Кіріспе дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі


Пассивтi (енжар) арттерапия



бет2/5
Дата17.07.2016
өлшемі0.6 Mb.
#205260
1   2   3   4   5

Пассивтi (енжар) арттерапия. Дайын өнер туындыларын пациентпен анализ және интерпретация жасау арқылы емдiк әсерге қолдану.

  • Актив (белсендi) арттерапия. Пациентте өзiндiк шығармашылығын ояту, мұнда шығармашылықтық акт негiзi емдiк фактор болып саналады.

  • Бiрiншi және екiншi қағидаларды бiр мезгiлде қолдану.

  • Психотерапевттiң өзiндiк ролiн, оның пациентпен шығармашылық жұмысын оқудағы қарым-қатынасын акценттеуi.

    Арттерапия әдiсi – адамның iшкi өзiндiк “Менiн” сурет салуда, өлең жазғанда, скульптура жасағанда, ойланбай iстесе де көрсетiп отырады деп сенiмдi тұжырымдайды.

    Әлемдiк әдебиеттерде арттерапияның емдiк әсерiне әртүрлi көзқарастар бар. Олар, креативтi, сублимативтi, проективтi және арттерапиямен босболмаушылық ретiнде (арттерапия как занятость).

    Креативтi көрiнiс жағынан психикаға арттерапияның адаптациялық әсерiн шығармашылықпен байланыстырып, түсiнуге болады. Бiрiншi орында терапиялық әсерi бар адамның өнерге деген сенiмi қойылады және өзiндiк терапиялық әсердi иемденген латенттi творчестволық күштiң мобилизациясы. Бұл көрiнiстердiң теориялық негiзi – адамда алғаш кезден-ақ оның мiнез-құлқын анықтайтын рухани және альтруистiк қажеттiлiк болады деп жеке адамды психологиялық құрылым ретiнде қарастырған гуманистiк бағыт болып саналады.

    Арттерапияның мақсаты барлық адамды суретшi немесе мүсiншiге айналдыру емес, оның мақсаты индивидтiң творчестволық мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, ішкі көңіл-күйлерін ашып көрсетуге белсендiлiгiн арттыру. Терапиядағы табандылық клиенттің өз қабiлеттiлiгiне сай жеке творчестволық белсендiлiгiн арттыруына көмектеседi, өзiнiң бiр туынды жасап шығаруына бағыт-бағдар бередi.

    Жоғарыда айтылған көзқарастар бойынша шығармашылық тек әсер етушi процесс болып қаралмайды, олар оның эстетикалық жағын бөлiп көрсетедi. Өнердiң интегралдау ролiнiң қорытындысы творчестволық процесс неврозға әкелетiн қысымды төмендетедi және iшкi қайшылықтарды объективтендiретiнiнен көрiнедi.

    Анастази, Фоли, Конова өнердiң интегративтi – креативтi мүмкiндiктерiн психологиялық бейберекеттiк дезинтеграцияға күрес жүргiзу мүмкiндiгi ретiнде қолданады.

    Арттерапияның емдiк әсерiнiң басқа механизмi – сублимация және жауап берушiлiк болып табылады. Адамның инстинктi импульсi визуальды көркемөнер - образды бейнелеулерге ауысқанда, көркемөнер сублимациясы пайда болады. Бұл концепцияның өкiлдерiнiң пайымдауынша, шығармашылық сублимацияның бiр формасы ретiнде үғынуға, көрсетуге, шығармашылық арқылы айтып беруге және инстинктi импульстерi арқылы жауап беруге (сексуальды, агрессивтi) және эмоциялық жағдайын бейнелеуге (депрессия, уайым-қайғы, қорқыныш сезiмi, қанағаттанбаушылық, ашу-ыза, тұнжыраушылық, т.б.) көмек бередi. Әлеуметтiк ортадағы iс-әрекеттерде жоғарыда айтылған сезiмдердiң көрiнiп қалуы мүмкiн деген уайымдардың қауiптiлiгiн төмендетедi.

    Арттерапиямен кімдер айналысады?

    Арттерапиямен психологиялық қиындықтарды (музыка, живопись, сурет салу, жабыстыру, театрлық драма) творчествоның көптеген түрлерімен жеңілдете, шеше білетін адамдар айналысады.



    Арттерапевт қалай жұмыс жүргізеді?

    - Арттерапевт топпен болсын немесе жеке дара болсын жұмыс жүргізгенде өзін-өзі силау, өзін-өзі түсіну сезімдерінің даму деңгейін зерттеу мақсатында ешқандай зиянсыз және мәжбүрлеусіз жағдай туғызады.

    - Білім-дағдылары мен танымдық процестерді дамыту мақсатында сабақтар, жаттығулар ұйымдастырады.

    - Өзіндік құндылықтарын сезіну үшін, қарым-қатынасқа түсіп әлеуметтендіру мақсатында өзін-өзі көрсете білуге жағдай жасайды.

    - Ішкі және сыртқы қарама-қайшылықтарды жеңу үшін, өзіне немесе өзге адамдарға деген қатынасын өзгерту мақсатында ішкі творчестволық қабілеттіліктеріне үңілуге мүмкіндік береді.

    - Жеке творчестволық диапазонын кеңейтуге септігін тигізетін, өзін-өзі зерттеу мен өзін-өзі танып-білуге жағдай жасайды.

    Арттерапевт зерттейді:


    • Эмоционалды хал-жағдайды.

    • Физикалық денсаулықты.

    • Әлеуметке бейімделушілікті.

    • Оқыту процесіндегі танымдық мүмкіндіктерді.

    • Бірлесе жүзеге асыратын творчестволық қабілеттілікті.

    Арттерапияның толық мәнiнде проективтi суреттер арттерапияға жатпайды, өйткенi мұнда эстетикалық нәтижеге қол жеткiзу мақсатталмаған.

    Кратохвил проективтi арттерапияны клиенттердің хал-ахуалын толық көрсетуге жеңiлдiк көрсететiн қосымша әдіс деп түсiндiредi. Проективтi арттерапияның өтiлу барысында қарым-қатынас, сезiм демонстрациялары стимулдануы қажет және клиент сол сезiмдердi түсiнiп, оны өзінің басынан өткеруі қажет. Проективтi суретте психотерапевт клиентке проективтi характердегi сюжеттi ұсынады және содан кейiн суреттi талдап, интерпретация жүргiзедi. Арттерапия мен проективті суреттердің бір-бірімен байланысы мен өзгешеліктерінің салыстырмалы көрсетілімін 1-кестеден көре аласыздар.

    Арттерапияны жүргiзу кең көлемдi, яғни ол “Белгiлi бiр мөлшерде” қолданылады. Оны индивидтiң жеке жасырын уайымдарына байланысты анықтап алады. өнер мен шығармашылықтың көп жоспарлы әсерi , оны жасы әртүрлi диагностикалық өлшемдерi кең көлемдi клиенттерге қолдануға мүмкiндiк бередi. Арттерапияға дайындар алдында клиенттің клиникалық көрiнiсi, уайым-қайғысы мен эмоциональдық сферасына қоса, оның ауырып отырған кездегi өнер мен шығармашылыққа деген қызығушылығы және көзқарасына, дайындығына, ақыл-ойына, сонымен қатар т.б. факторларға көңiл бөлу қажет.

    Арттерапияны психомоторлы қозу мен агрессивтi тенденцияларды басу жолында қолданады: ол адамды алдандыру функциясымен босболмаушылық; контактiге түсудi жеңiлдету мен жасырын уайымдарын шығару; босаңсуға көмектеседі. Босаңсу творчестволық белсендiлiк кезiнде әртүрлi қысымдарды төмендетуге жүмсалған энергияны шығарғаннан кейiн көрiнедi.

    Кесте 1

    Арттерапия мен проективті суреттердің салыстырмалы ерекшеліктері

    Салыстыру критерийлері

    Проективті суреттер


    Арттерапия

    Мақсаты

    Диагностикалық

    Психотерапиялық

    Диагностикалық

    Коммуникативті


    Диагностикалық құрал-жабдықтары

    Суреттер

    Суреттен кейін қойылатын сұрақтар тізімі



    Суреттер

    Шығармашылық туындылары

    Вербальды қатынас

    Вербальды емес қатынас



    Тапсырма тақырыбы

    Шектеулі

    Тапсырманың тақырыбы мен мазмұны өтілетін тестке сәйкес келуі



    Еркін

    Арттерапия логикасына қатысты анықталады



    Психологиялық механизмдер

    Проекция

    Проекция

    Тасымал жасау



    Нәтижені интерпритациялау

    Стандартталған критерий-лерге сәйкес сандық және сапалық өңделуі

    Қатаң түрде интерпретация жүргізу міндеттелмейді

    Маманның қатысуы

    Тест өту барысында маманның қатыспауы жіберіле береді

    Арттерапевттің қатысуы міндетті

    Кейбiр авторлар арттерапияны профилактикалық қажеттiлiк ретiнде, яғни өзiндiк эмоциональды дискомфортты әңгiмелеу үшiн қолданады. Клумбиес ұйқының бұзылуында еркiн сурет салумен айналысуға кеңес бередi, ал Порембески – Грау краскамен сурет салу және ойындарды психопрофилактикалық әдiс ретiнде қолданды. Мұндай ойындар стресстiк жағдайды азайтады және өзiндiк қабiлеттiктерiне күмәндануынан айырады, өзiнiң бағалы екенiн сезiндiредi.



    Арттерапияны оқыту процесінде қолданудың мәні

    Әртүрлi ұлт өкілдері мен әр жастағы адамдармен жұмыс жасау барысында, жеке адамның саналы әрi бейсаналы iс-әрекеттерiне творчествоның әмбебап түрдегi мiнезде әсер ететiнi анықталған.

    Творчествоның формасы мен мiнездемесiнiң адамға әсерiн зерттеу жолы, өнердiң функциональды теориясы деп аталады. Болжам ретiнде шығармашылық функцияларының әлеуметтiлiгi, жалпы өнердiң байланыстылығын ашады. өнер функцияларының типологиясына жеке адамның жекелiк типологиясының сәйкестiлiгiн құруға болжам жасалады. Жалпы жекелiк қасиеттер өнердiң сәйкестiлiк көрiнiсiн анықтайтын, сурет шығармашылығына қарама-қарсылы функциональды полюс болып табылады.

    Балалық шақта, әсiресе когнитивтi қабiлеттiң сензитивтi даму кезеңiнде, творчестволық процестер ересектiк кезеңдерге творчествоның әсерiнiң этаптарымен салыстырғанда жүзеге асуы кем болмайды.

    Арттерапияның психотерапиялық сеансында адам қандай жаста болмасын, iшкi жан-дүниесiндегi жағдайларды проекциялайды және рольдiк ойындарда немесе творчестволық формада өзiнiң жеке өзiндiк тәжiрибесiнiң көрiнiсiн көрсетедi. Ол өз тәжiрибелерiн жүзеге асырып отыруға ауысады, сонымен қатар жасап шығарушы да бұзушы да өзi болатын ситуациялық проблемаларды, яғни өзiне еш зияны жоқ әрi қызықты iс-әрекеттердi елестетедi. Олардың қиялы аффектiнiң разрядты механизмi ретiнде көрiнiс бередi, соған сәйкес сезiмдерi қимыл-қозғалыстарынан көрiнiп отырады. “Жүйке жүйелiк энергияның разрядтарын көрсетуде шығармашылық өте күштi мүмкiндiктiң бiрi” (Л.С.Выготский, 1986).

    Жоғарыда айтып кеткендей арт-терапияны жүргізу барысында суреттiң берер көмегi өте зор. Суреттiң алдына қойған мақсаты –жеке тұлғаға өзiн тани бiлуiне көмектесу және бұл өмiрде өзiнiң бiр жеке тiршiлiк иесi екендiгiне көзiн жеткiзу. Суреттердi әртүрлi мақсаттарда және әртүрлi әдiстерде, сонымен қатар әр жағдайдағы психотерапиялық коррекциялауда қолданады. Суреттiң өзiндiк актi –жеке тұлғаның анық көрiнiсi, ол адамның қорқыныш сезiмдерiн, конфликтiлi жағдайларын, арман – тiлектерiн санасыз бейнелейтiн алғашқы бастама болып табылады.

    Кей уақыттары адамдар өз өмiрiнде өзiнiң ойына сай емес идеяларымен өмiр сүрiп те жатады. Ол әрқашанда өзi туралы не естiсе, соған бейiмделе салады. Терапевттiң мақсат-мiндетi клиентке шындық пен жабысқақ мiнездегi әсерлердiң айырмасын ашып көрсету болып саналады. Сондықтан клиентпен жұмыс жүргiзгенде олардың ересектену процесiнде бекерге жұмсаған ерік, күш-жігерлерін анықтап, оларды қайта қалпына келтiруге көмектесу.

    Адам өз дене пiшiнiн жақсы сезiнсе әрi оның сенсорикасы акутальданған сайын, ол өз сезiмiн адекватты түрде түсiне бастайды. Ол өзiн-өзi қандай болса, сол күйiнде қабылдауды үйренсе, ол қоршаған ортаға деген қатынасын да адекватты түрде жүргiзедi.Терапиялық процесс сенсориканың дамуын коммуникативтi функцияларды, жекелiк интеграцияларды орнына келтiруiн мiндеттейдi.

    Арттерапия жүргiзген кезде, терапевттiң әрқашандағы мiндетi –клиентке өздерiн сенiмдiрек сезiнуге, қоршаған ортаны шындықтағы өз тұрғысынан көруiне көмектесу. Адам бұл қоршаған ортада қалай өмiр сүру қажет жолдарын таңдап алу мүмкiндiктерiнiң бар екенiн көрсете бiлу және ол таңдауларына сай жауап беретiндiктерiн де түсiндiрiп отыруы қажет.

    Жалпы алғанда, арттерапияның алдына қойған мақсаты бiреу ғана, ол –жеке тұлғаның гармониялық дамуы, әлеуметке адаптациялануының кеңеюiне мүмкiндiктерiн жоғарылату. Яғни, бұның барлығын творчестволық іс-әрекет арқылы жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар микро және макроорталарда қоғамдық әрi мәдени iс-шараларға белсендi қатысуларын кеңейту. Арттерапияның әрбiр нұсқаулары жеке тұлғаның өз шынайы келбетiн ашып көре алуына, өзiн тани бiлуiне, iшкi “Менiн” айқын көруiне мүмкiндiктер бередi. Сонымен қатар, олар өзiнiң жекелiк дамуында жоғарғы жетістікке жетуiне жол табады./11,12,13,14,15/



    1.3.“ Өзін-өзі тану ” арқылы адамның жеке басының өсуін, жетілуін дамытудың психологиялық аспектілері

    Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы жас суверенді мемлекет ретінде өзін дамытудың тиімді жолдарын қарастыру үстінде. КСРО-ның ыдырауынан кейін Қазақстан халықтың ұлттық-мәдени сұраныстарын, даму қажеттіліктерін есепке ала отырып, білім беру саласына қатысты талаптар мен сұрақтарды өздігінен шешуге мүмкіндік алды.

    Қазақстан Республикасының 1999 жылғы “Білім туралы” Заңының 8-статьясында көрсетілген білім беру саласының маңызды міндеттерінің бірі оқытудың жаңа технологиясын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық глобальды жүйеге шығу болып табылады. Нәтижесінде, уақыт пен қоғам талабын жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған жаңа оқыту технологиясын іздестіру мен тәжірибеге ендіру кеңінен өріс алды.

    Жаңа оқыту технологиясы, яғни, инновациялық оқыту, бұл-саналы түрде ұйымдастырылатын оқыту процесінің проекцияланған түрі. Инновациялық оқытуға өту инновациялық технологияны, атап айтсақ, альтернативті әдістемелерге, бағдарламаларға, бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдануды түсіндіреді.

    Отандық өнегелік-рухани білім беру әдістемесін құру және оқыту процесіне ендіруді идеолог, осы жобаның авторы және жетекшісі Сара Алпысқызы Назарбаева өзінің шығармашылық тобының алдына мақсат етіп қойды. Бұл жобаның негізгі мақсаты – білім беру саласына жаңа көзқарас, адамгершілік-рухани, өнегелі ағарту әдістемесін кеңінен қолдану болып табылады.

    Білім берудің әдістері мен оқытудың едәуір тиімді негізгі жолдарын іздестіру қажет. Сара Алпысқызы Назарбаеваның “Өзін-өзі тану“ бағдарламасын құру мен білім беру процесіне жаңа “Өзін-өзі тану” сабағы арқылы ендірудегі негізгі инициативасы төмендегідей болып табылады, яғни, өзінің жекелік қасиеттерін, өзіндік құндылықтарын және қоршаған ортаны тани білуге қабілетті жан-жақты және жарасымды дамыған жалпы жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, өзін-өзі тани білуге, өзін-өзі басқара білуге үйрету және творчестволық саналы білім дағдыларын дамыту мен қалыптастыруды көздейді.

    Сара Алпысқызы Назарбаеваның өзінің алдына қойған мақсат-міндеттеріне теңдессіз мақсаттарының бірі, ол – балабақшадан бастап жоғары оқу орнына дейінгі білім берудің негізгі этаптарында негізінен ата-аналарды, балалар педагогтарын өнегелі-рухани біліммен қамтамасыз ету және жалпы қоғамды адамгершілік-рухани біліммен ағарту болып табылады. Жоғарғы оқу орны бұл шынжырлы қатарда ең негізгі қатарды тұйықтаушы звено болып табылады және алғашқы этаптардың кем жақтары мен жағымды, жеткен жетістіктерін ашып көрсетіп отырады. Себебі, жоғарғы оқу орнына түскенде жасөспірімдер ересектер өміріне енеді. Мамандық таңдауға байланысты шешім қабылдап, отбасы құру мен өмірге сәби әкелу және сол сияқты т.б. мәселелерді шеше бастайды.

    Көптеген діни-наным сенімдерде, философиялық, психология-педагогикалық концепцияларда өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың құнды жақтары туралы бекітулер байқалады.

    Әрбір адам өзінің өмірлік жолын өзі құрып, таңдау жасайды. Өзге адамдармен де өзі қарым-қатынас орнатады. Сонымен қатар, өз өмірінде кейбір қателерді өзі жасап, өзі түзеп жатады. Отбасы мен білім беру орталықтарының алдына қойған мақсаттары – қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін өсіп келе жатқан адамның жекелік қасиеттеріне тікелей әсер ету ғана емес, сонымен қатар, өзіндік дамуы мен өзіндік сана механизмдерін жетілдіруде өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі қалыптастыру, өзін-өзі құруы үшін қажетті жағдайды жасау болып табылады.

    Өзін - өзі тану дегеніміз не?

    Өзін-өзі тану – бұл өзге адамдармен қарым-қатынасын, мінез-құлық ерекшеліктерін, жеке тұлғалық, ақыл-ой ерекшеліктерін, жалпы өзін-өзі тану процесі.

    Өзін–өзі танудың көптеген негізгі маңызды жақтары психологияда ашылады:


    • өзін-өзі тану – жеке тұлғаның психологиялық денсаулығы мен психикалық хал жағдайын тануы;

    • өзін-өзі тану – ішкі үндестік пен психологиялық жетілудің әдіс тәсілі;

    • өзін-өзі тану – жеке адамның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жетілдіруінің негізгі жолы.

    Өзін-өзі тану мәселелерінде негізінен гуманистік психологияға ерекше мән беріледі. Мұнда өзін-өзі тану жеке тұлғаның дамуының қажеттілігі, өзін-өзі актуализациялау ретінде қаралады, яғни, өзі кім болғысы келсе, сондай болуға қабілеттілігі, басқалардың айтуымен немесе әлеуметтік ортаның әсерінен болуы емес (К.Роджерс).

    Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әртүрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.

    Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниет-тілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізу үшін дұрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді.

    Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” – ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен бірге жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым-қатынас, қоғамдық қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.

    Өзін-өзі тану - бұл өз бойындағы қасиеттерді көре білу, оны жан-жақты анализ жасап қабылдау және бағалай білу. Студенттік жастағы маңызды психологиялық процесс – бұл өзіндік сананың қалыптасуы мен жеке тұлға образының, өзіндік “Меннің” қалыптасуы.

    Өзіндік сананың қалыптасуы бірнеше бағытта өтеді:


    • Өзінің ішкі жан-дүниесінің ашылуы – жасөспірім өзінің эмоцияларын сыртқы ортаның әсері деп емес, өзінің “Мені” деп қабылдай бастайды, басқаларға ұқсамайтын жеке ерекшеліктері, кей кезде жалғыздық сезімі де пайда болады.

    • Өткен уақыттың қайта оралмайтынын, өзінің өмір сүруінің соңы болатынын түсіну пайда болады. Өлімнен қашып құтылмайтынын түсіну - адамды өмірдің мәнін, өз перспективалары, өзінің болашағы, мақсаттары туралы терең ойлануға итермелейді. Барлығы мүмкін деген армандардан және абстрактылы идеялардан, қол жетпес үлгіден жайлап азды-көпті шындыққа жақын жоспарлар шыға бастайды Өзін--өзі анықтаудың барлық сферасын, яғни, моральды бейне, өмір сүру стилі, мамандық таңдау және өмірден өз орнын таба білуді жеке адамның өзі құрған өмірлік жоспары қамтиды. Өзінің мақсаттарын, өмірлік ұмтылыстарын, өмірлік жоспарын саналы түрде түсіну - өзіндік сананың басты элементі.

    • Өзі туралы толық көзқарас, өзіне деген қатынас, біріншіден, адамның денесінің, сыртқы келбеті, өз тартымдылығы бағаланады, содан соң моральды-психологиялық, интеллектуальды, еріктік сапалары туралы түсінік қалыптасады. Өзін-өзі бақылау, өзі туралы басқа адамдардың ойы, өзінің мүмкіндіктері мен өз бойындағы қасиеттерін есепке ала отырып және жеткен жетістіктерінің нәтижесінің негізінде адамда өзін-өзі сыйлау, өзіне деген жан-жақты қатынас қалыптасады.

    Өкінішке орай, дәл осы осы этаптарда көптеген қателіктер жасалады.

    “Өзін-өзі тану” бағдарламасын дер кезінде ендіру мен қажеттілігі өмір талабынан туып отыр және де барлығы да соңына дейін жеткізіледі деген сенімділік пайда болады.

    “Мен кіммін? Мен қандаймын? Мен неге талпынамын?” деген сұрақтарды өзіне қоя отырып, оларға өзі жауап бере отырып студент:


    1. өзіндік сана - өзі туралы көзқарас, өзіне деген эмоциональды қатынас, өзінің сыртқы келбетін, ақыл-ой, моральдық, сапалық қасиеттерін, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін білу негізінде өзін-өзі тәрбиелеу өзіндік өсуге мүмкіндік туады деген пікір қалыптастырады.

    2. өзінің жекелік қасиеттерін және ерекшеліктерін өзі бекітеді, өмірдің мәні туралы – бақыт, махаббат, саясат және т.б. туралы өзіндік теориясын құрады және жалпы қоршаған орта туралы критикалық талқылаулар жасап өмірді жаңадан тануға талпынады.

    Болашақ мамандардың психологиялық тұрғыдан дайындығының жетілуі студенттердің жеке басының өсуіне байланысты.көптеген психологтар жеке тұлғаны дамыту мәселелерімен айналысады, бірақ жалпы психология мен жеке тұлға психологиясы арасындағы “Жеке тұлғаның өсуі” аспектісі психотерапиялық тәжірибе мен жалпы психологиялық теория арасындағы алшақтықтың себебінен қажетті деңгейде зерттелмеген. Бұл термин күнделікті қолданылатын қарапайым сөздік қорда “Жеке тұлғаның дамуы” сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Көптеген әдебеттерде “Өзін-өзі жетілдіру”, “Өзін-өзі дамыту”, “Өмірлік жол”, “Жеке тұлға потенциалдарының дамуы” және т.б. түсініктермен кездеседі. Көрініп тұрғандай, әртүрлі терминдермен бір мағыналы сөздер айтылады немесе бір атаумен мүлдем сәйкес келмейтін терминдер кездеседі.

    Отандық психологиялық сөздіктер мен оқулықтарда ”Жекелік өсу“ терминінің түсінігі көрсетілмеген. Әдебиеттерде ”Жекелік өсу“ терминін алғаш ендірген автор көрсетілмеген. Дәстүрлі түрде ол К.Роджерс, Джеймс, Фрейд, Юнг, Адлер, Райха, Александер, Перлз, Маслоу Ассаджоли есімдерімен және шығыстық іліммен байланыстырады.

    Адам индивид болып туылады, ал жеке тұлға болып қалыптасады.

    А.Н.Леонтьев “Адам өзге адамдармен қоғамдық қатынастар жасай отырып жеке тұлға болып қалыптасады”- деп жазды өзінің еңбектерінде.



    Жалпы әрбір адамның жекелік тұрғыдан өсуі төмендегідей құрамды бөліктерден тұрады.

    1. Өзін-өзі тану. Өзінің жекелік тұрғыдан өсуін табысты ұйымдастыру үшін әрбір адам өзінің мүмкіндіктерін, өзінің күшті және әлсіз жақтарын анықтап алу қажет, яғни, өзін-өзі тану, оған: өзін-өзі бақылау, өзіндік сана, өзіндік қатынас, өз-өзіне анализ жасау және өз-өзін бағалай білу жатады. Толығырақ тоқталып кетер болсақ: өзін-өзі бақылау – адамның өзін бақылауы. Өзіндік сана – адамның өзін практикалық және танымдық іс-әрекеттің субъектісі, жеке тұлға (яғни өзінің адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығын, құндылығын, мұратын және мінез-құлығын) ретінде ұғынуы және бағалауы. Өзіндік сана рефлексиямен тығыз байланысты, мұнда ол теориялық ойлау деңгейіне көтеріледі. Өзіндік қатынас – өзін-өзі анықтау. Өзіндік анықтау – өзін бағалау. Бұл термин, әдетте, индивид өзі туралы ақпарат алатын жеке адамның бағалау тәсілдеріне қатысты қолданылады. Өзін-өзі аңғару – адамның өзін аңғару күйі. Өзін-өзі байқау – 1) адамның өзінің мінез-құлқын, өзін бақылауы; 2) интроспекцияның синонимі. Өзін-өзі жетілдіру – өзінің өмірлік қуатының мәнін, мақсатын жүзеге асыратын, тәндік, жандық, рухани күш-қуатын, сандық және сапалық өзгеріске түсіретін ішкі объективтік процесс. Өзін-өзі ұстау – адамның өз іс-әрекетінің шырқын бұзатын, эмоциялық саласына ықпалы болатын жағдаяттарда өз қарекетін жүзеге асыруға қабілеттілігі. Өзін-өзі ұстауда осы іс-әрекетті реттейтін психикалық процестерді саналыеріктік ұйымдастыру көрінеді. Өзін-өзі ұстай білу – тұлғаның эмоциялық және әлеуметтік кемелділігінің көрсеткіші. Өзіндік бағалау – адамның өзінің сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігі. Өзін-өзі бағалау адамның айналасындағылармен қарым-қатынасын, өзіне сын көзбен қарауын және талап қоя білуін, жетістікке және сәтсіздікке қалай қарайтынын көрсетеді. Сонымен қатар, өзін-өзі бағалау адамның іс-әрекетіне тиімділігіне және оның тұлға ретінде дамуына әсер етеді. Өзін-өзі бағалау, ең алдымен, адамға басқалардың беретін бағасына қарай қалыптасады. Адам өзін айналасындағылар қалай бағалайтынына қарай өзін-өзі бағалауға бейім келеді.

    2. Өзіниеттену. Өзі ниеттену адамға кәсіби мамандандырылған және жекелей өзін-өзі дамытуға іштей ниеттенуіне әсер етуші әдістерді қолдана білуді жобалау. Бұл жерде Н.Р.Битянова мынадай негізгі түрлерін бөліп көрсетеді: өзін-өзі сынай білу, өзін-өзі стимулдау, ерік түрлері (өзіне бұйрық беру, өзіне міндет жүктеу, өзін мәжбүрлеу) .

    3. Кәсіби және жекелік тұрғыдан өсуді программалау. Өзін-өзі жетілдіруде қажеттіліктен нақты іс-әрекетке өту мақсат пен міндеттерді айқындау және осы іс-әрекеттің әдістері мен жолдарын анықтауды жорамалдайды.

    4. Өзін-өзі ұсыну (көрсете білу). Н.Р.Битянова өзін-өзі көрсете білу техникасының негізгі үш элементін бөліп көрсетеді: біріншіден, ұйымдастыру-басқарушы түріндегі тәсіл, екінші ақыл-ойдың дамуына бағытталу, үшінші –психикалық жағдайын өзі реттей алу.
    Сызба 1


    Өзін-өзі тану” курсының психологиялық ерекшеліктері
    Амансың ба, алтын Күн? Амансың ба, Жер Ана ?! Аман болсаң қуанам! “Өзін-өзі тану” курсының әр сабағы осындай қызықты амандасу рәсімдерімен басталады. Бұл курстың негізгі мақсаты-адамның қоршаған ортамен ізгілік қатынасын орнату және өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету болып табылады. Курс бойынша сабақтардың құрылысында өзіндік ерекшеліктері мен психологиялық ғылым негізімен тығыз байланысты. Ұсынылған материалды қабылдау барысында студенттердің: қоршаған орта туралы түсінігі кеңейеді, алған білімнің тәжірибеде қолдануға үйренеді, өзіне-өзі бақылау жасай, өз ісін бағалай біледі: өзінің көңіл-күйін сезінеді, айналасымен жақсы қарым-қатынас орнатуға дағдыланады.

    Осының барлығы қазіргі білімге қойылатын талабына сай. Өтетін сабақтар мазмұнды, жан-жақты танымды болғандықтан студенттер қызығушылықпен қатысады. Жүргізуші өзінің шығармашылығымен, шеберлігімен, мейірімділігімен әрбір студенттің ішкі жан дүниесін ашып, өзіне деген сенімділігін нығайтып, бойларына, ізгілік, әдептілік жайлы психологиялық жағдай туғызу үшін “Тыныштық сәті”, “Көңілашар” деген кезеңдері болады. Сабақтың бұл кезеңінде студеттің көңіл-күйіне әсер ету, қиялдауы, әуенді сезінуі, түсінуіне әрекет жасап ерекше мағына береді.

    Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әр түрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.

    Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниет-тілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізуі үшін дұрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді.

    Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” – ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен қатар жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым-қатынас, қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.

    Қазіргі заманда топтағы әрекет ету қабілеті, сенімділік, көмектесуге дайын болу, сезімталдық, көзқарастың кеңдігі, шыдамдылық және өзін-өзі құрметтеумен қатар, ізделінді жеке қасиеттердің бірі болып табылады.

    Психогимнастикалық жаттығуларды өткізгенде төмендегі кезеңдерді есепке алу маңызды:


    • топ жағдайын немесе әр қатысушыны өзгерту ниетін есепке алатын жаттығуды дұрыс таңдау;

    • топтың даму кезеңі, оның құрамы, мезгілі, одан әрі жұмыс жүргізудің мазмұны;

    • жаттығуды орындау алдында топқа нұсқау беру, қалай орындалу керектігін көрсетуге немесе мысалмен дәйектеп суреттеуге болады;

    • жаттығуды орындауға қызығушылық ең жоғарғы шегіне жетіп, төмендемей тұрған кезде жаттығуды аяқтауға болады;

    • жаттығуды талдау.

    Өзін-өзі тану курсы бойынша жүргізілетін жаттығулардың негізгі мақсаттары – адамның тұлға ретінде дамуына және өмірде өз әуелетін барынша көп қолдануына бағытталған. Бұл сабақтар адамның өзін-өзі тануына, әлеуметтік ортаға жылдам, қиындықтарды жеңе отырып бейімделуге көмектеседі және өзінің жеке ерекшеліктерін танып білуге жағдай жасайды.

    “Бірлесіп көтерген жүк жеңіл” дегендей осылайша бірлесе қызмет жасаған кезде әрбір адамның жеке тұлға болып қалыптасуы дұрыс деңгейде жүреді және ұлттық рухани мәдениетін танып, өмірден нақты орнын табады.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет