Түркі империясы ғұндардан кейінгі екінші ірі еуразиялық империя болды. Түріктердің бірнеше мемлекеті болды. Көне Түркі мемлекеті ( 552 – 603); Батыс Түрік қағанаты (603 –704); Шығыс Түрік қағанаты ( 603 – 679); Екінші Түрік қағандығы (607 – 744); Түргеш қағандығы ( 704 – 756); Қарлұқ мемлекеті (756 – 970);
Үйсін мемлекеті ыдыраған соң Жетісу мен Орталық Қазақстанда аварлардың билігі орнады. Осы аварларды VI ғасырдың ортасында Ашина тайпалары талқандайды. Осы тайпалар ұзамай түріктер деп аталды.
Түріктердің қағаны Бумын,Қара қаған, Мұқан қаған аварларды талқандауды ақырына дейін жеткізді. Осылай Түркі қағанаты нығайған болатын.
759 жылы Батыс Түркі қағанаты нашарлап әлсірей бастады да мұның өзі Жетісуға Қытайдың тан әулеті империясы әскерінің басып кіруіне себеп болды. Түріктер қытай басқыншыларына қарсы азаттық күреске шықты. 704 жылы түргеш тайпаларының көсемі Үшеліктің басшылығымен түріктер жеңіске жетіп, жаңа Түргеш қағандығы құрылды.
679 – 687 жылдарда жүргізілген табанды азаттық күрес, нәтижесінде шығыс түріктері қытай басқыншыларын қуып шығып, өз мемлекетін қалпына келтірді немесе екінші Түркі қағандығын құрды. Бірінші қаған Құтлық болды, оны Елтеріс қаған деп атады. Оның жақын көмекшісі әрі кеңесшісі түріктердің тамаша ерлік істері мен өсиеттерін құлпытастарға жаздырып қалдырған Тоныкөк болды. Қапаған қағанның тұсында (691 – 716) екінші Түркі қағанаты өзінің әскери – саяси қуатының гүлдену дәрежесіне жетті. Түріктер солтүстік Қытайға бірнеше сәтті жорықтар жасады, қидандарды, Енисей қырғыздарын талқандап, Туваны бағындырды. Осылай Қапаған қаған Орталық Азияның билеушісіне айналды. Оның әскерлері Соғды жеріне дейін барды. Білге және Күлтегін қағандардың тұсында да түріктердің қуаты артып тұрды. Ішкі соғыстардан 744 жылы Екінші Түркі қағандығы құлап, Ашина әулиетінің билігі тоқтады.
Дипломдық жұмысымды қорытындылай келе мен мынадай тұжырымға келдім, Көне түркілер біздің заманымыздың VI – VIII ғасырларында жалпы адамзаттық өркениетке жаңа өріс қосылғанын паш етті. Дәурені жүріп тұрған Қытайдан Қырымға дейінгі жерге иелік еткен көне түркілер іргелі мемлекет құрумен қатар, өрелі мәдениетті қалыптастырды. Монғолия, Сібір, Қазақстан, Қырғызстан жерлерінен табылып жатқан жәдігерлер соның жанды куәсі. Бұл жазбалардың ең басты қасиеті – оларды жасаушылардың асқақ рухы мен өр намысында, өлмес еркі мен мұқалмас жігерінде. Мұндай бекем рухсыз шығысы Хинган, Сарыөзен, батысы Көктеңіз, оңтүстігі – Ұлы Қытай қорғаны, солтүстігі – Сібір аралығында осыншалықты өркениеттік өрлеу орын алмас еді, осыншалықты терің тарих тарқатылмас еді, ұлт ұлы, халық жасампаз болмас еді. Еліміздің тәкелсіздік алғаннан кейінгі кезеңі сол ұлылық пен жасампаздық рухының, бірлік пен ерлік идеяларының сонау есте жоқ ескі заманннан – ақ халық үшін киелі ұғымға айналғандығын айғақтайды. Бұл жөнінде Елбасымыз да үнемі тоқталып, байсалды, жүйелі бағыт ұстанып әрі оны тереңдетіп келеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “ Тарих толқынында” атты кітабында: “ Түркілер өзге мәдениеттердің жетістігін қабылдаудың ғажайып бірегей қабілетін танытты, оны өздерінің ерекше жағдайларына қарай бейімдеп, шебер пайдалана білді. Ол томаға - тұйықтықтан мүлде бөлек мәдениет болды” , деп жазған [ 38 ]
Тарих атаулының өткен өмірді сөз ететіні белгілі. Алайда, тарихтың тағлымы бүгін мен болашаққа қызмет етеді. Осыдан мың жарым жылдай бұрын тас ұстынға өшпестей болып қашалған Күлтегін жазбаларындағы тұжырымды ойлардың қазіргі Қазақстан жұртшылығының да арман-мұраттарымен үндес естілетіні қайран қалдырады. Күлтегін ел мүддесінің тұтастығын, мемлекеттің қауіпсіздігін, туған жердің бөлшекітенбеуін , ұрпақтардың жарастықты өмір сүруін өсиет етеді.
"Бектерінің, халқының ымырасыздығынан, Табғаш халқының тепкісіне көнгендігінен, Арбауына көнгендінен іні-ағаларының дауласқандығынан, бекті халқының жауласқандығынан Түркі халқы елдігін жойды. Қағандығынан айырыдды; табғаш халқына бек ұлдары құл болды, пәк қыздары күң болды. Түркі бектер түркі атын жоғалтып, Табғаш атын тұтынып, Табғаш қағанына бағынды. Елу жыл ісін-күшін берді... Әкем қаған осынша... Қырық жеті рет атанды... Жиырма айқас жасады. Тәңірі жарылқағандықтан, Елдігін елсіретті, Қағандығын қағансыратты, жауын бейбіт етті, Тізеліні бүктірді, Бастыны еңкейтті» - дейді Күлтегін.
Елдің елдігі, халықтың бақыты жарастықпен өмір кеше білуде екенін ұрпаққа өсиет етеді. Әлеуметтік үйлесімділікті халықаралық ахуал мен шендестіре зерделейді. Ел ішінде тәртіп пен заңдылық сақталса, яғни ата-баба салтына адалдық болса – ұрпақтың бақытты өмір сүруіне кепіл бола өнеге сол дейді. Осы өсиет қазақстандықтар үшін бүгін де үлгі-өнеге. Тәуелсіздігімізді баянды етіп, әлемдік қауымдастықта өз орнымызды орнықтырудың, сөйтіп баянды бақыт пен қауышудың кепілі ауыз бірлікте екенін бүгінгі өміріміз көрсетіп беріп отыр. Тарихтың тағылымы, тәуелсіздігіміздің тағылымы дегеніміз осы болса керек.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Амажолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1- кітап. (Көне дәуірден біздің заманымыздың XIV ғасырына дейінгі кезең). – Алматы: “Білім”, 2002.
2. Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по историй Средней Азий. М., 1964
3. Бернштам А. Н. Социольно – экономический строй Орхоно – Енисейских (VI – VIIвв). Москва, 1946.
4. Малов С.Е. Памятники древнетюркской писменности. Тексты и исследовнаия. Москва – Ленинград.1951. 408-бет
5. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы. “Білім”, 1994. 4-бет.
-
Аманжолов К.Р. Түркі халқының түп тамыры (тарихи – этнографиялық шолу). // Қазақ тарихы. 1993. №1. 47 –бет.
-
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 1-том. Алматы. 2001. 296 –бет.
-
Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в древние времена. Том 1., М-Л., 1950. С 228
-
Цэнь Чжун – Мянь. Туцзюе цзиши ( Түріктердің жиынтық тарихы), 500- бет
-
Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы. “Білім”, 1994.
27- бет.
11. Салғарин Қ. Түріктер, жужандар. – Алматы, 1999. 42 бет
-
Ақышев К. Қазақ мемлекеті: қайнар көзі, дамуы кезеңдері, тұрақтануы. // Қазақ тарихы. 1995. № 2. 31 бет
-
Кляшторный С.Г.., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетии. - Алматы: “Рауан”,1992. С 85-86
-
Гумилев Л. Н. Көне түріктер. Алматы. “Білім”, 1994. 44 бет Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы: “Жалын”, 1994.
-
Құлахметова Л. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі байырғы түркілердің ел басқару жүйесі. // Қазақстан тарихы. 2003 № 5. 37бет
-
История государства и права Казахской ССР. Часть I - Алматы: 1982. 18- бет.
-
Кляшторный С.Г.., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетии. - Алматы: “Рауан”,1992.
-
Сартқожаұлы Қ. Орхон мұралары: тарихнамалық – деректанулық талдау. – Астана, 2003. 51 бет
-
Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси – құқықтық тарихы. – Алматы: “Ғылым”. 2000. 19 бет.
-
Салғараұлы Қ. Түркі қағанаты жөнінде бірер сөз // Ақиқат. 2006. №1 13- 17бет
-
Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки историй и идеологий – Алматы, 2002. 118 бет.
-
Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы. “Білім”, 1994. 39 бет.
-
Ақышев К. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Алматы.1994. 102 бет
-
Хазанов А.М. Кочевники и внешний мир ( издание третье, допалненное). – алматы, 2000. С 268
-
Пигулевская Н. В. Византия дипломатиясы және жібекпен сауда жасау. М- Л., 1947. 317 бет.
-
Шмидт А.Н. Орта Азия мен Иран тарихы жөніндегі материалдар, “шығыстану институтының ғылыми жазбалары”, XVI том, 1961.
-
Бартольд В.В. Иранды тарихи- географиялық шолу,
СПб., 1918.
-
Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы. “Білім”, 1994.
118- бет.
-
Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1- кітап. (Көне дәуірден біздің заманымыздың XIV ғасырына дейінгі кезең). – Алматы: “Білім”, 2002.
-
Бизақов С. Түркі әлемі. – Алматы, 1998. 69 –бет
-
Бердібай Р Байқалдан Балқанға дейін. – Алматы, 1996. 114 бет.
-
Абдрахман Х. Түркілер тарихы мен тағдыры. – Алматы, 2002. 5 - бет.
-
Кляшторный С.Г.., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетии. - Алматы: “Рауан”, 1992. С 94-96
31. Бернштам А. Н. Социольно – экономический строй Орхоно – Енисейских (VI – VIIвв). Москва, 1946.
-
Кляшторный С.Г.., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетии. - Алматы: “Рауан”, 1992. С 97-98
-
Кляшторный С.Г.., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетии. - Алматы: “Рауан”, 1992. С 32-33
-
Малов С.Е. Памятники древнетюркской писменности. Тексты и исследовония. Москва – Ленинград.1951. 408-бет.
-
Байбатша Ә Қазақ даласының ежелгі тарихы. – Алматы, 1998. 59 бет.
-
Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы. 1996. 44 –бет
-
Тасмағамбетов И. Елдік пен ерліктің ерекше ескерткіші. // Егемен Қазақстан. 2001. 19 мамыр. 3-бет.
-
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқында. Алматы. 1999. 101-бет.
Достарыңызбен бөлісу: |