Диаграмма 1.
Арттерапия әдістерін оқыту процесінде қолданудың ерекшеліктері және жүргізілетін сабақтар тақырыбы:
Біз өзін-өзі тану курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспарына сай арт-терапия элементтері бар психодиагностикалық жаттығулардан тұратын бағдарлама жасадық. Бұл курс 19 арттерапия әдістерін және түзетуші-дамытушы тренингтер қатарын қамтиды. Әр тақырыпқа бірнеше арт-терапиялық жаттығулар қарастырылған. Оның құрамына суреттермен, коллажбен, ертегілермен, тренинг ойындарымен жұмыс жасау кіреді. (қосымша А қараңыз).
Жұмыстың мақсаты: Жағымсыз психологиялық қысымнан арылту; Өзіндік “Меніне” және өзін-өзі бағалауда оң көзқарасын қалыптастыру.
Жұмыстың міндеттері:
-
өзекті мәселелерге мән беру;
-
эмоцияналдық қысымды төмендету;
-
агрессия, негативизм, демонстарция түрінде көрінетін психологиялық қорғаныс механизмдеріне коррекция жүргізу;
-
әлеуметтік барьер, теріс әсерлі бағдар, үрейді коррекциялау;
-
өзінің маңыздылық сезімін дамыту;
-
өзара әрекетке түсудің тиімді жақтарын қалыптастыру (өзара келісе алушылық, жол беру, жалпы іске өз үлесін қоса білу, өзге адамдардың жетістігін бағалай білу, өз беделін бағдарлай алу);
-
белсенділіктің тиімді жақтарын қолдау (творчестволық тапсырманы шешуде ынта-ықылас таныту, өзінің негативті реакцияларын ұстай білу және т.б.);
-
адамның негізгі эмоцияларымен танысу;
-
өзіндік әрекеттерін бақылай білу қабілеттілігін дамыту;
-
қиялды дамыту.
Сабақтың жүргізілу орны: қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған топқа жайлы бөлме;
Кездесу жиілігі:аптасына бір рет.
Эксперимент жүргізу барысында қолданылған арттерапия элементтері мен тренингтерге және жалпы жұмыс барысына
сипаттама беру
1-сабақ. “Көңіл-күйді саламыз”
1. Танысу. Бұл жаттығудың негізгі міндеті – адам ешқандай сөзді пайдаланбай-ақ, тек қана сурет арқылы өзін топқа таныстыру. Немесе шеңбер жасай отырып танысу ритуалын бастау. Мұнда әртүрлі ойын элементтерін пайдалануға болады.
2. “Күн сәулесі” атты графикалық тапсырма. Мұнда жүргізуші арттерапияға қатысушы студенттерге бағыт-бағдар, нұсқау бере отырып, атмосфераға ендіреді. Оларға өздеріңмен өздерің бола отырып, өздеріңді күнмін деп санаңдар дейді. Егерде сендердің көңіл-күйлерің қуанышты болса сәулелер қуанышты, ал көңілсіз болсаңдар – көңілсіз сәулелер шашырайды. Енді көңілсіз, таңқалушы, қуанышты, ашулы сәулелері шашырап тұрған күн саламыз.
Бұл тапсырма қатысушыларды кейінгі шығармашылық іс-әрекетке бағыттайды, белгісіздіктің әсерінен болатын психологиялық қысымнан арылтады. Содан кейін жүргізуші әрбір автордың туындысына комментарий береді.
3.”Көңіл-күй түстері” атты диагностикалық тапсырма.
Мұнда әрбір қатысушы адам силуэтін салып, оның көңіл-күйін білдіретін бояу түстерімен безендіреді. Осы арқылы біз қатысушылармен әңгіме-дүкен құруға ақпарат жинаймыз.
2. “Қамығу” сабағы.
1. Бұл сабақта адамдардың сезімдері мен көңіл-күйлері, “қамығу” туралы әңгіме жүргізіледі. Адамда қай кездері қамығу болады? Қамығу дегеніміз не? деген сұрақтар қойылып, қамығып тұрған адамның суретін салу ұсынылады. Көптеген суреттердің арасынан қамығып тұрған адамның суретін алып, оның себебін талқылайық.
2. Графикалық тапсырма.
Студенттерге қамығып тұрған бір нәрсенің суретін салу ұсынылады. Олар салған суреттерін көрсетіп, түсіндіріп өтеді және оған тиісті сұрақтар пайдаланылады. Бұл олардың жағымсыз сезімдерін сыртқа шығаруға мүмкіндік береді.
3. “Бөлме кеңістігіне бейімделу” тапсырмасы.
Мұнда әрбір қатысушы бөлмедегі жабырқаулы болып көрініп тұрған затты іздеп табады. Олардың мына зат жабырқаулы деген пікірлері әртүрлі болады. Әркімнің өзіндік жеке пікірі болады. Бұл тапсырма олардың жекелік ерекшеліктерін танып білуге көмектеседі.
4. Диагностикалық тапсырма.
“Шеңбер ішіндегі сурет”. Бұл тапсырмада қатысушыларға жабырқау тақырыбындағы мандала салу ұсынылады. Бұл сурет арттерапия сабағының соңына дейін сақталынып қойылады. Өйткені соңғы сабақта еркін тақырыпта қайтадан мандала салынып бірінші мандаламен салыстырылады. Қатысушылар өздеріне ұнаған мандаланы таңдап алады.
5. “Жетістікке жетуге жағдай жасау” тапсырмасы.
Күзгі уақытта жапырақтардың түсуі адамның көңілін жабырқаулы күйге әкеледі, ал кепкен жапырақтардың сыңғыры көптеген қуанышты сезімдер сыйлауы мүмкін. Бұл жаттығуда жүргізуші стол үстіне шығып, жапырақтарды жоғарыдан себелейді. Әрбір қатысушы түсіп келе жатқан жапырақтарды қағып алуға тырысып, қағып алған жапырақтарды өзінің басына қарай лақтырады. Ол фейерберк сезімін тудырады. Сонымен қатар қолдағы жапырақтармен сурет салуға да болады. Қағаз бетіне клей жағып, қолдағы жапырақты ұсақтап қағазға себеді. Нәтижелі картина шыққанша қайталайды.
Бұл сабақта алғашқы екі жаттығу қатысушыларды белсендіреді. Ал соңғы жаттығу тыныштандырады.
Арттерапия әдістері
“Танысу”
-
Өмір сүру салтыңызды бейнелейтін сурет салыңыз.
-
Суретте өз қызығушылықтарыңызды, құндылықтарыңызды, отбасыңызды, айналысатын іс-әрекеттеріңізді көрсетуге тырысыңыз.
-
Түстердің түрлері мен сызықтардың көмегімен өзіңіздің өмірді сезіну ерекшеліктеріңізді көрсетіңіз.
“Автопортрет”
-
Өзіңіздің дәл қазіргі уақыттағы бейнеңізді салыңыз.
-
Автопортрет – 2 минутта.
-
Өзіңіздің қалауыңыздай етіп сыртқы ортаның сізді қабылдағанын салыңыз.
-
Сізді дос және дос емес адамдардың қалай көретінің бейнелеңіз.
“Сурет салу және бақылау”. Бұл шығармашылық жұмысты адамның жұптасып жүзеге асыруын білдіреді.
Біреуі екінші сурет салып жатқан адамды бақылап тұрады және сурет салушыға өзінде суретке қарап туындаған ойларын айтып отырады. Сурет салушы екінші адамның ойын өз қалауынша пайдаланады. Содан соң олар рольдерін ауыстырады.
Ал топ болып осы жұмысты жасағанда бірінші топ бастап, екінші топқа жалғастыруға береді. Соңынан бірінші топтың ойын екінші топтың жалғастыруы қаншалықты сәтті болғанын бірінші топ талқылайды.
“Интерпретация”. Әрбір қатысушы бір сезімді бейнелейді (абстрактілі-символды және нақты). Парақтың келесі бетіне қандай сезім екені белгілейді. Содан соң суреттер араластырылады. Топ мүшелерінің қатысуымен интерпретация жүргізіледі. Суреттер кезекпен алынады. Жүргізілген интерпретация парақтың келесі бетіндегі сезім белгісімен салыстырылады.
“Адамның өткен, қазіргі өмірі мен болашағы”. Өзіңіздің болашағыңызды, өткен және қазіргі өміріңізді бейнелейтін үш сурет салыңыз.
-
Журналдар қиындыларын пайдаланыңыз.
-
Өзіңіздің болашағыңызды, өткен және қазіргі өміріңізді бейнелейтін үш сурет салыңыз.
-
Өткен өміріңізде жоғалтқандарыңызды және болашақта нені алғыңыз келетінін суреттеңіз.
-
Сіздің өткен және қазіргі өміріңізде орны ерекше маңызды адамдарды суреттеңіз.
“Жол”. Өзіңіздің таңдап алған жолмен жүріп өтіңіз.
-
Жеті параққа мына жеті сөздің суретін салып шығыңыз: жол, көпір, түсінушілік, метамарфоза, күш, кедергілер, мәңгілік өмір.
-
Бірінші орынға жолдың суретін, екінші орынға көпірдің суретін, ал қалған суреттерді қалауыңыз бойынша қойып шығыңыз.
“Жақсылық пен жамандық”. Адамдардың бойында кездесетін сізге ұнайтын жақсы және жаман жақтарын, жетістіктері мен кемшіліктерін салыңыз.
-
Жағымды және жағымсыз жақтарын салып болғаннан соң, олардың арасында әңгіме құрамыз.
“Менің ішкі “Менімнің” шегі”. Өіңіздің суретіңізді парақтың ортасына салып, жан-жағына сіздің ерекшеліктеріңізді анықтайтын көрсеткіштерді жабыстырыңыз.
-
Сіздің қатынастарыңызды көрсететін заттар мен адамдарды өзіңіздің айналаңызға орналастырып шығыңыз.
-
Бір парақтың үш түспен боялған алаңында сіздің өміріңіздің рухани, интеллектуалды және физикалық аспектілерін көрсететін символдарды суреттеңіз.
“Түстермен байланыс”. Әртүрлі түсініктерді әртүрлі түспен байланыстыру қажет, мысалы:
-
Эмоциялар (қайғы, қуаныш, тыныштық, үрей).
-
Өмір этаптары (балалық шақ, жастық шақ, ересектік кезең, қарттық кезең).
-
Тәулік пен жыл мезгілі және т.б.
“Герб пен символ”. Сіздің жекелік ерекшеліктеріңізді көрсететін “Герб пен символ” ойлап тауып, оның суретін салыңыз.
“Метамарфозалық автопортрет”. Өзіңізді бір зат немесе жануар түрінде суреттеп, бейнелеңіз. Оның фонын да салуға болады.
-
Бейнені салып болғаннан соң, ол туралы өзіңіздің атыңыздан айтып беріңіз.
-
Өзіңізді, сіздің қазіргі хал-жағдайыңызды көрсететін зат түрінде бейнелеңіз.
-
Өзіңізді өсімдіктің қайсыбір өсу этапына теңеп, суреттеңіз.
-
Осы кездегі пайда болған өз сезімдеріңізге дейін бөліп, көрсетіп отырыңыз.
“Балауызбен бейнелеу”. Шамды пайдаланып, қағаз бетіне қандай да бір бейне түсіріңіз. Соңынан краскамен бояп, бір туынды шығарыңыз. Бұл оны контрастылы көрінуіне себеп болады.
“Коллаж”. Журналдардан адамдардың, жануарлардың суреттерін және т.б. фигураларды қырқып алып, формат бетіне олардан композиция құрыңыз. Ондағы фигуралардың нені білдіретінін, адамдардың не ойлап тұрғанын және не істеп жатқаны туралы жазып қоюға болады.
“Жануарлар” фрескасы. Әрбір қатысушы жеке параққа бір жануардың суретін салып, оны бояп, қырқып алады. Соңынан барлық қырқылған фигуралар бір форматқа жабыстырылады.
“Жарнама”.Өзіңе арналған аз ғана мәтіні бар жарнаманың суретін сал. Сурет салу аяқталғаннан кейін топ мүшелері бір-бірінің жарнамаларына автрдың жіберіп алған моменттері мен жекелік қасиеттерін қосып отырады.
“Сараң телефон”. Бұл әдістемеде бірінші адам 2 минут аралығында сурет салады. Өзінің салған суретін екінші адамға көрсетеді. Ол көрген суретін есінде сақтай отырып, келесі параққа салады, ол үшінші адамға көрсетеді. Соңғы адамның салған суретін бірінші суретпен салыстырады.
Тұлғаның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тану тренингтері
Ұсынылып отырған жаттығуларда адамдардың эмоциялық дүниесінің ерекшелігі, сонымен қатар эмоциясы мен сезіміне әлеуметтік және психологиялық әсерлер қарастырылады. Тренингтің көмегімен, басқаларадың көзімен қарағанда мен қандаймын, қандай болғым келетінін анықтауға болады. Сонымен бірге өзімен және адамдармен өз қатынасын қалай құру керектігін, адам қоршаған әлеммен қалай өзара әрекет жасайтынын үйренеді және өзіне деген сенімділік, рефлексия дағдысы және тұлға аралық қатынас мәдениеті дамытылады. Жаттығулар барысында адам дәл сол мезетте не сезеді немесе не ойлайды соны айту керек. Адам өзін-өзі ашпаса, өзін-өзі терең танып білуі мүмкін емес. Жаттығулар адамның тұлға ретінде дамуына және өмірде өз әлеуетін барынша көп қолдануына бағытталған. Олардың тұлғалық өсуіне ықпал етеді. Әрбір адамның өзін-өзі тануына, ойдағыдай әлеуметтік бейімделулеріне көмектеседі және өзінің жеке ерекшеліктерін, қабілеттіліктерін танып білуге жағдай жасайды. Өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тануға байланысты жаттығулардың негізгі мақсаты: жаттығулардың көмегімен тұлғаның өзін-өзі түсінуі мен өзін зерттеуі және өзі туралы білімін кеңейту.
Жаттығу – 1.
Тақырыбы: “Тазару” (5 минут).
Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзін-өзі түсіну.
Бұл күнделікті проблемамен жайсыздықтан құтылудың жақсы тәсілі. Жаттығуды сабақтың басында өткізген қолайлы. Топтың мүшелері жағымсыз жайларын айтып, уақытша оны ұмытады. Жұмысқа толығымен кірісулері үшін осы жаттығудан бастау маңызды.
Жаттығудың барысы:
1. Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Әрбіреуі 2 минут ішінде әріптесіне өзінің проблемалары, жайсыз жайлары, сонымен бірге ойлары, сезімдері және қуаныштары жайлы әңгімелейді.
2. Біреуі сөйлеп жатқанда, екіншісі сөзді бөлмейді және айтылғандарға өз сезімін білдірмейді. Екі минуттан соң жұптар рольдерін ауыстырады.
Жүргізушіге нұсқау: Осы кезде қолыңызға себет ұстап жүрген сияқты кейпіңізбен бөлме ішінде жүресіз. Әр жұптың жанына барасыз және барлық жайсыз жайларын себетке “Салуын” сұрайсыз. Мұны әркім ишараның және ымның көмегімен жүктің ауырлығын көрсете отырып істейді. Басқалары оны көрулері және бағалаулары керек. Егер жағымсыз жайдың жүгі тым ауыр болса, онда оны себетке салмай, бірден айту керек. Барлық жағымсыз жайлар себетке “түскен” соң, сабақ соңында қатысушылардың тағы да оны қайталауларын ұсынып көріңіз. Әрине, олар оны орындағысы келсе қайталасын.
Талқылау: Жағымсыз жайларды айту оңай тиді ме? Қиындығы неде болды? Қандай әсер алдың? Қазір өзіңді қалай сезінудесің?
Жаттығу - 2
Тақырыбы: “Өзіне хат ”.
Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзін түсіну және тұлғалық даму тәсілдерін таба білу. Бұл жаттығу адамға өзі үшін ең маңызды нәрсені жасауға, өзін сүюге, оған өзіне рұқсат беруге, өзінің махаббатын сезінуге көмектеседі.
Жаттығудың барысы: Қатысушылар шеңбер бойымен отырады, жүргізуші бәрінен бір парақ пен қалам алуларын сұрайды.
Нұсқау: “Қазір сіздер өздеріңізге хат жазасыздар. Сіз бұл хатты алдыңыз. Бірақ хатты алған адамдар не істейді? Хатқа жауап береді. Сондықтан қазір өздеріңіздің хаттарыңызға жауап жазатын 10 минут уақыттарыңыз бар. Өздеріңіз алған хатқа нақты жауап жазыңыздар.”
Талқылау: Хат жазу оңай тиді ме? Әлде жауап жазу оңай болды ма? Жазу кезінде не туралы ойладыңыз? Өзіңізді қалай сезінудесіз?
Жаттығу – 3.
Тақырыбы: “Өзін-өзі бағалау” медитациясы.
Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзі туралы ойын дамыту.
Жаттығудың барысы: “Жүргізуші дауыстап оқиды. Өзінің жоғары бағалануына өзін сендіру үшін, қатысушылар ақырын дауыспен қайталап отырады”.
Мен ол мен. Бүкіл әлемде дәл мен секілді ешкім жоқ... Маған бір нәрсесімен ұқсас бар, бірақ дәл мен секілді, ешкім жоқ. Маған тиістінің бәрі менде бар: менің денем, оған қоса, оның жасайтындары; барлық ойым мен жоспарымды қоса алғандағы менің санам; барлық бейнелерді көре алатын менің көздерім; қандай болмасын, менің сезімдерім – үрей, қанағаттану, күш түсіру, махаббат, ызалану, қуаныш. Барлық сөздерді - әдепті, мейірімді немесе дөрекі, дұрыс немесе дұрыс емес сөздерді айта алатын менің аузым; қатты немесе ақырын болатын менің даусым; басқа адамдарға немесе өзіме деген қатынасым, яғни менің барлық әрекетім. Менің барлық қиялым, менің арманым, менің барлық үмітім мен менің қорқыныштарым маған тиісті. Менің барлық жеңістерім мен жетістіктерім, менің барлық жеңілістерім мен қателерім өзіме тиісті. Осының бәрі маған тән, себебі мен оны таңдадым. Бұл бар. Бұл өзіңді сүю мен өзіңе қызығуға негіз болуға жеткілікті.
Әрине, мені таң қалдыратын, менде бір нәрсе бар. Мен лайықты емес нәрселерден бас тарта аламын, өте қажет дегендерді сақтай аламын және менің өзім де жаңа бірдеңелерді аша аламын.
Мен көре, ести, ойлай, сезе, сөйлей және әрекер ете аламын, яғни менде өмір сүру үшін бәрі де бар. Басқа адамдармен жақын болатындай менде бәрі бар. Мен өз әрекеттеріме жауап беремін, сондықтан мен өзімді өзгерте аламын.
Талқылау: Жаттығу ұнады ма? Нені көз алдыңызға елестеттіңіз? Не туралы ойладыңыз? Қандай әсер алдыңыздар? Қазір не сезіп тұрсыздар?
Жаттығу – 4.
Тақырыбы: “Өмірлік мақсаттар” .
Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзін түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, өзі туралы ойын дамыту.
Жаттығудың барысы:
-
3 минуттың ішінде мына сұраққа жауап жазыңыздар: “Менің өмірлік мақсаттарым қандай?”.
-
3 минуттың ішінде мына сұраққа жауап жазыңыздар: “Алдағы үш жылда мен қандай табысқа жеткім келеді?”
-
5 минутта жауап беріңіз: “Емделмейтін ауруыма байланысты маған алты ай ғана өмір сүру қалғанын естігенде, мен не істер едім және қалай істер едім?”.
-
Барлық ертеректе жазылғандарды зейін қойып оқыңыз және сіздің мақсатыңыз үшін маңызды болатын ең басты үшеуін таңдап алыңыз.
-
Осы мақсаттарға шынында да жетуге тырысасыз ба және ол қаншалықты сәтті (сәтсіз) болатынын бағалаңыз.
-
Өзіңіздің өмірлік мақсаттарыңыз туралы өз бетіңізбен салмақты түрде үнемі ойланасыз ба, соны бағалаңыз.
-
Балалық шақта (4-6 жас) сіз қандай болдыңыз, әсіресе, балалық шақтың есте қалған эпизодтарын есіңізге түсіріңіз және суретін салыңыз.
-
Осы кездегі сіздің өміріңіздің эпизодтарын, яғни қазір сіз қандайсыз, суретін салыңыз.
-
Болашақта сізді не күтіп тұр, сіз қандай боласыз, суретін салыңыз.
-
Сіздің өміріңізді, тағдырыңызды өзгерткен, өмірде болған жағдайларыңызға қатты әсер еткен жайларды еске түсіріңіз және онв суреттеп жазыңыз.
Талқылау: Мақсаттарды жазу жеңіл болды ма? Нені көзіңізге елестеттіңіз? Не туралы ойладыңыз? Не қиындық туғызды? Бірінші кезекте неге назар аударылды? Қазір нені сезінудесіз?
Топтағы қарым-қатынасты дамыту тренингтері
Жаттығу - 1.
Тақырыбы: “Танысу”.
Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірімен танысуы.
Жаттығудың барысы: Қатысушылар шеңбер құрып отырады, (нұсқау), осындай қойылым қатысушылардын өз қасиеттеріне, жеке ерешеліктеріне әр түрлі жағынан келуді ұсынады және ойдың икмділігін, тапқырлығын талап етеді.
Нұсқау: Жұмысымызды таныстықтан бастаймыз: әркім өз есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын өзінің үш қасиетін және өз есімін кезекпен айтады. Сонымен бірге өмірлік кредосын айтады.
Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?
Жаттығу – 2.
Тақырыбы: “Біз қандаймыз?”.
Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірінің мінез-құлықтарымен жете танысу.
Жаттығудың барысы: Жүргізушіден үлкенірек ақ парақ алып, бәрі шеңбер бойымен отырады. Әркім парақтың үстіңгі жағына өзінің есімін жазады және парақты вертикаль сызықпен бөледі. Сол бөлігінің жоғарғы жағына “Плюс”, оң жағына “Минус”белгісін қоямыз. “Плюс” жазылған бөлікке, қатысушылар кез-келген түстің, кез-келген жыл мезгілінің, кез-келген жемістің, аңның, кітаптардың аттарын, өзі қанағаттану үшін оған не істеуге болатынын жазады, мысалы киноға бару, суда жүзу, кітап оқу т.с.с. “Минус” белгісі бар оң жаққа, әркім ұнамайтын түстерін, жануарын, жыл мезгілін және т.б. атап шығады. Жүргізуші әр бөлікті 10-12 минуттың ішінде кезекпен оқып шығады. Жүргізуші де өз жауаптарын жазады және бәрімен бірге жаттығуды орындауға қатысады.
Соңында, қатысушылар парақты кеуделеріне тағып алады. Барлығы үндемей, бөлме ішінде баяу жүреді және бір-бірінің парақтарына жазылғандарын оқиды.
Талқылау: Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық келтірді? Алған әсерің қандай? Қазір көңіл-күйің қандай?
Эксперименталды зерттеу бөлімінің болжамын дәлелдеу мақсатында, жоғарыда көрсетілген арттерапия элементтері мен дамытушы-түзетуші тренингтер кешенін топта жүргізгеннен кейін, ҰЕҰБЭ сауалнамасы қайта жүргізілді. Студенттердің сауалнамаға берген жауаптарын өңдей отырып келесі нәтижеге қол жеткіздік.
Кесте 3
|
|
Ұйымдасты- ру шылық
|
Еңбексүйгіш- тік
|
Ұжымшылдық
|
Білуге құштарлық
|
Эстетикалық талғам
|
1
|
Азамат А.
|
19
|
16
|
15
|
15
|
16
|
2
|
Айгерім И..
|
18
|
17
|
17
|
18
|
21
|
3
|
Айдын П.
|
18
|
18
|
19
|
22
|
22
|
4
|
Алия Қ.
|
16
|
16
|
17
|
14
|
17
|
5
|
Ақмарал А.
|
16
|
18
|
16
|
18
|
17
|
6
|
Ақмарал М.
|
18
|
22
|
17
|
20
|
18
|
7
|
Ахметжан Ә.
|
17
|
19
|
17
|
18
|
17
|
8
|
Бақытгүл Қ.
|
16
|
18
|
18
|
15
|
19
|
9
|
Гүлбану А.
|
15
|
19
|
15
|
17
|
19
|
10
|
Гүлдана А.
|
15
|
17
|
15
|
22
|
20
|
11
|
Гүлжамал У.
|
18
|
18
|
17
|
20
|
18
|
12
|
Ғабит Е.
|
18
|
20
|
18
|
21
|
20
|
13
|
Ділбар А.
|
16
|
17
|
15
|
16
|
18
|
14
|
Еркебұлан Б.
|
16
|
20
|
16
|
17
|
15
|
15
|
Жадыра Ж..
|
18
|
18
|
16
|
19
|
18
|
16
|
Жанар А.
|
14
|
15
|
14
|
13
|
17
|
17
|
Мақпал У.
|
17
|
17
|
18
|
17
|
19
|
18
|
Мөлдір А.
|
18
|
20
|
18
|
21
|
20
|
19
|
Нұрсұлу А.
|
16
|
16
|
17
|
18
|
17
|
20
|
Назипа Е.
|
16
|
16
|
17
|
19
|
20
|
21
|
Перизат А.
|
20
|
19
|
20
|
21
|
20
|
|
Орта мәні
|
17
|
20
|
16
|
21
|
18
|
Достарыңызбен бөлісу: |