Кіріспе бет і-тарау білім берудің ақпараттандырудың теориялық негіздері



бет15/16
Дата20.05.2022
өлшемі382 Kb.
#458134
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
kur -bastauysh-mektepte-matematika-paninde-aqparattyq-tehnologijalardy-paydalanu

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жаңа технологиялар мен білім беруді ақпараттандыру процесі кеңінен қанат жайып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.
Ақпараттық технологияларды пайдалану оқу процесінің тиімділігін арттыруда төмендегіше оң ықпал етіп, бірнеше міндеттерді жүктейді:
- ЭЕМ жергілікті желіге қосылған болса, онда мұғалім әрбір оқушыға тапсырма беріп, олардын жүмысын қадағалап, кез келген уақытта олармен сұқбат жүргізіп, олардың білімін автоматты түрде бақылай алады;
- Мұғалімдердің құрал-жабдық пен программалық құралдар туралы белгілі бір түсінігі болуы қажет. Бірақ бұл да жеткіліксіз:оларға компьютер мен компьютерлік программаларды педагогикалық практикаларына енгізіп, олардың жұмыс істеу принципін түсініп, оқыту тәсілі мен сәйкес жөндеу әдістерін білуі қажет;
- Ақпараттық технология еңбек сапасы мен педагог біліктілігі деңгейіне білімділік жөнінде ғана емес, педогогикалық шеберлігіне де қатаң талап қояды;
- Әрбір оқушы дербес компьютерде жұмыс жасағанда, мұғалім олардың бәрімен жұмыс істеп үлгеруі керек. Яғни, тапсырмалар мен қосымша сабақтар беру, тексеру.
Жүргізілген зерттеу жүмысының нәтижесі мен өз тәжірибемізге сүйен-сек, қазіргі таңда бастауыш мектептердің көпшілігінде білім беруді ақпа-раттандырудың алғашқы жылдарында орын алған кемшіліктер әлі де қайталануда. Олар:
- бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытуда машинасыз вариантты таңдау оқушылардың ақпараттық мәдениеті мен құзырлығын қалыптастыру қиынға соғады;
- информатика кабинетіндегі жүмыстың көптігіне байланысты бас-тауыш сынып оқушылары оған өте сирек барады, бұл өз кезегінде оқыту нәтижесіне әсер ететіні сөзсіз
- бастауыш мектеп оқушыларын оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану әдістемесін бастауыш сынып мұғалімдерінің меңгеруін қамтамасыз ету;
- санитарлық-гигиеналық талапқа сай бастауыш сынып оқушысы-ның компьютерде жүмыс істөу нормасыні сақтау жолдарын қарастыру;
- оқушылардың денсаулықтарына зиянды жақтары бар ескірген техникалық қүралдар пайдаланыланылмау;
- педагогикалық-бағдарламалық кешендердің бастауыш оқыту әдістемесінің мақсат-міндеттеріне сәйкес келуін және қолдануды жеңілдету;
- өз бетімен электронды дидактикалық материалдарды дайындауда мұғалімдер мен осы жұмысқа жұмылдырылған жоғары сынып оқушылары көріп қабылдау заңдылықтары мен бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерн ескеру;
- бастауыш мектеп оқушыларын оқытуға электронды оқулықтарды құрастыру;
Аталған мақсаттарды жүзеге асыру жаңа ақпараттық технологияларды бастауыш мектептегі дәстүрлі әдістемемен үйлесімді байланыстыру арқылы және оларды оңтайлы, тиімді пайдалану негізінде мүмкіндігі бар екендігі айқындалып отыр.
Ақпараттық-коммуникациялық технология саласы бойынша мамандардың дайындығын жетiлдiру үшiн келесi бағыттар iске асырылуы қажет екенiн жасақталған тәжiрибелердiң негiзiнде байқадық:

  • педагог мамандардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруды қамтамасыз ететiн дайындық өткiзудi жетiлдiру;

  • қашықтықтан оқыту технологиясын бiлiктiлiктi арттыру жүйесiне енгiзу мәселелерiн байқаудан өткiзу және оны ендiру;

  • бiлiктiлiктi арттыру жүйесiне виртуальды консалтингiлiк қызметтi енгiзу моделiн жасақтау және оны ендiру;

  • мектеп басшылары мен мектеп пәндерiнiң мұғалiмдерiнiң практикалық қызметiне қолданылатын қолданбалы программалық құралдарды (электрондық оқулық, энциклопедия) жинақтау банкiсiн толықтыруды жалғастыру.

Үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесi - бұл көп деңгейлiлiгiмен, iзгiлiктiлiгiмен, көпсатылығымен және ашықтығымен ерекшеленетiн динамикалық даму жүйесi. Сонымен, институтта ақпараттық-коммуникациялық технология саласы бойынша ұйымдастырылған курстардың негiзгi мақсаты бiлiм беру қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн ақпараттық мәдениеттi қалыптастырумен баайланыстыруға бағытталған. Басқаша айтқанда, курсты ұйымдастыру барысында тыңдаушының өздiгiнен бiлiм алуына және өзiн-өзi дамуына жағдай жасау арқылы бiлiм сапасын көтерудiң негiзгi шарттарының бiрiне айналып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет