ІІ АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ДИАЛОГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ, СИНТАКСИСТІК, СТИЛИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Ауызекі сөйлеу диалогінің лексикалық ерекшеліктері
Тіліміздегі сөздердің мағыналарына бірден түсіну үшін олардың тарихын білу керек, тіл тарихын жасауға көмектесетін стилистика. Әрбір сөздің, әрбір құрылымның өз алдына стильдік өңі болатындығы туралы О.С.Ахманова сөздің стильдік сипатын екі тұрғыда алып қарайды: «сөздің таза семантикасынан келіп шығатын стильдік сипат және сөздің қолданылу ерекшелігіне байланысты тарихи қалыптасатын стильдік сипат бар. Бұл екеуін бір-бірімен шатастырмай, өзара жігін дәлді ажырата білу керек» [28, 31-34]- дейді. Жазба тілде ой әр стильдің өзіне тән сөздермен жүйеленіп, бір беткей баяндалып отырса, сөйлеу тілінде тыңдаушыларға лайықтанып, жазба тілдік үлгіден ауытқып отырады. Сөздердің күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде айтылуы мен жазба тілде қолданылуы бірдей емес [29, 58].
Сөйлеу тілінің лексикасы – адамдардың күнделікті қарым-қатынастағы үйреншікті жағдайда қолданатын, сөйлеу тіліне, яғни әдеби тілдің ауызша түріне тән сөздердің жиынтығы. Сөйлеу тілінің лексикасына жалпылама, күнделікті қарым–қатынастағы сөздер, диалектизмдер, кәсіби сөздер, қарапайым және экспрессивті сөздер, көнерген сөздер мен неологизмдер, терминдік, бейтарап стильдегі (аспан, жер, су, адам, кітап, қағаз т.б.), сондай–ақ, ауыспалы мағынадағы сөздер де енеді. Ауыспалы мағынадағы сөздер құрамы жағынан қарапайым, тұрпайы және жалпылама қолданылатын сөздер болып келеді. Ал жасаулы жағынан метафора (аш қасқырдай жалақтады), метономия (ауыл тынышталды), синекдоха (тігерге тұяқ қалдырмау) т.б. болып жіктеледі. Сөйлеу тілінің лексикасы әдеби тілге қарағанда сөздердің мағыналық жағынан қарапайымдылығымен, кейде тұрпайы, дөрекілігімен, сөздік қолданыста көмекші сөздер мен одағайлардың көптеп ұшырасуымен ерекшеленеді (Үйбай, шірік–ау! Сенің мұнда не істеп жүрсің?). Сөйлеу тілінің лексикалық жүйесінде фразеологизмдердің алатын орны ерекше. Айтпақ ойды тұспалымен, астарлап жеткізуде тұрақты тіркестер (идиома, мақал-мәтел, нақыл сөздер т.б.) жиі жұмсалады (шыбындай жаны, «ақ» дегені – алғыс, «қара» дегені – қарғыс, жаман айтпай, жақсы жоқ, бетінің арын бес төкті, соқырға таяқ ұстатқандай, жылан жалағандай т.б.).
Ќолданыс барысында тіл µзініњ ќос ќабатты ж‰йесін айќын танытады: біріншіден, тілдік формалар, сµздер, сµз тіркесі, сµйлемдер жасалуда тілдіњ нормасына, ережелеріне сай ќызмет етеді, екіншіден, тіл ќолданысќа енген кезде сµйлеуді ж‰зеге асырады. Оныњ ерекшелігі сµйлеп т±рѓан адамныњ (ауызша не жазбаша болсын) сµйленген сµзініњ не маќсатќа арналѓанына, олардыњ белгілі бір семантикалыќ мєндеріне, нендей міндеттерді шешуді кµздейтініне, сыртќа шыќќан сµздіњ ішкі ойлаудыњ табиѓатын білдіруіне, тілдік байлыѓына байланысты танылады.
Ауызекі сөйлеудің тілдік ерекшеліктеріне Д.Розенталь мыналарды жатқызады : 1) лексикалық емес сөздерді қолдану: интонация, екпін, сөйлеу жылдамдылығы, ритм; 2) күнделікті тұрмыста фразеологизмдердің, эмоционалды-экспрессивті лексиканың кең көлемде қолданылуы; 3) синтаксистің өзіндік ерекшелігі: эллиптикалық және толымсыз сөйлемдердің әр түрлігі (өтініш сөздер, қайталама сөздер т.б.). Ауызекі сөйлеуде экспрессивтілік тек қана лексикалық тұрғыда ғана емес синтаксистік тұрғыда да қажет деген пікірді қоса айтады [30, 50-51].
«Авторлық баяндауға қарағанда, ауызекі сөйлеу тілі интонациясы әлдеқайда басым, айқынырақ сезіледі. Кенеттен сөйлеу тілі интонациясының пайда болуы баяндаудың сол арасының модальдық бағытының өзгергенін аңғартады. Сөзге ауызекі тілдік сипат беріп, оның эмоциялығын күшейтк түсетін тілдік амалдарды ескермей болмайды. Олар мыналар: сирек те болса кездесіп қалып отыратын одағайлар мен қаратпалар, әсіресе көбірек кездесетіні – әрқайсысы бірнеше мағынада жұмсалатын әртүрллі демеуліктер; сұрау мағыналы ма/ме, ба/бе, па/пе, ше, әлде; күшейту және тежеу мағыналы ғана, тек, ақ, да/де, та/те, ғой, әсіресе; модальды-экспрессивті – ау, ай, ғой;
Бұлардың қатарына кейбір модаль сөздерді, кейде ауызекі сөйлеу тіліне тән лексика мен морфологияны; осы, сол, мына, ана, әне, міне тәрізді сілтеу есімдіктерін де жатқызуға болады.
Сол сияқты элипсистер мен лексикалық қайталаулар, инверсия мен аяқталмаған сөйлемдер де жиі ұшырасады» [31, 83].
Енді осы белгілердің қолданысына көңіл аударалық. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |