Кәсіптік ортада (деректер қорын құру) деректерді



бет2/3
Дата01.03.2024
өлшемі70.03 Kb.
#493942
1   2   3
Акт конспект

Деректер базасын құру
Автоматтандырылған басқару жүйесі- кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, әскери телекоммуникация құралдарының, радионавигациялық, ақпараттық есептеуіш және тағы да басқа тиімді басқару жүйесі болып табылады. Ақпараттар ядросы болып деректер базасы болып табылады. Ақпараттардың үлкен көлемді болуы, оймен атқарылатын қызметтердің қиындығы және ондағы деректер сақтау қол жеткізу өңдеуді құралдарын тиімділік мәселесінің маңыздылығын арттырады. Деректер базасы алғашында автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып ХХ ғ. 60 жж әскери өнеркәсіпте және бизнесте де пайда болған. Автоматтандырылған ақпарат жүйесі алғашында фотографиялық сипаттамалы ақпаратпен жұмыс істеуге бағытталған болды. Деректер банкі. Бұл деректер базасының қолданылу орталығы бойынша біріктірілген жиынтығы. Деректер банкін деректерді бір орталықта сақталған және ұжымдық негізде пайдалануға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұл жүйенің құрамында дерекқордың басқару жүйесі, дерекқор, дерекқордың базасының анықтамалары, сондай-ақ оларды сұраныс және қолданбалы бағдарлама кітапханалары болады.


Деректер базасы.
Ұзақ мерзімге сақтауға өңдеуге және күнделікті қолдануға арналған деректердің реттелген жиынтығы. Жазба деректерді реттелген жүйеге келтіру адамзат мәдениетінің ажырамас белгісі болып табылады. Компьютерлік дерек қордың негізін түрлі телефондық кітаптар, күнтізбелер, карталар, атластар, кестелер, т.б құруы мүмкін.


Деректер базасын басқару жүйесі.
Қолданушыларға деректік базасын құруға анықтауға және сүйеуге мүмкіндік беретін және сонымен бірге оған қадағаланатын рұқсатты беретін бағдарламалық қамтама. Деректер базасын басқару жүйесі әдетте қолданылатын деректерден ерекшеленеді. ДББЖ қолданушының қолданбалы бағдарламалары және деректер базасымен өзара әрекеттесіп келесі мүмкіндіктерге ие болады:
1. Деректер базасын анықтау. Деректер базасын анықтауды Data definition language анықтау тілі арқылы іске асырылады. Сонымен қатар деректер базасында сақталатын ақпараттар үшін шектеу құралдарын ұсынады.
2. Деректер базасында ақпараттарды жою, жаңарту, қою және де басқа да амалдарды орындауға мүмкіндік береді. Бұл data manipulation language DML арқылы орындалады. Деректер базасының әкімшісі- деректер базасы талаптарын әзірлеу кезеңін жобалауға, құруға, тиімді қолдануға, қызмет көрсетуге жарамды адам немесе адамдар тобы. Қызмет көрсетуші персонал жұмыс тәртібіне техникалық және бағдарламалық құралдардың қолдау функцияларын орындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет