Кіріспе б І бөлім. Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салудың экономикалық мәні



бет3/3
Дата25.02.2016
өлшемі314 Kb.
#22277
1   2   3

Қорытынды.

Атқарылған жұмыс барысында патент негізінде арнайы салық салу мынадай объектілер бойынша жүргізіледі:



  1. шағын бизнес субъектілеріне;

  2. шаруа қожалықтарына;

  3. ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға;

  4. кәсіпкерлік қызметтің жекеленген түрдеріне қатысты арнаулы салық режимдері көзделеді.

Бұл арнайы салық салу түрін қолдануға енгізу нарықтық экономикаға жана ғана енген жеке меншік өндірістеріне қолайлы, өйткені бастапқы ақша қаражаттарының қоры көп болмауына байланысты олардың бюджетке төлейтін сомасы да аз болады. Оны біз патентті есептеуге арналған бөлімде ашып көрсеткенбіз. Және осыған байланысты патенттің пайыздық ставкасы үш пайыз түрінде белгіленген, осы аталмыш алымнан ең негізгі салық салудағы ең негізгі екі салық салу түрлері кіреді. Олар жеке табыс салығы және мемлекеттік әлеуметтік салық болып табылады.

Бұл арнайы салық түрін жүргізу барысында мемлекеттің нақты көздеген екі мақсаты көзге анық көрінеді, ол біріншіден – жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға көмек беру, қолдау . Себебі жеке табыс салығы мемлекеттік бюджеттің кірістерінің басты көздерінің бірі және де басқа салықтарға қарағанда халықтың өміріне тікелей әсер етеді.Екіншіден – мемлекет тарапынан жеке кәсіпкерлерге көмек беріліп жатса, ертең олар үлкен корпорацияларға, консорциумдарға, концерндерге айналса олардан патент үшін алынатын пайыздық мөлшерлеме өсіп, бюджетке түсетін түсім де көбейер еді.

2003 жылғы көрсеткіш бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалар саны 80%-ды құраған, олардың ішінде жеке меншік ұйымдар- әне мемлекет меншігіндегі ұйымдар, оның ішінде шет ел мекемелері, мемлекеттік мекемелер.
Тіркелген заңды тұлғалардың меншік формасы мен мөлшері бойынша жіктеу 1.03.03 жылға


Өндіріс түрі

Өндіріс саны

Мемлекеттік меншікте

Жеке меншікте

Мемлекет қатысуымен

Шет ел қатысуымен

Шет ел өндірісі

шағын

98053

14321

81709

826

2269

2023

кішкене

11090

5700

5344

663

154

46

үлкен

2742

904

1814

325

63

24

барлығы

111885

20925

88867

1814

2486

2093

Кестеге қарап, мемлекетімізде өндіріс саласы жақсы даму барысында екенін көреміз, ал егер барлығы жақсы болып тұрса мемлекеттік қазына қорының да өсіп, ақша қаражатына толуына бірден бір себепкер болып осы салық салу табылатынын анық білеміз.

Анықталған жайларға сәйкес патент негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібіне тоқтала кетсек, ол 2003 жылғымен салыстырғанда 2007 жылғы ск бойынша патент құны жеке кәсіпкер мәлімдеген табыстың 2% мөлшерінде көзтелген ставкасы қолдану жолымен ғана іске асады. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық патент құнының ½ бөлігі мөлшерінде төленуге тиіс.

Айта кетерлік маңызды мәселе – жеке кәсіпкерді «банкрот» болу жағдайын қоспағанда патенттің күші жойылған уақытқа дейін кәсіпкерлік қызмет тоқтатылған кезде салықтың енгізілген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.

Егер де табыс патент алған кезде көрсетілген табыстан асып кеткен жағдайда, салық төлеуші субъект күнтізбеде көрсетілген бес жұмыс күні ішінде асып кеткен соманы мәлімдейді және осы сомадан салық төлейді. Салық төлеушінің өтінішін ескерк отырып бұрын берілген патенттің орнына оған нақты табысы көрсетілген жаңа патент беріледі.

Нақты табыс патент алу кезінде мәлімделген табыстан төмен болған жағдайда ғана артық төленген патенттің құны салық төлеуші субъект өтініші бойынша салық органы жүеізген хронометраждық зерттеуден кейін қайтарылады.

Шағын бизнеспен айналысатын субъектілер арнаулы салық режимінің бір түрін ғана дербес таңдауға құқылы. Егер салықтарды есептеу мен төлеудің жалпыға белгіленген тәртібіне ауысқан кезде ғана жалпыға белгіленген тәріп

Екі жыл қолданылғаннан кейін арнаулы салық режиміне қайта ауысуға жол ашық.



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Е.С.Аскаров. Защита промышленной интеллектуальной собственности в Казахстане. Учебное пособие. Алматы, 2003.




  1. М.М.Богуславский. Международная охрана промышленной собственности. М., 1967.



  1. Основы патентного права и патентоведения в Республике Казахстан / отв. Ред. Т.Е Каудыров. Алматы: Жеті жарғы, 2003.




  1. Т.Е.Каудыров. Право интеллектуальной собственности Республике Казахстан. Алматы: Жеті жарғы, 1999.



  1. Т.Қаудыров. Қазақстанның патент жүйесі / /Заң 2001.№ 12.




  1. А.А.Амангелді.Современное законодательство РК. Алматы, 2002.


  1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. (1995 жылғы 30 тамыздағы)




  1. Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексі ( 2007 жылғы 9 қаңтардағы)



  1. Қазақстан Республиканың Азаматтық кодексі. (1994 жылғы 27 қыркүйектегі)




  1. Қазақстан Республиканың Патент Заңы. (1999 жылғы 16 шілдедегі)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет