Кіріспе бөлім I. ҚАзақстанда несиелік жүйенің Қалыптасуы



бет5/5
Дата07.07.2016
өлшемі0.57 Mb.
#183451
1   2   3   4   5

ҚОРТЫНДЫ

Көптеген экономистер несиелік саясатты кез-келген экономикалық саясаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. Шыныменен, оның пайдасына бірнеше нақты айғақтар келтіруге болады:



  1. Жылдамдылық және икемділік, яғни салық саясатымен салыстырғанда ақша-несие саясаты тез өзгереді. АҚШ-та Федералды резервтік жүйе кеңесінің ашық нарықтық комитеті күнделікті бағалы қағаздарды сату-сатып алу туралы шешімдерін қабылдайды және осылай ақшалай ұсыныс пен пайыздық ставкаға әсерлерін тигізеді.

  2. Саяси қысымнан нашар тәуелділік. Мысалы, Мемлекеттік Думаға жаңа Орталық банктің есептік ставкасын жоғарлатуға қарағанда, салықты не бар ставканы жоғарлатуды өткізу қиын болады, бірақ есептік ставканы өзгерту кезінде саяси ортаның әсері сезілмелі. Соныменен қатар, өзінің табиғаты жағынан да фискалды саясатқа қарғанда ақша-несие саясаты жұмсақ және саяси қатынастарда конвервативті болып келеді. Мемлекеттік шығындардағы өзгеріс тәкелей ресурстарды қайта бөлуге тікелей әсерін тигізеді.

  3. Монетаризм, оның өкілдері ақша жағдайы мен айналымдағы ақша көлемінің өзгеруі – экономикалық белсенділіктің басты факторы деп дәлелдейді және фискалды саясат салыстырмалы тиімсіз екендігін аргументтеді.

Бірақта, несие-ақша саясаты белгілі бір шектілікпен қиналады және нақты әрекет етуі кезіндегі бірқатар қиынтықтармен соқтығысады:

1. Циклдік ассиметрия, яғни егер де қымбат ақша саясатын жүргізетін болса, онда банктер несиелер көлемін шектеу керек нүктесіне жетеді, ол ақша ұсынысын шектеуді көрсетеді. Сол уақытта арзан ақша саясаты коммерциялық банктерді қажетті резервтермен қамтамасыз етеді, яғни ссудалар беру мүмкіндігі бар, бірақта ол соңғысы шыныменен ссуда беретінін және ақша ұсынысының жоғарлатуды кепілдендіре алмайды. Халық сондай-ақ Орталық банктің ойластырған ойын бұзады, халықтан облигацияларын сатып ала отырып, дәл уақытта бар ссуданы халықпен қолдануға мүмкіндік береді.

Осы циклдік ассиметрия тек терең дағдарыс кезінде ақша-несие саясатының күрделі тосқауылы болып табылады. Қалыпты уақытта артық резервтердің жоғарлауы қосымша несиелердің берілуіне әкеледі және соныменен ақша ұсынысын да көтереді.

2. Ақша айналым жылдамдығының өзгеруі. Осылай, ақшалай айналым көзқарасы жағынан жалпы шығындарын ақша ұсынысын ақшаның айналу жылдамдығына көбейту ретінде қарастыруға болады. Осыған байланысты кейбір кейнсиандықтар ақша ұсынысына қарсы бағытта ақшаның айналым жылдамдығы өзгеру тенденциясына ие болады деп санайды, ол несие-ақша саясатының өзгеруімен соңғысының өзгеруін жояды. Басқаша айтқанда, инфляция кезінде, ақша ұсынысы Орталық банктің саясатымен шектеледі, ал ақша айналымдылығының жылдамдығы жоғарлауға икемді болады. Және керісінше, құлдырау кезінде ақша ұсынысын жоғарлату үшін саяси шаралар қолданылған кезде, ақшаның айналым жылдамдығы құлдырайды.

3. Инвестицияның әсері, яғни ақша-несие саясатының іс-әрекеті қиындайды және инвестицияға сұраныс қисығы орналасуы жағымсыз өзгерістер нәтижесінде уақытша тоқтап қалады. Мысалы, пайыздық ставкалардың жоғарлауына бағытталған банктердің несиеқабілеттілігін қысу саясаты инвестициялық шығындарға әлсіз әсерін тигізуі мүмкін, іскерлік оптимизм, технологиялық прогресс немесе болашақтағы күтім әсерінен инвестицияға сұраныс біруақытта неғұрлым жоғары бағалы капиталға да өседі. Мұндай жағдайларда жиынтық шығындарды тиімді қысқарту үшін ақша-несие саясаты пайыздық ставкаларды өте жоғары көтеру керек. Және керісінше, байсалды құлдырау кәсіпкерлікке сенімді жоюы мүмкін, және осының арқасында арзан ақша саясатын жоққа шығарады.

Осылай, экономиканы мемлекеттік реттеу құралы ретінде орталық банкпен жүргізіліп отырған несие-ақша саясаты өзінің күшті және әлсіз жақтары ие болады. Соңғыларының қатарына, мысалы, басқарушы мекемелер бір уақытта ақша ұсынысын да, және пайыздық ставканы да тұрақтандыру мүмкіндігін жүргізіле алмағандағы несие саясаттарының мақсаттары дилеммасын жатқызады. Жоғарыда айтылғандардан келесідей шешім жасауға болады, елдегі экономикалық жағдайды жақсарту үшін көрсетілген құралдарды дұрыс қолдану тек ішкі мемлекеттік іскерлік белсенділікке Орталық банктің несиелік саясаты әсерлерін анық жоспарлау және болжау кезінде ғана мүмкін болады.

Қазіргі экономикада несиелік қатынастар кеңінен қолданылады. Сондықтанда несиенің теориялық негіздерін білу қаржылық ресурстарға қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құралдар ретінде ссудаларды рационалды қолдану үшін қажетті шарт болып табылады.

Несиелік жүйе ақшалай жинақтардың масштабын кеңейтеді, ақшалай қаражаттардың бір саладан екніші салаға көшуін жүзеге асыруға мүмкін береді және сондықтан да өндіріс тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды.

Несиелік жүйенің рөлі мен мағынасы бірқатар көрсеткіштермен мінезделеді: несиелік салымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айнымалы капиталын қалыптастырудағы банктік ссуданың үлесі, жиынтық төлемдік айналым және т.б.

Осылай, несиелендіру жүйесі нарықтық экономикада маңызды рөлді атқарады. Ол арқылы ақшалай ресурстардың үлкен көлемі өтеді, ол әртүрлі несиелік, делдалдық, инвестициялық жіне басқа да операцияларды ороындай отыра, уақытша бос ақша қаражаттарын белсенді әрекет етуші капиталға айналдырады. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі несие рөлін жоғарлатпай мүмкін болмайды. Жоғарыда айтып кеткендей, несие нарықтық экономикада үлкен рөлді атқарады. Біріншіден, несиелендіру жүйесі кезінде жаңа төлемдердің түрлері пайда болады және ескі төлем жүйелері жетілдіріледі. Екіншіден, айналым шығындарын үнемдеу арқылы және қаражататрды өндірістік және коммерциялық сфераға инвестициялау процесін жүзеге асыру арқылы қандай да экономикалық жүйе айналымда жүрген ақша саны реттеледі. Несиелендіру жүйесі арқылы мемлекет салалық және аймақтық даму және толығымен барлық экономиканың даму саясаты жүзеге асырылады. Несиелендіру жүйесі несиелік операцияларды жүзеге асыратын қаржы-несие мекемелерінің жиынтығымен мінезделеді.

Онда банктер алғы орынды алады, сондықтан да банктік несиеге осы жұмыста көп көңіл бөлінді. Дәл, осы банктік несие жоғарыда көрсетілген қызметтерді орындайды және үлкен рөлді ойнайды.

Банктердің несиелік операцияларды дұрыс жүргізуі негізгі табыстарды алуға әкеледі, ол банктің тұрақтылығы мен сенімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді және барлығына: банкке, қарыз алушыға және толығымен қоғамға пайда әкеледі. Өтпелі экономиканың бұл кезеңінде несиелендіру жүйесін жетілдіру маңыздылығы жоғарылайды, ол толығымен алғанда экономиканы тұрақтандыру мен нығайтудың мәнді факторы болып табылады.



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





  1. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан» (с учетом изменений и дополнений от 31.08.95г., 06.03.96г., 07.12.96г., 11.07.97г.)

  2. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона «Национальном Банке Республики Казахстан» от 23.07.97г.

  3. Бабичев М. Ю., «Банковское дело», Москва, 1996г.

  4. Банки Казахстана, Алматы, №1, 3, 8, 10 2000г.

  5. Банки Казахстана, Алматы, № 3, 2000г., стр. 30 – 35;

  6. Деловая неделя, Алматы, № 9, 19 2000г.

  7. Жуков Е. Ф., «Общая теория денег и кредита», Москва, 1997г.

  8. Жуков Е. Ф., «Банки и банковские операции», Москва, 1997г.

  9. Калиева Г. Т., «Кредитное дело», Алматы, 1997г.

  10. Колесников В.И., «Банковское дело», Москва, 1998г.

  11. Красавин Л. Н., «Международные валютно - кредитные и финансовые отношения», Москва, 1996г.

  12. Котелкин С. В., «Основы международных валютно – финансовых и кредитных отношений», Москва, 1998г.

  13. Лаврушин О. И., «Банковские операции», Москва, 1997г.

  14. Лаврушин О. И., «Деньги, кредит, банки», Москва, 1997г.

  15. Носкова И. Я., «Международные валютно – кредитные отношения», Москва, 1996г.

  16. Панорама, Алматы, № 6, 8, 10, 11, 15 2000г.

  17. Девид Полфреман, «Основы банковского дела», Москва, 2005 г.

  18. Усоскин В. М., «Основы банковского дела», Москва, 2004 г.

  19. Челноков В. А., «Банки и банковские операции», Москва, 1998г.

  20. Черкасов В. Е., «Банковские операции», Москва, 2003 г.

  21. Ильясов К.К. . Финансово-кредитные проблемы развития экономики Казахстана \\ Под ред.– Алматы: Бiлiм, 2006 г.

  22. Кучукова Н.К. Макроэкономические аспекты реформирования финансово-кредитной системы Республики Казахстан в условиях перехода к рыночной экономике. – Алматы: Гылым, 2000 г.

  23. Райзберг Б.А.. Курс экономики: Учебник \\ Под ред.– ИНФРА-М, 2006 г.

  24. Сейткасимов Г.С.. Деньги, кредит, банки: Учебник \\ Под ред. проф. – Алматы: Экономика, 2001 г.




1 Оценочная деятельность в экономике. Учеб. пособие/ Под общ. ред. Джухи В.М., Киреева В.Д. – М.: ИКЦ «МарТ», 2003. с.19.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет