Кіріспе б І бөлім. Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салудың экономикалық мәні


Қазақстан Республикасында патент қатынастарын жүзеге асыратын органдар



бет2/3
Дата25.02.2016
өлшемі314 Kb.
#22277
1   2   3

2.3. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын жүзеге асыратын органдар.

Барлық елде патент ведомствосы деп аталатын патент жүйесін құрайтын аса ма ңызды мекеме мамандандырылған мемлекеттік ұйым болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 18 маусымдағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанынан ұлттық патент ведомствосы (Қазпатент) құрылды. Егемен Қазақстанның қалыптасуының бүкіл кезеңінде қайта құруларды бастан кешірді. Басқару органдары бір-біріне қосылып, бір орталықтан басқарыла бастады. Қазақстан экономикасында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын органдардың бірі саналатын Қазпатент бұдан сырт қалған жоқ. Ол бұрынғы өнеркәсіп және сауда, экономикалық және сауда, энергетика, индустрия және сауда министрлігінің құрылымына агенттік болып енді, кейін патенти және тауар таңдалары жөніндегі дербес республикалық мемлекеттік кәсіпорынға айналды.

2000 жылғы қыркүйекте ол ҚР Әділет министрлігі құрамына енгізілді. 2001 жылғы наурыздан бастап ҚР Әділет министрлігінің Интеллектуалдық меншік құқығы жөніндегі комитеті, сондай-ақ оған бағынатын Қазақстан патенттік сараптама институты (КИПЭ) құрылд. Сөйтіп, қазір де бұл комитет Қазақстанның ұлттық патент ведомствосы болып табылады, ал оның сараптама жұмысын КИПЭ атқарады.

Біздің елімізде интеллектуалдық меншікті құқықтық қорғау саласында арнайы құзыретті бас мемлекеттік орган, өзгеше айтқанда, Қазақстанның патенттік ведомствосы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интеллектуалдық меншік құқықтары жөніндегі комитет болып табылады. Ол 2001 жылдың 29 наурызындағы ҚР Президентінің «ҚР құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы № 536 бұйрығына сәйкес қабылданған ҚР Үкіметінің 2001 жылдың 29 наурызындағы № 411 «ҚР Әділет министрлігінің интеллектуалдық меншік құқықтары жөніндегі комитет сұрақтары» қаулысымен құрылды.

Бұрын әрекет еткен құзыретті органдар мен ұйымдар – патенттік ведомство қызметін атқарған ҚР Әділет министрлігінің патент және тауар таңбалары жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын мен бұрынғы ҚР Әділет министрлігінің авторлық құқықтары жөніндегі ведомство орнына біртұтас жаңа интеллектуалдық меншік жөніндегі комитет келді.

Аталған комитетпен қатар, бұл саладағы құқықтық қатынастардың жаңа субъектісі пайда болды. Бұл жоғарыда аталған ҚР Үкіметінің № 411 қаулысымен құрылған бұрынғы патенттік сараптама институты. Бұл ұйымға мына қызметтер жүктелген:



  • өнеркәсіптік меншік объектілеріне (өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауарлардың шығарылған жерлерінің атаулары) өтінімдер қабылдау, осы өтінімдерге сараптама жүргізу және өтінім берілген өнеркәсіп меншігі объектілерінің қорғау шарттарына сәйкестігін анықтау;

  • селекциялық жетістіктерге өтініштерді және интегралды микротәсілдер топологияларын тіркеуге өтінімдерді қабылдау, осы өтінімдерді бекітілген талаптарға сәйкестігіне сараптама жүргізу;

  • тіркелген өнеркәсіп меншік объектілерін, селекциялық жетістіктер мен интегралды микротәсілдер топологиялары реестрін жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу;

  • қорғау құжаттарына сараптама және өнеркәсіптік меншік объектілерін, селекциялық жетістіктерін және интегралды микротәсілдер топологияларын қорғау мәселелері бойынша ресми бюллетеньдерді жариялауҮ

  • Патенттік кооперация туралы Шарт пен Еуразиялық патент конвенциясы мен Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне сәйкес қызметтерді жүзеге асырумен байланысты халықаралық өтінімдерге сараптама жүргізу.

ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 756 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интеллектуалдық меншік құқықтары жөніндегі Комитетінің интеллектуалдық меншік институтының Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын құру» туралы қаулысымен бұрынғы КИПЭ функциялары қысқартылған атауы «РГКП НИИС» жаңа институтына жүктелді.

Яғни, сараптама органдарына РГКП НИИС – ті, ал ғылыми-ақпараттық органға – Қазақстандық мемлекеттік ғылыми-техникалық институты (КазгосИНТИ), Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананы жатқызуға болады.

Патенттік кітапхана патент жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады, себебі өнертапқыштар мен өзге субъектілердің шығармашылық қызметі ақпараттық ресурстарсыз мүмкін емес. Патенттік сараптама жүргізу үшін де адамзаттың өнеркәсіптік меншік объектілерінің бәріне қатысты білім саласындағы жетістіктерін есепке алу қажет.

Мемлекетте патенттік кітапхананың болуы Париж конвенциясына қатысу үшін міндетті шарт болып табылады. «Одақтың әрбір мемлекеті өнеркәсіптік меншік істері жөнінде арнайы қызмет пен қоғамның өнертабысқа патенттермен, пайдалы моделоьдермен, өнеркәсіптік үлгілермен және тауар таңбаларымен танысу үшін орталық қойма құруы тиіс».

Біздің елімізде патенттік кітапхана қызметін көпсалалық кітапхана, техникалық және онымен сабақтас ғылымдар саласында мамандандырылған әдістемелік-библиографиялық орталығы болып табылатын Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана (РҒТК) табылады.

РҒТК құрамында 1965 жылдан патентттердің «орталық қоймасы» қызметін тікелей атқарған Республикалық патенттік қор (РПҚ) әрекет ететін. Қазіргі уақытта РПҚ-да әлемнің 50 мемлекетінен және үш халықаралық аймақтық патент ұйымдарынан 21 млн данадан астам құжат жиналған.

Авторлық құқық сияқты патент құқығы мәні бойынша адамның интеллектуалдық, шығармашылық қызметі нәтижесін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Бірақ, авторлық құқыққа қарағанда, патент құқығы адам шығармашылығының тек ғылыми –техникалық саласына ғана қатысты. Сонымен қатар, ғылыми қызмет өнімдері ғылыми зерттеулердің нәтижелерінқолданудың аспектілеріне қатысты болғанда ғана, патенттік құқық объектісі бола алады.

Интеллектуалдық меншік объектілері арасында өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер сияқты интеллектуалдықшығармашылық қызмет нәтижелері маңызды орын алады.Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылған жердің атауымен бірге олар «өнеркәсіптік меншік объектілері» жалпы атауымен қамтылады. Бұл Қазақстан Республикасының аумағында да таралатын 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының 1-бабымен бекітілді.

Патенттік қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттері егжей-тегжейлі реттелгенімен ерекшеленеді. Авторлық құқықпен салыстырғанда, объектіні тіркеу мен өнертабыс жасалғаннан кейін алғашқы патент құқықтарын бекіту нысандалумен ерекшеленеді. Себебі, бірегей болып табылатын әдебиет немесе өнер туындыларына қарағанда, өнертабыс қайталануы мүмкін. Бұл өнеркәсіптік үлгілер үшін маңызды болғанымен, патенттеу объектілері нысанымен емес, үлкен коммерциялық құндылыққа ие мазмұнымен бағалы. Патенттік қатынастардың үлкен коммерциялизациясына өзге тұлғаға толық немесе бөлшектеп берілуі мүмкін патентиеленушінің құқықтары көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Патент Заңы Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына енуіне және ұлттық заңнмада Интеллектуалдық меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім «ТРИПС» талаптарының көрініс табу қажеттілігіне, сондай-ақ Азаматтық кодекстің жалпы және ерекше бөлімдерін қабылдауменбайланысты қабылданды. Оның мәтіні Азаматтық кодекс және басқа қазіргі заңнама терминдерімен сәйкестендірілді, алайда патент жүйесінің әрекет ету қағидалары өзгермеді.

Патенттік құқықтық қатынастар күрделігімен ерекшеленеді, құқықтық нормаларды дұрыс қолдану және патенттеуді жеңілдету мақсатында патенттік ведомство нұсқаулық-әдістемелік ақпараттар жариялайды.

1993 жылдың 16 ақпаныпда қабылданған өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Қазақстан Республикасының Декларациясына сәйкес Республика аумағында құқықтық қатынастарды реттейтін төрт маңызды халықаралық конвенция әрекет етеді, олар:




1

1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы;

2

1891 жылғы 14 сәуірдегі Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі;

3

1967 жылғы 14 шілдедегі Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымы конвенциясы;

4

1970 жылғы 19 маусымда қабылданған Патент кооперациясы туралы келісімшарт;

5

1995 жылдың 5 қарашасынан бастап еліміздің аумағында 1994 жылдың 9 қыркүйегінде Мәскеуде қол қойылған Еуразиялық патенттік конвенция әрекет етуде.


ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салуды жетілдіру.

3.1. Қазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салуды жетілдіру жолдары.

Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық заңнаманың бір бөлігі ғана емес, кей жағдайларда ұлттық заңнамаданда басым түсетін бірқатар халықаралық келісімдер, шаоттар, конвенциялар іс әрекет етуде.

1993 жылы 16 ақпанда қабылданған өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Қазақстан Республикасының Декларациясына сәйкес Республика аумағында өнеркәсіптік меншік саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін төрт маңызды халықаралық конвенция әрекет етеді, олар:



1

2

3

4

5

1967 жылғы 14 шілдедегі Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымы конвенциясы.

1970 жылғы 19 маусымда қабылданған Патент кооперациясы туралы келісімшарт.

1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы.

1891 жылғы 14 сәуірдегі Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі.

1995 жылғы 5 қарашасынан бастап еліміздің аумағында 1994 жылдың 9 қыркүйегінде Мәскеуде қол қойылған Еуразиялық патенттік конвенция әрекет етуде.

Бұл халықаралық келісімдердің асалуына өткен ғасыр бойы ұлттық заңнамалардағы айырмашылыққа байланысты өнеркәсіптік үлгіні қорғау құқығын бір уақытта бірнеше елде алу қиындығы себеп болды. Сонымен қатар, қорғау құжатын алу үшін өтініштер бір елде жариялануын болдырмау үшін және өзге елдерде өнертабыстың жаңашылдығын айырмау үшін, барлық мемлекеттерде бір уақытта берілуі тиіс.

Өткен ғасырдың екінші жартысында көптеген мемлекеттер өнертабысты қорғау жүйесін жамсады, сонымен бірге, мемлекетаралық технологиялық айырбас дамып, халықаралық сауда өсті. Өнеркәсіптік меншік туралы заңнаманы халықаралық деңгейде унификациялау қажеттігі туындады.

Париж конвенциясы өнеркәсіптік қорғау саласындағы халықаралық көпжақты әмбебап шарт болып саналады.

Өнеркәсіптік меншік объектілеріне байланысты мәселелерді реттейтін негізгі халықаралық келісім болып табылады. (1-тарау). Конвенцияның басты мақсаты - өнертабыстар , өнеркәсіп үлгілерін патенттеуде және бір мемлекет фирмалары, ұйымдары мен азаматтарына өзге мемлекеттерде тауар белгілерін тіркеуде артықшылықты жағдайлар жасау.

Конвенцияға 1883 жылдың 20 наурызында Парижде қол қойылды. Кейін ол 1900, 1911, 1925, 1934 жж. Конвенцияларда, ал соғыстан кейінгі жылдары, 1958 жылы Лиссабонда және 1967 жылы Стокгольмде қайта қаралып, толықтырылды.

Қазақстан Республикасы аталған конвенцияға 1993 жылдың 16 ақпанында қабылданған Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Қазақстан Республикасының Декларациясына сәйкес қосылды.

Аталған Конвенцияның 1,3-баптарына сәйкес конвенция мүшелері өнеркәсіп меншігін қорғау жөніндегі Халықаралық Одақты (Париж одағы) құрайды. Оған Ресей, Украина, Беларуссия т.б. сияқты 105 мемлекет мүше.

Мемлекет қай баспаны ратификациялағанына сәйкес, әр түрлі мүше мемлекеттер үшін конвенция түрлі баспаларда әрекет етеі. КСРО Париж конвенциясына 1965 жылдың 1 шілдесінен бастап барлық баспаларына қосылды, ал оның Стокгольмдық мәтінін 1968 жылдың 19 қыркүйегінде ратификациялады.

Артықшылыққа құқық негіз болатын бірінші өтініш күніне дейін үшінші тұлғалардың алған құқықтары Одаққа мүше әрбір мемлекеттің заңнамаларына сәйкес қорғалады.

Артықшылық мерзімін есептеу күні болып табылатын бірінші өтінім Одақтың тиісті мемлекеттегі бірінші өтінім объектісіне келесі өтінім есептелуі тиіс. Келесі өтініш берілген күніне дейін алғашқы өтінім жариланбай қайтарып алынса, қозғаусыз қалдырылса немесе одан бас тартылса, сонымен қатар, оған қатысты ешқандай құқықтар жүзеге асырылмаса және артықшылыққа құқықтық негіз болмаса, сонда ғана бірінші өтінім артықшылыққа құқық негізбола алмайды.

Алғашқы өтініш негізінде артықшылықтар қолданғысы келетін кез келген тұлға өтінімді берген күнін және жасалған мемлекетін көрсетуге тиіс.

Одақтың ешқандай мемлекеті өтініш беруші бірнеше артықшылыққа, сонымен бірге, әр түрлі мемлекеттерде бекітілген артықшылыққа үміттелуі негізінде немесе бір не бірнеше артықшылыққа ие өтініште артықшылық сұратылып отырған өтініш немесе өтініштерде көрініс таппаған элементтерге қатысты – кейінгі өтініш беру қалыпты жағдайдағы артықшылық құқығын туындатады.

Париж конвенциясы оған мүще мемлекеттің біреуінде беріліп, өзге де мемлекеттерде әрекет ете алатын халықаралық патент жасауды көздемейді. Өнертабыс Халықаралық Одақтың қандай болмасын мемлекетінде патенттелмеген болса, онда ол ешқандай сыйақы төленбестен еркін қолданыста бола алады. Сол сияқты конвенция халықаралық тауар белгісін жасауды өзіне мақсат етпейді.

Париж конвенциясының негізгі принциптерінің бірі болып ұлттық режим принципі табылады. Конвенция өнеркәсіп меншігін қорғауда берілген мемлекеттің заңнамасы бойынша өз азаматтарына берілетін немесе болашақта берілуі мүмкін дәрежеде оған мүше кез келген мемлекеттің азаматтары мен фирмаларына беруді көздейді. (2-бап). Одаққа мүше мемлекеттердің біреуінде тұрғылықты жері немесе әрекет етуші және шынайы өнеркәсіптік немесе тұрғылықты жері немесе сауда ұйымы бар Одаққа мүше емес мемлекеттердің азаматтары Одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарымен теңдестіріледі.

Аталған мемлекеттердің азаматтары осы конвенциямен қорғалады және өзінің азаматтарына қатысты талаптарын сақтамаса, онда олар өз құқықтарын заңмен көрсетілген қорғау құралдарын қлодануға мүмкіндік алады. Алайда, қорғау талап етілетін мемлекеттерде тұрғылықты жердің немесе ұйымның болуы туралы шарттар өнеркәсіп меншік құқықтарын қолдану үшін алғышарттар ретінде одаққа мүше мемлекеттің азаматтарына қойылмайды.

Өнеркәсіп меншік туралы заңдардың негізінде сақталуы тиіс өнеркәсіп меншігіне құқықтарға қатысты Одаққа мүше мемлекеттердің әрқайсының заңнамаларының ережелері соттық, әкімшілік процедураларға және соттық, әкімшілік органдардың құзіреттеріне, сонымен бірге, тұрғылықты жерді таңдау немесе іске сенімдіні тағайындауға қатысты қатынастарды реттейді.

1891 жылғы «Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы» Мадрид келісімі қазіргі уақытта тауар белгілерін қорғауда аумақтық қағидасын жеңуге бағытталған негізгі халықаралық шарт болып табылады. Қазақстан Республикасы бұл келісімге 1993 жылы қосылды. Бұл келісімнің мәні - интеллектуалдық меншік халықаралық бюросында (Женевада) тіркелген тауар таңбасы келісімге қатысушы мемлекетте ол жерде тікелей өтінім бергендегідей, қорғау алады. Бұл Мадрид келісімінің барлық қатысушы мемлекеттерде тауар таңбасының біртұтас құқықтық режимін құрмайтындығын көрсетеді, тек тауар таңбасын әрбір елде тіркеу қажеттілігін болатын, көптеген елде қорғау алу процедурасын жеңілдетеді. 1996 жылдың 1 сәуірінен бастап келісімге қатысушы мемлекеттердің бәрінде әрекет ететін біртұтас қорғау құжатын алу мүмкіндігі пайда болды.

1891 жылы Мадридте қабылданған Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу туралы келісім жағдайды жақсартуда маңызды қадам болды. Келісімге сәйкес шығындар құнын елеулі түрде төмендетуге көмектесетін қатысушы мемлекеттердің барлығында танылатын ұлттық және халықаралық тіркеу үшін біртұтас тауар таңбасын ьеру мүмкіндігі ашылды. Алайда Мадрид келісімінде ақаулықтар да болды. Біріншіден, ол қабылданған кезде елдердің көбісінде тіркеу таңбаны зерттемей – ақ өткізілетін. Бұл факт келісімінің бірқатар ережелерінде көрініс тапты. Ең алдымен, тіркеудің екі кезеңді процесі туралы ережелерінде: алдымен ұлттық, кейін халықаралық деңгейде, таңбаның егжей – тегжейлі зерттелуі өтетін немесе оның тіркелуге дейін тәжірибелік қолданылуы міндетті мемлекеттен өтінім беруші тиімсіз жағдайға ұшырайды. Екіншіден, ұлттық тіркеу инстанцияларының тіркеуден бір жыл ішінде ғана бас тарта алу фактісі тауарды зерттеуге берілетін мерзімді тыңғылықты жұмыс жүргізу үшін өте қысқы етеді. Үшіншіден, ұлттық қызметтегі тіркеу жөнінде қызмет құнының төмендігі өтімнің дұрыс зерттелуін жүргізуге кеткен шығындарды қамти алмайды. Төртіншіден, алғашқы тіркеу еліндегі тіркеуді жарамсыз деп тану барлық мемлекеттерде тауар таңбасының жарамсыздығына алып келетін бірорталықтандырылған шағымдану жүйесі таңбалардың шағымдануы жиі болатын мемлекетердің өтінім берушілерін қанағаттандырады. Осыған байланысты тауар таңбаларымен қамсыздандырылған ең үлкен тауар нарығы бар АҚШ Мадрид келісіміне кірмейді.

«Патент кооперациясы туралы келісім шарт» (РСТ) - өнеркәсіптік меншік жеке объектілерін (өнертабыстарды) құқықтық қорғау алуына көмекті қамтамасыз ететін келісім. Бұл келісімшартты жасасу идеясы 1960 жылы өнертабыстарға өтінімдерді қараумен байланысты патенттік ведомстволардың жұмысын қиындататын мәселелерді шешу қажеттілігін байланысты туындады. Ол мәселелерді атап айтсақ, мыналар:



  • патенттік ведомстволар жұмысында қайтармаларды жою;

  • өтініштерге сараптама жүргізуді тездету;

  • сарапшы есепке алуы қажет құжаттама көлемін шектеуді қамтамасыз ету;

  • жаңа техникалық жетістіктер туралы ақпараттардың таралуын жеңілдету;

  • өтінімдерді шетел мемлекетеріне беру процедураларын жеңілдету;

Мүдделі мемлекеттердің біріккен кұшімен ғана жететін аталған проблемалар шешімін іздеу қызметтестіктің жаңа нысанына – патенттік іздеуді және патенттік – құқықтық саладағы халықаралық еңбек бөлінісінің басымдылығын пайдалануға негізделген өтінім берілетін шешімдерге сараптама жүргізуде халықаралық кооперацияға алып келді.

Халықаралық кооперациясын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында 1970 жылы 19 маусым күні Вашигтонда Дипломатиялық конференциясында осы келісімшартқа қол қойылып, оған сәйкес Патенттік кооперациясы Одағы құрылды. Париж конвенциясы сияқты, бұл келісімшарт Патент кооперациясы одағына мүше мемлекеттердің өнертабысқа патент беру немесе беруден бас тартуға байланысты құқықтарын реттемейді. Келісімшарттың негізгі ережелері халықаралық өтінім, халықаралық іздеу (РСТ 1-тармағын қараңыз) және халықаралық алдын ала сараптама туралы (РСТ 2-тармағын қараңыз) нормалары болып табылады. Келісім тарауларындағы ережелерді сақтау мүше мемлекеттердің барлығы үшін міндетті болып саналады.

Патент кооперациясы туралы келісімшарт БИМҰ- халықаралық бюросына бір өтінім беру жолымен барлық қатысушы бір мезгілде алуды жеңілдетеді.

Еуразиялық патент конвенциясыбарлық қатысушы – мемлекеттер аумағында әрекет ететін біртұтас еуразиялық патент негізінде патент құқығы объектілерін,е қорғау алуды көздейтін Еуразиялық патент жүйесін қалыптастырады. Бұл жүйе ұлттық қорғау жүйесін жоққа шығармайды, мемлекеттер олардың дамуына байланысты толық егемендікті сақтайды (ЕАПК 1-бабын қараңыз). Ал Еуразиялық патент конвенциясының 21-бабында бұл актінің кез келген мүше мемлекеттің ұлттық патент беру құқығын қозғамайтындығын және оның кезкелген халықаралық ұйымға кіруін және өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық қызметтестік дамуына ықпал етуін шектемейтіндігі айтылған.

Еуразиялық патент жетістіктеріне баж төлеу мөлшері мен тәртібін , сонымен қатар, өтінім берушілердің әр үрлі категориялары үшін артықшылықты тарифтердің болуын жатқызуға болады. Патенттеудің еуразиялық немесе ұлттық процедурасын таңдаудың экономикалық дұрыстылығы олардың әрқайсысы бойынша мына факторларға әсер ететін шығындарды салыстырумен анықталады:


  • өтініш берушінің тұрақты орны немесе тұрғылықты жері;

  • ЕАПК мүше мемлекеттері жасаған өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы әріптестік туралы екі жақты келісімдердің болуы мен олардың мазмұныҮ

  • Патенттеу елдерінің саны мен құрамы.

Жалпы айтқанда, ТМД –ға мүше мемлекеттердің нормативтік – құқықтық актілерінде шетелдік өтінім берушілер шетелдік өтінім берушілер (2-категория) үшін патенттік баж мөлшері ұлттық өтініш берушілер (1-категория) үшін бекітілген бажға қарағанда әлдеқайда жоғары. Мысалы, Беларусь Республикасында өтінім берушілер үшін 0,5-0,75 төменгі еңбекақыны, ал шетелдіктер үшін – 100-150 АҚШ долларын құрайды, ал сараптама сатысында ұлттық өтінім берушілер үшін 4-10 төменгі айлық төлемін және шетелдіктер үшін 800-2080 АҚШ долларын құрайды.

Атап өтілген конвенциялар қазақстандық интеллектуалдық меншік жөніндегі заңнаманы қалыптастыруға және дамытуға елеулі ықпал етті, өйткені бұл конвенциялар көптеген елдердегі осы тақылеттес жүйелерді дамытуға қажетті халықаралық параметрлер мен шоғырландырылған ұлттық тәжірибені жинақтаған.



3.2. Қазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметтегі қатынастарды реттейтін ұлттық заңнама.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы доминанты нарықтық қатынастарға өтумен және әлемдік қауымдастыққа интеграциямен байланысты экономикалық реформалар болып табылатын жан – жақты реформалаудың тарихи кезеңінен өтуде. Республикамыздың он алты жылдық егеменді дамуы ішінде реформалар базасы құрылып, дамуда. Бүкіл экономикалық қатынастар спектрін реттеудің құқықтық іргетасы болып Қазақстан Республиканың Азаматтық кодексі танылады.

Шаруашылықтың жаңа талаптарына интеллектуалдық меншік, заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың субъективті құқықтары мен міндеттері саласында құқықтық қатынастарды реттеу өзгерді.

Бұдан 1999 жылдың 16 шілдесінде патент құқығы субъектілерінің арасындағы құқықтық қатынастарды теттеуге бағытталған Қазақстан Республикасының Патент Заңы қабылданды. Бұл акт өз кезегінде аталған құқықтық қатынастарды алғашқы реттеу бойынша міндетін атқарған 1992 жылдың 24 шілдесінде қабылдаған Қазақстан Республикасы Патент Заңының орнына келді.

Қазақстан Республикасында патент қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілердің бірінші тобын ҚР Конститутциясы құрайды. Конститутциясының 20 – бабы шығармашылық еркіндігіне кепілдік береді. Бұл норма интеллектуалдық меншік туралы заңнама дамуының құқықтық негізін құрайды.

Өкінішкее орай, ҚР Конститутциясында «Интеллектуалдық меншік» термині көрініс таппаған. Мысалы , 1993 жылдың 12 желтоқсанында Қабылдаған Ресей Федерациясы Конститутциясының әдеби, ғылыми, техникалық және өзге де шығармашылық түрлеріне арналған 44 – бабында «интеллектуалдық меншік заңмен қорғалады» деген ережесі бар. Құқықтық жүйесінің өзге бөліктерінің ққықтық саясаты мен дамуы үшін негізгі занның фундаменталдық маңыздылығын ескерк отырып, ҚР Конститутциясы 20 – бабының 1 – тармағын «интеллектуалдық меншік заңмен кепілдендіреді» деген сөздермен толықтыру қажет.

Патент құқығының объектілеріне қатысты құқықтық қатынастарды Конститутцимямен бірге, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі де (49, 52 тарауларды қараңыз) реттейді.

Аталған саладағы заңнама жүйесінің негізі болатын ҚР АК 1999 жылдың 1 шілдесінен оның Ерекше бөлімі әрекетке енген кезде ғана толықтай қалыптасты. ҚР АК «Интеллектуалдық меншік құқығы» деген 5 – бөлімі интеллектуалдық меншік құқығыныңжеке объектілерін құқықтық қорғау режимін реттейтін комплексті заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің болуы мен бдамуы үшін құқықтық іргетасы болып табылады. Бұл бөлім интеллектуалдық меншік құқығының жалпы сұрақтарын реттейтін 78 баптан тұрады. Бұл уақытта таман 1992 жылдың әрекет еткен Патент Заңы мен Тауар таңбалары туралы Заң қайта қаралып, олардың жаңа баспалары 1999 жылдың шілдесімен белгіленеді.

Яғни, АК-нің Ерекше бөлімнің 5 – бөлімі кешірек жасалды, сондықтан ол қазіргі уақыт бойынша әрекеті ұзақ патент заңнамасы мен комплексті заңдар түрінде тауар таңбалары жөніндегі заңнаманың жалпылануы, ал жалпы айтқанда – интеллектуалдық меншікті құқықтық қорғаудың мүлтіксіз жүйесін жасау бойынша жұмыстың жалғасы болып табылады.

ҚР АК-нің қарастырып отырған бөлімі елоіміздің арнайы заңнамасының дамуының іргетасы болып табылатын интеллектуалдың меншік объектілері бойынша қағидалы, жалпы ережелерді бекітуге бағытталған.

Бұл бөлімнің баптарында интеллектуалдық меншікті құқықтық реттеу саласындағы әлемдік жетістіктер бектілген, еліміз қатысып отырған маңызды әлемдік конвенциялар, сонымен қатар, болашақта қатысатын келісімдер талаптары ескерілген.

ҚР АК-нің 5 – бөлімі өз мазмұнымен ерекше және ТМД елдері Үлгілік Азаматтық кодексінің сәйкес бөлімдерінен принципиалды бағыттарымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, интеллектуалдық меншік иесінің айрықша құқығын, қызметтік шығармашылық режимдері мен өзге де ерекшеліктерін көрсетуе болады.

Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданды.

Аталған заң өнертабыстар, пайдалы модельдерді және өнеркәсіптік үлгілерді жасау, қорғау және пайдаланумен байланысты қатынастарды реттейді. Олардың жалпы атауы үшін «өнеркәсіп меншігі» термині қолданылады.

ҚР – ның жаңа Патент Заңын қабылдау қазақстандық заңнаманы ҚР – ның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруін талап ететін Интеллектуалдық меншік құқықтарының сауда аспектілерін туралы келісімі (ТРИПС) талаптарына сәйкестендіру қажеттілігімен негізделеді.

ҚР –ның Патент заңын сегіз тарау құрайды:

1- «Жалпы ережелер»;

2- «Өнеркәсіптік меншік объектілерінің патентке қабілеттілігінің талаптары»;

3- «Авторлар мен патент иеленушілер»;

4- «Қорғау құжаттарын алу тәртібі»;

5- «Қорғау құжаттарының қолданылуын тақтату және қалпына келтіру»;

6- «Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға ерекше құқық»;

7- «Авторлардың, өтініш берушілердің және патент иеленушілердің құқықтарын қорғау»;

8- «Қорытынды ережелер».

ҚР Патент Заңының құрылысы жоғары деп бағалауға болады, себебі бұл актідегі нормативтік материал құқықтық қатынастардың даму кезектерімен және цивилистика жетістіктерін есепке алу арқылы анықталған.

ҚР Патент Заңының 1 – бабында Заңда қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдер мазмұны ашылған. Осылай, атап айтқанда, өнеркәсіптік объектілеріне өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер жатқызылған. Аталған объектілердің бір түсінікке жиналуы олардың ұқсастығымен негізделеді. Әрине, олардың арасында айырмашылықтар бар. Осының негізінде өнеркәсіптік меншік объектілері әрқайсысыының патентке қабілеттілігі талаптары жеке нормаларда ашылған ҚР Патент Заңының 6-8 баптары).

1992 жылғы ҚР Патент Заңынан кейін бұл патенттік құқықтық қорғаудан рационализаторлық ұсыныстарды алып тастады.

Жаңа патент Заңымен бірге патентсаласын құқықтық реттеуге өзгерістер енгізілді:



  • қызметтік өнертабыстар құқықтық режимі біршама өзгертілді;

  • патенттік құқық объектілеріне қорғау құжаттарының әрекет ету мерзімі өсті;

  • қорғу құжатын алуға өтімнің тапсырылған күні мен берілген күні айқындалған және бөлінген;

  • авторлар мен патент иеленушілердің өнертабыстың жаңашылдығы мен өнертапқыштық деңгейіне әсер етпейтін оның мәнін ашу мерзімдеріне талаптар қатаңдалған;

  • мәні бойынша сараптама жүргізу туралы сұрау салу мерзімі қысқартылды;

  • соңынан пайдалану құқығы енгізілді.

38 баптан тұратын Қазақстан Республикасының Патент Заңы кешенді нормативтік қөұқықтық акт болып табылады, себебі оны халықаралық – құқықтық (37–бапты қараңыз), азаматтық – құқықтық (11-15 баптарды қараңыз), азаматтық іс жүргізушілік (33–бапты қараңыз), әкімшілік (25-29 баптарды), еңбек (8-баптың –тармағын) сияқты әр түрлі саладағы қатынастар құрал ретінде қоданылады. Аталған актідегі патент құқығы объектілеріне әлемдік патенттік – құқықтық тәжірибе шеңберінде таралған талаптар (патентке қабілеттілік талаптары), сонымен қатар, берілетін құқық көлеміне қарай лицензиялық шарттардың көп түрі және қорғау құжатын басқа тұлғаға беру мүмкіндігі қарастырылған (14-бапты қараңыз).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет