Кіріспе І диалог және оның тіл білімінде зерттелуі



бет15/39
Дата11.10.2023
өлшемі186.15 Kb.
#480467
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
утетілуова эльмира

Солайы солай ғой, мәселен, сөзді ашық кекесінге бұрғанымды түсіне қояды да, мырс етіп:

  • Білгішін шіркіннің!

  • Дұрыс қой, бірақ біз саяжайымыз қараусыз қалды.

  • Ал сен ше?! Ағаштарды күтіп-баптау да жұмыс болып па? Ех, бекер істеген екенсіңдер (ауызекі сөйлеу).

    Ауызекі сөйлеу диалогінің лексикасының құрамы экспрессивтік реңктің әр түрлі құрылымында және әр түрлі тақырыптағы әңгімеде пайдалынады. Ауызекі сөйлеу диалогі әр түрлі сөз таптарынан болады. Атап айтсақ, зат есімнен (-өтірік, -пәтшағар,), сын есімнен (-мұрынды, -жұмыскер, -қалқанқұлақ), етістіктен (-міңгірлеу, -мысқылдап), үстеуден (-жай, -тез, -жылдам).
    О.Төлегеновтің еңбегінде де диалог құрамында тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің дербес жұмсалуына қатысты «сөйлемдер ситуация, контекстке (алдыңғы бір сөйлемнің грамматикалық құрылымына) және
    баяндау интонациясына байланысты ұласып айтылғанда, олардың лексикалық құрамы ретінде тұрлаусыз мүшелер де келе береді делінеді [32, 39].
    Жалпы сөз мағынасының өзгеруге бейімділігін Ю.Д. Апресян айтқан: «Сөз негізгі мағынасынан басқа туынды мағынаға ие болып, әр түрлі мағынада қолдануға икем келеді», – дейді [33, 149 ]. Ғалым Б. Сағындықұлы: «Сананың дамуына байланысты ұғым өрісі де ұлғаяды. Бұл процесс сөз мағынасының дамуына әсер етеді» [34, 30 ], – деп, ұғым өрісінің ұлғаюын сөз мағыналарының кеңеюіне жетелейтін құбылыс деп таниды. Кейде сөз мағыналарының түрліше құбылуы жаңа сөздің жасалуына да себепші болып жататыны ақиқат. Бұл жөнінде ғалым А.Салқынбай өз еңбегінде: «Сөздердің ішкі мағыналық дамуы мен сапалық өзгерісінің табиғатын тұлғалық жағынан дараламай-ақ, ішкі мағыналық жағын пайымдау үшін, сөздің семантикалық құрылымын толық зерттеу қажет. Сонда тұлғалас сөздердің арнайы семантикасындағы ерекшелік пен өзек семадағы ортақтық арқылы семантикалық дамуды бағалауға болады» [35, 74 ], - деген.
    Пікір алысу жағдайы ауызекі сөйлеу тілінің лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін, стильдік реңкін белгілейді. Себебі, біріншіден, екі кісінің бетпе-бет қатысып пікір алысуы диалог түрінде жүреді. Диалогке қатысатын сөздер өзара тақырып жағынан ғана бірігіп қоймайды, репликалардың байланысқан грамматикалық жүйесінен де көрініс табады. Сөйлем құрауға қойылатын осы коммуникативтік талап құрмалас сөйлемдер жүйесінде әсерін тигізген. Екіншіден, диалог түріндегі сөз тыңдаушыға барынша әсерлі болуы көзделеді. Сондықтан да ауызекі сөйлеу тілінде эмоциялы мағына білдіретін грамматикалық формалар мол. Осы эмоциялыққа талпынудың ізі құрмалас сөйлемдер жүйесінде де байқалады. Үшіншіден, бетпе-бет отырып пікір алысу сөздің қысқа, жинақы құрылуын қалайды. Коммуникативті жағдайдың бұл талабы да ауызекі тілдегі құрмалас сөйлемдердің құрылымына әсерін тигізген.
    Аталған коммуникативті талаптардың әсері сөйлеу тілінің грамматикалық жүйесінің барлық саласынан табылады. Бірақ, оның нәтижесі, әр салада бір түрлі емес. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшелігі грамматикалық формаларды, конструкцияларды ұйымдастырудан ғана көрініп қоймайды, ол белгілі формаларды, конструкция құрау амалдарын өзінше, жаңа талапқа сай жұмсауынан да байқалады [36, 86].
    Тілді функционалды тұрғыдан сипаттағанда, ондағы тілдік бірліктердің қызметі, сөйлеу барысындағы ерекшеліктері анықталады. Функционалды аспектіде тіл, тіл бірліктері жалпылама мәнде жұмсалады. Прагматикалық тұрғыдан қарастырғанда, тілдік таңбалар адамға бағытталады, сөйленім мәтінді дайындауда ең қолайлы бірліктер (жалпы жағдаятты, адресатты көрсетіп) таңдап қолданылады. Сол арқылы сөйлеуші сөйлеу әрекетінде коммуникативті, коммуникациядан тыс мақсаттарға қол жеткізеді.
    М.Дуанбекова қарым-қатынас – күрделі құбылыс. Қарым-қатынас түрлерін жіктеу біржақты бола алмайды, себебі, жіктеу белгілері түрліше болуы мүмкін. Қарым-қатынасты жіктеуде әртүрлі өлшем негізге алынуы мүмкін, - деп көрсетеді [37,17].
    Сөйлеу тілі диалогке құрылады. Диалог репликалар тізбегінен тұрады да, қысқа, тұжырымды болып келеді. Әсіресе, интонацияның маңызы ерекше болады. Диалогте айтушының көңіл - күйі, сезімі еркін, жеңіл бейнеленіп, оңай түсініледі деген ой «Қазақ тілінің стилистикасы» атты еңбекте ашық айтылған [38, 63].
    Қазақ тілі білімінде сөйлеу тілі синтаксисіне арналған Р.Әмірдің еңбегінде ауызекі сөздің диалог түрінде жүруі репликаларды байланыстыратын тәсілдерден ғана көрініп қоймай, сөйлемдердің құрылысына да әсер ететіндігі сөйлем мүшесі, сөз тіркесі негізінде сараланады деген ой айтылады [39,22].
    Г.Смағұлова ауызекі сөйлеу тілінде коммуникативті функциясы аса айқын көрінеді дей келіп, сөйлеу тілі негізінен үш түрлі шартта жүзеге асырылады дейді:
    Біріншіден, қатынас жасаушылар арасында ресмилік болмайды. Егер ресмилік туа қалса, онда мекеме басшысы қол астындағы қызметкеріне немесе адамдардың өзара әңгімесінде ауызекі сөйлеу кезінде қатынас стилі, назар аударту формасы, сөздік қоры бірден өзгереді.
    Екіншіден, қарым-қатынас кезінде сөйлеушілер арасында еркіндік болуы тиіс. Мұнда адамдар өзара қысылмай емін-еркін сөйлейді. Бұл арада сөйлеу тақырыбына сай көбінесе тұрмыстық лексика жұмсалады, сондай-ақ сөйлеу тілінің басты элементтері диалект, жаргон, варваризмдер жиі ұшырасады.
    Үшіншіден, ауызекі сөйлеуде сөз бұрын дайындалмаған, табан астында суырып салғандай айтыла береді [40, 29]. Ауызекі сөйлеу тіліндегі коммуникативті функциясында сөйлеушілер арасында еркіндіктің басым болатындығына баса назар аударуға болады.
    Дж.Остин сөйлеу мәнбісін: локутивті, перлокутивті, пропозициялық, иллокутивті мәнбілер деп сипаттайды. Сөйлеу мәнбісінің нәтижесі, қабылдаушының жауап реакциясын – коммуникацияның перлокутивті аспектісіне жатқызады. Соның негізінде сөйлеу мәнбісінің 5 түрін атап өтеді: 1) ассертивтер; 2) директивтер; 3) комиссивтер; 4) декларативтер; 5) экспрессивтер [41,22-29]. В.В.Богданов хабарды жеткізу барысында адресант пен адресат арасындағы өзара түсінікті орнатудың маңыздылығын ескере отырып, сөйлеу мәнбісінің 9 түрін көрсетеді: 1) декларативтер; 2) комиссивтер; 3) интеррогативтер; 4) инъюктивтер; 5) реквестивтер; 6) адвисивтер; 7) экспрессивтер; 8) констативтер; 9) аффермативтер [42, 25-36].
    Осы көрсетілген сөйлеу мәнбілері негізінде нақтылау, бұйыру, қарсылық білдіру, талап ету, өтіну, болжау, уәде беру, жауап беру сияқты әрекеттер жатыр.
    Кез келген сөйлеу мәнбісінің түрін анықтаудың негізінде ықпал етуші күш, сөйлеу мәнбісіне қатысушылардың психологиялық қалпы, мақсаттары, білімі, мәнмәтін, сөйлеу жағдаяты, т.б. көптеген факторлар жатыр. Қазақ тіл білімінде де осы бағытта зерттеулер жүргізілуде.
    Ф.Оразбаева қарым-қатынас үдерісінде хабарлау мен қабылдау, бір-бірімен тығыз байланыста болады дейді. Өйткені, хабарлау болмаса, қабылдайтын ой да жоқ, қабылдау болмаса хабар да жетпейді. Қабылдаусыз процесс бүтін болмай, бір жақты болып қалады, қарым-қатынас, байланыс жүзеге аспайды деп ойын жалғастырады [43, 42].
    Коммуникативті-прагматикалық аспект тілдік құбылыстардың коммуникативті құрылымымен қатар прагматикалық компоненттеріне де ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Коммуникативті компонентте жалпы қатынас ескерілсе, прагматикалық тұрғыдан сөз еткенде сөйлеуші, тыңдаушы, қатынас жағдаяты, тілдік бірліктерді таңдау, орынды қолдануға байланысты жағдайлар ескеріледі.
    Ауызекі қатысымда коммуниканттар тек ой алмасып қана қоймайды, олар сондай-ақ, өз сезімдерін де білдіріп жатады. Диалогтің психологиялық-семантикалық сипатын ашатын, сөйлеушілердің сөйлесім арқылы білдіретін эмоциясының көрінісі, диалогтің эмоциялық жағымен тығыз байланысты экспрессивті қасиеті сөйлесімдерге көркемдік сипат береді. Диалогке хабарлаудың тиімділігін арттырудың, фактіні баяндағанда әңгімелесушінің көңіл қоюына қызмет ету мақсатының құралы болып табылатын семантикалық молшылық тән. Мұндай мол семантикалық компоненттерді қолдану эмоционалды реакцияны көрсететін сөйлесімге қосымша реңк береді. Сондай-ақ, диалогте кейбір маңызды семантикалық элементтер айқын көрінбейтін импликация да қатар жүретіні анық. Әңгіме барысында сөйлеуші мәліметтің бір бөлігін жасырын жеткізуі мүмкін. Ол мәнмәтіннен және сөйлеу жағдаятынан, немесе коммуниканттардың жалпы әлеуметтік-тарихи тәжірибесіне сүйенетін ортақ біліміне қарай түсінікті болады.
    Диалогтің құрамдық бөлшектері – репликалардың түрлерін анықтауда да прагматикалық аспект, қатысым жағдайлары, коммуниканттардың қарым-қатынасы және т.б. есепке алынады [44 , 15].
    Ж.Қаңлыбаева тіл бірліктері сөйлеу үстінде қолданысқа түсіп, тілдік емес мәнбілердің ықпалына, талабына, қажеттелігіне икемделеді, жұмсалымда сөйлем мақсаты мен сөйлеуші мақсаты үнемі бір-бірімен сәйкес келе бермейді дейді. Және оның 5 түрлі шарттарын көрсетеді:

    1. ) сөйлеу жағдаяты (уақыт пен кеңістік, орын);

    2. ) сөйлеушінің әлеуметтік - психологиялық қалпы;

    3. ) пропозицияның референттік сипаты, яғни сөйлеу жағдайымен,
      шындық болмыспен ара-қатынасы;

    4. ) қатысым мақсаты;

    5. ) сөйлеушілердің пресуппозициясы.

    Диалог сөйлеу әрекеті ретінде адамның жалпы прагматикалық әрекетімен тығыз байланысты болғандықтан, ол тек тілдік құралдарды қолдану тәсілі ғана емес, әрекеттік мәнбі ретінде қарастырылуы тиіс [1, 8].
    Сөйлемнің семантикалық құрылымын қалыптастыратын денотативті жағдаятпен салыстырғанда, коммуникативті жағдаят тұтастай алғанда, қарым-қатынас сипатын, сөйлеушілер мен олардың стимулдарын білдіреді.
    Өмірде ауызекі тіл айтылып қана қоймайды, сонымен қатар, өзінің жинақталған құрылымдық қалпы болады. Көркем құрылымда ауызекі сөйлеу тілі басқаша болып өзгереді. Әдеби көркем шығармалар ауызекі сөйлеу тіліне қарай бағытталады. Өзінің спецификалық айырмашылықтары бола отыра, кейбір көркем шығарма тілдері, күнделікті ауызекі сөйлеу тілінің стилистикалық қатарында көрінеді [44, 34].
    Жалпы ауызекі сөйлеуде дауыс пен интонация (дауыс ырғағы) индивид қабылдайтын және беретін хабардың 38% қамтиды. Өз ойымызды жеткізу үшін біз көптеген белгілермен қатар ымды да қосамыз. Иықтан қағу, қас-қабақты өзгерту, ымдау, дауысымызды жоғарылату және төмендету, немесе дауыс ырғағын өзгерту арқылы біз айтылған ойдың жетуіне көп ықпал етеміз. Әр жағдайға байланысты жәй немесе тез сөйлей аламыз.
    Ойды тура емес астарлап, тұспалдап жеткізу – күнделікті өмірде жиі кездесетін сөйлем түрі. Сөйлеуші өз ойын ашық айтқысы келмеуі мүмкін, болмаса сол жағдайда әр түрлі себептермен айта алмауы мүмкін. Ойды астарлап жеткізу – сөйлеудің ең тиімді формасына жатады. Сөйлеуші тыңдаушының ойын қозғайды. Тыңдаушы естігенін ой елегінен өткізіп, өз тәжірибесіне сүйеніп, сөйлеушінің мақсатын анықтайды.
    Коммуникативті процесс – сөйлеуші мен тыңдаушының жоспары айқындалатын екі жақты сөйлеу әрекеті. Әрекет алмасу мәнбісі, яғни екіжақты локутивті-аудитивті мәнбі интеракцияны немесе интерактивті блокты туғызады.
    Кейбір сөздер дыбыс пен дауыс ырғағына сай келмей қалуы мүмкін. Кішкентай балалардың сөйлегенін еске түсірейік, көбіне анасы оның жылаған дауысынан ұйқысы келгенін, қарны ашқанын, қолынан ұстау керек екенін, я болмаса киіндіру керек екенін бірден түсінеді. Дыбыс пен дауыс ырғағы ішкі ойды жеткізуге, көңіл аудартуға көп көмегін тигізеді. Сөз дауыс ырғағысыз әлсіз.
    Нағыз әңгіме адамдар бірін-бірі жақсы түсініп, естіп, сөздеріне құлақ асып, көңіл бөліп отырғанда болады. Қатынасу (араласу–общение) – әңгімеге араласушылардың бірін-бірі бір мезгілде түсініп, ойларымен бөлісу. Нағыз араласу әркімнің бір нәрсеге қызығушылығын көздейді.
    Сөйлей білу тыңдаудан гөрі маңыздырақ. Әрине, күні бойы тұтынушыны тыңдап отыра беруге болады, бірақ ол ешқандай жетістік әкелмейді. Тыңдау арқылы сіз тек хабарды қабылдайсыз және өз ойыңыздың елегінен өткізесіз. Сөйлесу арқылы өзіңіз ақпарат бере аласыз және оны анықтай аласыз.
    Сұлулық салонындағы тілдесімдік жағдаяттарға зерттеу жүргізілді. Адамдардың ауызекі сөйлесу барысын үнтаспаға түсіріп алып, оларға тілдесімдік қасиеттері жағынан талдау жүргізілді. Оның нәтижесін төмендегі сызбадан көруге болады:
    Зерттеулердің нәтижесі әңгімелеу барысында 3 түрлі бағытта ақпарат алмасу болатынын көрсетті. Көзбен көру белгілері хабардың 55% көлемін құрайды. Бұл ыммен көрсететін ақпараттар. Ақпараттың 38% дауыс ырғағы құрайды. Ал сөйлеу арқылы біз тек 7% ғана ақпарат береміз. Адамдардың өзара қарым-қатынасы кезінде сұлулық салонында ауызекі сөйлеуден тыңдау басым екеніне көзіміз жетті. Сол себепті төмендегі сызбаға назар аударсақ:
    Ыммен нені білдіруге болады:

    Белгі

    Әр түрлі қимылдар

    Бет-әлпет көрінісі

    Қамқорлық

    Алдыға еркін иілу
    Дөңгеленген иық
    Қарсыласпен иық қағысу

    Жанашырлық
    Бас ию

    Ашық болу

    Түзу тік арқа
    Еркіндік, жайбарақат
    Жай қимыл-қозғалыс

    Көзбен тілдесу
    Беймарал



    Қияңқылық

    Ынталылық
    Иегін алға созу
    Қолдарын кеудесіне қою

    Жалынды көздер
    Тістері ақсиған
    Тістену

    Ашуын тия білу

    Иығын төмен салу
    Қолын белге таяну
    Жинақы қол
    Басын шайқау

    Жинақы ерін
    Ашулы көзқарас
    Көзін төңкеру
    Тұйық көзқарас

    Қиналмау

    Жұмсақ
    Әсерлі

    Жымию (жымиыс)
    Көздері бақырайған



    Ауызекі сөйлеу барысында дауыстың сапалық белгілері үлкен рөл атқарады. Сөйлеу тілінің лексикасы – адамдардың күнделікті қарым-қатынастағы үйреншікті жағдайда қолданылатын, сөйлеу тіліне, яғни әдеби тілдің ауызша түріне тән сөздердің жиынтығын көрсетеді. Сөйлеу тілінің лексикасына жалпылама, күнделікті қарым-қатынастағы сөздер, диалектизмдер, кәсіби сөздер, қарапайым және экспрессивті сөздер, көнерген сөздер, бейтарап стильдегі сөздер т.б. енеді. Әр адамның сөйлеу мәнбісі кезінде дауыс ырғағы өзінше ерекшеленеді:


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет