздер осы маңызды тақырыпқа тоқталамыз.
Мамандық таңдау-жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан біреуін таңдау міндеті тұрады . Мамандық таңдауда Жүсіпбек Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»-деген сөзін басшылыққа алу керек.
Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып , тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді.
Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып табылады.
Психолог мамандардың айтуынща, кез келген жеке тұлға өзі шұғылданғысы келген мамандықты армандағаннан гөрі алға өмірлік мақсат ретінде қойып жоспар құра білгені жөн. Мамандық таңдауда әркім өзінің көңіл қалауына ерік беруі керек.Алайда мамандықтың түрі көбейген сайын оны таңдау да қиынға соғатыны тағы бар.Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 –ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен.Олардың ішінен өзімізге қажеттісін таңдап алу үшін бізге икем, қабілет және мінез қажет.
Сондай-ақ енді-енді өзін тұлға ретінде сезіне бастаған адамға қоғамның өз заманына сай ұсынатын қызметтері бар.Міне адамның мамандыққа, мамандықтың адамға сай болуы, қоғамның сұранысы,тұлғаның қабілеті, осы үш фактор мамандық таңдауда бірін-бірі толықтырады.
Осы мақсатта біз «Кәсіптік бағдар- болашаққа бағдар» атты пікірсайысымызды бастаймыз. Пікірсайысымыз 8 кезеңнен тұрады.

  1. Психологиялық сәт: «Психогеометрия»

  2. Менен сұрақ, сенен жауап.

  3. Мен мамандық әлеміндемін

  4. Ең жақсы ойыны

  5. Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде

  6. Мамандықтарды сәйкестендіру

  7. Қазіргі заманның табысты мамандары

  8. Жағдаяттық сұрақтар.

1.Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін- өзі тану
Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет