Кіріспе 1 геологиялық БӨлім



бет18/23
Дата28.05.2023
өлшемі0.86 Mb.
#474411
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
диплом жумыс

3.2.2.2 Өндірістік шағын климат
Шағын климатты сипаттайтын көрсеткіштер:

  1. Ауа температурасы;

  2. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы;

  3. Ауа қозғалысының жылдамдығы;

  4. Жылулықтың интенсивтілігі;

Пульттер мен технологиялық процестерді басқару посттарында, есептеу техникасы залдарында міндетті түрде ауа температурасы 15-18 0С, салыстырмалы ылғалдылық 60-40 % және ауа қозғалысының жылдамдығы 0,1 м/с-тан аспауы керек. Басқа жұмыс орындарында микроклиматтың оптимальді нормалары белгіленген тәртіп бойынша салалық құжаттамаларға сәйкес болуы керек.
Жұмыс зонасындағы температура әртүрлі биіктікте және әртүрлі аймақта шекті нормадан аспауы керек.
Микроклиматтың оптимальді және шекті көрсеткіштерін орнату кезінде жыл периоды да ескерілуі керек, демек, салқын период кезінде жұмыс орнын радиациялық салқындатудан қорғау керек, ал жылы периодта күн сәулесінің тікелей түсуінен қорғау керек.
3.2.3 Техника қауіпсіздігі
Ұңғыма құрылыс циклы кезінде жүргізілетін барлық жұмыстар “Құрылыс нормалары және ережелері”, құжаттарына сәйкес жасалуы тиіс. Осы нормалар мен ережелерге сәйкес әр кәсіпорын жергілікті жағдайларға байланысты, әр мамандық иелеріне, жұмыс түріне байланысты өндірістік ереже жасауы тиіс.
Бұрғылау жұмыстарын қауіпсіз, адам және материалдық шығынсыз аз уақытта сәтті аяқтау үшін төмендегідей техника және өртке қарсы қауіпсіздік шараларын жүргізуіміз керек.
1. Бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін тек барлық тетіктері толық жұмыс істейтін бұрғылау қондырғысын пайдалануымыз керек. Мұнараны жан-жағынан тартып тұратын болат арқандар диаметрі, үзілуге беріктігі, бекіту орындары сол қондырғының техникалық құжаттарына сәйкес болуы тиіс. Бұрғылау қондырғысындағы электр тоғымен байланысты қондырғылар жерлендірілген болуы тиіс. Бұрғы қондырғысын монтаждап болғаннан кейін барлық қысыммен, салмақпен жұмыс істейтін тораптарды, жұмыс істеу кезінде күтілетін максималды салмақ пен қысымнан 1,5 есе көп салмақпен қысымға тексеруіміз керек. Өрт сөндіру құралдары тиісті өрт сөндіру тақтасында жұмыс жағдайында дайын тұруы керек.
Бұрғылау жұмыстарының алдында “бұрғылау жұмыстарын басқару” әкімшілігі, Госгортехнадзор, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау инспекторларынан тұратын арнайы комиссия жұмықа рұқсат беру туралы құжаттарға қол қоюлары тиіс.
Ұңғыманы бұрғылау кезінде көбінесе абайсыздан болатын бақытсыз жағдайлар, жұмысшылардың білімінің төмен болуынан, алаңғасарлығынан, ұқыпсыздығынан, жауапсыздығынан, тәртібінің нашар болуынан болады. Сондықтан осындай бақытсыз жағдайлардың болуын азайту үшін жасалатын шаралар, бұрғылауға қатысы бар барлық жұмысшыларды екі жылда бір рет қауіпсіздік және өртке қарсы ережелер бойынша емтихан тапсырып тұруы тиіс. Мұнай-газ атқылауы кезінде жасау керек іс-қимылдар туралы ережені жылына бір рет арнайы комиссия тексеріп тұруы керек.
Бұрғылау бригадасының әр жұмысшысы резина қолғаптарымен, арнайы көзілдіріктермен, респираторлармен, резинадан жасалған етіктермен, противогаздармен (егер ұңғымадан күкірт сутегі білінсе) арнайы индикатормен жабдықталуы керек. Ұңғымадан қосымша газдар шығатын болса оларды 100 м қашықтықта орналасқан факел арқылы жағып жіберу керек. Ұңғымадан жуу сұйығы арқылы сутегі білінуі басталса, оған бейтараптандырғыш қосу керек.
Бұрғылау үрдісі кезінде пайдаланатын жанар-жағармайлар жақсы бітелген сыйымдылықтарда және ол ұңғымадан 40 м алыс жерде орналасуы тиіс. Көмір негізінде жуу сұйығы қолданылса, айналым жабық жүйеде жүргізілуі тиіс.
Бұрғылау қондырғысының, сорап сарайының, баспалдақ, көпірдің үсті мұнай өнімдерімен, балшықпен бүлінсе, оны қатты қысымды ағын сумен жуу керек немесе құм себу керек.
Бұрғы қондырғысында жұмысшыларға алғашқы медициналық көмек керсету мақсатында тиісті дәрі-дәрмек болуы тиіс. Егер ұңғымадан кенеттен мұнай немесе газ атқылаулары бола бастаса, электр желілері, жүйелерін өшіру керек, от ұшқыны шығатын кез-келген қондырғыны тоқтату керек, өртке қарсы, әскери және медициналық отрядтарды шақырту керек. Ашық фонтанды тойтару үшін арнайы, апаттарды тойтару бригадалары шақырылады, қалған бұрғышылар бригадасы ұңғымаға жақындамай апаттың тойтарылуын күтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет