Кіріспе Қазіргі заманда білім беру мекемелерінде адамдар көп болады, олардың көбісі өрт болған кезде істейтін іс-шараларын біле бермейтін жас өспірімдер және бұл мекеме адамдар жаппай келетін объектке жатады


Нысананың жедел-тактикалық мінездемесінің сараптамасы



бет12/25
Дата14.04.2022
өлшемі1.07 Mb.
#456683
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Білім беру

3 Нысананың жедел-тактикалық мінездемесінің сараптамасы


3.1 ЖГТУ ғимаратының жедел-тактикалық сипаттамасы

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті мекен-жайы: Жамбыл облысы Тараз қаласы, Д.Қонаев көшесі бойында орналасқан. Ғимарат 5 қабатты, 2-дәрежелі отқа төзімді. Құрылыстың жалпы ауданы - 17402,9 м2 құрайды. Биіктігі 16,5 метр. Фундамент бетонды. Сыртқы, ішкі, капиталды қабырғалары – темір-бетонды блоктардан. Ғимараттың сыртқы қабырғасы сары-көк түсті керамограниттен. Аражапқыштары – темірбетонды панельдер. Шатыры біріккен, үш қабатты руберойдты ұсақ таспен жабылған. Едендері – керамикалық плиткалар, линолеум. Қабырғаның ішкі жағы – майлы краска, кафель. Коридорлар шатырының ішкі жағы: жанғыш ДВП негізінен жасалған. Ғимаратта 2 саты торы бар.


Жобамен алдағыда бояумен жасау жұмыстарының ведомостьтарына сәйкес кірпішті қабырғалар мен арақабырғалардың сыламасы қарастырылады. Вестюбль қабырғалары құмды кірпішпен қапталған. Санитарлы тораптарда және жуыну бөлмесіндегі қабырғалар глазурланған плиткамен сыланған.
Бөлмелердегі, асхана залындағы едендер – паркетті. Санитарлы түйіндер мен желдету камераларында – керамикалық плитка.
Бірінші қабаттағы вестюбль мен коридор едендері бетонды, мозайкалы. Қалған бөлмелерде – линолеум.
Жоба ҚНжЕ “Өртке қарсы талаптар” Жобалаудың негізгі талаптары”, ҚНжЕ “Қоғамдық ғимараттар”. Жобалаудың негізгі талаптарындағы өртке қарсы талаптарға сәйкес орындалған.
Ғимарат ІІ от төзімділік дәрежелі.
Корпуста сыртқа шығаты екі саты торы орналасқан.
Сумен жабдықтау бөлімімен ішкі өрт сөндіру бойынша іс-шаралар қарастырылған.
Ғимарат кірпішті етіліп жобаланған.
Ғимараттың кеңістікті қаттылығы жабынды дискілерінің біріктірілген жұмысымен, сырқы және ішкі кірпішті қабырғалар мен саты торларының қабырғаларымен қамтамасыз етіледі.
Ауыртпалықтардың барлық коэффициенттері мен ауыртпалықтары ҚНжЕ талаптарына сәйкес қабылданған.
Фундаменттер сыртқы және ішкі қабырғаларға ленталы және I.IIЕ-1 сериясы бойынша темірбетонды блоктардан жинақты қабылданған.
Сыртқы қабырғалар құмды кірпіштен, пластикалық престеуден, ішкі жабындысы бос денелі кірпіштен жасалынған.
Ішкі қабырғалары –құмды кірпіштен, ішкі жабындысы бос денелі кірпіштен қабылданған.
Аражабқыштары – темір-бетонды плиталардан жасалынған.
Саты торы - плиталар темірбетонды элементтерден.
Гидроизоляция – битумды мастикадағы руберойдтың 3 қабатынан.
Жылу көзі ішкі: жалпы қалалық су жылытқыш қазандық арқылы.
Жылумен қамтамасыз ету торабының ішкі жылу тасымалдағыштары – су 150-70 С параметрлерімен.
Жылыту мен желдетуге жылу шығыны су өлшегішпен және жылу түйінінің термотрлерімен ескеріледі.
Жылу жүйесінен құбырөткізгіштерді енгізу орталық жылу түйініне берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет