Кипчаки евразии: история, язык и



Pdf көрінісі
бет174/187
Дата18.05.2022
өлшемі4.03 Mb.
#456910
түріСборник
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   187
Еуразия қыпшақтары. Тарих, тіл, жазба ескерт. Конф. матер. 2013

Есім салған ескі жол («Есім ханның ескі жолы») – Есім ханның ел 
билеуі тұсында (1598-1645 ж.ш.) қалыптасқан әдет-ғұрып, жол-жобалар. 
Ондай жол-жобалардың бірсыпырасы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім 
ханның ескі жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген атпен ереже ретінде 


әдет-ғұрып нормаларында XIX-XX ғасырға дейін қолданылды. Есім хан бір 
өзі ғана әкім болу, елді жуасытып бағындыру, басқа елдерге шабуыл жасау 
саясатын ұстады. Сондықтан ол қанға қан алу, мертіктіргенді мертіктіру, кек 
алу, құн төлеу, барымта алу, құлды сату, дүре соғу, көп әйел алу, қалың мал 
төлеу, әмеңгерлікті сақтау, зекет, ғұшыр жинау, айып салу, діни 
өшпенділіктер сияқты патриархалдық-ұлттық ескі салтқа арқа тіреп, соны 
уағыздады. Халық Есім ханның ескішіл істерін «Есім ханның ескі жолы» 
(кертартпа жол) деп атады. 
Әз Тәуке хан (1642 ж.–1718 ж.) – қазақ ханы (1680-1718), Қазақ ханы 
Салқам Жәңгірдің (1598-1654 ж.ж.) баласы, Түркістан қаласындағы қазақ 
хандарының ордасында туды. Тәуке хандық өкіметті жақтады, билерге арқа 
сүйеп, феодалдық ақсүйектер-сұлтандарды әлсіретуге тырысты. Тәуке хан бас 
билермен кеңесе отырып, «Жеті жарғы» әдет заң жинағын шығарды. «Жеті 
жарғы» орыс тарихында «Тәуке хан заңдары» деген атпен белгілі. Онда 
қазақтардың әдеттегі заңдарының бірқатар ережелері бекітілгенімен, жинақ 
феодалдық құрылысты күшейтуге бағытталды. Тәукенің хандық өкіметті 
нығайту әрекеті нәтижелі болды, бытыраңқы қазақ хандықтары бір орталыққа 
бағындырылды. Ал, Тәуке ханның өзі Әз Тәуке хан аталды. Тәуке хан 
сыртқы саясатында Россиямен дипломатиялық және сауда байланыстарын 
орната бастады. 1716 ж. Тәуке хан жоңғарларға қарсы шығу үшін Россиядан 
әскери көмек сұрады. Өйткені 1698 жылдан бастап ойрат және қазақ 
феодалдары арасында қарулы қақтығыстар басталған еді. Жоңғар ханы Севан 
Рабтан билік құрған кезде мұндай соғыстар үздіксіз болып тұрды (1711- 12, 1714-
1717). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   187




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет