Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп


Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп



бет20/20
Дата04.05.2024
өлшемі112.37 Kb.
#500481
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
кунделік акушерия

Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Білім алушы: Мұратова Алтынай

06.12.2023




Р/c №

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы

басталуы

аяқталуы

1.

Леопольд тәсілін жүргізу,бағалау



8:00 10:45



2.

Жатырдағы нәрестенің жүрек соғуын анықтап,бағалау



10:45 11:00





3.

Іш айналымы,жатыр түбі биіктігін өлшеп бағалау



11:30 12:00


Контрацепция дегеніміз қалаусыз жүктіліктен сақтану әдістері. Контрацепцияны қолдану қажеттілігі туралы әйелге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


- жасы 19-ға толмаған немесе 35-тен асқан әйелдерде жүктілікті болдырмау
- әрбір босану аралығындағы үзілісті 2,5 – 3 жылдан кем қылмау; 
- өздігінен түсік тастаудан кейін 1 жылға дейін жүктілікті болдырмау; 
- сәуле, химиотерапиясын алу кезеңі туралы 
- психикалық, тұқым қуалайтын аурулар, туберкулездің белсенді кезеңі, жұқпалы аурулар, жүрек, қан – тамыр, бүйрек, асқорыту жүйелерінің аурулары мен қант диабетінің ауыр сатылары, ауыр демікпе, өткір жаңа гонорея, созылмалы маскүнемдік. 
Контрацепция әдістері бірнеше топқа бөлінетінін түсірдік
1. гормоналдық контрацепция 
2. барьерлік немесе тосқауыл контрацепциясы 
3. спермицидтер 
4. жатыр ішілік спираль 
5. хирургиялық стерилизация 
Контрацепция әдісін таңдауда әйел жасын, соматикалық ауруларын, жыныстық және бала туу өмірін ескереді. Себебі контрацепция әдістері барлық әйелдерге бірдей тиімді емес екендігін әйелге түсіндірдік.

Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы ___________________________________________________________________


_ Білім алушының қолы ________________
2023ж. "6" қараша
___________________________________________________________________
( кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі) Сахипова Б. Т

2023 ж. "6" желтоқсан


2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары
___________________________________________________________________
3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары
___________________________________________________________________
Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы:Отыншина.А.О ____________________________________
2023ж. "6,,қараша

"Техникалық және кәсіптік,орта


білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін кәсіптік
практиканы ұйымдастыру мен
өткізу қағидаларын және
практика базалары ретінде
кәсіпорындарды (ұйымдарды)
айқындау қағидаларына
2-қосымша

Білім алушы: Мұратова Алтынай

07.12..023

Р/c №

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы

басталуы

аяқталуы

1.

Жүктіліктің ерте және кеш мерзімінде қан кетулерде МСАК деңгейінде шұғыл медициналық көмек көрсету

9:30 10:30



2.

Преэклампсияның ауыр дәрежесінде МСАК деңгейінде шұғыл медициналық көмекті командамен көрсету

10:45 11:00



3.

Эклампсия талмасында МСАК деңгейінде шұғыл медициналық көмекті командамен көрсету

11:30 12:00





Эклампсия талмасында шұғыл көмекті ұйымдастыру


Эклампсия – құрысып-тырысу талмасымен (судорги) сипатталатын жүктілік асқынуы
Қажетті құралдар: № 452 бұйрық бойынша жабдықталған шұғыл көмек жинағы:
- 25% 5 мл магнезия сульфаты - 5 қорап (25 ампула);
- шприц 20 мл - 4 дана, 5 мл – 2 дана;
- 400 мл Натрий хлорид ертіндісі - 1 дана;
- Веноздық катетер №14, 16 – 2 дана
- көк тамырдан дәрі айдайтын бір реттік жүйе – 2 дана;
- 70% спирт, мақта, спиртті салфеткалар;
- жгут (бұрау), лейкопластыр немесе тагедарм;
- Резинка қолғаптар – 6 дана
- Қуыққа салатын Фоллея катетері – 1 дана
- Несеп жинайтын қап – 1 дана
- Тонометр, фонендаскоп
- Амбу қабы
- Резина груша
- Шпатель
Іс – әрекет алгоритмі: (емхана жағдайында іс-шараның орындалуы)

1. Пациенттің жанынан кетпей, қасыңдағы мед персонал немесе телефон арқылы көмек командасын шақыру. Көмекке: дәрігер, білікті медбике немесе акушерка, санитарка, лаборант, (аурухана жағдайында -анестезиолог және анестезистка) шақырылады.


Телефон арқылы шақыру тәртібі: «Алло, № .... кабинетте (палатада) эклампсия талмасымен жүкті әйел. Тезірек команданы жинап, шұғыл көмек жинағын әкеліңіз!»
2. Көмек бригадасы жеткенше, жүкті әйелді кушеткаға (керуетке) сол қырына келтіріп жатқызу, қысып тұрған киімді босатып, таза ауамен қамтамасыз ету (терезе ашу), зақымданудан қорғау;
3. Бөлмені көлеңкелеу немесе әйел көздерін орамалмен көлегейлеп жабу, тыныштық орнату (шағылысқан жарық, айқай - шу талманы күшейтеді).
4. Көмек бригадасы келген соң, орындалатын іс шараларды өзара бөлу:
5. Талма ұстап жатқан әйелдің ауызын, бинтпен оралған шпательмен ашып, тілін басып ұстайды. Ауызына жиналған көбік, сілекейді тыныс жолына жібермей, груша көмегімен сорып немесе корнцанге қыстырылған салфеткамен (саусаққа оралған бинтпен) сүртіп тазалайды. Әйелдің өз бетімен тынысы болмаса, Амбу қабымен демалдырады.
6. Талма басылған соң көк тамырға катетер қойып, шприцтегі 25% - 20 мл магнезия сульфатының «бастапқы дозасын» жәймен 10-15 минут жібереді;
7. Бұл кезде екінші медбике магнезия сульфатының «ұстап тұрушы дозасын» дайындайды. Ол үшін 400 мл натрий хлорид ертіндісінің 80 мл-ін шприц көмегімен сорып алып тастап, көлемін 320 мл-ге азайтады. Осы 320 мл мөлшерге 25% 80 мл магнезия сульфатын қосып, системаны дайындап береді;
8. Системаны венозды катетерге жалғап, алғашқы сағатта минутына 11 тамшы жылдамдықпен (5 секундта 1 тамшы тамуы керек) жібереді. Бірер сағаттан кейін тамшы санын минутына 22-ге дейін арттырады;
9. Осы уақыт ішінде лаборант қуыққа Фоллея катетерін қойып, несеп жинау қабына жалғайды, анализге несеп алады. Мақсат: сағат сайынғы диурезді және несептегі белок мөлшерін анықтау.
10. Талма қайталанса, 25% магнезия сульфатының 8 мл-ін тамырдағы катетер арқылы 3-5 минут бойы жібереді;
11. Жүрек тоқтаған жағдайда жасанды тыныс алдырумен қатар, жүрекке жанама массаж (жүрек - өкпе реанимациясы) жүргізіледі;
12. Әйелдің жағдайы жақсарып, қан қысымы түсе бастағанда, зембіл немесе каталкамен реанимация бөліміне тасымалдайды.
13. Үй жағдайында эклампсия талмасы ұстаған әйелге көмекті мобильді бригада (фельдшер) осы реттілікпен өзі көрсетеді. Көмек тез көрсетілуі керек!
Ескерту:
1. Магнезия сульфатының дозасы мөлшерден асып кетсе улану белгілері пайда болады:
- тізе рефлексінің жойылуы;
- тыныстың минутына 16 дан азаюы;
- бөлінген зәр мөлшерінің сағатына 30 мл-ден азаюы.
Улану белгілерінде дәрі дозасын азайтып, антидот дәрі -10% 10мл глюканат кальцийді к/т егеді.
2. Эклампсия талмасы ұстаған әйелді 3-12 сағат ішінде (талма болған уақыттан 12 сағат кешіктірмей) босандырып алу керек. Босанғаннан кейін де әйел реанимация палатасында 48 сағат бақылауда, емде болады.
3. Диазепам жатырдағы бала мен плацента аралық қан айналымды бұзатындықтан жүкті әйелге берілмейді. Диазепамды тек босанған әйелдерге беруге болады. Босанған әйелде талма қайталанса, 10 мг диазепамды 2 минут ішінде к/т жібереді. Талма қайталаса, тағы 10 мг диазепам салады.

1. Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы ___________________________________________________________________


_ Білім алушының қолы ________________
2023ж. "7" қараша
___________________________________________________________________
( кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі) Сахипова Б. Т
2023 ж. "7" қараша
2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары
___________________________________________________________________
3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары
___________________________________________________________________
Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы:Отыншина.А.О ____________________________________
2023ж. "7"қараша

Аттестацияның 3сұрағы


1)
2)
3)
Қорытынды:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет