Кіріспе. Аңшылық алқаптарды жіктеу Аңшылық алқаптар типологиясының мақсаты мен міндеттері



бет4/4
Дата03.07.2016
өлшемі308.5 Kb.
#174246
1   2   3   4

1. Азықтың түрлері

2. Қоректің сапасы

Аңшылық жануарларына қажетті азықтарға толық мінездеме беру үшін, олардың құрамына қандай түрлі азықтар енеді және оны сапалық қасиеттерін жете білу керек. Азықтар екі топқа бөлінеді органикалық және минералдық азықтар.

Органикалық топқа өсімдік және жануар тектес азықтар енеді. Өсімдік тектес азықтар: ағаш және бұтақты тұқымдастардың тұқымы жемісі, жидектер, саңырауқұлақтар, ағашты-бұтақты азықтар (қабықтар, тармақтар, қылқан жапырақтар, жапырақтар, бүршіктеі сырғалар, гүл шоғырлары) шөптес өсімдіктер, балдырлар, мүктер және қыналар. Жануар тектес азықтар екі топқа жіктелінеді: омыртқалы және омыртқасыз жануарлар. Омыртқалы жануарлар тобына кебінесе (көлемі) кішкентай топтар - тышқан түрлес кеміргіштер, кішкентай сүтқоректілер, құстар, балықтар және бауырымен жорғалаушылар. Омыртқасыздарға - шыбын-шірке құрт-құмырсқа, бақашақтар, құрттар енеді.

Жабайы аңдарға азықтандыратын азықтардың маңызына қарай негізгі, қосымша және аздау манызды топтарға бөледі. Жыл кезеңі бойы аңшылық жерде азықтар түрі өзгеріп отырады. Көптеген жазғы азықтар түрі андар рационына күзде-қыста және ерте жазғытұрда енбейді. Осыған байланысты, жыл кезеңіне қарай мынадай топты азықтар жіктелінеді: қыстық, жазғытұрлық, жаздық, жаздық-күздік және күздік-қыстық болып. Кейбір азықтар (қылқан жапырақ, бұта ағаш қабығы, бүршік) жыл бойы тұрақтыланып қалса, керісінше ағаштын бұтақтың және шөптес есімдіктердің тұқымы, жемісі, жидегі және жануар тектес азықтар жыл сайын өзгеріп ауытқып тұрады. Осы себептен шартты түрде азықтарды тұрақты, аздап ауытқыйтын және күшті аутқыйтын деп үшке бөледі.

Минералдық азықтар - бұл әртүрлі минералдық элементтерінің тұзы. Жануарлар рационында олардың қатысуы өте қажет. Минералдық заттардың жетіспеушілігі тұрақты болуы мүмкін, ия болмаса белгілі бір кезеңде (қыста). Азықтар құрамындағы минералдық заттардың мөлшері аңшылық алқаптың сапасына байланысты және жыл кезеңдері бойынша ауытқуы әжептәуір.

Құнсыз, сапасыз топырақты жерде өскен өсімдіктер бойында олардың мөлшері өте аз болады. Осы себептен кейбір жағдайларда жануарлар минералдық аштыққа кезігеді. Күзгі-қысқы кезеңде ағашты-бұтақты тұқымдастарда минералдық тұздардын және органикалық затардың мөлшері жоғарлайды, дегенмен еске алатын жағдай жануарлар рационына жазғы шөптес өсімдіктерімен енетін минералдық затар қосылмайды.

Азықтардың сапасын бағалағанда көңіл бөлетін жағдай, олардың қоректік заттарының құндылығы және ағзада игерілу дәрежесі.

Көптеген өсімдік тектес азықтардың жалпы қоректілігі және витаминділігі күзге қарай жоғарлайды. Азықтардың қорынан аңшылық алқаптың аңға тығыздығы байланысты болады.

Өсімдік тектес азықтармен азықтанатын аңшылық жануарларды ғылыми тұрғыда азықтандыру, азықтардың химиялық құрамын талдау және аң мен құстардың әртүрлі азықтарды толық жеуге бейімделуіне байланысты. Дегенмен осы уақытқа дейін бұл проблема әлі толық іздестірілген жоқ. Ол біріншіден әртүрлі азықтардың химиялық құрамы өте күрделігімен, екіншіден өсімдіктер жүйесінің өзіне тән азықтың өзгерістігіне байланысты.

Өсімдік тектес азықтардың химиялық құрамын талдауда ғылыми ізденістің негізгі бағдарламасы, олардын компоненттерін (азықтың энергетикалық қоректілігін сипаттайтын, яғни белок, май, көмірсу, минералдық элементтер) анықтау. Дегенмен, азықтың химиялық құрамындағы компоненттер арқылы аңдардың өсімдіктерді таңдап жеу факторларын объективті түрде толық түсіндіруге болмайды. Мысалы, көп жағдайда судың мөлшері еске алынбайды, тұяқты малдар азықты талдауда және қыста өсімдіктерді қосымша азық ретінде пайдалануда судын маңызы өте зор.

Азықтық өсімдіктердің сапалылығын бағалауда, құрамындағы белоктың, майдың, көмірсудың, минералдық элементтердін және судың мөлшері өте қажет екенін ескеру қажет. Ан шаруашылығында көптеген жағдайлар азықтардың ағзаға кері әсерін тигізу факторы тәжірибеде есептелінбейді, атап айтқанда ас қорыту жүйелеріне, жүрекке, қара бауырға, бүйрекке, жыныс ағзаларына. Мұндай заттар қатарына алколоидтар, глюкозидтер, флавоноидтар, терпендержатады және олардың мал өсу және көбею процессінде тигізетін әсер жоқтың қасы. Дегенмен, бұл заттар өсімдіктерді фитофагиттермөі жеуден сақтайтын химиялық көрсеткіштер болып есептелінеді жәні көптеген ғылыми ізденістер бойынша, аңдардың әртүрлі азықтарға тән бейімделуін қамтамасыз ететін факторлар қатарына кіреді.

Өсімдіктердің улылығын анықтайтын көп тараған әдістін бір қарапайым жәндіктердін ағзасын пайдалану арқылы жүргізілетін биологиялық тесті әдісі. Бұл әдістің мәні, парамецияның әртүрлі өсімдіктер ағзасының су экстракциясында сезіну реакциясы жағдайы Бұл сияқты бір клеткалы ағзалар, күйіс малдарының зат алмас процессіне қатысады, осы себептен азық дайындау саласынд уландандыруды талдау үшін кең қолданылады.

Ол дегеніміз, бұл әдісті аңшылық шаруашылығынд пайдалынылатын азықтарды да талдауға қолдануға түгелдей боладь Зерттеу деректері бойынша кейбір қылқан жапырақты және гүл; өсімдіктердің сулы экстракциясында парамецияның өміршіліктігін ұзақтау болғаны көрсетілген. Кеміс құбылысты реакция болуының және парамецияның өлу уақытын белгілеп, өсімдіктердің әртүрі органдарындағы улы заттар мөлшерін анықтаған. Алынған нәтижеі аңның әртүрлі өсімдіктерді таңдап жеуімен түсіндіреді. Көптеген қылқан жапырақты өсімдіктерді талдаудан өткізгенде, парамецияны тез өлгені, яғни оларда улы заттардың мөлшері өте кеп болған әңгімеленеді. Яғни бұл өсімдіктерге екінші метаболиттік заттарды түзу қасиеті тән. Улы заттар мөлшерінің дәрежесі сібір қарағайында және май қарағайында аз, керісінше сібір бал қарағайында және шыршада өте көп. Сол сыяқты екінші метаболиттік заттар қарағайдың қылқан жапырағында және жас бұтақтарында аз деген ғылыми деректе кездеседі. Алайда, өсімдіктердің жаздық сынамасында тест-ағзалар тезірек келсе, қыста алынған сынамаларында біртіндеп барып өлген. Қыстық кезеңде екінші метаболитті - терпенді заттардың түзу процессі баяулайды деп тұжырым жасаланған.

Алынған нәтижелерді, ағаш ішінде жайғасатын аңдарды азықтану ерекшелігімен салыстыра келіп, көп жағдайда улы заттар мөлшерінің өте жоғары деңгейде болуы, өсімдіктердің вегетативті органдарының азықтық бағалылығын төмендетуінде ешқандай күмән жоқ. Шыршаның және бал қарағайдың нашар желінуі маралға, елікке және бұланға тән, өйткені олар көбінесе қылқан жапырақтыларды жеуге бейімделген. Олардың вегетативтік органдарын саңырау құр, құр және шілдер азық ретінде аз пайдаланады, ал пайдалані жағдайда көбінесе күзде жейді, яғни олардың құрамындағы у заттардың мөлшері азайған кезде. Бұлайша айтқанда олар кейбір кездейсоқ жағдайда ғана жейді.

Мысалы, бұландарға тәжірибе жүргізіп азықтандырғанда, олар небәрі тәулігіне 60 г. шыршаның қылқан жапырағын жеген.

Осы себептен аңшылық алқаптын көптеген аудандары шыршамен және бал қарағаймен аздап жамылғаны түсінікті де. Олардың фитомассасының көптеген бөлшектері улы заттарға бай болуынан, жануарларға азық бола алмайды. Сібір майқарағайы да аңшылық аңдардың, азықтар тізімінде көп кездеспейді. Сібір майқарағайының қылқан жапырақтарын және жас бұтақтарын бұғы, зубр (домбай бұқа), құндыз және саңырау құр азық ретінде сирек пайдаланады. Ал сібір қарағайының қылқан жапырақтары және жас бұтақтары сібір майқарағайымен салыстырғанда улылық қасиеті төмен, дегенмен олар тек қана саңырау құрлардың қыстық азықтар тобына ғана енеді.

Кәдімгі қарағайды және аршаны, басқа қылқан жапырақтылармен салыстырғанда тұяқ тұқымдас аңдар жиі жейді. Олар: елік, бұғы, ақ қояндар. Ал негізгі азық ретінде тек қана бұланның және саңырау құрлардың рациондар құрамына кіреді. Кейбір жағдайларда бұл азықтарды жеке аңдар артық көретіні байқалған.

Дегенмен, кәдімгі қарағайдын және аршаның бұталарын, маманданған фитофагтар қыстық кезеңде вегетативтік органдарының улылық қасиеті төмендегенде, яғни негізгі азықтар түрі тіпті азайғанда ғана еріксіз жейді. Олардың қылқан жапырақтарын және жас бұтақтарын аңдар еріксіз және аз көлемде жейтіні, әрбір ағзаның улануаға қарсы тұра алатын қасиетінің дәрежесімен байланысты. Қарағайдың вегетативтік органдарын көп жеген жағдайда, физиологиялық стресстен басқа, аңның өліуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Тұқымы жабық тұқымдас ағаштарды тексергенде де, олардың құрамындағы екінші метаболитті заттар мөлшері бірдей емесі дәлелденген. Кылқан жапырақтыларға қарағанда, олардың құрамындағы екінші метаболитті заттар мөлшері әжептәуір алшақ: таниндер, фенолдық қоспалар, алкалоидтар және т.б. Бұл заттардың қосылып тест-ағзаға әсерін тигізуін зерттей келе, олар шетеннің, талдың, көк теректің вегетативік органдарының экстракциясында көптеу өмір сүріп, ал ит жүзімнің, еменнің, қайыңның және үйеңкінің экстракциясында өліп қалғанын тұжырымдаған. Шетен, тал, көк терек болса тек кептеген тұяқты аңдардың азығы ғана болмай басқада өсімдік тектес жануарлар азығы.

Шетеннің жас бұтақтары қыста және жазғытұрлық кезеңдерде саңырау құр, құр, шілдер үшін маңызы өте зор. Көк терек жапырақтарының күздің басында саңырау құр рацион құрамында үлесі жоғары. Қыстық кезеңде көк теректердің жас бұтақтары бұланға, бұғыға, құндызға және ақ қоянға негізгі азықтардың ресурсы болып саналады. Ит жүзімі, емен, қайың, үйеңкі ағаштар бұтақтарын тұяқты аңдар ылғый жемейді, сол себептен негізгі азықтар қоры жетімсіз болғанда, қосымша азықтар ресурсына жатқызылады.

Қайын бұтақтарын көп жеу солтүстік аймақта ғана кездеседі, өйткені қақаған қыста негізгі азықтар қоры өте аз. Оңтүстік аймақта да онын вегетативтік органдарын жеу онша мәзді емес, бұланға, таңбалы бұғыға, сүр қоянға қосымша азық ретінде саналады. Өсімдік тектес жануарлардың әртүрлі азықтарды жеуге бейімделуін, аңшылық шаруашылық тәжірибесінде аңшылық алқаптардың сапалылығын бағалауда пайдалануға болады, туралап айтқанда олардың сиымдылық қасиетін бағалауда.

Аңшылық алқаптарының сиымдылығы деген түсінік, аңдар мекен ететін жерді мінездеуде, азықтар ресурсы ретінде және аңдад популяциясының емірсүргіштігін бейнелеуде маңызы зор керсеткіш.



Аңшылық алқаптарда неғүрлым улы өсмдіктер ауданы аз болсаі солғүрлым аңдар көп мелшерде фитомасса алады және олардың популяцияларының оптималды тығыздығы да жоғары болады.

Аңшылық алқаптағы азықтар қорын бағалауда, олардың қолайлығын есептеу манызы ертеден белгілі. Дегенмен, азықтық ресурстың қолайлығын, аңдарға теориялық қажетті көлемі жағынан ғана есептелмей, ондағы фитомассаның сапасы да ескерілуі қажет. Соңғы жылдары, азықтық ресурстың сапасын өсімдіктің әртүрлі органдарындағы улы заттар мөлшерін анықтау арқылы бағалауды нұсқау етеді. Мұны биотехниялық шаралар жүргізгенде және аң шаруашылығын құруда әдістемелік нұсқау ретінде пайдалануға толық болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет