Кіріспе і-тарау. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері


ІІ-тарау. Болашақ маман тұлғасының өзін-өзі дамытудың психологиялық-педагогикалық негізі



бет2/3
Дата13.06.2016
өлшемі296 Kb.
#134051
1   2   3

ІІ-тарау. Болашақ маман тұлғасының өзін-өзі дамытудың психологиялық-педагогикалық негізі



2.1. Субъект қалыптасуының алғашқы кезеңдері мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамалық көзқарастары.
Адам материяның әлеуметтік формасына жатады. Әлеуметтік индивид бола тұра, ол қоғамның мүшесі болудың алдында, әлеуметтену үрдісінен өтуі тиіс және тұлға ретінде қалыптасуы керек. Сондықтан да, адамды қоғамның талаптарына сәйкес тәрбиелеу мен оған білім беру қажет. Осы процестің күрделілігі – оның нәтижесін алдын ала нақты болжай алмайтындығымызда.

Философиялық көзқарас адамның өзін-өзі дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде қаралады, ұйымдастырушылықтың жаңа сапалы деңгейге ауысуға болатын материяның өзіндік қозғалысының ерекше типі ретінде қарастырылады. Әдебиеттерді талдаудан бізге мәлім болатыны; адам ежелгі заманнан бастап бүгінгі әлемде ғана түсініледі, ал әлем адамсыз мүмкін емес, өйткені тұлға көп жағдайда қатынас ретінде болатын. Сократ, қазіргі батыс елдері әдебиеттерінде оны адам философиясының бастаушысы, негізін салушысы ретінде, бір ұстанымды ұсынған екен, оған сәйкес өзін-өзі тану мен даму философияның басты және жалғыз мақсаты деп түсініледі. А.Протагор адамда тек қана ойлауға қабілеттілігін анықтап қоймай, сонымен бірге оның бүкіл адами субъектілігін көрсетеді, өйткені адам – нақты индивид. Аристотельдің философиясында антропологияның екі тенденциясы біріктіріледі: діни-этикалық (адам мен табиғат ажыратылған) және космологиялық-натуралистік (адам бүкіл әлеммен байланысты). Ол адамның қоғамдық-саяси мәнін айырықша көрсетіп, адамның өзін-өзі жетілуінің қажеттілігін айтып, оның мүмкіндігін айқындайды. Бірақ оған адам табиғатын түбегейлі өзгертуге болмайтындығы туралы көзқарасын да білдіреді. Сондықтан да, сол уақыттар кезеңінде адамның ақиқаттағы бейнесінің өзі көргендей мәнімен сәйкес келмеу проблемасы анықталған болатын. Сонымен ежелгі грек мәдениетінің негізгі көзқарасы физикалық-рухани дене ретіндегі адамды қарастыруға болатындығын, оның проблемалары рационализм, табиғи және әлеуметтік процестердің циклдік тұжырымдамасы шеңберінде қаралатынтығын білдіреді. XVIII ғасырдан бастап, әсіресе И.Кант заманын бастап, философтар тұлғаны жеке даралықтан ажырататын болған. И. Кант адамды өзіндік таным іс-әрекетінің субъектісі ретінде, сыни және практикалық ақыл-ойдың қосымшасы ретінде қарастырып, тұлғаны “...ақылды, өзі немесе өзгелермен бірге орнатқан заңдарға бағынатын” деп анықтаған. Басқаша айтқанда, кезкелген адам өзін-өзі дамытатын тұлға бола алмайды, оған “жақсы Менге” ұмтылатын, өзінің бай ішкі тәжірибесін көре білетін және талдай алатын адам ғана лайықты. Әр адамның қайталанбайтындығы тұрғысынан даралық идеясы негізінде ұстанымды анықтаймыз, ол теориялық негіздеменің бір ережесін құрайды. Білім беру үрдісінде жаңа білім беру парадигмасына сәйкес даралық пен тұлға еркіндігі қамтамасыз етілуі анықталады. Осындай көзқарас педагогикалық үрдістің мазмұны мен мәнін анықтайды, болашақ мамандарды дайындаудың іс-тәжірибеде жүзеге асырылатын бағытын көрсетеді.. Маркстік философияда тұлғаның өзін-өзі дамуының мәні өзгелермен өзара әрекеттестігі негізінде түсініледі, өйткені қоршаған әлем адамның әлемі ретінде айқындалып, адам әлеуметтік табиғатты меңгеретіні туралы айтылады. Адамды К.Маркс тарихтің субъектісі мен объектісі ретінде қарастырады, яғни “тарих дегеніміздің адамның өз мақсаттарын іске асырудағы іс-әрекет” деп түсіндіріледі. Осы пікірдің мағынасын, былай түсінуге болады: адам – оны жеке алып қарастырғанда абстрактілі және индивид ретінде әлсіз, қоғамдық таптар құрамында және әлеуметтік топтарда өзгелермен бірге тарихтың жасаушысы болады. Маркстің пікірінше, адамның ерекшелігі оның еңбек етуімен байланысты. Еңбек - қоғамдық, заттық іс-әрекеттің нәтижесі. Ол тек нақты заттарға бағытталып қана қоймай, сонымен бірге қоғамдық қатынастар мен қоғамды қамтиды. Осыған сәйкес қарым-қанынастың, танымның, ойлаудың формалары қалыптасады. Осынысымен адамның қабілеттері жүзеге асырылып, ол үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады. Осы ереже адам тұлғасы өзін-өзі дамуы мәнін түсіну үшін негіз болады. ХІХ ғасырдың соңында қоғамның жаңа өмірі ұйымдастырылуынан пайда болуымен байланысты, тұлғаның ішкі дүниесіне оның еркіндігіне бағытталған, оның әлеуметтік құқықтары мен еркіндігіне бағытталған. Тұлғаның өзін-өзі даму проблемасы философтардың ойларында бейнеленіп персонализм және эксизтенционализм бағыттарында көрініс береді. У.Э. Гуссерляның өзін-өзі дамыту идеясы жеке субъектілердің ішкі әлемі болып, өзін-өзі жетілдірудің қайталанбас, ерекше нәтижесі ретінде қарастырылады. А.Камю, С.Кьеркегор, Ж.Сартр, М.Хайдеггер, К.Лоперс және т.б. өз еңбектерінде тұлғаның өзін-өзі дамытудың идеясын адамдық “Меннің” терең мәні ретінде қарайды. Орыс философиясында ХХ ғасыр ойларының (Г.С. Батищев, М.М.Бахтин, В.С.Библер, О.Н.Крутова, Н.О. Лосский, М.К.Мамардашвили, А.Г.Мысливченко, В.В.Розанов, С.Л.Рубинштнейн, С.Л. Франкл, К.А. Шварцман және т.б.) ортақ бағыты гуманист философтар мен психологтарды біріктіреді. Олардың барлығы адам тұлғасының өзіндік құндылығы мен ерекшелігін қабылдайды, оның қоғам өміріндегі мәндік ролін ерекше көрсетеді. Н.А. Бердяеев, В.В.Розанов, С.Л.Франкл өз еңбектерінде тұлғаның өзін-өзі дамытудың мәнін ашады. Мысалы, В.В.Розановтың жазғаны: “Адам тек өзінің ерекшелігінде өзінің мағыналық ерекше мәнін көрсетеді: онда түрлі рухани шығармашылықтың бұлағы жатыр. С.Л.Франкл “өзімізді өзіміз іске асыруымыздің қажеттілігі бар, біздің “Меніміздің” нағыз мәнін құрайтын біздегі ұйықтап жатқан рухани күштерге шығармашылық шығыс беру керек”. Н.А. Бердяевтің позициясында дамудың табиғи жолын таңдау еркі идеясы болады. Ол адамның өзінің жетілуіне бағытталған ішкі қозғалысын өзіндік еркінділікті орнату депе түсінеді. Сонымен, философтардың еңбектерінде адамның рухани өзіндік жетілу феномені тұлғаның өзін-өзі дамытудың идеясы болып табылады екен. Қазіргі философия адамның әлеуметтік адам ретіндегі үнемі өзгеруін үнемі тұрмыс жағдайына байланысты түсіндіреді және қоршағанның түрлі факторларының әсерімен болады. Осыған орай М.К. Макарашвилидің ойы өзекті болады: “адам әлемдегі үнемі қайта жаңару үстіндегі жағдайында болатын жан, осы жаңадан жаңаруы адамның өзінің ұмтылысы нәтижесінде, яғни өзін өз ойларына орнату, өз ұмтылыстарына бағындыру нәтижесінде іске асады”. Сонымен бірге П.Г. Шедровицкийдің пікірі бойынша тұрмыстың күрделілігі адамның өзін-өзі дамуына, ішкі дүниесіне назар аудару қажеттілігін талап ететін. Бірақ өзін-өзі дамыту механизмін іске асыру үшін себепкер ұмтылысы қажет – белсенділік, өзіндік–себептік ауыстыру мен асуысу. Адам дамуының басқа философиялық ережесі бар, ол: әлеуметтік факторлардың және өмір сүру жағдайларының интенсивті түрде дамуы адамның тірі ретінде, сезімтал индивидуум ретіндегі тіршіліктің негізін қозғайды, ол тұлғадағы, табиғатпен берілген өзгерістердің себепі болатын әлемге қатынасы, мінезі, қабілеттері және т.б.айтады. Осы идеялардың негізінде біз болашақ маманның кәсіби қалыптасуы барысында педагогикалық процесстің мазмұнын белгілейміз, педагогикалық әсер етудің мәні мен бағыты өздерінің “Жақсы Меніне” жетудегі студенттердің өзгелермен іс-әрекеттік әрекеттестігі арқылы өзін өзі жүзеге асыру негізінде рухани-шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдайлар жасайды. Сонымен, философиялық ғылымдар тұлғаның өзін-өзі дамытуы туралы түсінікке өзін-өзі жетілдіру мен әлеуметтік қызмет көрсету мақсатымен рухани-тәжірибелік өзіндік жаңаруы ретінде, өзінің адами мәнінің толықтығына жету мен өмірлік мақсаттарға қарай өз-өзінің құрастырылуының аяқталуына бағытталған адамгекршілік жаңару іс-әрекеті ретінде зерттеген. Бұл жерде тұлғаның өзін-өзі дамытудың маңызды факторы ретінде көптеген философтардың пікірі бойынша диалектикалық бірігудегі еркінділік саналады, сонымен еркінділіктің “неден” дегеннен гөрі “не үшін” құндылығы айқындалады. Осының барлығы тұлғаның өзін-өзі дамытудың негізгі шарты ретіндегі еркінділік проблемасының философиялық аспектісіне тоқталуға мүмкіндік жасайды. Мамардашвилидің, Б.С.Гершунскийдің, П.Г.Щедровицкийдің, Б.А.Запесоцкийдің, В.П.Зинченконың, Н.Б.Крылованың және т.б. еңбектерінде жоғарыда айтып кеткендей келесілерге назар аударылады: тұрмыстың күрделілігі адамның ішкі дүниесіне ерекше көңіл аударуды талап етеді, оның өзіндік тұрмысының деңгейін өздігінен ұғынуға, “Мен-бейнесін” түзету механизмдеріне еркіндік және топқа тәуелділік жағдайларында. Біздің көзқарасымызға П.Г.Щедровицкийдің пікірі жақындау болады, белсенділіктің көзі адамның өзінде табылмайды, сондықтан да білімберу жүйесі іс-әрекеттің жаңа үлгілерін қалыптастырудың және белсенділіктің, ойлаудың шығармашылық эволюциясының, жалпы әрекеттің орталығы болуы тиіс. Біздің зерттеулеріміз бойынша белсенді тұлғаның ішкі еркінділігі болады, яғни оның өз мінез-құлығының ерекше жолын таңдауға, іс-әрекеттің ерекше формалары мен мазмұнын, тәсілдерін еркін таңдауға қабілеттілігінің болуымен түсіндіріледі.

Субъект психологиясын іс-әрекет субъектісі ретінде қарастыру барысы адам қалыптасуының негізгі кезеңдерін сипаттайды. Философиядан өз бастамасын алатын субъект психологиясының басты ережелерін С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев [10] жасаған және олар жалпы түрде тұжырымдалып психологиядағы гуманистік бағытымен анықталған. А.В. Брушлинский, К.А. Абульханова –Славская субъект психологиясы негіздерін дамытқан болатын [5, 19], ал С.Л. Рубинштейн[5] оның ержелерін тұжырымдап жасайды. Субъект - тұтастылықтың және автономиялықтың, өз белсенділігінің жоғары деңгейіндегі адам. Осы деңгейде адам өте жекеленіп кеткен, яғни өз мотивациясы, қабілеттері, психикасы ерекшеліктерін білдіреді. Сонымен, адам субъект ретінде туылмайды, ол іс-әрекет барысында субъект ретінде танылады. Әр тұлға – субъект, бірақ соның өзінде ол тұлғаға теңестірілмейді. Субъект - өзін-өзі ұйымдастырудың белгілі бір сапалы тәсілі, тұлғаның өзін-өзі реттеуінің, ішкі және сыртқы жағдайлардың келісуінің тәсілі, барлық психикалық процестердің, күйлердің, қасиеттердің реттеу орталығы, сонымен бірге қабілеттердің, объективті және субъективті мақсаттарға қатысты іс-әрекеттің міндеттеріне сәйкес тұлғаның мүмкіндіктері мен шектеулерінің формасы. Субъектінің тұтастылығы, бірлігі және кіріктірілуі оның психикалық қасиеттері жүйелілігінің негізі болады [17, 559-570; 19, 330-346]. А.В.Брушлинский субъектінің тұтастылық проблемасын аша отырып, адам дамуының барлық кезеңдеріндегі табиғилық пен әлеуметтіктің байланыстылығын айтады. Субъект психологиясының келтірілген негізгі ережелердің сұлбасы, осы бағыттың жалпы түрде жасалғаны және теориялық-экспериментальды негіздеуді қажет етеді. Оның екі идеясының психологияның дамуына маңызы зор. Бірінші ережесі бойынша субъект - іс-әрекеттік және жүйелілік көзқарастарының бірігу мүмкіншілігімен байланысты болып келеді. Субъект әр кезеңде өзінің іске асуы барысында және әлеммен байланыстық әрекеттестігі барысында ашылатын бір жүйеліліктің тасушысы ретінде қарастырылады. Дәл осы субъект өз дамуының әр кезеңінде жүйелілік факторы болып анықталады, психикалық ұйымдастырушылығының өзіндік күрделі көп деңгейлі жүйесін қамтиды. „Кең тараған көзқарастарға қарамастан, субъект – адамның психикасы емес, психикалық қасиеттері мен белсенділік түрлері де емес және т.б., ал адамдардың өздері - әрекетті қарым-қатынасқа түсетіндер болып анықталады. Екінші ережесі бойынша „Субъект - өзін-өзі басқарудың сапалы тәсілі ...” [19, 330-346]. Жүйелілік көзқарас принципі адам өз дамуының деңгейлерінен өтетін психикасының өзін-өзі ұйымдастыруын түсіндіреді. Осындай екі көзқарастың шынайы, күрделі өзіндік іс-әрекетінің субъектісі ретіндегі және оның психикалық ұйымдастырушылығының жүйелі механизмдерін қоса қарастыру: жүйеліліктің және субъект-әрекеттіктің, яғни екі көзқарастағы ережелердің бірігуі адам психологиясын түсіну жолындағы қадамы болады. Субъект психологиясының екінші ережесі психологияның даму перспективасы үшін маңызды. Ол адамның жеке ерекшелігі мен даралығының бірігуі негізінде қарастырылады. Сонымен, психологиялық көзқарас тұрғысынан алып қарағанда адамның сипаттамасын бір жағынан индивидтің сипаттамасы ретінде қарастыруында, яғни оның адам түріне адамның жеке ерекшеліктері негізінде жатқызылу мағынасында. Осыған орай қазіргі психологиялық даму тенденциялары адамды зерттеудің келесі бір көзқарасын жасау туралы мәселені көтереді, ол психиканың ұйымдастырылуындағы дара және ерекше белгілерінің болуымен түсіндіріледі. Ал екінші жағынан субъект-іс-әрекеттік көзқарасы негізіндегі өз іс-әрекетінің субъектісі ретінде адам қалыптасуының өлшемдері туралы айтылады. Осы жерде адамның іс-әрекет субъектісі ретіндегі сапалы ерекшелігі – оның басқа категориялардан (индивидтен, тұлғадан, даралылықтан) ажыратылатындығында. Сонымен субъектіні әр түрлі авторлар түрлі түсіндіреді. Мысалы, Б.Г. Ананьев адам ұйымдастырушылығының үш негізгі құрылымдарын айтады: индивид, тұлға, іс-әрекет субъектісі. Осы үш құрылымның кіріктірілуі адамның қайталанбас даралығын айқындап береді екен. Даралықтың компоненттері индивидтің қасиеттері болып табылады (табиғи қасиеттер жиынтығы), тұлғаның (қоғамдық қатынастары жиынтығы), іс-әрекет субъектісінің (еңбек іс-әрекеттері жиынтығы). Даралық дамуының үш формасы анықталады. Біріншісі - онтогенез – адам дамуының негізгі формасы. Екіншісі – тұлғалық қасиеттердің даму формасы – қоғамдағы адамның өмірлік жолы. Үшіншісі – адамның кәсіби іс-әрекеті барысындағы субъектілік қасиеттері қалыптасуының формасы. Барлық үш құрылымдардың ерекшеліктері мен сипаттамалары бар және әр құрылымға даму процесінің гетерохрондығы тән. Даралық генетикалық тұрғысынан кеш қалыптасады, ал қасиеттер онтогенез, кәсіби іс-әрекет, адамның өмірлік жолы барысында тұтас жүйенің нәтижесі болып қалыптасады.

    1. Сонымен, Б.Г. Ананьевтің іс-әрекет субъектісі ретіндегі адам туралы түсінігі адам дамуының белгілі бір кезеңінде психикалық қасиеттердің және кәсіби іс-әрекет барысындағы механизмдердің қалыптасуымен анықталады. Осыдан адам субъект ретінде операционалдық механизмдермен, индивид - қызметтік механизмдермен, ал тұлға – индивидтің қажеттіліктері мен құндылық бағдарларын қамтитын мотивациялық механизмдерімен түсіндіріледі. „Адам қасиеттерінің индивидтік, тұлғалық және субъектілік болып ажыратылуының себепі адам сипаты мәнінің табиғилық пен әлеуметтіліктің тұтастығымен ашылады” – деп Б.Г. Ананьев жазады. Осы тұтастылықтың ядросы - тұлғаның құрылымы, ондағы тұлғалық маңызды қасиеттерімен бірге индивидтің және субъектінің қасиеттері жалпыланбайды [10, 218]. Бұл жерде біз Б.Г. Ананьевтің субъектіні түсінудегі және автордың субъект-әрекеттік көзқарасындағы айырмашылықтарды көреміз. Егер Б.Г. Ананьев үшін тұлға ұйымдастырушылықтың ядролық құрылымы болатын болса, субъект-әрекеттік көзқарасы бойынша субъект ол үшін әрқашан тұлға болып табылады, бірақ оған жатпайды. Өзінің кәсіби іс-әрекеті барысында және шығармашылығы негізінде кәсіби іс-әрекеттің жоғары деңгейі ретінде адам Б.Г. Ананьевтің көзқарасы бойынша субъект ретінде қарастырылады. „Субъект адам ұйымдастырушылығының ядросы ретіндегі пікірге А.В. Брушлинский қосылады: „Көптеген түрлері мен субъект белсенділігінің деңгейлері ішкі жағдайлардың тұтас жүйесін құрайды және олар дамудың негіздемелері арқылы сыртқы себептері бойынша әрекет етеді” [19, 34]. Сонымен бірге, ол кез келген тұлғаны тәрбиенің объектісі ретінде болатынын айтып, осы тәрбиенің субъектісіне айналатынын айтып кеткен. Осылайша тұлғаның объект-субъектілік табиғатының педагогикалық тұжырымдамалық көзқарастарын тұжырымдаған. Осы сәттен бастап педагогикалық көзқарас тұрғысынан біз субъект қалыптасуының және тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамаларына назар аударамыз. С.Л. Рубинштейннің және оның шәкірттерінің көзқарасы бойынша субъект - тұлғанының өзін-өзі басқарудың, өзін-өзі ұйымдастырудың және өзін-өзі дамытудың сапалы тәсілі болып анықталады екен. Бірақ С.Л.Рубинштейннің ережелеріне сүйенетін болсақ жоғарыдағы тұжырымға қарамастан, субъект категориясының және субъект-әрекеттік көзқарасының мазмұнын түрлі анықтай аламыз. Мысалы, оны шәкірті К.А. Абульханова субъект категориясының тұлға категориясына қарай қозғалысын айтады: „...кез келген тұлға іс-әрекеттің субъектісі бола алмайды” [8, 63], әріқарай: „Түрлі тұлғаларға қатысты олардың қалыптасуының жалпы ережесіне сәйкес түрлі мөлшері туралы айтуға болады, субъект - жетілудің ең жоғарғы нүктесі емес, оны біз соған қарай жылжу деп түсінеміз” [8, 65]. Субъект категориясы үшін ең маңыздысы – қарама-қайшылықтарды шешу болып табылады. Нақты көрсеткенде, тұлғаның сапалық өзгерістерін қарастыра келе, оның субъект іс-әрекетінің үш негізгі трансформациясын анықтайтынын айтуымыз керек. Біріншіден, барлық психикалық ресурстар (психикалық процесстер, қасиеттер, күйлер, қабілеттер) тұлға іс-әрекеті мен өміршендігінің қамтамасыздану тәсілдері болып табылады. Екіншіден, барлық психикалық ресурстар тұлғалық іс-әрекетке бағынатын жеке композициясын құрайды: „Іс-әрекетке қосылған сапалы өзгертулер және оны жүзеге асыру әрекеті қамтамасыздануының психикалық пен тұлғалық қасиеттерінің іс-әрекет талаптарына сәйкес тұлғаның өз өлшемдеріне қарай оның іс-әрекет субъектісі ретіндегі қалыптасу барысы реорганизация процесі болып анықталады” [8, 67]. Үшіншіден, тұлға субъект бола тұра өзінің өмірлік стратегиясына және әрекет стратегиясына сүйенеді, бар ресурстарға, қабілеттерге және мүмкіншіліктерге қарамастан. Мысалы, адам өмір сүру мәнінен айырылып, интеллектісін, қабілеттері мен өзін-өзі жетілдіру, дамыту үшін өз еркін қолданбайды. Сонымен, субъектінің өлшемі ретінде қарама - қайшылықтарды шешу қабілеттілігін айтамыз. Осы қабілет қалыптаспаған жағдайда тұлға субъект ретінде өз мәртебесін жоғалтпайды. Субъект, К.А. Абульханованың анықтамасы бойынша, үйлесімді, иерархиялық даму сатысының ең жоғарғы баспалдағына жеткен өзін-өзі дамытып жетілдіретін тұлға болып табылады. К.А.Абульханованың жаңа еңбегінде „субъект” және „тұлға” категорияларының айырмашылығы анықталады. Оның пікірінше: „Тұлға өз ерекшелігі дамуының максимальды деңгейіне жетіп жеке дара болады, ал субъект ретінде, ол өз адами дамуының тиімді деңгейіне жеткенде болады... Субъект ретіндегі оның қасиеті осы өмірлік жолды ұйымдастырудың тәсілі болады... Субъект өмірді ұйымдастырудың тұтас процесін жүзеге асырады, оның өзгермелілігі мен төзбеушілігін есекере тұра. Тұлғаның өз өмірін реттеуге қабілеттілігі оның құндылықтарына бағынатын тәуелсіз болуға мүмкіндік береді, яғни сыртқы талаптарға қарамастан еркінділіктің болуы. Бір жағынан объективті жағдайлармен, талаптармен, оқиғалармен, дәуірмен тұлғаның өмірлік жолы оның өзімен анықталады, екінші жағынан оның оларға қатысты болуымен байланысты тұлғаның өзімен анықталады. Осы анықтаушылар бір- бірімен ешқашан да сәйкес келмейді. Сондықтан да өмірлік жол субъектісі ретіндегі тұлғаның қасиеттері оның өмірлік жолында пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешу тәсілімен анықталады [9, 13-27]. Біздің көзқарасымыз бойынша субъектіліктің анықталған өлшемінің ерекшелігі жоқ және осы категория үшін анықталған өлшем жеткіліксіз. Қарама-қайшылықтарды шешу үшін саналы түрде ұғынбау деңгейінің өзінде соның ішінде тұлғалықтың кез келген дамудың қозғаушы күші болады. Сонымен бірге, өмірлік жолды ұйымдастырудың тиімді тәсілі туралы ережесі анық емес. Субъектінің деңгейі тұлғаның операционалдық деңгейі ретінде қозғалыстың жалпы бағытын анықтайды. Адам, өз дамуының перенатальды кезеңінен бастап, қажеттіліктердің және мотивтердің қарама-қайшы тенденцияларын шешу жолында тұрады. Әрине түрлі күрделілік деңгейіндегі қарама-қайшылықтар өзінің психофизикалық дамуының ыңғайын қамтамасыздандырудан бастап дүниетанымдық проблемаларын шешуге дейін сөзсіз болып тұрады. Осындай түрлі деңгейдегі қарама-қайшылықтар субъект алдында тұрған психикалық ұйымдастырушылықтың және реттеушіліктің жүйелілік факторы болатын оның индивид және тұлға ретіндегі тұтас дамуын қамтамасыз етеді. Субъект белсенділігі түрлі қарама-қайшылықтарды шешіп, психикалықты дамытады және сол психикалықтың тасымалдаушысы субъект болады. Белсенділіктің таңдамалылығы, даралығы мен нәтижелілігі түрлі әрекеттерді субъект жасайтынын растайды. Міне осы жерде субъект іс-әрекетінің өзін-өзі дамытудың ұйымдастыруы мен реттеуінің деңгейлері туралы сұрақ туындайды. Қарама-қайшылықты шешетін субъектіні анықтау процесі, К.А.Абульханованың түсінуінше, субъект категориясының тұлға категориясымен толық қамтылатынын және тұлға дамуының жоғары деңгейінің белгісін білдіреді. Бұл адамның өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі актуализациялау ұмтылысының гуманистік көзқарасы пікірімен толық келіседі (мысалы, А.Маслоу, К.Роджерс).

А.В. Брушлинский субъект категориясын кеңінен түсінеді: „Субъект - өзін-өзі ұйымдастырудың, дамытудың белгілі бір сапалы тәсілі....” [20]. Басқа тұрғыдан қарағанда субъект өз белсенділігінің, тұтастылығының, жекелілігінің жоғары деңгейіндегі адам болып табылады. „Әр тұлға субъект болып танылады, бірақ субъект тұлғамен теңестірілмейді” деген А.В. Брушлинскийдің тұжырымын есемізге алатын болсақ, біз бір жағынан ол адам дамуының үздіксіздік іс-әрекеті субъектісі ретінде, ал екінші жағынан субъектілік белсенділіктің, тұтастылықтың, жекеліліктің жоғары деңгейі ретінде түсінеміз. Осы қарама-қайшылық қайта қарау мен зерттеуді қажет етеді, осылайша субъект категориясының өлшемдік критерийлері туралы сұрақ ашық түрде қалады. Субъектінің табиғаты туралы мәселе субъектіліктің өлшемдерін анықтау проблемасын белгілейді. Адамның үздіксіз дамуының түрлі деңгейлерін зерттеу мәселесі осы сауалдың талдауын әрі қарай жылжытады. Іс-әрекет субъектісі ретіндегі адам дамуының өлшемдерді адамның өзін іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі проблемасынан ажырату мәселесін талдау қажет. Бала өміріндегі субъектіліктің пайда болуынан бастап, оның психикалық дамуы туралы теориялық көзқарастары жалпыланып, эксперименталды зерттеулердің фактілері талданылады. Осы проблеманың 1-ші аспектісі – субъектінің негізгі сипаттамасы ретіндегі адам тұлғасын қалыптастыру. 2-ші аспектісі - әлеуметтік және физикалық объектілер әлемін ажырату мен түсінудің қарастыруын қамтитын субъектісін қалыптастыру. 3-ші аспектісі – субъект-әрекеттік көзқарасы ережесімен байланысты өзін-өзі дамытудың негізі ретінде тәжірибелік пен теориялық іс-әрекеті болып табылады. 4-ші аспектісі- даралықты дамыту. Субъект өз дамуының жоғарғы деңгейінде жекеленген болады, осылайша ерекше дара субъектіні басқалардан ажырататын жоғарғы деңгей адам дамуының барлық деңгейлерінің үздіксіздігі мен шынайлылығын анықтайды.

Субъектіліктің ерте онтогенезінде адамның психикалық дамуының континуальды ұстанымына сүйене отырып, базистік деңгейлердің дамуын қарастыруға болады. Олар субъект мінезінің дамыған саналы формаларының алдында пайда болады. Ол үшін өзін-өзі түсінудің дамуын және өзгелердің агент ретіндегі психикалықпен қамтылғанын сипаттау үшін сәбилерге түсінікті өзараәрекеттесу тәжірибесінің түрлері талдануға тиісті. Тәжірибенің осындай түрлерінің „Мен” және өзге-агенттері бастапқы ақпаратымен қамтамасыздандырады да, ақпарат факт ретінде кодталады екен. Іс-әрекет субъектілері психикалық қатынасын жүзеге асырады.

Сонымен, физикалық пен әлеуметтік әлемнің базистік тұжырымдамасындағы адамның субъект ретіндегі белсенділігін, кіріктірілуін, әлеуметтілігін білдіреді. Бұл бізге субъектіліктің көзін адам дамуының ерте кезеңдерінен іздестіруге мүмкіндік береді. Сонымен, жүргізілген зерттеу жұмыстарының талдауы адамның базистік өлшемдерін анықтауға жағдай жасайды – ментальды моделдің қалыптасуына, „Мен” және „өзге психикалықтың” тасымалдаушысы болуына, ұқсас психикалық жағдайларды сезінуге. Өмірінің бірінші жылының соңында осындай модель пайда болып, адам субъектілігінің базистік деңгейін белгілеуге болатындығын анықтаймыз.

Субъект - әрекеттік көзқарастың ережесіне сәйкес субъект өзін-өзі дамытудың негізі ретінде тәжірибелік (практикалық) және теориялық іс-әрекеттері алынады, бірақ олардың барысында бір ғана іс-әрекет өтеді (ойын, оқу, еңбек және т.б.) және қарым-қатынастың түрлі деңгейлерінде жүзеге асырылатын нақтылау мен дамыту жүреді. Бір жағынан, субъектіні дамытуда белсенділік пен іс-әрекеттің рөлі жетекші болып анықталады, екінші жағынан, сауал туындайды – субъектінің белсенділігі мен іс-әрекетін не бағыттайды? Теориялық тұрғысынан мақсатсыз саналы және саналы емес тәжірибелік іс-әрекетті болдыру қиынға соғады. Осы жерде, тәжірибелік іс-әрекетті және белсенділікті түсінудің өлшемдерін ажырату маңызды. Белсенділік тәжірибелік әрекетке қарағанда эндогендік қажеттіліктермен бағытталады, олар сыртқы ортада іске асырылады. Ал тәжірибелік әрекет экзогендік мақсаттармен бағытталады, сонымен қатар субъект таңдаған және белгілі бір осы таңдауға сәйкес әрекеттер мен тәсілдер арсеналымен осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін қамтамасызданады. Осылайша „белсенділік” және „практикалық әрекет” арасындағы қарама-қайшылық жойылады.

Субъектінің практикалық әрекеттері – сыртқы әлеммен өзара әрекеттестігін аяқтайтын танымдық бағалау мен жоспарлаудың соңғы кезеңі. Сонымен, белсенділік субъектінің әлеммен жалпы әрекеттестігін бағыттайтын және тәжірибелік іс-әрекеттегі мақсат пен тәсілдердің өзара әрекеттесудің барысындағы мақсаттар мен тәсілдерді нақты талдаудың нәтижесі болып табылады. Белсенділік пен тәжірибелік іс-әрекет субъектіні әрқашан мақсатқа бағытталған және әлеммен әрекеттестігінің дамуына қол жеткізеді. Бұл өз кезегінде субъектінің ментальды тәжірибесін дамытады, өзгертеді, қайта құрайды және мақсат-міндеттердің іске асысуын қамтамасыз етеді. Белсенділікті дамыту үрдісі тәжірибелік іс-әрекетті дамытудың алдында жүреді және оны дайындайды.

Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың кәсіби қалыптасуына ықпал ететін педагогикалық жағдайлардың жасалуы тұлға дамуының жалпы теориялық негіздемесін талап етеді. Бұл өзара әрекетте болатын факторлардың әсерін есепке ала тұра өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту феномендерін анықтауға, сонымен бірге педагогикалық үрдісі жағдайында олардың іске асудағы механизмдерін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдетте педагогикалық теория мен тәжірибеде “білімберу” ұғымы педагогтың білім мен білікті, дағдыларды меңгертеді дегенді білтіретін. Солай, педагог оларды меңгеруге ұсынатын, ал оқушы оларды есте сақтап, тәжирибеде қолдануға тиісті болатын. Нәтижесінде адамның біліктілігі ақпараттық құзырлылық пен еңбек іс-әрекетінде білімдерді пайдалану қабілеттілігі болып танылады. Бірақ білімберу өз мәнінде инкультурация (адамзат жинақтаған білімдерді меңгеру) мен әлеуметтенуді (қоғаммен байланысты орнату) және өзбентінше өмір сүру мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтиды. Осыдан адам танымы мен рефлексиясының, рухани өзіндік шығармашылығының, кәсіби өзін-өзі жетілдірудің, жоғары мәдениетті жасау мен меңгеру тұрғысынан ұзақ еңбегінде білімді болады. Басқаша айтқанда, білімді адам болу үшін, қайта ұғыну кеңістігінен шығу мен үздіксіз өзін-өзі өзгерту, өзіндік шығармашылықта тұтастай тұлға ретінде өзін-өзі дамыту үшін бұрын меңгергенді тереңінен ұғыну болып табылады. Осыған орай педагогикалық үрдісте өзбетінше әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мәселесі туындайды. В.П. Зинченко білім берудің рөлін өз оқушыларына жаңа әлемді ашу деп түсіндіреді, сол әлемдерде бағдарлай алуға үйрету деп айтады, сонымен қатар білім әлемін ашу мен білімсіздік әлемін ажырату деп түсіндіреді. Осы әлемдерге бірінші қадамдарын жасауға көмектесуді баланың көзін ашу керек деген пікірмен түсіндіреді ішке бағытталған өзін ашуға, рухани және тұлғалық өсүге бағытты көрсетеді. Педагогтардың пікірінше, білім беру парадигмасы жаңаруының дәуірінде тұлғаның өзін-өзі дамуы ішкі факторлармен анықталуға тиіс. Қазіргі жағдайларда қоғамның маңызды міндеті - жаңа өзіндік сана мен ойлауды қалыптастыру. Олар тек білімді алу білігін ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге жұмыс жасауға, өмір сүру білігін және өзгелермен бірге өмір сүруге үйрету болып табылады. Осы төрт біліктер өз жиынтығында біздің менталитетіміздің өзгеруін анықтайды: адам өз өмірін өзі құру керек, өз-өзінің авторы болуы тиіс. Педагогикалық процесс барысындағы субъектілердің өзін-өзі дамуы білім беру іс-әрекетінің гуманизациялаудың маңызды факторы, шарты, тәсілі болады. Студенттердің өзін-өзі дамуы мен білім берудің гуманизациясының арасындағы өзара байланысты көру және оны меңгеру үшін тұлғалық өзін-өзі дамуы үрдісінің методологиялық негіздерін қарастыру маңызды. Өйткені, ол әр түрлі адамтану ғылымдарында түрлі түсіндіріледі.



Осымен біз тұлғаның өзін-өзі дамытудың жағдайларын түсіндіруде келесі қорытындыға келдік: болашақ маман тұлғасының қарым-қатынасқа қабілеттілігін, педагогикалық және психологиялық үрдісіне қатысушылардың арасындағы субъект-субъектілік қатынастарын дамыту деп ұйғардық. Түсіністік пен қарым-қатынас мәселелерін педагогтар мен психологтардың зертеулерінде „мен –концепциясы” шеңберінде зерттеленеді.

К.Роджерстің пікірінше, өзін-өзі дамытудың негізгі бағыты - өзіне деген сенімді нығайту мен өзін-өзі сыйлау қабілетін қалыптастырудың нәтижесінде субъект “идеалды Менге” ұмтылады [60]. Қазіргі тәжірибеде К. Роджерстің “тұлғалық өсу тобының” әдісі қолданылады. Ондағы қарым-қатынас барысында адамдың адаммен қатынастарын құру үшін қатысушылар бір бірінің алдында ашылып, өздерінің сезімдері туралы айтады, мәндік мағыналарды іздейді, өмірлік таңдаудың еркіндігін алуға ұмтылады және ол үшін жауап береді. Неғұрлым білікті және қабілетті болу үшін осының барлығы шектеулі рухани потенциалды ашуға көмектеседі. Бұл өздігінен өз бентінше әрекеттенуді күшейтеді – ұйымдастырылған байланысты гештальт үнемі қалыптасу барысында болатын және өзіне деген көзқарасты анықтайды. Тұлғалық жетілуге теріс әсер ететіндер - өзгерістен қорқыныш, қорғаныс механизмдері, өз ағзасына сенбеушілік, конформизм. Тұлғалық жетілуді түсіндіруде А.Маслоудың зерттеулеріне сүйенеміз: өсу – яғни потенциалдықтан қалмау деп түсінеміз. Немесе „тұлғалық өсу” деп А.Маслоудың қол жеткізген негізгі қажеттіліктері негізінде “жоғары” қажеттіліктерді қанағаттандыруды айтамыз. А.Адлерде тұлғаның ішкі күштерінің өзін-өзі дамыту процесі әлеуметтену мен тұтастылыққа жету барысында атқарылады, мақсатқа бағытталған шығармашылық ұмтылысына байланысты. Сондықтан да, шет елдің қазіргі психологиясының тұжырымдамасында – онтопсихологияның – „тұлғалық жетілу мен даму” негізгі ұғымдары болады және адамның тұлғалық өсуіне кедергі болатындарды анықтаған. Осының негізінде келесі қорытынды жасаймыз: педагогикалық процеске қатысушы әрбір субъектінің өзін-өзі дамытуы бойынша өз іс-әрекетін талдауға көмектесетін технологияларды қолдану маңызды. Осыған орай біздің тәжірибелік жұмысымызда оқытылушы өзін-өзі дамытудың, жетілдірудің объектісі болуы ерекше орынды алады. Ол өзінің нағыз тұлғалық ерекшеліктері мен әрекеттерін шынайы бағалай білуі тиіс және өз алдына мақсат қоя білу керек. “Дамудың” толық анықтамасын біз В.И.Смирновтан алып, оны сандық және сапалық ағзадағы, психикадағы, ақыл-ой және рухани адамның жүйесіндегі өзгерістердің процесі деп түсінеміз. Олар сыртқы және ішкі, басқарылатын және басқарылмайтын факторлардың тұқымқуалаушылық, орта мен тәрбиенің әсерімен анықталып, адам дамуының үрдісі мен нәтижелері үш маңызды факторлардың бірлескен әрекеттестігімен анықталады. Психологтардың зерттеулері бойынша (А.А.Абульханова-Славская, Б.Г. Ананьев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн және т.б.) адам дамуы барысында өзін-өзі дамыту екі детерменизмдік мағынасына ие: ішкі және сыртқы, негізінен назар ішкі анықтаушыларға аударылады – ішкі мүмкіндіктерді анықтау мен потенциалдық жағдайларды ашу. К.А. Абульханова –Славскаяның пікірінше, адамның дамуы – бұл белсенді өзін-өзі басқаратын, “ішкі жылжуға” тәуелді үрдісі (спонтанды ерексіз кез келген жүйенің өзгеруінің, оған сыртқы жағдайлар мен өзгерістегі орта ықпал етеді). Осыдан, “даму” категориясы мен “өзін-өзі дамыту” категориясы философиялық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде бірбірімен байланысты, өйткені жалпы дамудың өзін-өзі дамыту мәселесі осы салалардағы өзін-өзі жетілдірудің негізінде пайда болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет