Тігін өндірісінің басты мақсаты- халықтың мәдени даму деңгейін көтеру. Тігін өндірісі адамдарды сапалы және кең көлемде киіммен қамтамасыз ету. Халық тұтынатын тауарларды өндіру мен қызмет көрсету саласын дамытудың
маңызды мақсатының өркендеуі Тігін өндірісі қазіргі кезде жеке тігін салондары мен сән ательелері жақсы жұмыс жасауда. Сән ательелерінде, көбінде жаңа тігін машиналар қолдануда. Бұл киім сапасын кең көлемде арттыруда. [3]
Халық тұтқаның тауарларды өндіру мен қызмет көрсету саласын дамытудың комплексті бағдарламасында халықтың матаға, киімге, аяқ киімге, мәдени-тұрмыстық және шаруашылық тауарларына (әсіресе демалыс, туризм және спорт үшін) көпшілік қолды басқа да тауарларға жан- жақты сұранысын мейлінше халықтың түрлі топтарының тілегіне сай ассортиментте әзірлеу белгіленген. Бұйымдардың сапасының едәуір жақсаруы, олардың техникалық және эстетикалық деңгейі, пайдалануға шыдамдылығы артуы тиіс. Тігін бұйымдарын үлгілеу мен құрастыруды айтарлықтай жақсарту қажет. Тігін өнер кәсіби қазіргі кездегі халық шаруашылығының индустриялық саласы болды, онда автоматтандыру және механикаландырудың соны құралдары, электронды- есептеу техникасы, сондай- ақ өнеркәсіптің басқа да бірқатар салаларының жетістіктері пайдаланылады. Мұның бәрі маман- тігіншілерден мол білім, іскерлікпен кәсіби дағдырларды талап етеді. Алға қойылған міндеттер жоғары оқу орындары, колледждер мен кәсіптік- техникалық білім беру жүйесінде даярланатын маман кадрларсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Елімізді әлеуметтік- экономикалық жағынан дамыту міндеттері жастарға кәсіптік-техникалық білім беру ісіне, халық шаруашылығы үшін маман жұмысшылар даярлау сапасына жаңа, бұрынғыдан әлдеқайда жоғары талаптар қойып отыр. Қазір кәсіптік- техникалық білім беру жүйесі алдында- жас ұрпақты оқыту, оларға еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру және ғылыми-техникалық прогресс талаптарына сәйкес қоғамдық пайдалы еңбекке даярлау сапасын көтеру міндеті тұр. Дипломдық жұмыс барысында зерттеліп отырған тақырып «Кәсіптік білім беру және жас қыздарға арналған сәнді көйлекті өндеу».
Достарыңызбен бөлісу: |