4.1 Ұңғыма құрылысы кезінде жұмыстарды ұйымдастыру............................
4.2 Ұңғыма құрылысының уақытын анықтау...................................................
4.3 Ұңғыманы бұрғылау және бекітудегі бағалаудың негізгі техника …….
экономикалық көрсеткіштерін жобалау......................................................
4.4 Ұңғыма құрылысына смета жасау...............................................................
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Ақшабұлақ аумағында пайдалану ұңғымасын орналастыру белгіленген. Оның жобалық тереңдігі – 2100 м., жобалық горизонт – төменгі визей ярусы
Ұнғыманы бұрғылау ОАО «Кен-Ай-Ойл» экспедициясы жүргізді. Ақшабұлақ аймағы әкімшілік жағынан Қызылорда облысында сырдария ауданына қарайды. Жұмыс істеу аймағы шөлейтті және жартылай шөлейтті аймағы болғандықтан соған сәйкес өзінің өсімдік және жануарлар әлемі бар. Ауданның рельефі жазық дала, тек орталық және солтүстік жағында құмды үйінділері бар.
Географиялық жағдайда кен орын алаң Торғай оипатының оңтүстігінде орналасқан алаңнан область орталығы Қызылорда қаласынна дейін 120км,
Қазіргі уақытта кен орнына қатынасу жүк машинасымен жеткізіледі.
1 Геологиялық бөлім
1.1 Кен орынның географиялық және экономикалық жағдайы
Географиялық орны бойынша Амангелді газ кешені Шу мен Талас өзендерінің арасындағы Мойынқұм кұмының оңтүстік-батыс бөлігі. Оған оңтүстік-батыс жағынан Кіші Қаратау жазығы ұласып Үлкен Қаратаудың бір бұтағына жалғасады.
Кен орнының географиялық координаттары: -44019/ о.е. 71004/ ж.ұ. Орогенді сипаттамасы бойынша Мойынқұм ауданы солтүстік-батыс бағытына қарай 20 м дейін көтеріліп созылған құмды белестермен
белгілі. Құм шекарасы оңтүстік және оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай жалғасқан, оны Талас өзені басып өтеді, өзен анғарларына мал айдалып бағылады. Мұндағы жер бедерінің абсолюттік межесі кен орнында +350 - +360 м ұлғайып, Тараз қаласының маңында +600м жетеді. Жазықтықтың оңтүстік жағы көтеріліп Тянь-Шаньға ұласады.
Су көзі болып артезиандық ұңғымалар мен құдықтар табылады. Су денгейі ұңғыма сағасынан 10-20м тереңдікте жатады. Дебиті жоғары (тәулігіне 45 текше метр), минералдығы 3-5г/л болатын палеогеннің сулы горизонты 60-220м. тереңдікте жатыр. Бұрғылау жұмысын сумен су ұңғымалары қамтамасыз етеді. Бұрғылау ерітіндісіне сазбалшық, кен орнының оңтүстік жағында 75 шақырымдағы Кеңес сазбалшық карьерінен жеткізіледі.Құрылыс материалдары ретінде пайдалынатын құм мен қиыршық тастар кен орнының оңтүстік-батыс жағынан 75км. жерде ағып өтетітін Талас өзені бойында жеткілікті. Бутобы тастар солтүстікке қарай 120км. жердегі Ұланбел селосында өңделеді.
Амангелді алаңынан оңтүстік-шығыстан (Жамбыл ГРЭС) солтүстік-батысқа қарай жоғары вольтті тоқ желісі (ЛЭП) өтеді. Елді-мекен сирек қоныстанған. Ең жақын елді-мекен Талас өзеннінің жағасына орналасқан Ойық селосы - кен орнынынан 70 шақырым, оңтүстікте. Халқының негізгі кәсібі мал шаруашылығы, қой шаруашылығы - каракөл өсіру.
Амангелді кен орнын, обылыс орталығы Тараз қаласын Ақкөл, Ойық, Ұланбел селоларымен байланыстыратын тас-жол басып өтеді. Кен орынның аумағында отын базасы жоқ. Жергілікті халық және кәсіпорындар отын ретінде, тасымалданып келетін тас көмір және сексеуілді пайдаланады. Климатының негізгі ерекшелігі қатаң-континентті, жазы ыстық(+400С), қысы суық, қары аз(-300С). Жылу-от жағу мерзімі 178 тәулік, (15-ші қазаннан 15-ші сәуірге дейін ).
Жел көбінесе солтүстік-шығысқа қарай соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |