Кіріспе І тарау. М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора



бет18/24
Дата19.12.2022
өлшемі279.01 Kb.
#467466
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Кіріспе І тарау. М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора ме-dereksiz.org

Сайтанның да, күнәсіз періштенің,

Бал мен уын талғамай неге ішкемін?

Періштенің қайғысын бөліспедім -Сайтанменен,

болса да, келіспедім, Не істермін, тәңір-ау, не істермін?!


Мұқағалидың бұл шумағындағы "сайтан" мен "періште", "бал" мен "у" өмірде жоқ балама ұғымдар, бұл ақынның стиліне тән стильдік немесе контекстік антонимдер. Осы антонимдердің бірнеше рет қайталануы және анафора тәсілінің қолданылуы арқылы өлеңнің әуезділігін арттыра түседі.

А.Нысаналин: "Бұл - әрекетсіз шарасыздық емес, қозғалыс үстіндегі жанның көңіл-күйі. Сәлден аспандап, сәлден бәсейіп қалатын ақын болмысы. Мұқағали да тым әсершіл, тым сезімтал, тым мұңшыл болатын. Біз нәзік жанының жазықсыз жараланғанын сезінген болатынбыз. Алайда жалғыз бұл жағдайда емес, ылғи да қанша пендешілік көлеңкесін көрсе де, ешкімді де жамандыққа қимайтын Мұқағали жырлары өзіне біткен кесек мінезден танған жоқ, талғампаз оқырман жүрегіне көлденең жолбикелерсіз-ақ төте жол тартты", - деп өзінің ақынға деген, онын, шығармашылығы туралы ақ адал жүрек сөзін айтады. [25,22]

Ақынның өз заманындағы адамдар арасынан шыққан періштелермен, сайтандармен келіспей "не істермін, тәңір-ау, не істермін?!" деп күйзелуі занды. Мұқағалидың жалынды өткір, мұңшыл, сыршыл, тым әсерлі өлеңдері, өзінің айырым әріптестерінің ойлау, сезіну, қабылдау түйсігі мен көзқарасы деңгейінен әлдеқайда жоғары тұр. А.Нысаналиннің "Мұқағали ылғи да қанша пендешілік көлеңкесін көрсе де, ешкімді де жамандыққа қимайтын" деуі өте орынды. Себебі "үлкен әулие кешірімді" дегендей, Мұқағали қазақ халқының болмысынан жасалып, қара өлеңінен шыққан поэзия әлеміндегі үлкен құбылыс.

Антоним сөздер ақынның айтайын деген ойын ықшамды, әсерлі етіп береді. Мұқағали өз өлеңдерінде туынды зат есім антонимдерді де

қайталайды. Мысалы, келесі өленде:
Жаратқасын адам ғып:


Жақсылыққа — жақсылық,

Жамандыққа жамандық,

Адалдыққа — адалдық,

Арамдыққа — арамдық.

Жақсылық - жамандық, адалдық-арамдық - дерексіз мағынаны білдіретін зат есім антонимдер. Бұл антонимдер бір-біріне қарама-қарсы мәнде айтылып, мінезге байланысты нақты бір ұғымда қолданылып тұрған абстракты зат есімдер.

Жақсылық - жамандық, адалдық-арамдық антонимдерін ақын қайталау арқылы өлеңнің әсерін күшейтіп, ойын дәлдікке құрған. Осындай мағыналы антонимдер автор идеясының да көрсеткіші. Қатар қолданылған антонимдер мәтінге өң беріп тұр.

Мұқағали жырларында сын есім антонимдердің қайталамалары да қолданылып, өлеңге айрықша мағыналық реңк беріп тұрады. Мысалы,

Аңғал досым-ай,

Не дейін саған, не дейін.

Жақсы да сені демейін,

Жаман да сені демейін,

Қасымда жүрші, әрқашан сені көрейін.


Адамға деген жақсылығың да шамалы,


(Жаманнан гөрі жоғары).

... Жақсылығың жүр,

Жаманнан гөрі жоғары.

"Жаман — жақсы" анафоралық антонимдері адамның қасиетін ашатын, дәл берілген сапалық сын есімдерден жасалған. Бұл антоним сөздер ойды ықшамды, тұжырымды қолдану сияқты мақсатта алынған.Осы сын есім антонимдер адамның өмірі мен сол өмірдің қайшылықтарын, адам психологиясын танытатын, салыстыра жұмсалған әсерлі де мәнерлі сөздер.

Ақынның келесі бір өлеңінде субстантивтенген сын есім антонимдер кездеседі.
Адалмын деп, араммын деп айта алман,
Адалдықпен бірге ойладым, бір күлдім.
Арамдықтың кемесінде шайқалған,
Тентек болған тайыншадай ділгірдім.
Адалсың деп көңілімді көпсітпе,
Адалдықты ала келгем анамнан.
Арамсың деп өмірімді өксітпе,
Жұмыр басты пенде болып жаралғам...
немесе: Адалсың ба, қолынды бер, сенен тәлім алайын,

Арамсың ба, аулак-аулақ маңайымнан, ағайын!

Мұнда "адалсың - арамсың", "адалдық - арамдық" деген бір-біріне карама-қарсы сөздер анафораға айналған. Анафоралық қайталамалардың әсері өлеңнің түріне ғана емес, мазмұнына да қатысты: айшықты тіл образбен ойлауға, болмысты бейнелі қабылдауға үйретеді.

"Адал — арам" антонимі өмірді түсінуге, сезінуге, түйсінуге себепші болады. Бұл антонимдер құпиялы адам өмірін танып білудің негізінде жұмсалады. Осы антонимдік қайталамалар арқылы Мұқағали өлеңнің түбіне терең бойлап қарама-қарсы мағынадағы сөздердің ерекшеліктерін айқындайды.

Қазақ тіл білімінде әр түрлі сөз таптарынан жасалған антоним сөздер туралы айтылады. Бұл құбылыс сөз таптарының арасында антонимия, орысша айтқанда "межчастеречная антонимия" деп аталады. Бұл антонимияның негізінде сөз таптары, сөздердің грамматикалық тобы мен антонимдер, сөздердің семантикалық категориясы байланысу мәселесі жатады.

Әр түрлі сөз таптарынан жасалған антонимдер М.Мақатаевтың поэзиясында да кездеседі.

Мұқағалидың "Тағы да Майгүлге" өлеңіңде зат есімді сөз сын есімді сөзге қарама-қарсы мағынада берілген.

Қайтсем сенің құтылам елесіңнен?!

Отырасың қасыма келесің де.

Сен өлгенсің, жаным-ау, мен тірімін,





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет