Кіріспе ι КӘсіпкерлікті дамытудың жалпы сипаттамасы және өзіндік ерекшелігі



бет2/5
Дата21.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#152456
1   2   3   4   5

Ex post шығындарына мыналар кіреді:

  • мониторинг және оппортунизмнің алдын алу шығындары (мәміле шарттары мен оппортунизмнің алдын алу шарттарының сақталуын, яғни осы шарттардан ауытқушылықты бақылау шығындары);

  • арнайылық және меншік құқығын қорғау шығындары (келісім-шарт барысында бұзылған меншік құқығын қалпына келтіруге қажетті соттарды, төрелік соттарды, ресурстарды ұстауға шығатын шығындар);

  • үшінші тұлғалардан қорғану шығындары (келісім­-шартқа қатыспағандар мәміленің нәтижесінде алынған пайданың бір бөлігіне үміттенуінен қорғануға шығатын шығындар).

Келісім- шарт жасасу кезеңдерінің негізінде трансакциондық шығындарды топтастыру, олардың сандық бағасын микро-, және макроэкономикалық деңгейде нақтылауға мүмкіндік береді. Бұл процесс корпорацияның шаруашылық жағдайын неғұрлым жоғары дәрежеде рационализациялайды.

Эволюциялық теория аталған концепцияларға қарамастан, талдау бірлігі – трансакциондық шығындар мен фирма түсетін келісім-шарттық қатынастар емес, фирманың өзі болып табылатынын қарастырады. Осы теория тұрғысынан қарағанда, негізгі назар фирманың өз ресурстарын қайта ұйымдастыру жолымен ауыспалы жағдайларға бейімделуінің динамикалық процесіне аударылуы тиіс. Сонымен бірге, эволюциялық доктринаға сай, фирмаларға рыноктық стратегиялар қалыптастыруға және кәсіпорын құрылымын қайта құруға қолайлы жағдай жасайды. Осы пайымдауларға байланысты, фирма теориясының жалпы мәселесіндегі өзгерістерді атап көрсету қажет.

Қазір фирмаларды басқаруға өте үлкен көңіл бөлінеді. Басқару мәселелері бұрын коммерциялық құқық құрамына кіретін болса, енді олар фирманың функционалдық табиғатының дамуындағы нақты қозғалыстарын айқындайды. Қаралып отырған салада фирманы басқару теориясы маңызды орын алады. Бұл жерде фирма ұғымында қазіргі жағдайдағы оның неғұрлым кең тараған түрі- корпорация екенін атап өту керек. Басқару корпорациясы 30-шы жылдары, АҚШ-та басқарудың жеке меншіктен бөлінуі кезінде туындады. Қазіргі өнеркәсіптік фирманың сипаты оны басқару тәсілдерінде және оның өз қатынастарына тапсырыс берушілермен, жалдама жұмысшылармен және өнім берушілер арқылы қалай құралатынында көрінеді. Бұл теорияның тірек шарты менеджерлер мүдделерінің акционерлер мүдделерінен үстемдігі және сол үстемдіктің одан әрі зерттелуі негізіне байланысты. Бұл жағдай фирманың үш үлгісінің туындауына алып келді.

Сонымен, У. Баумоль сату көлемін арттырушы үлкен олигополисттік фирманың үлгісін жасады. Оған негіз болған олигополисттік салалардағы ірі корпоративті кәсіпорынның пайдадан гөрі, сатуға көп алаңдаушылығы еді. Мұны сатудан түскен пайданы объективті түрде санауға болатындығымен, ішінара түсіндіруге болады, пайданы өлшеу көбінесе есептеу тәсілдеріне байланысты. Аталған үлгіде үш шектеу бар.



Біріншіден, басқарушылықтың пайдалылығы тұрғысынан қарағанда, пайда мен сатудың арасында таңдау жоқ деп болжанады.

Екіншіден, сатудың өсуіне байланысты табыстың бір бөлігінің шығыстарға жатқызылуы қалған пайданы көбейтуге кедергі болмайды.

Үшіншіден, сатылу қарқыны төмен жағдайда фирма сату көлемінің тек ағымдық мәнін көтере алады.

Екінші үлгіні басқару пайдалылығын көтерген кәсіпорынның экономикалық жағдайын сипаттау процесімен Р. Мэррис айналысты. Оның мақсатты қызметінің құрамында нақты активтердің екі “құралды айнымалылардың” өсу қарқыны және корпорацияны жаулап алу қатерінен сақтауға кепілдік беретін акционерлік болжам қозғалысын бағалау нормасы анықталған. Өсу мен қауіпсіздік арасындағы шекті алмастыру нормасы қосымша өсу түріндегі шекті бағалау шығындарына тең келеді. Нәтижесінде, басқарушы фирманың акция құнының жоғарылауымен емес, өсудің басқару пайдалылығының оңтайлы деңгейіне дейін жетуімен айналысатынын көрсетеді.


1.2. ҚР ұдайы өндірістік құрылымдарда кәсіпкерліктің корпоративтік және ұсақ формаларын дамыту проблемалары
Кеңес Одағы кезеңіндегі еңбек бөлінісінің ерекшелігі негізінде анықталған Қазақстандағы кәсіпкерліктің нысандары үшін нақты мүмкіндіктер мен түрлі жолдар ашылған еді. Мамандандыру кезеңінде жағдайында Қазақстан машина жасауда, металл өңдеуде, химиялық және мұнайхимиялық кешенде, газ өндіру салаларында Одақ бойынша алдыңғы қатарда болды. Өндірістік қорлар тікелей және көлденең интеграциясы бар ірі формаларды құру мақсатында материалды-заттық базасын аяғына тұрғызды. Бұл ірі тресттер мен концерндердің құрылуына жол ашып, ірі бизнестің құрылу ерекшелігі мен әртүрлі салалы формалардың дамуына әсерін тигізді.

Осыған байланысты ірі бизнестің ұйымдасқан құрылымы мынадай жағдайда қайта бағытталады, яғни мемлекеттік секторда шоғырланған бір салалы өндіріс Республиканың мемлекеттік кәсіпорындарда да көрініс тапса, ал көп салалы кәсіпкерлік тек мемлекеттік емес корпорацияларда байқалады. Олардың алғашқы базасы холдингтердің қалыптасуы болып саналады. Бұл процесс алғаш рет реформалау кезеңіндегі шаруашылық тұлғаларының құрылымдық тәсілі ретінде пайда болды. Егер 1990 жылы елімізде 86791 шаруашылық тұлғалар қызмет етсе, олардағы меншіктің мемлекеттік емес нысанындағы кәсіпорны 3503 құрады. Онда 10 жылдан кейін меншіктің мемлекеттік емес нысандарындағы кәсіпорын 93444-ке артты. Ол 84,1 пайызды құрады. Бұған қоса жеңіл және тамақ өнеркәсібі аясында орта және шағын бизнестің нысаны мен дамуы үшін толық мүмкіндіктер жасалған.



Егер өндірістік сектордағы корпоративті құрылым нысандарын қарастырсақ, ТНК-ң филиалы не иеленетінін байқау қиындыққа түспейді. Соның ішінде, отандық әдебиетте біздің экономикамызда қалыптасқан корпоративті құрылымның 4 түрі көрсетілген.

  • ұлттық компаниялар (ҰК "Қазмұнай Газ", "КЕГОК" АҚ және т.б.) – 13 бірлік.

  • Мемлекетпен құрылған және жоба бойынша жекешелендірген акционерлік компаниялар ("Қазақстан Алюминий" ААҚ, "Қазақмыс" ААҚ және т.б.) – 40-қа жуық:

  • Рыноктық өзін-өзі ұйымдастыру әдісімен құрылған жеке компаниялар ("Казкоммерцбанк" ААҚ, "Қазақстан Каспийшель" АҚ) 10-ға жуық:

  • Қазақстандық ТНК (СП "Теңізшеврон" /Chevzon/, "Испат Кармет" АҚ /LNM Croop) 45-ке жуық;

  • Қазақстанданғы корпоративті құрылымдардың қалыптасуының алғашқы элементі ретінде ұлттық (мемлекеттік) компаниялардың құрылуын тілге тиек етеміз. Бұл біріңғай халықшаруашылық кешені шеңберіндегі Қазақстан аумағында ұдайы өндірістік интеграцияның ірі масштабты процестермен қамтамасыз етілген. Осы компаниялардың құрылымы келесідей көрініс табады:

1 Кесте.

Компания құрылымдарының көрінісі




Атауы

Қызмет түрі

Меншік нысаны

1

"Ақтау теңіз сауда порты" РМК шаруашылық жүргізу құқындағы ҚР көлік және коммуникация министірлігі

Су көлігінің көмекші қызметі

Республикалық меншік

2

"Қазақтелеком" ААҚ

Байланыс

Мемлекеттің қатысуымен /шетелдік қатысусыз/ кәсіпорынның меншігі

3

"Қазақстан темір жолы" ЖАҚ

Темір жол транспорты

Республикалық меншік

4

"Қазақойл" ұлттық мұнай газ компаниясы ЖАҚ

Кәсіпорындарды басқару қызметі

Мемлекеттің қатысуымен /шетелдік қатысусыз/ кәсіпорын меншігі

5

"Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" ААҚ

Электр қуаттарын және электр желілерін жинау, беру, тарату

Мемлекеттің қатысуындағы кәсіпорын меншігі /шетелдіктердің қатысуынсыз/

6

"Астана халықаралық аэропорты" РМК

Жолаушылар және жүк тасмалдауына қатысты қызмет

Республикалық меншік

7

"Орталық Қазақстандық азық-түлік корпорациясы" ЖАҚ

Басқа категорияларға кірмейтін қаржылық делдалдық қызметі

Мемлекеттің және шетелдің қатысуымен кәсіпорын меншігі

8

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ

Мәліметтер базасы мен байланысты қызмет

Мемлекеттің қатысуымен кәсіпорын меншігі

9

"Эйр Қазақстан" ЖАҚ

Кесте бойынша жұмыс істейтін әуе транспорты

Мемлекеттің қатысуымен кәсіпорын меншігі

10

"Казаэронавигация" РМК

Әуе транспортын пайдалануды реттеу

Республикалық меншік

11

"Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қоры" ЖАҚ

Мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету

Мемлекеттің қатысуымен кәсіпорын меншігі

12

"Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы ЖАҚ

Уран рудасын өндіру

Мемлекеттің қатысумен кәсіпорын меншігі

13

"Қазпочта" ААҚ

Ұлттық почта қызметі

Мемлекеттің қатысуымен кәспорын меншігі

14

"Қазмұнайгаз" ЖАҚ

Мұнай және газ құбырларын өндіруі мен тасымалдау

Мемлекеттің қатысуымен кәсіпорын меншігі

Осылайша корпорация режимінде жұмыс жасайтын ірі мемлекеттік кәсіпорындар табиғи монополияның өкілдері болып отыр. Осы жағдай арқылы олардың меншік құрылымы мен шаруашылық бағыттары анықталған. Сондай-ақ,, қазіргі таңда Қазақстанда өндірісті ұлғайту процесі мемлекеттік секторды ғана емес ТҰК бөлімдерін де қамтып, ұлғаю үстінде. Статистикалық дерек бойынша 2002 жылдың 1 қазанында кәсіпорынның барлық кешенінің құрылымы келесідей көрініс тапты:

Ірі кәсіпорындар – 1719;

Орта кәсіпорындар – 9428;

Шағын кәсіпорындар – 71487.

Шаруашылық қызмет түріне байланысты ірі бизнес келесідей бөлінеді:

Ауыл шаруашылығы – 275;

Балық аулау – 8;

Тау-кен өнеркәсібі – 246;

Электр қуатын, газды, суды өндіру мен тарату – 107;

Құрылыс – 103;

Сауда – 34;

Көлік және байланыс – 88;

Қаржылық қызмет – 16;

Мейманханалар мен қонақүйлер – 10;

Мемлекеттік басқару – 228;

Білім – 81;

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет – 291;

Тұрмыстық және коммуналдық қызмет – 57;

Жылжымайтын мүлікпен операциялар – 116.

Бірақ бұл классикалық корпорация да, интеграцияланған корпоративті құрылым да емес,бірақ ірі компаниялардың болуы корпоративтену процесін анықтап отыр. Бұл компаниялардың негізі кемшілігі – рыноктық капиталдандырудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ете алмайтын меншіктің тиімсіз құрылымы. Ол сәйкесінше күшеюдің макроэкономикалық тиімділігіне жетуге жол бермейді. Сондықтанда, корпоративтендірудің әсерін ТҰК бөлімдерінің қызметі мысалынан ғана көруге болады. (7)

Қазақстандағы ТҰК минералды-шикізат, бірінші кезекте мұнай шикізатын дамытуға қатысуға бағытталған. Қазақстан экономикасына қатысу масштабы бойынша АҚШ, Ұлыбритания және Жапония компаниялары алдыңғы қатардан көрінуде.

ТҰК-ның Қазақстандық бөлімшелерінің жағымды сипаттамасына келесі жағдайларды жатқызамыз:

1). экономиканың көп секторлығын және меншіктің әр түрлілігін кеңейту. Қазіргі таңда "Оңтүстік мұнайгаз" АҚ 90 %, "Харрикейн Құмкөл ЛТД" /Канада/ фирмасына "Қаражанбас мұнай" АҚ 90 %,"Тритон" фирмасына сатылған;

2). "Қазақмыс" корпорациясы мен "Қазақцинк" ТҰК өздерінің бағалы қағаздарын әлемдік қор рыногында сатуын, корпорацияның мүмкіндіктерін көрсетіп отыр. Бұл еліміздің мардымсыз дамыған корпоративтік секторы үшін жағымды құбылыс;

3). ТҰК корпоративті басқарудың ұйымдық мүмкіндіктерін байқатуды;

4). ТҰК дамуы қаржы капиталы институттарының қозғалысына әсерін тигізеді;

Экономикалық дағдарыстың шиеленісу жағдайында Қазақстан өнеркәсіп кешенінің дамуы жақын арада кейбір экономикалық мәселелерді шешуді талап етеді. Бұл мәселелер республикамызда геоэкономикалық жағдайды шешуде өнеркәсіп кешенінің дамуының негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Олар “Әлеуметтік – экономикалық реформаларды тереңдету мен дағдарысқа қарсы шаралар сақтау бағдарламалары”, “1996-98 жылдар аралығындағы Қазақстандағы экономикалық реформалардың орта мерзімдік бағдарламасы”, “Стратегия - 2030” сияқты маңызды құжаттармен анықталады.

Қазақстанда өнеркәсіп дамуының негізгі бағыттары:


  • энергетикалық өнеркәсіптің әрі қарай қалыптасуы, әсіресе мұнай-газ өндірістері;

  • металлургиялық кешендердің, түрлі-түсті және қара кендердің дамуы;

  • машина жасау өндірістерінің дамуы;

  • базарларды азық-түлікпен, халықты қажетті тауарлармен қамтамасыз ету;

  • өндірістік инфрақұрылымдардың тиімді дамыту.

Осы даму бағыттары Тәуелсіз елдердің экономикалық бірігу жолдарын есепке ала отырып қарау керек. Бұрынғы КСРО территориясында тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы бұл мемлекеттерді геосаяси және экономикалық ауыр жағдайда қалдырды. Жаңа ұлттық мемлекеттік мүдделерді анықтау Қазақстанның жақын және алыс шет елдер, Ресеймен ара қатынасына байланысты нақты мүмкіншіліктеріне байланысты болып отыр.

Инвестициялық деңгейдің жетіспеушілігі экономиканың біркелкі дамуына кедергі жасайды. Өндірістің құлдырауы, қаржыландырудың төмендеуі, инфляция деңгейінің өсуі инвестициялық сұраныстың кемуіне әкелуі мүмкін. Экономикалық дағдарыстың жағдайында инвестиция динамикасының кемуі өндірістік динамиканың құлдырауынан асып түседі. Шетел инвестициясының ағымын реттеуде оларды тартудың әділ шекарасы барын ескеруді ұмытпау керек. Бұл шекара Қазақстанда ұдайы өндіріс процесінің импортқа шығаратын елдің жалпы шарттарымен, шетел капиталының өзіндік табиғат үрдісімен анықталады.

Қазақстанда қызмет ететін шет ел капиталы өнеркәсіптік дамыған елдердің монополистік капиталының өкілі ретінде қарау қажет. Сондықтан, оның ұдайы өндірілудің, мононполисттік капиталдың өзіндік өсу қажеттілігімен байланыстырып,Қазақстанның қажеттілік деңгейін әрдайым қанағаттандыра бермейтін ескерген жөн. Мұны жеке капиталдың айналысы өндіріспен тығыз байланысып, қосымша құн иелену мақсатында түсіндіруге болады. Жеке капиталдың қызметінің негізгі мақсаты барынша жоғары пайда алу. Бұл капиталдың ағымы дамыған елдерде аумақты да, көп түрлі рынок шеңберінде айналады, ал Қазақстандағы оның көздеген энергия-шикізат салаларын қамту, не болмаса республиканың ішкі рыногын жаулап алу.

Сонымен Республикада өнеркәсіпті инвестициялаудың жаңа жүйесіне деген қажеттілік бар. Бұл мәселені шешу рыноктық жағдайда өз бетінше дами алатын құрылымдық бірлескен жүйені қалыптастырумен мүмкін болады. Қаржы - өнеркәсіптік топтың негізгі бағыттары инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру болса, Ресей мен Қазақстан кәсіпорындары бірлесуінің бұл формалары қазіргі таңда өте тиімді.

Жақын арада Қазақстан Ресеймен басқа да жақын шет елдермен негізгі шаруашылық байланыстарын қалпына келтіру - экономикалық қатынастың дамуын жаңа деңгейге алып келуі сөзсіз. Екі елдің тауар айналысы құрылымдық қатынаста жақын арада ешқандай өзгерісті қажет етпейді, неге десеңіз, бұл дәстүрлі бірлестік байланыстар екі жаққа да тиімді.

Қазақстан Ресейден келетін табиғи газ, мұнай, кокс, қара металл, темір трубалар, алюмений, қалайы, апотит, пластмас жасайтын шикізат, орман материалдары, қағаздар, машина жасау, заттары жеңіл өндіріс, азық-түлік қажеттіліктері қамтамасыз етілуіне мүдделі болып отыр. Ал Қазақстан өз кезегінде Ресейге мұнай, көмір, қара металлургия өнімдерін, түрлі - түсті металл, химиялық шикізат, құрылыс материалдарын, жүн, тері, бидай, тағы басқа ауыл шаруашылық шикізаттарын, экспортқа шығатын тауарлар, ферросплав, сары фосфорды ұсына алады. Экспорттық потенциал ферросплав, сары фосфор, түрлі-түсті металл есебінен жоғарылауы мүмкін.

Қазақстан шикізаттарының Ресейдедегі негізгі тұтынушылары қара металл бойынша Магнитогорск, Челябинск, КамАЗ, ВАЗ, түрлі -түсті метал: глинозем Белов заводы, Кеморов цинк заводы, Владивосток, Тюмень қорғасын заводы, Комсомольск на Амуре, баритті Тюмень мұнай газ өндірісі, Барнаул заводы, Бийск заводы. Қазақстанның негізгі сауда серіктес қазіргі кезде Ресей болып отыр (сауда айналысының 60 пайызы).

Жақын арада бұрынғы Одақ Республикаларын рыноктың басқа түріне ауыстыру мүмкін емес, неге десеңіз батыстық рынок бұрыннан тарихи дамып, қалыптасқан. Батыстық рынокқа сапалы кіру жоғарыда айтылған мәселелерді шешіп қана қоймай, қадағалап отыру керек.

Тәуелсіз мемлекеттерде экономикалық одақты құру, жақын арадағы күрделі мәселенің бірі болып отыр, соның ішінде саяси мәселе, тәуелсіз мемлекет елдерінде қаржы - өнеркәсіптік топтар мен трансұлттық компаниялардың саясатының бәріне негіз болады.

Қаржы - өнеркәсіптік топтар арасында тәуелсіз елдерде де “Форд үшін не жақсы болса, Америка үшін де жақсы!” деген ұран өзекті. Экономист зерттеушілер бірлестіктің саяси жағын ұмыт қалдырды. Осы жағдайда З.Бжезинскийдің Ресейге қатысты нақты, ұзақ мерзімді американың саясаты “Америкаға евроатлантикалық жүйені құруға қиындық туғызатын евроазиялық империяның құрылуына кедергі жасау” болып табылады.

Мемлекеттік деңгейдегі ұсақ шамшылдық ұлттық экономика мен өндірістік дамуға кедергі жасайды. Ұзақ уақыт бойы кеңес Үкіметінде трансұлттық компаниялар дәстүрлі қолайлы фактор ретінде, ұлттық экономиканы жүйелеу, әлем шаруашылығында жекелеген елдерде құрылымдық тепе-теңдік қалыптастыруға жағдай жасайды. Мұның барлығы саяси әсерге байланысты туған. Қаржы - өнеркәсіптік топтар көп ұлттылығының тууы, басқару үлгісі өндірістік-қаржылық жан-жақты шешімін табады. Бұл үлгі үшін сапалы тауарлар қажет, әлем стандартынан кем болмайтын тауарлар шығару әлемдік талаптар деңгейіне сай болуы керек. Сондықтан негізгі экспорттық тауар құрылысы энергиямен байланысты және шетелде қажет тауарларға байланысты. Қазақстан сияқты Ресейге де мемлекет аралық экономикалық қатынас негізгі бағыт болып қалмақ.

Шикізат салаларына қатынастарды жақсарту екі мемлекет үшін де өте қажетті кезең. Ең негізгісі, химиялық машина жасау кешендерінде өндірісті-кооперативті байланыс. Ресей мен Қазақстан арасындағы бұл салалардың дамуының ең қолайлы өндірістік-кооперациялық нысаны, біздің ойымызша ҚӨТ болып отыр. Бірнеше жылдар бойы ҚӨТ маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде қарсылық көрсетіп келді. Экономикада ірі шаруашылық құрылымдарының дамуын ешкім теріске шығармайды. Дегенмен, қаржы-өнеркәсіптік топтар өндірістің жаңаруын тежейтін отандық экономиканың тас қамалына айналу қаупі бар. Қаржы - өнеркәсіптік топтар еліміздің шаруашылық жағдайына берген есеп бойынша мемлекеттік “ошақтарды” қолдаудың тиімділігі, экономикалық өсу “нүктелері”, ішкі ұлттық сұранысты қанағаттандыру, экспорттық жағдайды жан – жақты өсіру, қаржы активтері, коммерциялық банктер, сауда формаларын арттыру, экономиканы жүргізуді қалпына келтіру болып табылады.

Қаржы - өндірістік саясатты мемлекетпен келісе жүргізу жеке меншіктік бастамаға жан-жақты көмек. Қаржы - өнеркәсіптік топтар, трансұлттық компаниялар шаруашылық топтары ретінде нақты өндірушілер мен мемлекеттік құрылыстар арасында орта деңгейде қызмет атқарады. Өндірісті сақтап, дамуына қолайлы болатын жағдай жасайды, жаңа технология енгізеді.

Ресей мен Қазақстанның қаржы, өндірістік, шикізат, ғылыми мүмкіндіктері біріктіру тек экономикалық құлдыраудан сақтап қалмай, өз рыногын адал ниетсіз бәсекеден қорғайды. Кейбір деңгейлік дамуы жақын фирмалардың бірігуінің мақсаты мүлдем басқаша. Трансұлттық компаниялар бірлестігі –ең алдымен шикізат көздерін қолдану, арзан жұмысшы күшін пайдалану, рыноктарды бөлу, не болмаса жаулап алуға бағытталған. Соңғы кезде трансұлттық компаниялар дамушы елдерде өңдеу өндірісінде қатысуымен біріккен кәсіпорындар құру арқылы белсенді қызмет жасауда. Бұл жерде де капитал негізінен техникалық жағынан қарапайым, көп еңбек сіңіруді керек қылатын өнім шығаратын салаларға бағытталған. Бұл- автомобильдерді жинақтау, трактор, радио- техникалық аппарат және басқа да тауарлар өндіру. Жалпы, мұндай ынтымақтастық дамушы елдер экономикасына өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың қазіргі тәжірибесін меңгеру жағынан тиімді болуы мүмкін. Себебі, жоғары технологияларға қол жетпейді. Меншіктік ірі және күшті ұлттық компаниялардың ілгері елдердің фирмаларымен байланысы мен ғылыми-техникалық қарым-қатынасы нәтижелі болуы мүмкін. “Газпром” РАҚ мен неміс “Рур газ”, РАҚ “Газпром” мен белорустық “Азот” ЖШС (Гродно қаласы) арасындағы көпжылдық ынтымағы осының дәлелі. Кейінгі кездері үкімет орындарында, сонымен ішінде, Батыс елдерінде альянстерді құру өте кең орын алған, мысалы, РАҚ “Газпром” + “Шелл”, ОНЭКСИМ + “Бритиш Петролеум”, МАЗ+МАН. ДЭУ+Өзбек автотракторлық прицептер зауыты (Фергана қаласы), Ресей-Белорус мұнай компаниясы “Славнефть”, белорус автомобиль заводы + ярославль мотор жасау заводы.

Аталып өткен маңызды ынтымақтастық өндірістік- техникалық, қаржы байланыстардың әлемдік сипатына ғана емес, қор рыногына қатысушыларының бір -бірімен байланысына, арақатынасына сілтеу жасайды.

ТМД елдері алдындағы қарыздарды кәсіпорын акцияларымен жабу, осы елдердің кәсіпорындарының негізінде қаржы - өнеркәсіптік топтар құрылуын жеделдетуге өз көмегін тигізеді. Мұндай интеграциялық байланыс процестер Ресей, Украина, Қазақстан, Белорусь сияқты интеграция деңгейі жоғары елдерді қамтуы мүмкін.

Батыстың және Кеңес үкіметінің материалдық кешендерінің дамуы туралы талдау 1970-80 жылдары Кеңес дәуірінде құрылған ғылыми-өндірістік кешендер қазіргі кездегі ҚӨТ техникалық-қаржысымен көптеген ұқсастықтары бар деген қортынды жасауға алып келді. Бұл екі жағдайда да, ірі өндірістік бірлестіктері сөз болып отыр.

Қаржы-өндірістік топтар құрылуының Қазақстан үшін өнеркәсіптің маңызды бағыттарымен қатар, нақты мақсаттары бар. Олар:



  • Бәсекелес өнімдерді шығаруда технологиялық байланыстарды бекіту, әлемдік тәжірибеде қабылданған негізде даму;

  • Өнеркәсіпті инвестициялайтын жаңа жүйені құруға деген қажеттілік;

  • Рыноктық жағдайда өзі дами алатын қабілетті, бірлескен құрылымның пайда болуы;

  • Өнеркәсіптің инвесторларының коммерциялық банктер мен сауда фирмаларындағы қаржы активтерінің өсуі;

  • НИОКР саласы мен жоғарғы технологияларында құрылымдық, қаржы-инвестициялық дағдарыс;

  • Отандық өндірістердің сыртқы рынокқа өз бетімен шығу тәжірибесінің жетімсіздігі мен қиындығы;

  • Қазақстанда ішкі сауда рыногында басқа шетелдік өнімдерінің пайда болуы әсерінен өз еншісін жоғалтуы.

Қазақстанда қаржы - өнеркәсіптік топтар пайда болу процесі экономикалық, әлеуметтік салаларда дағдарыс тудыратын жағдайлардың алдын-алуына негізделуі керек.

Қазақстанда қаржы - өнеркәсіптік топтардың бірлескен жобаларын құрудың маңызды бағыттары:



  • Бірлескен бағдарлама жобаларын іске асыру;

  • Ресей мен ТМД арасында өзара тиімді байланыстарды ұйымдастыру;

  • Жаңа технологиялық байланыстарды қамту;

  • Бірлескен жобаларды өңдеп, іске асыру;

Ұлттық қаржы-өнеркәсіптік топтардың негізгі мәселесі – әлем рыногында Қазақстандық тауарлар бәсекесін тудыру, өндіріс жұмысының тұрақтылығын бақылау.

Экономикалық дағдарыс кезінде Қазақстанның өндіріс кешенінде өндірістік дамуы экономикалық мәселелерді шешуді талап етеді. Бұл даму “Дағдарыс тудырмайтын өлшемдер мен экономикалық реформалардың терең дамуы”, “1996-98 жылдары аралығындағы Қазақстандағы экономикалық реформалардың шұғыл бағдарламасы”, “2030 стратегиясы” бағдарламалары арқылы анаықталады.

Қазақстандағы өндіріс дамуының негізгі приоритетті бағыттары:


  • Энергетика, мұнай, жанармай кешендерінің әрі қарай дамуы;

  • Түрлі-түсті металдар, ауыр металлургия байыту, өңдеу, металлургия кешенінде ғылыми-техникалық табыстарды қолдану;

  • Машина жасау өндірістерін дамыту;

  • Рынокты азық түлікпен, халыққа қажетті тауарлармен қамтамасыздандыру;

  • өндірістік инфрақұылымның тиімді дамуы.

Осы приоритетті бағдарламалардан өндірістік кешендердің дауын экономикалық бірлестіктегі мәселемен бірге қарастыру керек.

Жанармай – энергетикалық кешен саласында жақын арада мынадай приоритетті бағыттары көзделген:



  1. шетел компанияларының көмегімен тез арада мұнай – газ кешендерінің дамуының (Теңіз, Королевский, Қарашығанақ, Жаңажол т.б.) негізгі мақсаты Екібастұздың КРЭС, ТЭЦ, Оңтүстік Қазақстандағы ТРЭС, Гурьевтің НПЗ, Павлодар НПЗ құрылыстарын аяқтау;

  2. Химиялық, химиялық емес өндірістерде оттегі шикізаттарын ішкі, сыртқы рыноктарда қатысуын жеделдету. Қажетті мөлшерде смола, пластмасс, синтетикалық каучук, химиялық заттар, сары фосфор, минерал тыңайтқыштарын, хром дайындау;

  3. Қара, түрлі-түсті металлургияда да труба өндірістерін ұлғайту, әлемдік рынокқа шығу.

  4. Машина жасауда, ауыл шаруашылығында, сұраныс рыногындағы, медицина және басқа да салаларда қажеттілігі жоғары технологиялы ғылыми-өндірістік потенциалдарды дамыту.

  5. Ұзақ мерзімді мақсат Қазақстан үшін шикізат өндірісін жоғары сапада дайындау.

ТМД пайда болуы осы мемлекеттер экономикасына қиындық жағдайда қалдырды. Республикада өндірістік даму жағдайларын анықтау, дұрыс жолға бейімдеу үшін оның қазіргі жағдайын зерттеген жөн. Тәуелсіздіктің алғашқы жылы Қазақстан үшін өте ауыр болды. Жалпы дағдарыс аса қатты жылдамдықпен өсуде. Өндірістік шығындардың құрылысы қалпына келуден қалды.

Қазіргі жағдайдағы негізгі мәселе – құрылыстық, бірлескен саяси қызмет жүргізу. Біріншіден өндірісті қаражатпен қамсыздандыру.

Экономиканың жөнге келуі, оның өсуі – бірлестіктердің жеткіліксіз белсенділігінде. Бірлестік сұраныстардың кемуі өндірістің азаюына, қаражаттың жоқтығына, инфляцияның жоғары деңгейде өсуіне байланысты. Бірлестік динамикасының азаюы, экономикалық дағдарыс кезінде, өндірістік динамиканың азаюынан асып түседі.

Салыстыру мақсатында:

Дамыған елдерде соңғы 40 жыл ішінде капитал салымы 38% кеміген жоқ, Японияда 30% жоғары, Оңтүстік-Батыс Азияда (Тайвань, Оңтүстік Корея, Малайзия) 31-40%, Сингапурда 45-48% болдыi.

Бірлестік активтердің азаюы инфляцияның жоғарылауына ғана емес сонымен қатар, қаржы жағдайына, инвестициялық сұраныстың аздығына, құрылыс, машина жасауда тыңғылықты жұмыспен қамсыздандырудың қиындығынан пайда болады. Құрылыстың екі саласы да экономика секторында бірлестіктің ең қолайсыздарының ішінде болады. Құрылыс саласында өндірістің кемуі мемлекеттік бірлестік іскерлігінің әлсіздігі, жекеменшік құрылыс бірлестігінің шектелуінде. Құрылыс түрлерінің көпшілік жағдайында, құрылысқа сұраныстың аздығы өндірістің құлдырауына әкеп соқтырады.

Өндіріс тәсілдердің құнсыздығы, төлем ақысының уақтылы төленбеуі нәтижесінен салаларда 25-40% дағдарысқа әкелді. Қаржыландырудың негізгі өндірістердің өз тәсілдері бар, бұл бірлестіктің 92-93% қамтиды.

Бюджеттік бірлестіктердің күрт кемуі, өндірістің дамуына ықпал жасамады, керісінше мемлекеттік сүйеністі халық шаруашылығының бар салаларында негізсіз қысқаруына соқтырдыii. Бірлестік құрылыстың қаңтар-маусым айында (1998ж.) капиталға қарап отырып, 1997жылы бюджетті қаржыландыру бірнеше мәрте өскенін көреміз.


2 кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет