Жұмыстың міндеттері: Қойылған мақсаттан шыға отырып, келесідей міндеттер қойылды және шешілді:
ü қазақ халқының ұлттық бас киімдерінің ерекшеліктері, түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшеліктерін түсіну;
ü көркем өнердің дәстүрін, оның тарихылығын жете білу, бас киімнің тиімділігін түсіну;
ü кимешекті пішу әдісін, үлгісін дайындаумен танысу;
ü қазіргі уақыттағы ұлттық мәдениеттің рөлі мен маңыздылығын көрсету.
І.Тамыры терең төл мұра.
1.1.Киім үлгісінің дамуы.
Адам баласы табиғаттың сыртқы әсерлерінен қорғану, қорғалу үшін тұрмыстық қажеттіліктен пайда болған бүркеншік жамылғы бірте – бірте жетілдіріліп, адам баласының даму кезеңдеріндегі эстетикалық талғамының көшірмесіндей өнер туындысына айналды.
Сән үлгісінің ерекшеленуі салтты саралап, ұлтты даралап, өзіндік бейнесін сомдап көшбасшы дәрежесіне дейін көтереді. Елге еліктегендер өз жолынан жаңылады, тобырға таңылады.
Адамзат қай дәуірде де сұлулыққа ұмтылған. Ұмтылған да ұтылған, ұтылған да ұмытылған. Айды – алқа, жұлдызды – жүзік, Күнді қоза етіп тағуды қиялдаған. Мағжан ақын: «… Жет жұлдызым, жылжып қана жібектей, Жұлдызды – жүзік, Айды – алқа етіп берейін» — деп алқынтқан сезімін аспанмен астастырған.
Киім үлгісінің дамуы – адамзаттың санасының да даму сатысы. Сарматтардың әйелдері б.д.д. ІV ғасырда шаравар киініп, басына желек жамылғанын, ежелгі Тұран елінде б.д.д. ІІІ ғасырда қос етек көйлек пен шошақ бөрік сәнге айналғанын ескерсек, біздің киімдеріміздік тарихы да тереңге тамыр тартады.
Сарматтар – ( б.д.д. VІ – ІV ғғ.) Тобылдан Еділге дейінгі аралықты жайлаған. Тарихтың түрлі кезеңдерінде әуелі скифтермен, бертін келе ғұндармен шайқастарда қиратылған жаужүрек тайпа. Қырағылығы жағынан әйелдері ерлерінен кем түспеген, батырлардың дулығасына ұқсас биік бас киім киінген. В.Н. Белицердің айтуынша скиф, сарматтардың әйелдері ерлермен қатар айқастарға қатысып, аң аулаумен айналысқан.
Ғұндардың бас киімдері жүн матадан, фетра тәріздес жұмсақ киізден тігіліп, сұр түсті жібек матамен тысталады, бұлғын терісімен әдіптеледі.
Ежелгі заман жазбаларында: «Ұлы даланы мекендеген сақтар мен массагеттердің барлық заттары алтын мен мыстан жасалған. Бас киімдері мен жалпақ белбеулері, найзасы мен қылышы түгелдей алтынмен апталған», — деп жазылған.
Ғұн бұйымдарындағы ою – өрнекті біз кестелеу және тығыз кестелеу – оның мәдени мұрагері қазақ халқының киімдерін безендірудің негізгі әдісінің бірі және Орта Азия халықтарының киімдерінде де кеңінен тараған.
Тарихқа көз жүгіртсек, неолит заманының бас кезінен бастап адамдар үстіне дөкір талшықтар мен жүннен тоқылған немесе теріден жасалған жамылғылар киді. Кейін сүйек, мүйіз, ағаштан – түйреуіш, ине, шанышқы тағы сондай бұйымдар жасап, тұрмыста пайдаланды.
Осыдан 2000 жыл бұрын Алтайдан басталған түркі мәдениетінің сілемі Ұлы даладағы шошақ төбелі балбал тастардан белгі қалдырған. Меркелік балбалдардың, соның ішінде әйел мүсіндерінің иконографиялық ерекшелігі – мүсін қолында ыдыс бейнеленген. Барлық әйел тасмүсіндер әйелдің жасы мен әлеуметтік орнын көрсететін бас киімдермен берілген: сәукелеге жақын үшкүл биік баскиім, кимешек, тақия, шалма сияқты бас киім тас мүсіндерде анық сипатталады. Суреттеліп отырған бас киімдердің түрлері дәстүрлі түркі әйелдері киімдерінің қатарына жатады және кимешек пен шалманың әйелдері беттерін жаппаған түркі халықтарында кеңінен тарағандығы белгілі. Тас қашап, темір балқытқан қолөнер өндірісі қола дәуірінен пайда болып, құлағы түрік, санасы сақ, ғалам ұлыстарына нұрын шашқан түп тегіміздің талғамы биік, танымы терең екенін аңғартады. Қазақ енді ел бола бастайын дегенде сыртқы соққының салдарынан сан жылдар сансырап барының өзі барымтаға түскен. Сонда да салын суға жібермей су жағалап, ең жайлы, ең қолайлы табиғи талшықтарды танып, тағына білген.
Қара тасына дейін қасиеттеп, ашық аспан астындағы тілсіз тарихқа айналдырған. Айдай әлемге әйгілі «Таңбалы тас» мәдени кешеніндегі «Күн басты Күнсұлу» болуы ғажап емес пе?! Данагөй аналарымыз күн қақтаған құла түзде күймеге мініп сауық құрмаса да, күнқағар киіп басын қорғаудың тәсілін білген.
Күнді тәңірінің көзіне балап, отты күннің сынығы деп қабылдау, ошақтағы отты тек қана әйелдің тамызуы, жас келіннің отқа май құюы, отқа табынуы емес – Жаратушының жарық нұрына деген ерекше құрмет.
Ежелгі түркілердің мифологиялық көне түсінігі бойынша, Күн бейнесін «Ұмай ана» деп білген. Бұл ана образы – бүкіл түркі әлеміне ортақ түркілердің анасы. Ол әлемге жарық сыйлаушы бейнеде қабылданған.
Кимешектің де өзіне тұшылық тарихы, келбетіне лайық танымы бар. Ең қиыны Ұлы даланы еркін жайлаған, сұлулыққа көзін қарыған, әсемдікті әнге қосқан, табиғатпен үндескен, ақын жүрекпен тілдескен, әдептілікті әдетке айналдырған, бас киімін басты киім санаған, ақ жаулықты анасының қабағына қараған – қазақ халқының сән үлгілері туралы бізге жеткен дерек көздері – тұсаулы аттай тыпыршытқан мардымсыз әрекет. Табиғи матадан ғана тігілетін кимешектің топырақ астында көп шыдамай «топыраққа» айналатынын ескеру керек.
Біздің ұлан – ғайыр даламыздағы әр ру – тайпаның киім үлгісін бүтін ұлттық бұйымға айналдырған осы ел мен елді қосқан қыздарымыз. Қай заманда да ақсүйек әйелдер қолөнермен айналысуды тектіліктің, бекзадалықтың белгісі деп санаған. Ойы тұнық, жүрегі таза, санасы сергек нәзік шебердің қолынан шыққан бұйымдардың өн бойына саусақтан сусып, түлеп түскен жанды қуаты дарып, көңілін сергіткен.
Біздің сөзімізге арқау болып отырған кәделі киім –кешек сый қоржындардан бастап шын киім – ақыреттік кебінге дейін салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |