Дағдарыстан даму



жүктеу 52.65 Kb.
Дата19.07.2016
өлшемі52.65 Kb.
Мажирова А.

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ы



Дағдарыстан даму

Қазақстан Үкіметі қаржылық экономикалық дағдарысты бастан кеше отырып, елдің аймақтарының дамуына ставка қойды. Бұл жөнінде жыл сайынғы жолдауында Қ.Р-ның Президенті Н.Назарбаев айтқан болатын. Қазақстан аймақтарының экономикалық теңсіздігі тек диспропорцияны тегістеумен ғана қамтамасыз етіледі. Жан басына шаққандағы ЖІӨ, кешенді өндіріс индексі, кедейшілік деңгейі, негізгі капиталға салынатын инвестиция секілді экономикалық көрсеткіштерден шыға отырып, Қазақстандағы өңірлерді 3 топқа бөлуге болады:



  1. Көшбасшы өңірлері: батыстың мұнай өңірлері, Астана және Алматы;

  2. Орташа дамыған өңірлер: ескі материалдық кешенге негізделген шығыс және орталық өңірлер;

  3. Төмен дамыған өңірлер: елдің оңтүстік және солтүстік аралық аймақтары.

Дағдарыс кезінде Қазақстанның шикізат өңірлері мұнайға деген жоғары бағаның көмегімен бәсекеге қабілетті болып келеді. Сонымен қатар Астана мен Алматының дамуы да тұрақтанып келеді. Олар экономикалық құлдырауға қарамастан, өз көшбасшы бағыттарын сақтап келеді. Ең қиынға соққан орташа дамыған өңірлер, оның ішіне Қазақстанның көптеген қалалары кіреді. Олар үшін өнімге деген бағаның төмендеуі үшін белдерін ұзақ тартуға әлі тура келеді. Ал аграрлық өңірге келетін болсақ, бес жыл ішінде олардың жағдайы мемлекеттік жедел индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы есебінен жақсаратын болады. Бұл жерде олардың тағдыры шешілетін тек ғана аграрлық өңірлер ғана емес, сонымен қатар тікелей инвестиция көзі тартылатын Астана қаласына да қатысты. Астана мемлекеттік ресурстар үлесімен негізделсе, Алматы жеке меншік капиталмен ерекшеленеді.

Қазақстан өңірлері үшін жасалған алдыңғы қатарлы бағдарламалар олардың дамуы үшін үлкен септігін тигізіп келеді. Біріншіден, 2000 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі Қазақстан дамуының бағдарламалары ұсынылды, яғни әлемдік жоғары дамыған елдердің оңдық қатарына кіру 30 корпоративтік көшбасшы бағдарламасы; және әр министрліктер мен ведомстволардың өз даму бағдарламасы жиналған болатын. Мысалы, 2015 жылға дейінгі Қ.Р-ның территориялық даму стратегиясы; 2002-2006 ж.ж. Қ.Р-ның аймақтық саясат концепциясы. Артта қалған өңірлердің дамуы көшбасшы өңірлер есебінен жүзеге асырылады, ал қалған өңірлер солардың артына ілігеді. Дағдарыс кезеңінің бастапқы этапында көшбасшы өңірлері экономикалық өсудің қатаң аймақтарын қалыптастыру керек. Батыс Қазақстанның мұнай райондары ел аймақтары үшін маңызды, олар дағдарыс кезінде экономикаға үлкен қор салады. Оған Қазақстан мұнай және газ Министрлігін құру дәлел бола алады. Әлемдік нарықта мұнайға деген баға жоғары болып тұрғанша, Қазақстанда екі облыс үшін әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін әлі уақыт бар деуге де болады.

Егер халықтың тығыз орналасуы, ауылды жерлердің дамымауы, аймақтардың әлсіз танылуы, осының барлығы нарықтағы шикізатқа деген бағаның тербелісі байқалса, өңірлердің жағдайы әлсірей бастауы мүмкін. Сондықтан облыстарды дамыту үшін еңбек ресурстарын тарту қажет. Мысалы, Алматы транспорттық жүйесінің дамуы көп еңбек ресурстары есебінен орын алады. Сонымен, Қазақстанның мемлекеттік жедел индустриалды-инновациялық дамуы үш өңірмен байланысты, олар: батыс Қазақстан, Астана және Алматы. XXI ғасырдың міне бірінші онжылдығы тамамдап келеді. Ол бүкіл әлем үшін критикалық тұрғыда енді. Масштабты территориялық басқыншылар, Ауғанстандағы, Ирактағы әскери операциялар, осының барлығы осы уақытқа дейін халықты толғандырып келді. Бірақта оларға қарағанда халық үшін ең қатаң тәртіп, ол-жаһанды қаржылық-экономикалық дағдарыс. 70-80 және 90 жылдардағы Азиялық дағдарыс әлем экономикасын шошытты. Бірақта қазіргі дағдарыс – жаңа әлем деңгейімен бірдей. Ол бүкіл әлемді жаулап алды. Осы жаһанды дағдарыс нәтижесінде әлемдік экономика көзін жоғалтқан көлем саны 3,5 трлн. доллармен бағаланады. Көптеген сарапшылар, ғалымдар осы дағдарыстың қалыптасуын қайдан шыққанын әлі күнге дейін зерттеп келді.

Халықаралық мамандардың бағалауы бойынша дағдарыс пен күрес кезінде әлемдік 10 трлн. АҚШ доллары бағытталған.

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші рет жаһанды дағдарыспен қақтығысып отыр. Елдің жүргізуші банктері өз қарыздарын өтей алмағандықтан оларды банкроттықтан құтқаруға тура келді. Қазақстан экспорты жартысынан қысқартылды. Тек несие қаражатынсыз шағын бизнестер ғана қалды. Мыңдаған жұмыскерлер жұмыссыз қалды. Осындай қиын жағдайда Үкімет ұстанған шешім нақты әрі өз уақытында қабылданды, яғни Ұлттық қордан 10 млрд. доллар бөлінді. Мемлекеттің әлеуемттік міндеттері көтеріліп, келешегі мол инвестициялық жоба анықталды. Аймақты жұмыспен қамту стратегиясы және «Жол картасы» қабылданды. Қазіргі таңда антидағдарыс шараларының барлық кешені және «Жол картасының» бірінші қатарын жүзеге асыру нәтижесі шықты. Мысалы, тәртіп бойынша 400 мың жаңа жұмыс орындары құрылды. 200 мыңнан аса адам қайта дайындаудан өтіп, қоғамдық жұмыстың қатысушылары атанды. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 6 пайызға дейін төмендеді. 1500-ге жуық денсаулық сақтау, білім беру және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым объектілері жөнделді. 1000 км шақырым жолдары жөнделді. Ағымдағы жылдың екінші кварталында шағын және орта бизнес саласында өндіріс көлемі 14 %-ға өсті. Бидайдың жалпы жиыны бункерлік салмақпен 22 млн. тоннаны құрайды. Бұл соңғы бес жыл ішіндегі екінші рекордтық егіс болып келеді. Толығымен Қазақстанның қаржылық жүйесінің жалпы тұрақтылығы қолға жетіп келеді. Банктік жүйені қолдауға 476 млрд. тенге бөлінді. Толығымен, ел экономикасына антидағдарыс мақсатында 2,7 трлн. тенге немесе ЖІӨ-нен 14 % бағытталған. Халықаралық валюта қорының директоры Доминик Стросс Кан біздің елде бола отырып, «егерде барлық шаралар осылай материалданған болатын болса, онда 2010 жылдың аяғына қарай сендердің экономикаларын өз проблемаларына төтеп бере алады» деп айтқан болатын. Мұндай көзқарасты басқа сарапшылар да болжап отыр.

«Нұр Отан» партиясының XII съезінде Қазақстанның мемлекеттік жедел индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы алға қойылған болатын. Онда индустриялизацияның жеті приоритеті анықталды. Ол:



  1. Аграрлық сектордың кеңмасштабты модернизациясы мен технологиялық жабдықталуы;

  2. Құрылым материалдар өндірісі мен құрылыс индустриясын дамыту;

  3. Мұай-газ секторының инфрақұрылымы мен мұнай өндіруді дамыту;

  4. Дайын металл өнімдерін дамыту;

  5. Таза энергетика саласын дамыту;

  6. Транспорттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.

Нәтижесінде біздің ұлттық өнімнің 50 пайызын құрайтын және 7 трлн. тенге көлемінде жылдық қосымша қосылған құн құрылды. Бұл қажетті тапсырмалардың біріне кіріп отыр. Осының көмегімен қазақстандықтардың жағдайын әрі қарай жақсарту үшін жасалған жағдай болып табылады.

Менің көзқарасымша, бұл әлемдік дағдарыс тарихқа енетін секілді. Әлемдік дағдарыс кезеңіндегі трендтер келесідей айқын көрсетілген, яғни әлемдік валюталық жүйесінің трансформатизациясы. Ол Н. Назарбаевтың «Дағдарыстан шығу кілті» мақаласында айтылған болатын. Өйткені валюта жүйесі соңғы 50 жыл бойы өзгермей келеді және әлемдік дамудан артта қалып келеді.



Н.Назарбаевтың ойынша жаһанды дағдарыстан шығу кілті, ол жаңа қаржылық құралға көшу. Алдағы уақыттың өзінде аймақтық валютаның жаңа класы енгізілді. 2010 жылдың 1 қаңтарының өзінде Америка елі үшін Боливарианс Алянс елінің «сукре» ұлттық электрондық есептеу төлем бірлігінің қатынасы жүргізілді. Бразилия мен Аргентина МЕРКОСУР ұйымы шегінде аймақтық валюта құруды ұсынып отыр. Дағдарыс кезінде әлемдік экономика құласа, тек энергетикалық байланыс пен туризмді ғана сақтап қалады. Нәтижесінде әлем бірінші және тарихи әлем валютасын құруға қай жағынан да дайын болып отыр. Оны барлық әлем ғалымдары, саясаткерлері қолдап отыр. Мысалы, экономика бойынша нобель лауреаты Эдмунд Фелипс пен Роберт Мандель дәлел бола алады. Бұл сұрақ G 20 саммитінде де талқыланып отыр. Мұндай жаһанды мәселені шешу интеллектуалдық күш пен уақытты қажет етеді. Осыған орай бұрынғы валютаға үйренгендер арасында келіспеушіліктер тууы мүмкін.




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет