Кіріспе Биотехнология дегеніміз


Өсімдіктердің клондық микрокөбеюі



бет2/4
Дата09.10.2024
өлшемі32.45 Kb.
#504505
1   2   3   4
stud.kz-81758

2.1 Өсімдіктердің клондық микрокөбеюі
Маманданған ұлпаның кез келген тірі клеткалары лайықты қоректік ортада өсіргенде, өздерінің тотипотенттік қасиетін жүзеге асырып, регенерация арқылы бүтін өсімдікке айнала алады. Жеке клеткалардан сол өсімдік түріне тән барлық белгілері мен қасиеттері сақталған бүтін өсімдіктің түзілуі клондық көбейту технологиясының негізін қалайды. Клондық микрокөбейту деген өсімдіктердің оқшауланған мүшелерін, ұлпаларын және клеткаларын пайдаланып, өсімдік организмдерінің жаппай жыныссыз жолмен көбеюі. Соның нәтижесінде пайда болған өсімдіктер бастапқы өсімдікпен және өзара бір бірімен генетикалық тұрғыдан айнымастай бірдей болады. Дағдылы тәсілдермен салыстырғанда клонды микрокөбейтудің бірталай артықшылықтары бар: 1) генетикалық біртекті отырғызылатын материалдар алу; 2) көбею коэфициентінің өте жоғарылығы; 3) микрокөбейту вирустар мен патогендік микроорганизмдермен сауықтырылған көшеттер алуға мүмкіндік береді.; 4) селекция процесінің жылдамдығы; 5) вегетативті жолмен көбейе алмайтын өсімдіктерді көбейтуге болады; 6) жұмысты жыл бойы жүргізу мүмкіншілігі; 7) отырғызылатын материалдарды өсіретін егіс алқабын үнемдеуге болады.
Клондық микрокөбейту процесі төрт кезеңнен өтеді:
І ЭТАП. Эксплантты ин витро жағдайында өсіру. Бұл кезде толығымен залалсызданған эксплантты алып, лайықты қоректік ортаға отырғызып, оның жақсы өсуіне қолайлы жағдай туғызу керек.
ІІ ЭТАП. Микрокөбейту.

    • бастапқы және жаңадан пайда болған өркендердің апикальдық басымдылығы жойылу арқасында экспланттың барлық қолтық бүршіктерінің дамуы;

    • апикальдық басымдылықты көрсететін өркенді микроқалемшелеу;

    • жапырақ, сабақ, пиязшық ұлпаларынан адвентивтік бүршіктердің пайда болуын индукциялау.

ІІІ ЭТАП. Өркендерді тамырландыру және оларды сақтау. Жақсы тамыр жүйесі пайда болуына және дамуына жағдай туғызу. Ол үшін қоректік ортаға ризогендік факторы, яғни ауксин қосылады.
ІV ЭТАП. Өсімдіктерді топыраққа отырғызу. Өсімдіктерді топыраққа отырғызу алдында оларды арнайы дайындайды. Сол үшін ауаның ылғалдылығын және жарықтың қарқындылығын арттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет