Кіріспе автокөлік ұйымдарындағы материалдық ресурстар



бет4/8
Дата10.02.2023
өлшемі45.38 Kb.
#469385
1   2   3   4   5   6   7   8
курсавой Аязбек Ерман

2.1. Қазіргі заманғы Ұлттық көлік инфрақұрылымын құру және дамыту


Өзара байланыстырылған және бірін-бірі өзара толықтыратын элементтердің технологиялық және пайдаланымдық-сабақтас жүйе ретінде ұлттық көлік инфрақұрылымы мемлекеттік реттеу мен басқарудың тұтас объектісі ретінде қаралады. Оны қалыптастыру мен дамыту жөніндегі негізгі міндеттер: 
көлік кешенінің жекелеген секторларының дербес және қатар жұмыс істеуінен оларды дамытудың тұжырымдамалық жағынан бірыңғай стратегиялық моделіне, республикалық және аймақтық деңгейдегі қызметін үйлесімді жоспарлауға көшу
Қазақстан Республикасының магистральдық транзит-көлік коммуникацияларының халықаралық тәжірибені ескере отырып, оларды кешенді басқаруды, ұстауды және дамытуды қамтамасыз ете отырып, бірыңғай көлік дәліздерін қалыптастыру
көлік кешенінің барлық секторларының қазіргі көлік желілерінің техникалық және технологиялық деңгейлерін арттыру; 
түр аралық технологиялық және ұйымдастырушылық оңтайландыру, өміршеңдігін қамтамасыз ету және пайдалану жүйелерін ұтымды біріктіру және бірлестіру есебінен көлік инфрақұрылымының жұмыс істеу ресурс сыйымдылығын төмендету; 
мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды жеткізу үшін ішкі мұнай құбырларын салу
Ресей бағытындағы экспорттық құбырларды қайта жаңарту; 
Батыс Қазақстаннан Қытай және Иран бағытында мұнай құбырларын салудың перспективалық жобаларын әзірлеу болып табылады. 
Бірінші кезекте: 
1) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу және орындауға қабылдау
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұйықталған және аймақаралық қатынаста оңтайландырылған темір жолдар желісін құру жөніндегі жобалау-іздестіру және құрылыс жұмыстарын аяқтау; 
3) Ақтау портын қайта жаңартуды аяқтау
4) құбыр көлігін дамытудың көп векторлығын жалғастыру қажет. 
Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту тікелей қаржылай қолдау, инвестицияларды мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз ету, көлік кешенінің даму болжамдарын ескере отырып, дәліздерді кешенді дамытудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларын және т.б іске асыру арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет