Кіріспе 3 1-тарау


ІІ-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ



бет3/5
Дата15.06.2016
өлшемі1.11 Mb.
#137167
1   2   3   4   5

ІІ-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазіргі кездегі жастар мен әлеуметтік жұмысының барсы

Жастардың әлеуметтік проблемалары жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемалардың көрінісі мен жалғасы болып табылады. Жастардың әлеуметтік проблемалары – бұл қоғамның өмір тіршілігі (білім, еңбек, бос уақыт және т.б.) үшін және де, жастар үшін де өмірлік маңызды, халықтың ерекше әлеуметтік – демографиялық топтың спецификалық (өзгеше) проблемалары, жас ұрпақтардың және олардың ұйымдарының жігерін ғана емес сонымен қатар қоғам мен мемелекет тарапынан нақты саясатты талап ететін шешімдер болып табылады.

Жастар арасындағы әлеуметтік жұмыс табыстылығының маңызды шарты болып, жастардың әлеуметтік проблемаларының туындау «деңгейін» анықтау табылады.

Ең алдымен әлеуметтік қызметкерлер мынадай екі мәселеге назарларын аудару керек: мектепте оқуын жалғастырып жатқан жасөспірімдер еңбегі және орта мектеп түлектерін жұмыспен қамту.

15-29 жас аралығындағы азаматтардың жалпы саны – 3 787 700 адам, немесе жалпы халық санының 25,7% -ын құрайды.
1-кесте. 2001-ші жылмен 2004-ші жылдар халық құрылымындағы жастардың үлесі,% (15-29)


Жылдар

2001

2002

2003

2004

Халықтың жалпы саны,%-бен

100%

100%

100%

100%


Жастар үлесі

24,7

25,0

25,4

25,7


*Агафанов А.Н, Менлибаев К.Н. Социальная работа с молодежью: Учебное пособие.-Караганда: Издаетльство КарГУ, 2003г.

Сонымен, жоғарыда көрсетілген кестеден халық құрылымында жастар санының ұлғайғаны көрінеді. Дегенмен, жастар санының өсуі регрессивті сипатты процестер есебінен болып отыр.


2- Кесте. Жастық топ бойынша жас халықтар саны (мың адам)





2001ж

2002ж

2003ж

2004ж

2004ж-2001ж %-бен

15-29

1431,4

1418,0

1418,7

1374,3

96,01

20-24

1288,2

1307,6

1293,6

1251,0

97,11

25-29

1153,9

1150,4

1152,7

1162,4

100,73

Жоғарыда көрсетілген 2-Кесте бойынша 15-19 жас аралығындағы қазақстандықтардың жалпы саны 5642,4 адам. «Орта» (20-24) жас тобы 5140,4 адамды құрайды. Бұл топтағы жас халықтар саны 15-19 жас аралығындағы халықтар санымен салыстырғанда 502 адамға кем.



25-29 жас аралығындағы топтар 4619,4 жас қыздар мен ұлдарды құрайды. Ең төмен көрсеткіш осы топтағы жас халықтар санынан байқалады. Яғни, 20-24 жас тобы аралығындағы халықтар санымен салыстырғанда-521 адамға кем, ал 15-19 жас тобы аралығындағы халықпен салыстырғанда – 1023 адамға кем екенін көре аламыз.

Жастарды негізінен келесі проблемалар қатты ойландырады: жоғары немесе орта білім ала алмау; өз отбасын материалдық жағынан қамсыздандыру қиындықтары; өз мамандығы бойынша жұмысқа қамтылу мәселесі; баспананың болмауы. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай дәл осы қиын шешілетін мәселелер жиынтығы отбасы ішілік келіспеушіліктердің пайда болуына, олардың тұрақсыздығына алып келеді.

1994 жыл 2004 жыл
1-сурет Жастардың білім деңгейі, %
Республика экономикасында 1205,8 мың жастар жұмыспен қамтылған, немесе олар жалпы халықтың 28%-ын құрайды. Сонымен бірге 15-24 жас аралығындағы жастардың үлесі – 50,5% және 25-29 жас аралығындағы жастардың үлесі – 49,5%. Жұмыспен қамтылған жоғарғы және аяқталмаған жоғарғы білімі бар жастар үлесі- 17,1% -ды құрайды, орта мамандар – 27,1%-ды және жалпы орта білімді жас азаматтар – 44,3% -ды құрайды. Ауыл, орман және балық шаруашылық секторларында 356,8 мың жастар жұмыспен қамтылған (жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 29,6%-ын құрайды), өнеркәсіпте және құрылыста – 189,5 мың (15,7%), ал қызмет көрсету саласында – 659,1 мың (54,7%) жастар жұмыспен қамтылған.

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлер - әлеуметтік қамсыздандыру, білім, жұмыспен қамту қызметі және әскери салаларда жұмыспен қамтылған


3-Кесте. Халықтың жас ерекшелігі мен саны

пайызбен





Халықтың орташа республикалық санының пайыздық көрсеткіші

2000ж

2001ж

2002ж

2003ж

2004ж

Барлық халық

100

100

100

100

100

Соның ішінде жас еркшілігі бойынша,жыл:

1 жасқа дейін



1,6


1,5


1,5


1,4


1,4


1-4

7,3

1,5

6,5

6,1

5,8

5-9

10,6

6,9

10,0

9,7

9,3

10-14

10,3

10,5

10,7

10,8

10,7

15-19

9,2

9,3

9,4

9,6

9,8

20-24

8,4

8,5

8,6

8,7

8,8

25-29

7,4

7,6

7,7

7,8

7,9

30-34

7,7

7,4

7,2

7,1

7,1

35-39

8,0

8,1

8,0

7,9

7,6

40-44

6,5

6,7

6,9

7,1

7,4

45-49

5,4

5,6

5,7

5,8

6,0

50-54

2,8

3,0

3,5

4,1

4,7

55-59

4,8

4,4

3,7

3,1

2,6

60-64

3,1

3,4

3,8

4,1

4,2

65-69

2,9

2,7

2,4

2,2

2,2

70-тен жоғары

4,0

4,0

4,4

4,5

4,5

2004 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі халық саны 1,5%-ға, 1-4 жас аралығындағы халық саны 3,4%-ға, 5-9 жас аралығындағы халық саны 1,3%-ға, 30-34 жас аралығындағы халық саны 0,6%-ға, 35-39 жас аралығындағы халық саны 0,4%-ға, 55-59 жас аралығындағы халық саны 2,2%-ға, 65-69 жас аралығындағы халық саны 0,7% -ға кеміді.

Ал, 10-14 жас аралығындағы халық саны 0,4%-ға, 15-19 жас аралығындағы халық саны 0,6%-ға, 20-24 жас аралығындағы халық саны 0,4%-ға, 40-44 жас аралығындағы халық саны 1,1%-ға, 45-49 жас аралығындағы халық саны 1,6%-ға, 50-54 жас аралығындағы халық саны 2,1%-ға, 60-64 жас аралығындағы халық саны 1,1%-ға және 70 жастан жоғары жастағы халық саны 0,5%-ға 2004 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ұлғайған. Және де осы кестеден көріп отырғандай халықтар арасындағы ең үлкен өсім 10-14 жас аралығында байқалады.

Қазір Қазақстан Республикасы аумағында 3527000 отбасы тұрады. Еліміздегі қазіргі жағдай отбасы жағдайын шиеленістірді. Көптеген отбастарында әлеуметтік қызметтерді іске асыру шарты – репродуктивті, экзизтенциалды мәндегі және балаларды алғашқы әлеуметтендіру күрт төмендеді. Алаңдатушылықтың басқа бір себебі аборт процентінің жоғары болуы. Аборттан кейінгі өлім – ана өлімінің жоғарғы коэффициентіне қатысты негізгі себептердің бірі.

Тек орыс әйелдері емес, сондай-ақ қазақ әйелдері арасында да жас айырмашылығына байланысты бала туу деңгейінің нақты төмендеуі байқалады. 2003 ж. мәліметтері бойынша қазақ әйелдерінің бала туу жасының мөлшері нақты алғанда, 35 жасқа дейін ақталады: бала туудың 90,9% 35 жасқа дейінгі аналар. Орыс әйелдерінің бала туу жасының мөлшері негізінен, 30 жасқа таман аяқталады. (барлық туудың 84,1% 30 жасқа дейінгі).

Қазіргі кезде қазақстандық әйелдері көпшілік жағдайда, бір екі бала туумен ғана шектеледі, сондықтан халық санын көбейту үшін отбасы жалпы санының жартысынан көбі үш және одан да көп балалы болуы керек. Тек қаланың емес, сондай-ақ ауылдық жердегі әйелдер де баланы аз туатын болды. Бала тууды саналы түрде шектеу, негізінен бала туу барынша қабілетті жастағы әйелдерде байқалады. Осыған байланысты әйелдер мен балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау аса өзекті проблема болып қалады.

2001 жылы неке саны 145686, ал ажырасу саны 41567 болса, 2004 жылы неке саны 96048, ажырасулар 35460, яғни халықтың неке-6,4, ажырасу-2,4 болған. Яғни, 4 жыл ішінде неке саны қысқарған, егер жылдармен салыстырсақ, онда ажырасудар саны қарқынды өсуде.

Некеге тұрушылар санының қысқаруы байқалады. 2000 жылы халықтың 1000 адамына 6,4 неке, 2002 жылы 9,8 неке қиылған, яғни осы мерзім ішінде некелік 1,7 есе кеміген.

Әрине, әлеуметтік қызметкер жеке отбасы мен оның мүшелерінің барлық мәселесін шешпейді, ол әлеуметтік топқа туындаған қиыншылықтарды өз бетінше жеке білуге көмектесу мақсатында, иек ынталандырып немесе оңтайландырады. Бұл жағдайда отбасы мәселелерін шешуде отбасы мүшелерінің шын мүдделілігі, сол сияқты әлеуметтік қызметкер ықпал етуге қабілетті өз бетінше шешім қабылдауға дайындығы орасан зор роль атқарады.

Қазақстанда Республикасында жастарды әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік қызметтер жұмыс атқарады.

Әлеуметтік қызметтер жұмысының бағыттары:


  • психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеумеметтік, заңдық көмекті жүзеге асыру және кәмілетке толмағандар мен басқа да жастар өкілдеріне консультациялар беру;

  • өздерінің тәни кемістіктеріне байланысты ерекше қолайсыз жағдайларда қалған адамдарға әлеуметтік көмек;

  • жас отбасыларына әлеуметтік көмек;

  • еңбек және оқу ұжымдарында жастарды құқықтық қорғау;

  • мінез-құлқы девиантты кәмелетке толмағандарға, қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмаған азаматтарға әлеуметтік көмек;

  • құқықтық насихат, жастардың жұмысқа орналасу, білім беру және кәсіптік даярлау, бос уақытын өткізу, туризм және спорт салаларындағы құқықтарын іске асыру мүмкіндігі туралы оларды хабардар ету;

  • жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу болып табылады.

Мелекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасында жастардың әлеуметтік құқықтары:



  1. заңдарына сәйкес мемлекеттік медициналық мекемелерде тегін медициналық қызмет көрсетілуіне;

  2. мемлекеттік оқу орындарында тегін жалпы орта білім және бастауыш кәсіптік білім алуға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде тегін жоғары және орта кәсіптік білім алуға;

  3. жергілікті мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша жеңілдікті жағдайларда мемлекеттік спорттық-сауықтыру және мәдени-ағарту ұйымдарына баруға;

  4. құқықтық, психологиялық, педагогикалық мәселелері, сондай-ақ отбасылық және жыныстық тәрбие мәселелері бойынша консультациялар түрінде әлеуметтік қызмет көрсетулерді; мүгедектерді, әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және т.с.с. оңалту жөніндегі қызмет көрсетулерді тұтынуға;

  5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға әлеуметтік құқықтары бар.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрибиесін дамытуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлуетін ашу мақсатында жүзеге асырылады.


2.2 Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін талдау

Еліміздегі мүгектер мен мүмкіндігі шектелген адамдар мемлекет тарапынан арнайы көмекті қажет етеді, себебі олардың физикалық, психикалық, интеллектуалдық мүмкіндіктері олардың қоғамда дұрыс өмір сүруіне кедергі жасайды. Осы мәселелерге байланысты Қазақстанда мүгедектерді оңалту мәселесі қолға алынды.

Қазақстанда 388,7 мың мүгедектердің барлық категориялары, соның ішінде 211 мыңы әйелдер, 49,1 мыңы 16 жасқа дейінгі балалар, 58,8 мың бала күнінен мүгедектерді құрайды. Соңғы жылдары мүгедектердің санының өсуі тенденциясы байқалады, алғашқы мүгедектік төмендеген. Бұл ерте мүгедек реабилитациялау төменгі деңгейде екенін көрсетеді.


2-сурет 1999-2002 жылдар аралығындағы мүгедектер динамикасы


Сонымен бірге бірінші рет мүгедек көрсеткіш ішінде еңбекке қабілетті жастағы мүгедектер үлесі тұрақты түрде өсіп келеді. 2002 жылы бұл сан 86 %-ды құрады, 1999 жылмен салыстырғанда 4,9%-ға өскен (4-ші кестеде көрсетілген).

4-кесте Бірінші рет мүгедектік көрсеткіштері (жылдың басына)






1999ж

2000ж

2001ж

2002ж

1

2

3

4

5

Бірінші рет мүгедек болып танылғандардың жалпы саны, мың адам

55,1

49,7

46,1

40,8

1000 адамға шаққандағы мүгедектер саны

3,5

3,3

3,1

2,8

1

2

3

4

5


Алғашқы мүгедектік топтар бойынша, мың адам

- І топ мүгедектер саны

- ІІ топ мүгедектер саны

-ІІІ топ мүгедектер саны


5,9


33,1

16,1

4,9

27,5


17,3

4,8


25,3

16,0

4,6

23,8


12,4

1

2

3

4

5

Алғашқы мүгедектік жынысы боынша бөлу, мың адам

  • әйелдер

  • ерлер

22,5


32,6

20,5


29,1

18,9


27,2

-

-



Алғашқы мүгедектікті тұрғылықты жеріне байланысты бөлу, мың адам

  • қалалық жер

  • ауылдық жер

32,1


23,1

28,5


21,1

26,1


19,9

-

-



Мүгедектердің еңбекке қабілеттігіне байланысты саны, мың адам

44,7

41,6

39,6

35,14

Жұмыс істеуші мүгедектердің саны, мың адам

14,7

10,9

8,9

8,7

Алғашқы мүгедектер үлесіндегі еңбекке жарамды жастағы мүгедектердің саны, %-бен

81,1

83,7

85,9

86,0

*Көздері: Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі, ҚР әлеуметтік қорғау мен еңбек министрлігі
Берілген сандар мүгедектер санының ары қарай өсуі халықтың дені сау өсімінің әлеуметтік қауіпті төмендеуге, елдің еңбек ресурстарының өсуіне әкеліп соғуы мүмкін.

Мүгедектің еңбекке жарамды халық ішінде дамуы әлеуметтік-экономикалық, медициналық-демографиялық және экологиялық факторлар өсуіне әсер етеді, еңбекті қорғаудың томен деңгейі, сонымен бірге медициналық қызметтің жоғары құны мен төмен сапасы өз үлесін тигізуде.


3


жалпы ауырудан мүгедектік

мамандық және еңбек жарақаттары салдарынан мүгедектік

бала күнінен мүгедектік

басқа да себептер

-сурет Мүгедектіктің негізгі себебтері
Мүгедектің негізгі себептері – 18,6 %-ы қанайналым органдарының ауруына байланысты, екінші жаман сапалы пайда болулар – 14,1%, үшіншіден психикалық шалдығулар 12,1%, төртінші әртүрлі жарақаттар – 11,9%-ды құрайды, мамандық жарақаттары мен еңбек салдарынан сырқауға ұшырау мүгедектіктің ел бойынша 1,3%-себебі болып табылады.
5-кесте Алғашқы мүгедектік себебтерінің динамикасы (жыл басына)


Мүгедектік себебтер

2002ж.

2003ж.

2004ж.

Жалпы ауру-сырқаулар

46417

41560

38118

Еңбектегі жарақаттану

656

516

479

Профессионалды сырқау

163

111

111

Жастайынан мүгедектік

6424

6518

5524

Қазақстандағы мүгедектердің жылдамдығы 13%-ын 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар құрайды. Республикада қазіргі 49,1 мың мүгедек-балалар тұрады, олар 16 жасқа дейінгілер және 58,8 мыңы жастайынан мүгедектер.

Мүгедектіктіктіңбалалардың арасында күрт өсуі елдегі экологиялық жағдайдың төмендеуіне байланысты, яғни өндірістік қоқыстардың ана мен бала денсаулығына әсері, сонымен бірге медициналық қанағаттарлықсыз бақылау болып отыр.
6-кесте Мүгедектерге берілетін мемелекеттік жәрдемақылардың көлемі,теңге


Мүгедектер категориясы

І-топ

ІІ-топ

ІІІ-топ

1

2

3

4

  • Жалпы сырқаттан, еңбек және профессионалдық жарақаттан болған мүгедектік

  • Әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарындағылардың төтенше жағдайдан қызметін атқаруғу байланысты мүгедек болғандар

7АЕК


7210

4,5АЕК


4635

3АЕК


3090

  • Жастайынан мүгедектер

7АЕК

7210


5АЕК

5150


4АЕК

4120


  • Жедел әскери қызмет өтушілер ішінен мұгедектер, жаралану, контузия, жарақаттану, сырқаттану әсерінен болғандар

  • Ядролық объектілерде қауіп-қатерге, авария, жағдайында қатерді жою кезінде мүгедек болған тұлғалар

  • Төтенше экологиялық жағдайларда, соның ішінде радиациалық әсер, ядролық жарылыс сынақтар кезінде мүгедек болғандар




9АЕК


9270


6,5АЕК


6695

5АЕК


5150

  • әскери қызметкерлер ішінен мүгедектер жаралану, контузия, сырқат алу әсерінен мүгедек болу және ішкі істер органдарында қызмет бабында мүгедек болғандар

16АЕК


16480

10,5АЕК


10815

7АЕК


7210

16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

4АЕК

4120


4АЕК

4120


4АЕК

4120

Мемлекеттік жәрдемақылардан бөлек мүгедектер жергілікті өкілеттіліктер мен атқарушы органдардан жергілікті бюджет есебінен қосымша алуы мүмкін:


  • мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша тұтынушылар бағасын индексі өсуіне сәйкес;

  • жалғыз басты мүгедектерге басқа біреудің көмегін қажет ететіндерге қосымшалар;

  • демалыс емделу органдарда емделуге жеңілдіктер.




Мүгедектерге мемлекеттің әлеуметтік жәрдемақысының орташа көлемі

өмір сүруге қажетті ең төменгі төлем






4-сурет 1999-2002 жылдар арасындағы мүгедектер динамикасы

Мүгедектердің 8%-ы ғана жұмыс істейтіндер екенін ескерсек (6-кесте) қалған жұмысқа қабілетсіздер мен жұмыссыздар қазіргі күнгі жеткілікті түрде ауыр жағдайда екен.




Барлығы

І-топ

ІІ-топ

ІІІ-топ

Бірінші рет мүгедек болып танылғандар,адам

4820

4581

23842

12397

Алғашқы мүгедектігі жұмыс істейтіндер үлесі %

21,2

14,5

21,3

23,7

Қайта мүгедек болып танылғандар

130771

6552

76860

47359

Қайта мүгедек болып танылғандар ішінде жұмыс істейтіндер үлесі %

3,7

06

09

8,6

Жалпы мүгедектер санындағы жұмыс істейтіндер үлесі %

7,9

6,3

5,8

11,7

Қазақстандағы мүгедектер тап болатын проблемалардың ішінде, келесі негізгі топтарға бөлуге болады:



  • жұмыспен қамтылудағы қиындықтар, мүгедектерді қамту сферасындағы дискриминациялау;

  • білім алудағы шектеулер және әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандырудағы шектеулер;

  • мүгедектерді реабилитациялауда денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын төмендегі мен жеткіліксіз көлемі;

  • мүгедектерді тұрғын үйлерге қол жеткізе алмады;

  • елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысудың әлсіздігі.

Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау. Мүгедектерді мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 2005 жылы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», ҚР 1999 жылдың 5 сәуірдегі № 365-1 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі, асыраушысынан айырылу және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», 2002 жылдың 11 тамызындағы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық және педагогикалық түзету және әлеуметтік қолдау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 29 желтоқсан № 1758 «Мүгедектерді 2002-2005 жылдарға оңалту бағдарламасы» Қаулысымен және басқа нормативтік актілермен өткізілуде.

Мүгедектерге мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек жәрдемақылар, протез-ортопедиалық заттар және аяқ-киіммен қамтамасыз ету, арнайы шрифтпен басылған баспалармен, дыбысты үлкейтетін аппаратуралар және синтезаторлармен, техникалық компенсаторлар және басқа да реабилитациялау құралдарын қамту, интернаттық мекемелерде бағу түрінде беріледі.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен жергілікті атқарушы органдары мен жергілікті бюджет құралдары ішінде қосымша мүгедектерді әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру, соның ішінде мемлекеттік жәрдемақыға қосымша төлеу, жалғыз басты мүгедектерге күтім көрсетуге мемлекет тарапынан қосымшалар, санатория-курорттық елдерге жеңілдік беру.

Елде мүгедектерге медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуде 72 үй -интернаттары жұмыс істейді, онда 16,5 мың жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз мүгедектер тұрады, соның ішінде 2,9 мың мүгедек балалар (7-кесте).


7-кесте Мүгедектерге арналған интернат-үйлері (жыл соңына)





2001ж

2002ж

2003ж

2004ж

Интернат үйлеріндегі орындардың жалпы саны, мың

16,7

16,5

16,5

17,0

Қарттар және ересек мүгедектерге арналған интернат үйлері

Интернат үйлерінің саны

51

52

53

56

Орындар саны, мың

13,5

13,4

13,4

13,9

Тұрып жатқандар саны, мың адам

11,8

12,2

12,9

13,6

Мүгедек балаларға арналған интернат үйлері

Интернат үйлерінің саны

17

17

17

17

Орын сандыры, мың

3,2

3,1

3,1

3,1

Тұрып жатқандар саны, мың адам

2,9

2,7

2,7

2,9

*Көздер: Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі, ҚР әлеуметтік қорғау мен еңбек министрлігі
Мүгедек балалар, отбасында тұратын жалпы білім беру мектептерінде оқуға мүмкіндігі жоқ болғандықтан, психологиялық-медициналық консультация қарттар мен 3160 үйде оқытылады жалғыз басты қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарды әлеуметтік қолдау үшін үйде әлеуметтік көрсетудің 327 бөлімшесі жұмыс жасайды, 32,7 мыңға қызмет көрсетіледі, олардың 7 мыңнан астамы мүгедектер.

Мемлекеттік тапсырысты орындау шегінде жыл сайын республикалық бюджеттен мүгедектермен ардагерлерді сауықтыруға құралдар бөлінеді. Сауықтырулар бойынша қызметтерді Алматы қаласындағы «Ардагерлер» республикалық пансианаты, Павлодар облысындағы «Мойылды» санаториясы, Шығыс Қазақстан облысындағы «Ақжайық» және Бурабай курорттық зонасында орналасқан «Жеке-Батыр» қызмет көрсетеді. Мүгедектерді реабилитациялаудың кешенді құру үшін қоғамның жан-жақты интеграциялауы мүмкіндігін жасау үшін Қазақстан Республика үкіметінің 2001 жылы 29 желтоқсандағы № 1758 «Мүгедектерді 2002-2005 жылдардағы оңалту бағдарламасы» бекітілді. Бағдарлама мүгедектерді реабилитациялау жүйесін құруға бағдарланған, өмір сүру жағдайына қарамастан мүгедектік деңгейін төмендету жағдайын қамтамасыз ету.

Балалар мүгедектігінің алдын алу үшін Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық-педагогикалық түзетуді әлеуметтік қолдау туралы» Заңы бекітілді. Заң әлеуметтік медициналық-педагогикалық түзетудің формалары мен әдісін анықтайды. Ауытқулары бар балаларды айқындау, медициналық, арнайы білімі және әлеуметтік қызмет көрсету, реабилитациялық орталықтар ашу, түзету кабинеттерін ашу, тәрбиелеу, оқыту, еңбек сыйақыларымен байланысты проблемаларды шешу, мүмкіндігі шектеулі балаларды профессорларды дайындау, мүгедектіктің алдын алу болып табылады.

2010 жылға дейін елдің дамудың стратегиялық жоспарында дамуында авытқулары бар балаларды орта кепілдендірілген білім беру конституциялық қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты қойылған. Арнайы білім беру органдарының дамуымен қатар, ондай балаларға елде қарапайым мектептерде оқыту тәжірибесі қолданылатын болды, оқушылар ішінде үйренісіп кетуге жағдайлар жасалады, слнымен бірге балаларды яғни қарап және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқтарға дистанциондық оқыту енгізілмек.



Мүгедектерді қолдау жөніндегі мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі (МЕҰ). Қазақстанда барлық халық ішінде ең әлсізге жататын МЕҰ қорғауындағы мүгедектер. 200 МЕҰ-дың 90-ға жуығы мүгедектермен тікелей жұмыс істеуге біріккен (60%), жанама мәліметтер бойынша осы жұмыстарды үздіксіз жүргізуді: Бірақ қаржыландыру қызметтегі көлемі, мүгедектерге МЕҰ арқылы көрсетеді, және оны бағалау қиынға соғады.

Мүгедектерге МЕҰ құрудың заңды базасы Қазақстан Республикасының «мүгедектерді әлеуметтік қорғау» туралы заңымен жүзеге асырады, 48-бап бойынша «мүгедектердің құқығын қорғау, мүддесін ескеру, өзара қолдау көрсетуді атқарушылар қөоғамдық бірігулер құруға құқығы бар, соның ішінде әртүрлі Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген әртүрлі қорлар.

Сонымен республикада республикалық мүгедектер қоғамдарымен олардың облыстық бөлімшелері, Қазақстандық соқырлар қоғамы, Ести алмайтындардың Қазақстандық қоғамы республикалық мүгедек әйелдерді қорғау «Бибі-Ана» қоғамы, әлеуметтік адаптациялау және профессорлады еңбектік балалар мен ауытқулары бар жасөспірімдерді реабилитациялау. Центр-Сатр, «Кеңес», «Лига», «Ақбота», яғни мүгедектермен психофизакалық дамуында ауытқулары бар балаларды қорғау, мүгедек балалар ата-аналардың аассосиайиясы, «Қазақстан мүгедектері» мен мемлекеттік емес ұйымдар заңды тұлғалардың бірігуі тағы басқа жатады.

Көпшілік мүгедектерді біріктіруші мекемелер өздерінің жеке меншік мекемелерін аша отырып, мүгедектерді жұмыс орнымен қамтуға тырысады. Мысалы: соқырлар қауымдастығында бірнеше көп жүйелі мекемелкр бар. Көзі көрмейтін мүгедектер, түймелер, металл үлгілерін, қыстырғыштыр, қақпақтар, тығындар, тігін үлгілерін, қолғаптар және тағы басқа заттар жасап шығарады. Құлағы естімейтіндер қауымдастығында талдарды өңдейтін мекемелері бар, олар жиһаз шығарады. Психофизикалық дамуы бұзылған мүгедектер мен балаларды қорғайтын «Ақ-бота» лигасы өзінің қорғауындағыларды бау-бақшамен қамтыған.

Мекемедегі мүгедектердің жалақысы жоғары емес, бар болғаны 7-8 мың теңге. Кей кездері жалақы мүлдем төленбейді, орнына гуманитарлық көмек беріледі – киім, азық-түлік. Мүгедектер мекемелері жиі рентабельдік емес болып тұрады. заңнамада мынадай норма тұрақтанған. кәсіпорындарда салықты төмендету льготын тек қана 50%-дан жоғары мүгедектер жұмыс істейтін мекемелер алады. Бірақ тәжірибеде көрсеткендей, егерде мекемеде 35%-ға жуық мүгедектер жұмыс істейтін болса, ол мекеме рентабельді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда мүгедектерді біріктіруші 200-ден астам ұйымдар бар. Олардың өзара келіспеушілігі қазірше өте төмен, бірақ мүгедектердің нақты құқығын сол қалпында қалдыру және қорғау тенденциясы қалыптасуда. Мүгедектердің жағдайымен айналысатын көпшілік мекемелер білім алу жөніндегі конституциялық құқығын қорғауға, мүгедек балаларымен орта және жоғары білім алуға тырысады. Мүгедек әйелдер қоғамы «Бибі-Ана» және мүгедек балалар ата-аналар ассосиациясы (АРДИ) көп эффективті болып табылады. Осылайша «Бибі-Ана» заң бойынша тұрақтанған льготты жеңіп, 200-ден астам мүгедек балалардың жоғары оқуға түсуіне көмектесті. Мүгедек балалардың ата-аналар ассосиациасы (АРДИ) күнделікті мүгедек балалармен емдеу және оқыту сабағын жүргізуде (5 пен 20 жас аралығында).

Еңбек қабілетінен айырылған жағдайда қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру және әлеуметтік сақтандыру проблемасының шешімін табу үшін «Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау Тұжырымдамасы» әзірленді. Еңбек қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау келесі құрылымды енгізуді көздейді. Бірінші деңгей – бюджеттің есебінен азаматтарға бірдей жәрдемақылар беру (әлеуметтік қауіптердің түрлеріне қарай).

Екінші деңгей – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен ресми сектордың қызметтеріне зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін қосымша төлемдер жасау немесе сақтандыру төлемдері үшін негіздер болған жағдайлардың тоқтатылуы. Әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төленетін төлемнің мөлшері белгілі бір уақыт аралығындағы орташа жалақының, аударымдардың ұзақтығы мен еңбек қабілетін жоғалтудың дәрежесіне немесе асырауындағы жандардың санына қарай орын басу коэффициентіне сүйене отырып есептеледі.

Еңбектегі міндеттерін орындау кезінде жазатайым немесе кәсіптік сырқаттың нәтижесінде еңбек қабілетін немесе асыраушысын жоғалтқан жағдайда сақтандыру ұйымдарынан төленетін төлемдер түріндегі қосымша әлеуметтік қорғау қарастырылады (үшінші деңгей).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет