Кіріспе бет I – тарау Түрік қағанатының қоғамдық саяси құрылысы



бет2/4
Дата29.02.2016
өлшемі273 Kb.
#32821
1   2   3   4

Тардуш (оң қанат)

Тайпалар одағы және тайпалар

Рулар

Қағанат төрі (өкімет) халықтан арнайы тоқтам бойынша алым – салық алып отырған. Қанаттар тайпа көсемдерінің, ру басшыларының салығының сыртында қаған салығын рудан бастап қанаттарға дейін төлеп келген. Егер кімде кім салығын төлемесе төр (өкімет) тарапынан жаза жүктелетін болған.

Қағанат қалыптасып өмір сүру, ішкі ісін жүргізу үшін экономикалық фактор шешу рөль атқаратыны түсінікті. Мемлекет қазынасын құрушы бір компонент халықтан түсетін салық. Міне, сондай салықты байырғы түркілер “ берім” (берешек) деп атаған. Сондай – ақ салық төлемінің сыртында ішкі – сыртқы соғыс, қақтығыс кезінде көптеген дүниелерді олжалап, хан қазынасына қосып отырған.

Байырғы түркілер қол астындағы тайпалармен тайпалық одақтардан олардың айналысатын шаруашылық кәсібіне байланысты заттай салық алып отырған. Салық жинау қаған қазынасына салу сияқты жауапты істің барлығын жергілікті жердегі өкіметтің (төр) қол – аяғы болған атқарушы әкімшіліктер іске асырып отырған. [ 19 ]

Байырғы түркілер әкімшілікке де, әскерге де ондық жүйені мықтап енгізді. Ондық жүйе қағанат ішіндегі байып дәулеттеніп бара жатқан феодалдар мен қоғамның жоғарғы сатыдағы лауазым иелерінің құқығын қорғаумен қатар қол астындағыларды өкімет тарапынан қозғалтпай ұстап отыруға өте тиімді болды.Сөйтіп, ондық жүйе бір жағынан әкімшілік, екінші жағынан әскер функцияны қатар атқарып отырды.

Жоғарыдағы әкімшілікке берілген үш қанат ішіндегі тайпалар мен тайпалар одағын түмен (он мыңдық), бес мыңдық, мыңдық, бесжүздік, жүздікке бөліп, әкімшілік жүйеге жүгіндірді. Олар бұл жерде тайпалық құрылымды бұзбады.Бір тайпаның ішінен бірнеше жүздік ұйымдастырған да жүздікке толмай қалған кезде екніші бір тайпаның адамдарын алып келіп қоспады. Сөйтіп, тайпа ішіндегі жүз басы болған ру басшыларына әскер сеңүндеріне Ұлығ Өз Ынан–Чу деген әскери шен, әрі әкімшілік лауазым беріп отырды. Жүздік бес жүздікке, ол мыңдыққа, мыңдық бесмыңдыққа, бесмыңдық түменге бағынды.

Түркі мемлекетінің ішкі әлеуметтік ерекшелігіне байланысты иерархия мықты орын алған. Ел ішіндегі тайпалардың қоғамда иеленетін орнын қатаң белгіліп берген. Қоғамдағы орын алған сол иерархияға байланысты әскер әкімшілік іс – жүргізетін өкімет (төр) адамдарының лауазым шені, оның дәрежесі үкімет тарапынан қатаң белгіленген. Мәселен, Төлес бектері, Төлес мыңдығы Тардуш бектері мен мыңдығының дәрежесін иеленбейді.

Әскери - әкімшіліктің осы жүйесі бойынша бейбіт уақытта шаруашылығын жүргізіп, отбасын асырап, салығын төлеумен қатар қаған қазынасын молайтуға күш жұмсап отырған. Ал егер ел ішінде тынышсыздық пайда болса, ел шетіне жау тисе, немесе басқа қағанатқа соғыс жарияласа, өкіметтік бұл әскери - әкімшілік жүйесі алдан – ала жасалып қалыптасқан тәртіп бойынша тура әскерге айналып, міндетін ешқандай ауыртпалықсыз – ақ атқарып жүре беретін болған.

Жүздік, бесжүздік ,мыңдық, бесмыңдық, түмендердің орналасу құрылымын көне түркілерде “еб” деп атаған. Ондық жүйесі осылайша байырғы түркілердің өкімет әкімшілігінің күнделікті ісін атқарушыға темірдей тәртіп ұстанған тетікке айналған.

Түрік қағандығында қағаннан бастап ру - тайпа бастығы бектерге дейін жиырма сегіз дәрежелі лауазым иелері болған. [ 20 ]

Далалық көшпелілер қағанаты – мыңдаған жылдар бойы ел басқару сабақтастығы үзілмеген, үкіметтік әкімшілік жүйесі қалыптасқан байырғы халықтардың бірі болды.

Түрік қағанаттарының құқықтық жүйесі жете зерттелмеген.Ол туралы деректерде де аз айтылады.Түріктердің құқығының негізгі бастауы қайнар көзі - әдет ғұрып болған.

Қытай жылнамасында көрсетілген көне түркілердің мемлекеттік заңының негізгі ірі – ірі жеті баптан тұрған: 1 –бап. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы кесілсін (мемлекеттің бүтіндігін сақтау талабынан туған); 2- бап. Түркі жұртының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына кесілсін; 3 – бап. Қағанат ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына кесілсін; 4 – бап. Сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын (ат – қағандықтың соғыс күші); 5 – бап. Ұрланған бағалы мүлік үшін он есе артық айып төленсін; 67 Сонымен қатар, Түрік қоғамында малға, түрлі қарулар мен өндіріс құралдарына жеке меншік болған.Жер жеке адамның жеке меншігі болмаған. Жер қауымның, ру – тайпаның меншігінде болды. Жерді бөлуді, пайдалануды қаған, оның атынан ру тайпа басшылары шешті.

Түріктер көшпелі халық болғандықтан отбасы патриархиалдық сипатта болды. Әке отбасы басшысы болды әрі оның айтқаны орындалатын.

Түрік қағанатында қылмыстық жазаның әр түрі қолданылды. Сатқындық, әсркер тәртіпті бұзғаны үшін, қағанға қарсы шыққаны т.б. жағдайларда өлім жазасы қолданылды. Мал ұрлағаны үшін оның құны 10 есе артығымен төленді.

Сот билігі қағанның және оның атынан іс жүргізетін бұйрықтар мен тархандардың қолында болды. Сот ашық түрде екі жақты толық тыңдау арқылы жүргізілді.

Түркі қағанаттары сол кезең үшін дамыған мемлекеттік құрылыс жағдайында өмір сүрді. Оның мемлекеттік аппаратында көптеген лауазым иелері қызмет етті.

II – Тарау.

Түрік қағанатының саяси тарихы.

2.1. Түрік қағандағының эфталиттерді талқандауы.


Л. Н. Гумилев Түрік қағанаты сыртқы қарым – қатынасында дүние жүзілік саяси процестерге белсенді қатысқанын көрсетеді.

552 – 553 жылдары түркілер Орта Азиядағы қуатты мемлекеттердің бірі – эфталиттерді бағындырды. Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түркілердің батыстағы, Орта Азиядағы онан арғы саясатының негізі болды. Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иелектері Каспий теңізіне Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан еді. Өзінің әскерінің орасан зор, икемді құрамына қарамастан, мұндай күшті жалғыз жеңіп алуға түріктердің шамасы келмейтін. Олар үшін соғыс сасанилік Иранмен әскер Одақ жасасқаннан кейін ғана табысты бола бастады. Эфталиттерге вассалдық тәуелділікте болған Иран оларға ұзық уақыт бойы жыл сайын күміспен салық төлеп тұрды, мұны осы мақсат үшін арнайы соғылған пехлеви жазумен қоса эфталит жазуы бар теңгелер көрсетеді.[21] Сондықтан түріктердің эфталиттерге қысым жасауы Ираннның сасанилік билеушілеріне қолайлы болды.

Иран шахы Хосрав Ануширван эфталиттермен қырғи қабақ болып жүрген түркілермен Одақ болуға 564 жылы ұсыныс жасаған болатын. Түркілер Ирандықтардың ұсынысын қабыл алып, қағанның Оңтүстік аймағын билейтін Бумын қағанның ағасы Естемидің қызын Хосравқа әйелдікке береді. Сонымен Қағанның эфталиттерге қарсы қайыра соғыс ашуының сәті түсті. Иран шахы Хосрав I Ануширван эфталиттерге салық төлеуін тоқтатып, соғысқа дайындалды.

Эфталиттер одақтасы – жужандарды жоғалтқаннан кейін мазасызданып, 553 жылы Қытаймен қарым – қатынас орнатуға тырысады, бірақ Батыс Вэй империясының билеушісі Юйвынь Тай түріктермен одақтас болатын, сол себепті де эфталиттер ынтасына онша ықылас білдірмесе керек. Тіпті эфталиттердің өз арасында ауызбірлік болмаған. Катулф атты бекзада Гатфар патшаны соғысқа жібергісі келмейді, бірақ патша намысына тигесін, өз руластарын тастап, парсы шахына қашып кетеді.

Белсенді соғыс әрекеттері 560 ж., Гатфардың өзі арандатуға кіріскесін, басталып кетеді. Қағанның шахиншахпен жасаған қарым – қатынасынан секемдеген патша, олардың жақындасуына кедергі жасау үшін қолынан келгеннің бәрін жасамақ болады. Соғдия арқылы кетіп бара жатқан елшілер, қашып құтылып, осынау қайғылы хабарды Естеми ханға жеткізген салтаттыдан басқасы – түгелдей бауыздалды. Енді соғыс болмай қалмайтын еді. Естеми қол астындағы күллі әскерін жинайды, олардың арасында бұған дейін эфталиттердің боданы болып келгенбасқа тайпалар бартұғын. Хұсрав Ануширван одақтасының алдын алып, 562 ж. эфталиттерді бірінші рет жеңіп шығады, бірақ соғыс бұнымен аяқталмайды.

Түріктердің алдыңғы легінің құрбандығына Шаш (Ташкент) шалынып, түріктер қалда тұрғындарын қырып салады. Сосын түріктердің басты күші Шыршық өзенінен көктей өтіп, Маймургте әскерінің алдыңғы тобымен қосылады.

Естеми Византия императорынан батыс түріктерге көмек беруін сұрап елші жібереді. Ал оның әскері Батыста Иран әсркерінің қолдаумен эфталит жеріне Шығысына басып кірді.

Шешуші шайқас Бұхара түбінде болып, эфталит патшасы Гатифара жеңіліс тапты. Амударияның оңтүстігіндегі эфталит жерінің бәрін Хосрав өзіне қосып алады.

Соғыс сегіз күнге созылады, ақырында эфталиттердің күл – талқан болуымен бітеді (565ж). Аман қалғандар бас қосып, эфталит мемлекетінің дербес дәурені өткенін түсініп, Гатфарды тақтан құлатады да Шағаниан бегі Фагоништі патша етіп сайлайды, оған Хосрав Ануширванға бағынуды міндеттейді, олардың пікірінше, енді түріктерге тек сол ғана қарсы тұра алады.

Хосрав бір мезгілде қағанның хатын және Фагоништің бағынатыны жайлы ұсынысын алғанымен, екеуіне де жауап қайтармайды.

Түрік эфталит соғысы біткен бойда – ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы керуен жолдары бойында жатқан жерлерді бөлуге келгенде одақтастар арасында араздық басталды. Бұл жерлерді иелену жол асуларын кеңінен пайдалануға, жібек, сәнді бұйымдар, т.б. саудасын бақылауға, Шығыс пен Батыс арасындағы тауар айырбасына белсене қатысуға мүмкіндік беретін еді.

Орта Азия үшін VI ғасыры экономикалық және мәдени өрлеу дәуірі болады. Қалалар өсіп, байи беореді, егін шаруашылығы, қол өнері мен сауда – саттық өркендеп, гүлдене түседі. Сол заманда соғдылар нағыз тәжірибелі және епті көпес – делдалдар қызметін атқарады. Олар ежелгі керуен жолын пайдаланып, Қытай мен Жерорта теңізі арасында тиянақты байланыс орнатады. Бірақ сауда- саттыққа жужандардың қанталапай қарақшылығы, эфталиттердің ұдайы көршілерімен үздіксіз жүргізген соғыстары кесірін тигізеді. Түркілер Соғдиана мен даланы біріктіріп жібереді де, сауда – саттық үшін кереметтей қолайлы жағдай тудырады, сол себепті де соғды көпестері түркі хандарының адал бодандарына айналды. Сөйтіп Орта Азия қағанаттың тұтас бөлшегіне айналады. Осы жағдай эфталиттердің кек алуға деген жолын кесіп тастайды да, сол аймақта тұйықталып қала беруге мәжбүр етеді.

Эфталиттер мен Солтүсік Қытай патшалықтарын күйреткеннен кейін, түркілер саяси ғана емес, экономикалық құдіретке де ие болады, өйткені Батыс пен Шығысты қосып жатқан ұлы керуен жолы солардың қолына келіп түседі.

Орта Азияны жаулап алғаннан кейін түркілер Қытайдан Жерорта теңізінің елдеріне келетін сауда жолдарының елеулі бөлігіне, яғни “ Ұлы Жібек жолына билік етті ”. [ 22 ]

Жібек керуенін алып өтушілер мен делдалдар ( Орталық Азиямен Орта Азия бөлігіндегі жолдарда) соғдылықтар мен парсылар болатын. Олар Ташкенттен (Бұхараның маңайы) Сырдарияға дейіншгі жолға бақылау жасайтын. Жібек саудасы соғдылық түркі хандарына орасан зор пайда түсіретін.

Соғды жібегін Батыс қана емес Шығыс Түркістанмен Қытайда да алушылар көп болды. VI ғасырда сырттан әкелінген және өздері шығаратын жібек матасының мол қорын соғды қалаларында сатып өткізу қиын мәселеге айналды. Содықтан бұрынғы одақтастармен араздасып қалған түрік қағаны Хосрау I Ануширванға Персия арқылы Византияға жібек және басқа тауарлар өткізуге рұсат сұрап, елшілік жіберуге ұйғарды. Бұл елшілікті соғды көпесі Маниах бастап барады. Алайда, елшілік сәтсіздікке ұшырап, Хұсрау I Ануширван қағанатын қатынасты біржолата үзуге батылы бармай, әкелген жібектің бәрін сатып алуға бұйырық береді, сөйтті де, оны Маниахтың көзінше өртеді.


2.2.Түрік империясының Византиямен қарым – қатынасы.


Л.Н. Гумилев Түрік қағанатының сыртқы қарым – қатынасындағы негізгі факторы – Ұлы Жібек жолы екендігін айрықша көрсетеді. Ұлы Жібек жолының сыртқы саясаттағы маңызын негізінен екі бағытта көрсетуге болады.

  1. Жібек саудасы.

  2. Сауда жолының геостратегиялық маңызы.

Жібек саудасының маңызын Л. Н Гумилев былайша көрсетеді: “ VI –ғасырда жібек валюта болды. Византияда алтын, асыл тастармен қатар бағаланды. Жібекке Византияда одақтас тапты, жалдамалылар жалдады, құл және кез – келген тауарды сатып алды. [ 23 ]

Жібек маталарын сатып алушы Византия еді. Иран, Византия империясында, әсіресе, Сирия мен Египетте жібек матасын шығару жоғары дәрежеде дамыды. VI ғасырда Византияда, Иранда өзіндік шикізат көзі пайда болды. [ 24 ]

Сонымен өте қайшылықты геосаяси картина қалыптасты. Бір жағында жібекке зәру Византия империясы, саяси ойынға үшінші ойыншы сасанидтік Иран кіріседі. Себебі: Византияны осынау аса бағалы матамен жабдықтайтын күре тамыр Солтүстік Иран үстімен өтетін, сол себепті де сасанидтер үкіметті керуен саудасын бақылауды бір сәтте өзқолынан шығарған емес. Шикі жібектің басым бөлігіән өңдеу үшін өздеріне қалып, ирандықтар өз бұйымдарын өздері қойған бағамен батыс елдеріне әрдайым сатып тұруға зор мүмкіндік алынады.

Жібек саудасы енді пайда түсіруші тауар көзінен экономикалық саяси кіріптар қылушы құралға айналады. “ Византия имипериясын әлсірету үшін парсылар әлбетте тауар айналымын ұлғайтуға емес, Византидан ақшаны саумалап, неғұрлым көп алып, оны саяси және әскери жағынан қалжыратпақ болып, жібектің нарқын қымбатата түсуге тырысады”.

Мұндай ыңғайсыз жағдайға қалған Византия көнбейді. “Византия бұл қиянатты жағдайға төзе алмайды, өйткені жібекке артық ақша төлеу арқылы ол өзінің ата жауы Иранды күшейтеді ғой”.

Византия үшін мәселенің шешуі – Түркі қағанаты еді. Түркі қағанаты өз кезегінде эфталиттерге қарсы одақтасы Иранмен эфталиттер мемлекетін талқандағаннан кейін геостратегиялық керуен жолдарына байланысты келісе алмай қалады.

Иранмен қатынасты үзіп алған түркілер енді өте тиімді сатып алушыны Византиядан іздейді. 567 жылы Маниах Констонтинопольге жіберілген Түркі қағанның елшілігін басқарады.Византия да Иран сияқты соғды жібегіне аса мұқтаж болмағанымен, ол парсыларға қарсы бағытталған түркілермен одақтасуға мүдделі болды. (Констонтинопольдің дәл осы сыртқы саясатының беталысын соғдылар сауда келісімін жасау үшін керек етті.) Констонтинопольдің сыртқы саясатының дәл осы қырын пайдаланып Соғдылықтар сауда келісімін бекітуге ұмтылды. Түркі елшілері император сарайында үлкен құрметпен қабылданып, Түркілер мен Византия арасында Иранға қарсы әскери келісім шарт бекіді. Византия империясының елшісі Земархпен бірге Маниах Түркі қағанының ордасына келді.[ 25 ] Қағанат Земархты Тянь – Шаньдағы “ Алтын тауға” жақын жердегі өз қонысында қабылдады және осы келген саяхатшыға бірден Иранға жорыққа аттанатын түркі әскерлеріне жлбасшы болуын ұсынды. Шахтың дипломатиялық жолмен түркі шабуылын тоқтатпақ болған талпынысы сәтсіз болып, түркілер Гургандағы бірнееш бай қалаларды жаулап алады. Алайда, 568 жылы –ақ түркі әскерлері Соғдыға қайта оралды. Осының артынан естеми соғыс қимылдарын Еділге ауыстырып, 571 жылға қарай Солтүстік Кавказды жаулап алды және көп ұзамай аландарды бағындырып, Босфорға (Керчь) шықты. Сөйтіп, қаған Византияға баратын айналма жолды, Хорезм, Еділ бойы және Кавказ немесен Қырым арқылы өтетін ауыр жолды тазартып алды. Византия тарихшысы Минандр 568 – 576 жылдары түркілерге Византиялықтар жеті рет елші жібергенін еске салады. Византиямен түркілердің арасында жүйелі сауда байланысының болғанын Орта Азиядан көптеп табылған VI ғасырдағы византиялық ақшаларқуаттай түседі. Дегенмен, 575 –576 жылдары түркі – византия ара – қатынасы шиеленісе бастайды. Бұл Естеми қаған өлген соң таққа отырған ұлдарының бірі Түркенафтың көзі еді. Ол Юстин II – нің аварлармен жүргізген бейбіт келіссөзі көңіліне жақпағандықтан, Византия одақтастық келісімді бұзды деп айыптаап, Киммериялық Босфорды жаулап алды және Қырымға баса көктеп кірді (576ж). Бірақ тез арада түбектен кетуге мәжбүр болды. Түркілердің Иранға жасаған екінші жорығы 588 –589 жылдарға тура келеді. Түркілердің патшасы Шаба бастаған түркі әскерлері Хорасанға лап қойды. Гераттың жанында белгілі қолбасшы Бахрам Чобин басқарған Иран әскерлері оларға қарсы тұрды. Ол түркі әскерлерін талқандап, “ түркілер патшасын “ атып түсірді. Түркілердің қайта бас көтермек болған әректінен түк шықпай, Иранмен бейбіт келісімге келді.Сасанидтерді арабтар талқандағанға дейін Орта Азия түркілер мен Иран арасындағы шекара өзермей қалды. Содан соң әлденеше жылдар бойы Иран, Хорезм мен Еділ бойы арқылы жібек және тауарлар керуені Батысқа қарай бірде қарқынды, бірде бәсең дәрежеде жүріп жатты.

Византия – түрік қарым – қатынасының салқындауына жібек саудасындағы бәсекелестікпен бірге авар мәселесі де әсер етеді. 568 жылы шарт бойынша Византия аварлармен бітімге келіп, одақ жасаспау туралы міндеттенген болатын, сол себепті де авар елшілігін Юстинге бітім жасауға және Паннонияны қаратып алуға рұқсат сұрай келгенде, олардың беті бері қайтарылады. Бұған қарамастан, аварлар Паннонияны басып алып, византиялықтарды жеңеді, олар сосын 570 жылы бітім жасауға мәжбүр болады. Ал енді аварлар Византиямен бітімге келіп, қуатты мемлекет құрған шақта, түркілер бұған алаңдамай тұра алмады.

VI ғасырдың 60 – жылдарының аяғында Түркі қағандығы сол уақыттың ірі мемлекеттері Византия ,Сасанид , Иран және Қытаймен саяси және экономикалық қатынастардың жүйесіне еніп, Қиыр Шығыстағы Жерорта теңізімен байланыстыратын сауда жолдарына бақылыу жасау жолында күрес жүргізеді. Византия елшісі Монғолия емес, Батыстағы қағандар сарайына – Қытай хабарламасы бойынша барлық халықтардың басшысы тек Батыс қағанының сарайына барды.Бір сөзбен айтқанда, империядағы дуализм 582 жылы олар бөлінуге дейін пайда болды. Батыс Түркілер Шығыстың жоғары билігін сөз жүзінде ғана мойындады. Батыс қаған Византия елшісін қабылдып, онымен одақ туралы еркін келісім жасап, Батыс Түркілермен тәуелсіз мемлекет ретінде өзінше қатынас орнатты.Түркі қағанаты құрылғанына үш – ақ жыл өткен мерзімде (555 жылы ) қағандықтың батыс аумағында әскери-әкімшілік басқару жүйесі болды. Тап осындай жүйе қағандықтың Шығыс аумағында да пайда болған еді. Бірақ екеуінің арасындағы байланыс нашар болды. Батыстағы түркілер өздерінің құрамында Еділдің Азов бойынан, Солтүстік Кавказдағы кейінгі Хун тайпаларының біразын біріктіріп, Византия шекараларына дейін барды, Орталық Еуропа мемлекеттеріне бірқатар жорықтар жасады.Түркі империясы өзінің 25 жылғы ірі жаулап алу жорықтары кезінде Түркі қағандығы Маньчжуриядан Босфор – Киммерияға дейін, Енисейдің жоғарғы ағысынан Амударияның жоғарығ ағысына дейін созылып жатты, яғни Түркі империясы ірі табыстарға ие болды. Осылайша Түркі қағандығы саяси және мәдени мұрасы арқылы Орта Азиямен Оңтүстік Шығыс Еуропаға едеуір әсер еткен алғашқы Еуразиялық империяның құрушылары болды. Қағандықтың оңтүстік аймағын Бумын қағанның ағасы Естеми билеген кезде түркілер Батыста өздернің әскери қуатының биік шыңына жетті. Үздіксіз басып алу жорықтары Түркі қоғамының әлеуметтік жағынан қайта құру жолындағы қайшылықтарын бәсеңдетіп қойды, бірақ алғашқы сәтсіздіктер бұл жағдайды тез арада өзгертіп жіберді.

2.3. Түріктердің Иранға жорығы.


Соғыс қарсаңында. Өтірік көнгені үшін сый – сияпат ретінде берілетін Қытай жібегін соғды көпестері арқылы сатып, тек бөгетсіз байи беруі үшін ғана, Қара – Сор Түрік бәсекелестерін өлтіріп, немере інісі мен оның қолдаушыларын - өз руластарының көзін құртады. Алайда баюдың бұл жолы содан он жыл түседі. Иран мен Византия қасарысқан бетіне қайтпай, қатал соғысты жүргізіп жатты, Парсы шахы тым болмаса, басы артық бір керуенді Констонтинопльге өткізіп жібереді – деп тіпті ойлауға да болмайтын еді. Түріктер мен гректердің ресми түрде соғыс жағдайында болуы бұл ахуалды қиындатып жібереді. Рас, бұл соғыс жеті жылдан бері толас тапқан, бірақ бітім шартының болмауы елшіліктер алмасу ісіне бөгет жасады, Иранға қарсы соғыс әрекетін реттеп сәйкестендіріп отыру ісін қиындатады. Ал, одақтасу гректерге де, түріктерге де қажет еді, өйткені екеуінің жауы да ортақ, мақсат – мүдделері де ортақ еді. [ 26 ]

Егер Иран бөгетін бұза алатын болса, жібек Византия патрикилері - ақсүйектерінің шеберханаларына судай болып ағар еді, сонда герман конунгтер – қолбасы көсемедерінен әскер жалдап алуға қаражат табылар еді де, бәлкім, Византия Еуропадағы жетекшілік рөлін сақтап қалар еді. Ондай күн туса, Соғдиана алтынға кенелер еді, Түріктер арасында таптардың құрылу процесі жеделдеп, ел – феодалдық мемлекетке айналар еді. Ішкі дүрдараздық соғыс қағанат тәнін қақырата жыртып жатқан кезеңде, Түркі хандары сыртқы саясатты белсеніп жүргізе алмайтын, ал бірақ тыныштық орнаса болды, “ жібек жолының” проблемасы бірден бірінші орынға шығатын, сонымен бірге Византиямен келісімге келу қажеттігі пайда болар еді, өйткені өзара келіспей жасалған әскери әрекетердің сәтсіздікке ұшырайтыны күні бұрын белгілі ғой.

589 жылы жазында Иранның жағдайы қатты шиеленісіп кеткен еді. Батыс шекарада Византиямен бітпейтін соғыс жүріп жатқан. Түріктердің соғысқа кірісуі парсылар жағдайын мүлде асқындырып жіберді, бірақ Иранда әлі пайдалынылмай жатқан жасырын күштер көп еді. 589 жылы 5 мамырда “хазар жолымен” кимелей кірген жауды парсы әскерлері шілдеден қалдырмай күйретеді де, аналардың зәре құты қалмай, олжамен қайтқан жан пайда – деп қаша жөнеледі.Олардың орнына Роман бастаған византия отряды келіп қосылады, бірақ парсы жерінде гректерде тұрақтап қалғысы кғелмейді. Олардың ең шұғыл міндеті парсы әскерінің бір бөлігін шығытан өздеріне қарай тартып алып, Орта Азиядан шабуылға шыққан түріктердің шешуші соққыны беруін жеңілдету болған секілді. 589 жылы бұл әскер парсы жерін тазалап тастайды.

589 жылы Қара – Сордың ұлы Янг Соух Шығыс Иранға бұзып - жарып кіреді. Шекараға қалқан болып тұрған жетпіс мыңдық әскер тырағайлап қаша жөнеледі де, түріктерге – Хорасанға, Талеканға және Герат, Балх пен Бадгис сияқты тірек бекіністері бар ежелгі бактрия жеріне апаратын жолдарды ашып тастайды. Бұл арада парсының шекаралық жаяу әскерінің жауынгерлік сапасының төмендігі байқалады. Иранды үрей қаптайды. Табари сөзіне қарағанда, Саве – Хормиздға арнаулы кісі жіберіп: “ Еліңізге емін – еркін енуім үшін сіз өзендер мен өзектегі көпірлерді жөндеткізіп қойыңыз, көпірлері жэоқ өзендерге жаңадан салдырыңыз, өзіңіздің еліңізден румдықтарға баратын менің жолымдағы өзендерге де соны жасаңыз, өйткені мен сіздің еліңіз арқылы соларға бармақпын” – деген сөзді айтқызады. Ультиматумның мәтінің жорықтың шынг мақсатын да, батыс түріктьер мен гректер қимыл әрекетінің келісіліп қойылғанын да көрсетеді.

Ктезифонда өткен кеңесте түріктерді тойтарып тастауға парфяндағы текті Михрандар тұқымынан шыққан, Бахрам Чубинді жібермекші болады. Бахрам мұны қабыл алып, небәрі 12 мың жауынгер сұрайды, бірақ олар міндетті түрде қырық пен елудің арасындағы кісілер болуға тиіс. Шын мәнінде олар жауынгерлік сапасы жағынан парсы әскерінің әдеттегі деңгейінен тым жоғары тұрған сақа сарбаздар еді. Бахрамның жастардан гөрі жасамыс кісілерді артық санағанын түсіндіру оп – оңай. Ол заманның негізгі күші жақсы ату үшін кемінде жиырма жыл уақыт керек еді. Айқастар тағдырын қолмен сайысу емес, атысу шешетін.

Түріктер әскерінде соғыс пілдері, ал парсыларда қарсы пайдаланылатын “ арыстандар” яғни мұнаймен тұтанатын от атқыштар болатын. Алғашқы жеңістен кейін, түріктер со бетімен шегініп бара жатқан парсы әскерін өкшелей қуып, батысқа қарай жеделдетіп жылжи береді. Бахрамның әскери соғысқа кіріскенше, Балхты ұстап тұру парсы қолының зәру міндеті еді. Хормизд ақкөңіл түріктердің көһкейіне қона кететін әдісті – адастыруды қолданады. Ол Савеге сарай кісілерінің бірі Хуррат Бурзин деген залымды жібереді. Хуррат Савеге келгесін, бітім туралы келіссөзді қозғайды, сөйтіп Савенің сеніміне ие болады. Хуррат есебін тауып Савеге шабуыл бағытын өзгерттіреді де, оны азғырып Герат алқабына әкеледі. Бұл кезде Бахрам суыт жүріп, шығысқа қарай екпіндеп келе жатады. Балхқа апаратын кәдімгі жолмен жүрмей, ол айналып Кухистан арқылы жүріп отырып,түріктердің ту сыртынан барып шығады. Саве Гератқа Герируд жағасымен жүретін жалғыз жолмен солтүстік – батыс жағынан келе жатады. [ 27 ]

Түріктер Баророн шатқалынан өтеді де өзен мен теріскей таулары тізбегінің арасында жатқан Баулигох даласынан келіп шығады, арты - әлгі тар өткел, алдында – бұлар күтпеген Бахрамның қалың қолы.Бір даусыз нәрсе – Гераттың түбінде түріктердің күллі әскері түгел болмаған,өйткені тар шатқалдан 300 мың қолдың тұтас өтуі мүмкін емес және айқастың барысында белгілі болғандай, парсылар әскерінің екі жақ қанаты түріктерді қусырып алады. Саве алдынан тек Герат әскерлерін ғана кездестіремін деп есептеп, шағын қолмен тәрізді. Түріктердің жағдайы тым қиындап кетеді. Хуррат Бурзин тапсырманы орындағаннан кейін, түнделетіп түрік күзетшілерінің тізбегінен ұрланып өтіп, Бахрамға қашып кетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет