Кіріспе бет I – тарау Түрік қағанатының қоғамдық саяси құрылысы



бет3/4
Дата29.02.2016
өлшемі273 Kb.
#32821
1   2   3   4

Саве, маңдай алдында парсының жақсы шыныққан жаңа әскері тұрғанын анықтап көреді де, өзінің тұзаққа түскенін сезеді. Оның әскері, әсіресе аттары Хорасанның күн қақтаған шоқылары арқылы ұзақ жортқанда болдырап қалған еді, бұған қоса тұрған жері еркін қимылдауға келмейтін “ Тар да қолайсыз” алаң болады, ал Бахрамның артында бекініс ретінде ғана емес, жабдықтау көзі ретінде де маңызы бар Герат қаласы тұрған еді. Парсы әскерінің сол қанаты өзенге, оң қанаты – таулар тізбегіне барып тірелетін.Жау әскерін көріп тұрып, шатқал арқылы кейін шегіну есуастық болар еді, онда парсылар түріктерді таптавп кетер еді. Саве Бахраммен келісуге тырысады. Ол қолбасшыға қыруар ақша ұсынады, әйелдікке қызын бермек болады, өз қасынан бірінші орынды, ең соңынан, Иранның тәжін ұсынады, бірақ Бахрам барша ұсынысты қабылдамай тастайды.[ 28 ]

Түріктердің шешуші соғысқа дайындалуы және олардың өліспей беріспеуге бел байлаған қатулығының парсыларға мейлінше күшті әсер еткені сондай, олардың бірінші қатарындағылар арасын үрей билей жаздайды. Тек Бахрамның дәл кезінэде келіп, қарулыас серіктерін рухтандырғаны ғана жеңілістің алдын алып, әскерін жұмасайды, ол дұшпанның сол қанатын тықсырғанымен, оң қанаты мен орта тұстан тойтарылып тасталады. Түріктердің қатуланып қарсы тиіскені сондай, тіпті Бахрам қашу жөнінде де ойлай бастайды. Бірақ Герат алқабы тек түріктер үшін ғана емес, парсылар үшін де құрылған тұзақ тәрізді еді. Таулар қашар жолды бөгеп тастағанды, сол себепті де Бахрамның соғысты жүргізе берудан басқа амалы қалмайды.

Атты әскер шабуылынан ештеңе шықпағасын, Саве пілдерді соғысқа салады, оған Бахрам осы кезге дейін мұқият сақтап келген қосымша күштерін түгел пайдаланып, қарсы шабуылмен жауап береді. Сөйтіп, Саве қашса құтылмайды. Көсемі қаза тапқаннан кейін, түріктер зәре құты қалмай қашады. Түріктерді парсылар ешбір қарсылық көрмей ойсырата жеңеді. Айқастан кейін Бахрам жаудан түскен олжаны шахиншах пен өз жауынгерлеріне бөлемін деп бір ай бойы Гераттан шыға алмайды. Осы уақыт ішінде Савенің баласы Пармуда талқандалған әскердің қалғанын құрастырып, қарсылық көрсетпекке ұмтылады. Ол көшпелілердің тосыннан лап қойып, түнедлетіп шабуыл жасау әрекетін қолданады. Алайда түріктер тағы да күйретіледі де Пармуда қолға түседі. Бірақ Бахрам қамап алғаннан кейін лажсыздан беріледі, алайда әуелі жау өзіне тимейтін және оны нағашы ағасы Хормуздқа жіберетін болып келісіледі. Хормузд оған сый – сйяпат көрсетіп, бітім жасалған соң оны құрметтеп шығарып салады. Түркі ханзадасы еліне қайтып келіп, содан өзінің енші аймағын 603жылға дейін басқарады.

Сөйтіп, 589 жылы соғыс бітеді.

Иран құрып кете жаздайды, бірақ Герат түбіндегі жеңіс оны тағы да жарты ғасырға ұзартады. Содан жиырма жыл бойына түріктер Иран шекарасын бұзуға жүрексінеді де, көрші екі елдің тарихы өз бетімен бөлек ағып жатады. Бахрам Чубиннің көтерілісі түгелдей Иран тарихына жатады, бірақ жеңіліп қалғаннан кейін, ол өзінің кешегі жауы – түріктерге қашып барады, хан оны меймандос пейілмен қабылдайды. Ханға біраз көмек көрсеткесін, Бахрам оның кеңесші досына айналады. Хан оның Иранда азамат соғысын қайта бастау жөніндегі жоспарын ықыласпен тыңдайды да, оған біраз әскер береді. Бұдан мазасы кеткен Хосрой Парвиз Бахрамды қайтарып беруді талап етеді, бірақ қатты ашуланған хан оның меселін қайтарып тастайды. Бұдан соңғы, әуелгісінен гөрі айлакер елші ханшасын сый – сияпатпен азғырып, шах бәсекешісіне қаскүнемдік жасауға бейімдейді, сосын жалдамалы жауыз Бахрамға уланған қанжар салып өлтіреді. Хан қаһарына мініп, баскесерді жазалайды.

Осынау көріністен байқалатын бір жайт, тіпті күйреп жеңілгеннен кейін де түріктер өзінің тәуелсіздігінен айырылмаған, басқалардың ықпалына түсіп, бас имеген. Шахинашахтың елшілік жолымен жасаған қысымынан түркі ханы тіпті айылын да жимаған. Амудария өзені бұрынғысынша Сасанидтер Иранының саяси ықпалын өткізбейтін шеп болып қала берді.
2.4. Түркі империясының құлдырауы мен құлауы.

(577 – 630)


581 – 588 жылдары бұған дейін ыдыраңқы күйде болған Қытай жұрты Суй династиясының қол астына біріктірілді; Онда жасалған экономикалық реформалар Қытайдың экономикалық және әскери қуатының тез өсуін қамтамасыз еттті. Қытайдың күшеюі тұсында Түркілердің басшы топтарының, әсіресе Ашин руының ішінде әртүрлі араздықтар мен ашаршылық қатар жүріп жатты. Қытай тарихшысы бұл орайда түркілер нанның орнына ұнтақталған сүйекті пайдаланды деп көрсетті. Түркі аристократиясы үздіксіз соғыстар жүргізіп, басып алған жерлерніде жеке билік орнатуға ұмтылу саясаты қарапайым көшпенді халықты қалжыратты. Оған 581- 583 жылдары жұт келіп қосылды. Осының бәрі қағандықты дағдарысқа еріксіз алып келді. [ 29]

Бірақ осыншама ұлан байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық саяси организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уақыт сүйеніп тұра алмады. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттармен және ашаршылықпен ушыға түсуі Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581 – 618 жылдары), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа – Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуі мен аяқталды; бөлінуіне қармастан Батыс Түрік қағанаты Шығыс Түрік қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды. Осы жылдра ішінде Шығыс ( Орта Азия) және Батыс (Орталық Азия) қағандықтарының арасында қан төгіс соғыстар толстаған жоқ.

Түркілердің Қытаймен қарым – қатынасы шиеленісіп кетті. Өйткені VI ғасырдан бастап Түркілерге қарсы пиғыл Қытайдың ең басты саясатқа айналған. Қытай феодалдарымен чиновниктернің негізгі мақсаты – Азияға түгелдей өз билігін орнату еді. Осы мақсатпен Қытай империясы 602 жылы Түркілерге қарсы соғыс жариялап, күйрете соққы берді Осы кезде Түркілердің өз ішінен теле тайпалары (оғыздар) көтеріліске шықты. Көтеріліс Солтүстік Шығыстағы Селенгіден Оңтүстік батыстағы Тянь – Шаньға дейінгі аралықты қамтиды.Тек Шиби қаған тұсында (609 – 619) Шығыс Түркі қағандығы аз уақытқа шиеленісті бәсеңдетіп, саяси көрегендік таныта білді.Қытайдағы азамат соғысы (613 –618 жж.) және Суй ждинастиясының құлауы, оның орнына Тань үйінің келуі (618 – 907 жж) Түркі қағаны Шиби және оның кіші інісі Ел (Эль) қағанға (620 – 630) оңтүстік шекараларды соғысты жалғастыруға мүмкіндік берді. Бірақ осы кездері қағандықтағы жағдай елеулі өзгеріске ұшырады.

Түркі рулары одағының жорықтар арқылы үйреншікті пайда табуы келмеске кетті. Түркілер құрған мелекет өзінің сексен жылдық тарихында көп өзгерістерге түскен.Биліктің бәрін өз қолында ұстаған қаған жалпы халықпен байланысын үзіп, аз ғана аристократиялық топтың мүддесін қорғады. Соғыстар соларға ғана тиімді болды. Елдің негізгі бөлігі мал шаруашылығының өнімдерімен күнелтті. Түркілердің басым көпшілігін жорықтардан гөрі асыл тастар мен мата саудасы қызықтырды. Қол астындағы елінің мұң – мұқтажымен санасқан кейбір қағандар Қытайдың империялық үкіметіне сауда қатынасына кедергі жасамау жөнінде жиі – жиі өтініш жасап тұрды. Бірақ Қытай үкіметі шекарадағы сауданы саяси бақылау құралы ретінде қарап, неше құбылтып шектеп отырды. Бұдан шекараға жақын аймақта бейбіт сауда жүргізуге тырысқан. Қытай жер өңдеушілері мен Түркі малшылары зардап шекті. 620 – 629 жылдары Ел (Эль) қағанмен оның әскер басшылары санмыңдаған әскерді тынымсыз жабдықтауды, атты әскерді толықтыруды қолға алды. Соғыстан түсетін табыстар мен сыйлықтарға қанағаттанбаған қаған өз халқына салынатын салықты өсіре берді. Салық әсіресе жұт жылдары ( 627 – 629 жж) халыққа өте ауыр тиді.

Ел қаған өзінен бұрынғылардың рулық тайпалық ел басқару жүйесіне өзгерістер енгізді: басты посттағы басшыларды түсіріп, олардың орнына Қытайлықтар мен соғдылықтарды қойды. Жат жұрттықтардың басқаруындағы халық шектен тыс қанауға түсіп, өз билеушісіне қарсы күрес ашуға мәжбүр болды. 629 жылы Ел қаған Шаньсида көтерілісшілерден жеңіліс тапты. Оған қарсы бұған ілесе оғыз тайпалары көтерілді. Қытай императорының әскері осы жағдайды пайдаланып, қағанат жеріне басып кіреді. Жат жұрттық басшылар теріс бұрылып кетіп, Ел қаған тұтқынға түсті.(630ж) Осылайша бірінші Түркі қағандығының тарихы аяқталды.[ 30]

80 жылдай өмір сүрген кезінде қоғамдық дамудың биік сатысына көтерілді. А.Н. Бенштам бұл жөнінде мынадай қорытынды ұсынды: “ Ертедегі Түркіледің қоғамдық құрылысы феодалдық қатынастарыдң ең ежелгі формаларының бірі болып саналады. Ашин державасы рулық – тайпалық қоғамның орнына әскери демократиялық қоғам құрды. Ашин династиясы өзінің кейбір белгілерімен Спартаға ұқсас боды, бірақ рулардан әлдеқайда қуатты еді. Қағандықтың негізгі күші басқару жүйесі мен әскері болды. Түркілер темір өндіруден жалпы әлемдік тарих сахнасына шықты.

Түрік империясы тұсында ( VI – VII ғғ.) Орта Азияның экономикасы мен мәдениеті гүлденіп өсті. Сауда жер өңдеу және қол өнер өте тез дамыды. Жібек керуені Қытайдан Византияға қарай Бұхара. Самарқан, Ташкент, Қашқар, Турфан арқылы үздіксіз ағылып жатты. Түркі империясының құрылуы мен ыдырауы түркі халықтарының батысқа қарай жылжуына алып келді.Шығыс пен Батыс мәдениеті араласып, бірін – бірі байытты.

Қорыта келгенде, Түрік қағанатының күшін біріктірмей, оны әлсін - әлсін зор шығынға душар еткен қарсылықтың бірі мемлекет ішіндегі алауыздық. Осының кесірінен ата жауға жұмсалатын күш екінің бірінде – ақ өзара тартысқа, бақталастыққа бағытталып, ортақ күш ыдырай берген. Бұл жағдай Күлтегін жазуларында: “ Бектерінің, халықтарының түзу еместігі үшін, табғаш халқының алдауына иланғаны үшін, өтірігіне көнгендігі үшін, інілі – ағалының дауласқандығы үшін Түркі халқы елдігінен жойылды” деп көрсетілген. Күлтегін жазуындағы: “ Елді халық едім, елім енді қайда, кімге елдік жасаймын, қағандық халық едім, қағаным қайда? Қай қағанға күш қуатымда берермін” деген зор нала сөздер әлемді айбары асқан мемлекеттің ойраны шыққанын көріп, күйінуден туған жанайқай. Мұны білікті мақсат, ел бірлігі үшін тегеурінді, дәйекті жұмыстар жүргізілмей, намыссыз жандар биік басына шығып, айбынды елді аяқ асты еткеніне ашыну, баққұмар, таққұмар, жетесіз, тексіздердің асыл халықты қор еткендігіне қарата айтылған қарғыс деседе болады. Түркі ұлыстары мен тайпаларының күш біріктіріп, ауызын арандай ашқан жалмауыз дұшпанға қарсы шығудың орнына өзара қырқысуы қатарынан озып туған небір есіл ерлердің жігерін құм еткен. Бір ғажабы – бұдан мың жарым жылғы Түрік бірлігі проблемасы еш заманда да өзінің маңызын жойған емес. Түрік ынтымағының арасына сына қаққысы келетіндердің заһарлы, кесеапат, жымысқы әрекеттерінің салдарына туысқан ұлыстарды бір – біріне арандату оқиғалары соңғы кездерге дейін орын алып келгенінде ұмытуға болмайды. [ 31 ]

Бағы заманнан бері қарай қас жауларымыздың қолданып келген тәсәлінің тағы бірі – Түркілер арасына бөгде салт - сананы, жат діндермен наымдарды тарату, сөйтіп тұтас елдерді іштей іріту, тоздыру болған Түркі қауымын ұстанып келген дәстүрінен, тілінен, дінінен айыру үшін сыртқы дұшпандар жүйелі бағдарламалар жасап, оларды жүзеге асыруғы айла –амалын пайдаланған. Орхон ескеткіштерінде де бұл жағдайда барынша анық тұжырымдалыпты. Дұшпан елдердің “ тәтті сөз асыл қазынасына көп сеніп елдің, түркі халқы жойылдың” деген сөздер ешқашанда ұмыт болмауға тиіс. Тастағы жазуларда “ Түркі халқы жойылдың” деген тіркестер әлденеше рет кездеседі. Бұлар кемеңгер ата – бабалардың кейінгі буынға қалдырған қатаң ескертпесіндей естіледі.

Президент Н.Ә Назарбаев “ Тарих толқынында” атты кітабында: Түркілер өзге мәдениеттердің жетістігін қабылдаудың ғажайып бірегей қабілетін танытты, оны өздернің ерекше жағдайларына қарай бейімдеп, шебер падалана білді. Ол томаға тұйықтықтан мүлде бөлек мәдениет болды”, деп жазған .



Ілгері де айтылған және басқа мәселелер бізге бұрынғы ата – бабаларымыздың имандай сыры, жан даусы, кейінге қалдырған үлгі өсиеті, асыл аманаты. Бұл өсиет сөздердің мәні қазіргі кезде де мысқылдай кеміген жоқ. Еуразияның ұлы кеңістігін жайлаған Түркі халықтарының рухани бірлігі, тұтастығы, тіл мәртебесі, діни нанымы сақталуы үшін күрес әлі де көкейтесті проблема болып келеді. Осы күресті жалғастырып, алдағы ұлы мұрағаттарды жүзеге асыру үшін бүгінгі және ертеңгі қауымның қасиетті парызы.
2.5 Батыс және Шығыс түркі қағандығы.

Ұлан –ғайыр байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді.Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық – саяси біртұтас қоғам бола алмады. Жоғарыда атап өткендей,Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, Суй Қытайының қағанатқа шабуыл жасауы, ақырында қағанаттың (603 ж) екі дербес – Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуіне әкелді. Батыс Түркі қағандығы он тайпаның ( он оқ будун) бірігуі нәтижесінде пайда болды. Оллар Шығыста бес тайпа дулу, батыстағы бес тайпа нушиби еді. Батыс Түркі қағандығына Жоңғария мен Орта Азияны біріктірген жерлер және Шығыс Түркістанның едәуір бөлігі кірді. Шығыс Түркі қағандығы Монғолияны иеленді. Батыс Түркі қағандығы Шөгүй (618 – 619) мен Тон – Ябғу (619 – 630) қаған қағандықтың шығыстағы шекарасын Алтайға дейін жеткізіп, бүкіл Тарим мен Памирге дейінгі ұлан – ғайыр қағандықтың аумағын кеңейту жөнінде саясатын одан әрі жалғастырып, әкімшілік орталығын сол кездегі қолөнер мен сауданың маңызды орталығы болған Шу алқабындағы Суяб ( Тоқмаққа жақын жерде) қаласына көшірілді, жазғы қонысы Мыңбұлақта болды (Испиджабқа жақын жер). Жаңа жорықтар қағандық аумағын Гиндикуш пен Маударияның жоғарғы ағысына дейін кеңейтті. Оңтүстікке билік жүргізуді Тон – Ябғу өзінің ұлы Тарду – шадға берді. Оның әкімшілік басқару орталығы Құндызды еді. Тянь – Шаньның оңтүстігіндегі Маураннаһрдағы, Орта Азия жеріндегі отырықшы аймақтар мен қалалар Батыс Түркі қағандығына тәуелді болды. Византиямен дипломатиялық қарым – қатынас туралы келісімді жүзеге асыра отырып, Тон – Ябғу император Ираклидің Закавказьеге жасаған үшінші жорығына(627 – 628 жж. ) қатысты. Түркілер өздері жаулап алған жерлерден көп мөлшерден енші алды. Ол жерлер Чоре мен Тбилиси. Тон – Ябғу жетістіктернің нағыз салтанатты шағы Ираклидің Тбилиси қамалының түбінде Тон – Ябғуға өз тәжін кигізіп, қызы Евдокияны оған әйелдікке беретінін мәлімдеген кезі еді. Бұрын өзіне алым төлеумен ғана келген Орта Азия мемлекеттерінің үстінен Тон – Ябғу қатаң саяси бақылау орнатты. Өзіне түгелдей бағынған сотүстгіндегі Спиджаб пен Шаш “ Ташкент), Оңтүстік Ауғаныстан мен солтүстік батыстағы Пәкістан территоияларына қаған өзі бекіткен бақылаушылар – тудундар жіберіледі. Олар қағанның қазынасына түсетін алым – салықты жиып, бақылау орнатты. Жергілікті билеушілерге түркі титулдары беріліп, оған қағанның басқару - әкімшілік аппаратының құрамына алынды. Сонымен қатар Тон – Яғбу жергілікті ықпалды билеушілермен жақын қарым – қатынаста болды. Қаған Орта Азияға ықпал етуді көздеп Самарқан билеушісіне өз қызын ұзатты. Тон – Яғбудың билік жүргізу стратегиясын қорытындылай келе: “Батыстағы көшпенділр бұған дейін ешқашан мұндай қуатты болған емес” дейді Қытай жылнамашысы. Осы ұлан – ғайыр аумақты мекендеген түркі тілдес үйсін, қаңлы, қарлұқ, оғыз (теле),қыпшақ, т. б. тайпалар Батыс Түркі қағандығының құрамына енді. Батыс Түркі қағандығы құрылған кезде Шығыстан келген көшпелі түрік ітілдес тайпалар бұрынан осы өңірді мекен еткен үйсін, қаңлы ұлыстары араласып, сіңісіп кетті. Енді бұл “ Он оқ бұдун” деген жаңа атпен әйгілі болды. Іле, Шу, Талас өзендерінің аңғарларында, Алатау баурайларында егіншілік алқаптары болды. Егін , мал шаруашылығымен айналысқандарға патриархалдық қатынас үстем еді. Ал отырықшы егінші аудандарда фодалдық қарым – қатынас орнады. Қытай мен Византия арасындағы Ұлы Жібек жолы бұл елдерді басып өтетін. Жетісчудағы отырықшы аудандар – мен қалаларды мекндеген соғдылар егіншілікпен, қолөнермен, сауда –саттықпен айналысты. Сауданың өркендеуіне байланысты ақша айналымы жарыққа шықты. Сауда мен қолөнердің орталық қалалары Құлан, Тараз, Меркеі болды. Қалада өндіріс құрал жабдықтарын жасайтын теміршілік кәсібі, қыш құмыра өндірісі, тоқымашылық, тері өңдеу, қолөнер кәсіптері өркендеді. Батыс, Шығыс қағандарының басқару жүйесі ұқсас еді. Қағандықтың ең жоғарғы билеушісі – қаған. Батыс Түркі қағандығын түркілердің Ашина тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Онда 28 түрлі дәрежеден тұратын лауазым иелері болды. Олардың барлығы феодалға айналып келе жатқан шонжарлар еді. Халықтың негізгі бөлігі – қара бұқара, ал төменгі жігі – тат деп аталды. Қатаң тәртіп орнатып, шексіз билік жүрегізген Тон – Ябғу өз байлығын молайта беру үшін бағынушыларын қанаушылықта ұстады. Мүның ақыры үлкен шиеленіске айналып, ықпалды әкербасы Кюльбагатур Удельдер арасындағы соғысты тоқтату керек деген желеумен жиені қаған Тон – Ябғуды өлтіріп, өзін өзі қаған деп жариялайды. Бірақ басқалар да қағандыққа таласып, тайпалар арасында соғыс басталды. 630 – 634 жылдары қағандық өзінің Орта Азиядағы, Сырдария аймағындағы аумақтарынан айырылды.

Мемлекет қиын саяси жағдайға тап болады: Батыс


Түркі қағандығының құрамына кірген екі тайпалық одақ – дулу мен нушиби билік үшін тартысқа түседі. 634 жылы қағандық нушибилердің қолдауына сүйенген Ышбыра Эльтериш Ширдің қолына тиеді. «Он оқ будун» кезіндегі әскери әкімшілікті жаңғыртып, ілгері дамытуға күш салады. [32 ] Алайда қағандықтың әскери – саяси диктатурасы тайпаларды толық бағыныштылыққа ұстауға жеткіліксіз болып шығады. 638 жылы екі тайпа арасындағы қантөгіс соғыстың тууына себеп болды. Осыдан кейін қағандық екіге бөлінді. Олардың арасындағы шекара Іле өзені арқылы өтті. Ышбара қаған орнынан алынғанымен қоймай, ол Ферғанаға қашады. Тайпалар арасындағы соғыс және династиялық күрес 17 жылға ( 640 – 657 ) созылып, бұл Қытай әскерлерінің баса көктеп кіруіне қолайлы жағдай туғызды. Он оқ будун елі жеңіліске ұшырады. Олардың тәуелсіз соңғы қағаны Нивар Ышбара – яғбу тұтқынға алынып, сонда екі жылдан соң (659ж) қайтыс болады. Тань империясы өзінің қағандық ішіндегі қанаушыларына сүйене отырып, Батыс Түркі қағандығын билеуге тырысады. Олар біраз уақыт өз үстемдігін жүргізеді, бірақ батыс түркілері түпкілікті тәуелсіздіктерін сақтап қалуға әрекеттене береді. Батыс Түркі қағандығының шаңырағын құлатпай сақтап қалуға, байырғы қуатын қалпына келтіруге жанын сала кіріскен қағандықтың соңғы дербес қағаны Ашина Хэлудің қолы 658 жылы өз бауырлары - теленің атты әскрі мен Тань мемлекеті әскерінің біріккен күшінен жеңіліс тапты. Себебі батыста түркілер Шығысқа қарағанда аз болды. Батыс Түркі қағандығы құлағанмен, оның құрамындағы түркі тайпаларының бәрі бірдей Тань мемлекетіне бағынып, оның билігін мойындаған жоқ. Мәселен, осы Батыс Түркі қағандығына кіретін « он оқ » халқының ішінен түргештер бас көтеріп, өз алдына қағандық құрып, Тань мемлекетінің жаулап алу саясатына қарсы тұрады. Сөйтіп 704 жылы Батыс Түркі қағандығынан соң Түргеш қағандығы тарих сахнасына шықты. [33]

Ескере кететін бір жайт: соғдылардың қағанедық өміріндегі рөлі жоғары дәрезжеде болды, бүкіл экономикалық және ақша қатынастары соғдылардың тікелей қатынасуымен жүрді.[ 34 ]

Қытаймен арадағы соғыста жеңіліс тапқан Шығыс Түркі қағандығы 630 жылы біржол құлады. Түркілер жарты ғасыр бойы Қытайға тәуелділіктің қамытын киюге мәжбүр болды. 682 жылы мемлекет қалпына келеді.

Осы елу жыл ішінде талай қаған еркіндікке ұмтылып, ешқайсысы халыққа бостандық алып бере алмады. Солардың бірі – Құтлық қаған ғана қағандықтың басынбіріктіріп, үлкен күшке айналдырады. Құтлықтың тасқа қашалған сөзі былай дейді: « Қытай қолында қандай ерлеріміз құл болып қалды, қандай таза, сұлу әйелдеріміз күң болып қалды. Біз бұларға елу жылдық күшімізді бердік. Мемлекеттің заң жосағын жасап бердік.»

Тоныкөк жазбалары, профессор Хирттың зерттеулері және қытай тарихшылары Елтеріс ( Құтлық) қаған туралы мына деректерді ұсынады: Қытай үстемдігіне қарсы қозғалыс 682 жылы болған.

Көтеріліс басшысы – Ашина руынан шыққан Елтерістің әкесі қытай үстемдігі кезінде бағынышты Ашина тайпаларының бірін басқарған. Қозғалыс Юнь – чжун провинциясының солтүстігінде – қазіргі Датунфу қаласына жақын жерде өтеді. Бұл аймақты байырғы түркілер қоныстанған еді. 682 – 687 жылдары шығыс түркілер Қытайға қарсы азаттық күрестің нәтижесінде өз мемлекетін қайта құрады. Елтеріс қаған болып сайланып, Құтлығ қаған деген атқа ие болады. Оның ең жақын көмекшісі әрі ақылшысы болып Тоныкөк сайланды. Бұл тасқа қашалып жазылған көне түркі жазба мәліметтерінен белгілі.

691 жылы таққа Елтеріс марқұмның інісі Қапаған (Мочжо) қаған ( 691 – 716) отырып,Шығыс Түркі қағандығы әскери, саяси дамуы жағынан шарықтап өсті: солтүстік қытай армиясына қарсы бірнеше шабуылдар жасады, қидандарды талқандады ( 696 -697жж), Туваны жеңді. Енисейлік қырғыздарды бағындырды ( 709 –710ж). Қапаған бүкіәл Орта Азияны билеуге қол жеткізді. Бұл кезде Батыс қағандықтың халі мүшкіл болғнадығын пайдаланып оны басып алады да, мол олжаға кенеледі. 689 жылы Құтлық қағанның інісі Қапаған өз әскерін Қытайға бастап келеді. Ал қырғыздарға қарсы жорық 688 – 689 жылдардың аралығындағы қыста болған сияқты. Қытай әскерінің басында ұлы мәртебелінің сүйіктісі Сэ Хуай – и болған.Оған мызғымайтын шекараны бұзушыларды жазалау тапсырылған болатын. Шекара Шаньютай құзына дейін созылатын еді. [35]

Қапаған өз әскерінің аздығынан қытай әскерімен соғысуға тәуекел жасай алмайды. Ал Хуай – и ешқандай әскери дарыны болмағандықтан, жауына қарсы шығуға батылсызданып, тосыла берді. Түркілер ұрыс салмай кете салысымен, Хуай – и шекараға келіп, істің сәтті аяқталғанына қуанды.

Могилянның Тангутқа жорығы – 700 жылы, түркілердің қытай әскерін жеңуі шамамен 702 жылы , түркілердің батысқа жорытары 709 – 713 жылдары болған. 706 жылы қырғыздардың басқарушысы Барысбек Мочжодан қаған титулын алып, Могилянның қарындасына үйленген. 709 жылы Могилян Кем өзені мен Оргенді басып өтіп, чик халқын қарған. Қытай хабарламалары бойынша Тоыкөк, Могилян, Күлтегін 710 жылдың аяғы мен 711 жылдың басында Кегмен (Саян жоталары) тауы мен Сунганда (Алтай тауының бір бөлігі болса керек) қыс ішінде жорық жасаған. Барысбек хан қайтыс болған соң, оның халқы түркілерге бағынған.

715 – 716 жылдары Қытай хабары бойынша түркі елінің іші дағдарыс жағдайында болды. 716 жылы Оғыздардан қайтар жолда, Қытай хабарлары бойынша, Мачжо өлтіріледі де, басы Қытайға жіберіледі. [ 36 ]

Қаған өлімі жаңа абыржулар туғызды, осы кезде хан тұқымынан шыққан Күлтегін Мачжоның баласын өлтіріп, таққа өз ағасы Могилянды отырғызады. Жазбаларда ол өзін Білге қаған деп атайды.

721 немесе 722 жылы түркілер Қытайға, ал 723 жылы татабицеге жорықтар жасаған. Қытай мен бітім жасасқанннан кейін (721 жылдын кейін) түркілердің көршілермен қарым – қатынасы едәуір жақсарды. 722-733 жылдар аралығында бірде – бір соғыс болмаған. Хирттың мәліметтеріне қарағанда түркі елшілігі Қытайда жиі болып тұрған. 731 жылдың күзінде Күлтегін асына татабице, түркеш, қырғыз елдерінің қағандары, арнаулы өкілдері қатысты.

Шығыс Түркі қағандығы кезінде түркі әскерлерінің даңқы Ұлы даланы шарлап кетті. Қағандық өзінің шырқау биігіне көтерілді. Қағандық пен Тань империясы арасында талай жылғы соғыстан кейін шын мәнінде бейбіт қатынас орнады. Грумм – Гржимайло айтқандай: Тоныкөк, Білге қаған, Күлтегін даңқты түркі елінің ақыры болды.

Шығыс Түркі қағандығының соңғы қағаны Озмыш тегін қаған 744 жылы ұйғырлар қолынан қазатабады. Бос қалған түркі қағанының орнына Құтлық Білге Құл қаған отырып, Ұйғыр мемлекетін құрды.

Осымен Шығыс Түркі қағандығы ел есебінде өмір сүруін тоқтатты. [37]

Шығыс Түркі қағандығы негізінен феодалдық мемлекет болып, түркілердің қоғамдық құрлысына рулық – тайпалық қалдықтар сақталды. Шығыс Түркі мемлекеті қираған соң батыс жағындағы жерлерге найман, керей, меркіт, қимақ, қыпшақ тайпалары ие болды. Түркі қағандарының әлденеше буыны айналысындағы дұшпандармен ғасырлар бойында сұрапыл күрес жүргізіп ірі жетістіктерге қол жеткізгенін Орхон ескерткіштерінен айқын аңғарамыз. Сонымен қатар заманында ешбір жаудан беті қайтпаған қайсар халықтың әлсіз тұстары болғандығын да тас жазулар баянынан білеміз.

Қорытынды.

“Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі бір кезеңде бетбұрыс дәуірі болды” деп жазды белгііл ғалым Лев Гумилев өзінің “ Көне түріктер” деген іргелі зертеуінде. Көне түркі мемлекеті шығыс мәдениеті мен батыс мәдениетін жалғастырушы ғана емес, сонымен қатар ол өз мәдениетін, мемлекеттік құрылысы мен идеологиясын жасады, әлемдік тарихта үлкен із қалдырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет