Кіріспе І тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың ғылыми -теориялық негіздері


Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулу деңгейлері



бет4/4
Дата04.07.2016
өлшемі1.22 Mb.
#176126
1   2   3   4

Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулу деңгейлері

Төменгі деңгей

Орта деңгей

Жоғары деңгей

Оқушы өзіне сенімсіз, танымдық қабілетін дамытуға құлықты емес, тек алған ақпаратпен шектелуі, оқуға қызықпауы; мұғалімнің басшылығымен мәтінділігі, объектідегі негізгіні бөліп алуы, салыстыруды жүзеге асрыуы баяу, ақпаратты жүйелей алмауы, өз бетінше тапсырманы және мәтінді құрастыруындағы баяулығы, және тәжірибені айқын жоспарлай алуы мен жүргізе алмауы (теориялық және практикалық тұрғыдан), іс-әрекетті орындау жоспарын кұру кажеттігін білмеу, түсінбеу және жүзеге асыра алмауы сияқты әрекеттері жатқызылды.

Оқушының өзіне-өзінің сенімі, өзін дамытуы тұрақты емес, бірақ өзінің танымдық қабілетін дамытуға ұмтылысы анда-санда көрініс табуы; қызығуын қанағаттандыруға өздігінен ұмтылмауы; мәтіндегі, объектідегі негізгіні бөліп ала алмауы, салыстыруды жүзеге асыруы, ақпаратты жүйелей алуы төмен; ақпаратты өзгертуі, толықтыруы, өз бетінше тапсырманы және мәтінді құрастыруы жеткіліксіз, өзінің және басқа оқушы қатесін мұғалімнің еске түсіру сұрағымен түзетуі; мәтіндегі, құбылыстағы себеп-салдарлық байланысты білуі, дәлелдеуі, жалған екенін сипаттауы (терістеуі) өзбетінше жеткіліксіз орындауы, байланыстарды көрсетуі толық мәнді емес, құбылыстың құрылымдық элементтерін анықтай алмауы; тапсырманы орындау жоспарын құрастыруы толық емес; бақылауды, өлшеуді және тәжірибені жоспарлауы мен жүргізуі айқын көрініс табуы, іс-әрекетті орындау жоспарын құру қажеттігін білуі, түсінуі және тек оларды жүзеге асыруы жеткіліксіздігі негіз болды.

Оқушының өзіне-өзі сенімділігі, өзін ұдайы дамытуы, өзінің танымдық қабілетін дамытуға ұмтылуы; берілген тапсырманы мазмұнына, т.б. сәйкес қызығушылығын қанағаттандыруға бейім тұруы; мәтіндегі, объектідегі негізгіні бөліп ала алуы, салыстыруды толық мәнді жүзеге асыруы, ақпаратты жүйелей алуы; шығармашылық сипатта ақпаратты өзгертуі, толықтыруы, өз бетінше шығармашылықпен тапсырманы және мәтінді құрастыруы, өзінің және басқа оқушының жіберген қатесін түзете алуы; мәтіндегі, құбылыстағы себеп-салдарлық байланысты білуі, дәлелдеуі, жалған екенін сипаттауы; байланыстарды көрсете алуы, құбылыстың құрылымдық элементтерін анықтай алуы; тапсырманы орындау жоспарын құрастыруы; бақылауды, өлшеуді және тәжірибені жоспарлауды мен жүргізуді толық мәнді орындауы (теориялық және практикалық тұрғыдан), іс-әрекетті орындау жоспарын құру қажеттігін білуі, түсінуі және жүзеге асыра алуы өзек болды.

Өзінің ғылыми зерттеуінде Мырзабаев К. инновациялық іс-әрекетті қалыптастыру төмендегідей арнайы педагогикалық шарттарды бағыттағанда ғана тиімді болатынын анықтайды:

- бастауыш сынып мұғалімдеріне инновациялық іс-әрекеттің

теориялық негіздерін меңгерту;

- бастауыш сынып мұғалімдеріне "Оқу процесіндегі инновация

мәселелері атты арнайы курсты ұсыну;

- мұғалімнің теориялық білімі мен практикалық тәжірибесін

ұштастыру.

Сондықтан да, біз эксперимент жұмыстарының нәтижелі болуы және мектеп мұғалімдерінің қалыптастыру экспериментіне толық мәнді қатынасуы үшін біздер арнайы "Оқу материалдарын бастауыш сыныптарда шығармашылық сипат беруде пайдалану" тақырыбында семинарлар ұйымдастырдық. Оның негізгі мақсаты - оқу материалдарының оқушының шығармашылық іс-әрекетіне негіз қалайтын ашу және оны оқу процесінде пайдалануға мұғалімдерді даярлау. Арнайы курстың мазмұны төмендегідей анықталды

1 - тақырып.

Шығармашылық, іс - әрекет және оның түрлері

Шығармашылық ұғымы. Әрекет және іс-әрекет. Іс- әрекеттің түрлері. Шығармашылық еңбек. Шығармашылық емес еқбек. Мотив және нұсқау. Шығармашылық түрлері: көркем, техникалық, әдеби, музыкалық т.б.



2- тақырып.

Шығармашылық қабілет түсінігі

Талант және дарындылық. Шығармашылықты дамыту мәселесі. Ықылас және ынта. Шығармашылық қабілетке ықпал ететін факторлар. Шығармашылық қабілеттегі белсенділік пен ерік.



3- тақырып.

Пәнаралық байланыс негізінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру

Оқыту процесініқ құрылымы. Оқушылардық тұтас түсінігін қалыптастырудағы оқу материалдары. Пәнаралық байланыс оқу материалдарын және іскерліктерін іріктеу. Пәнаралық байланыс іскерліктерін оқытуда жүзеге асыру.



4- тақырып.

Шығармашылық тапсырмалар

Педагогикалық тапсырмалар олардың сипаты мен түрлері. Тапсырмалардың күрделілігіне сәйкес ажырату (іріктеу). Тестік тапсырмалар және ашық формадағы тестік тапсырмалар. Практикалық сипаттағы шығармашылық тапсырмалар



5 - тақырып.

Оқу материалдарын шығармашылық іс-әрекетте пайдалану

Пәнаралық сабақ және онық ұйымдастыру ерекшеліктері. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыруда оқу материалдары және іскерліктер негізінде жүзеге асыру: оқыту мазмұны, әдістері, формалары, құралдары арқылы.




Біздің эксперимент топтарындағы оқыту технологиясындағы негізгі ерекшеліктеріміз оқудың бірлігін қамтамасыз етудегі кешенді тәсілдерді қолдану болып табылады. Олар:

- мәтіндегі, заттағы, негізгіні бөліп алу;

- салыстыру;

- ақпаратты жүйелеу;

- ақпаратты өзгерту;

- ақпаратты толықтыру;

- мәтінді, затты және тапсырманы біріктіру;

- мәтінді, затты және тапсырманы өз бетінше құрастыру;

- қатені түзету (ақпаратты амал жасау түрлері);

- себепті-салдарды анықтау;

- дәлелдеу;

- жалған екенін сипаттау;

- заңдылықтарды (байланыстарды) анықтау;

- жаңа функцияны анықтау;

- жүйе элементтері арасындағы байланыстарды анықтау;

- жүйенің жаңа құрылымдық элементтерін анықтау (себеп-

салдарлық байланыс түрлерін);

- тапсырманы орындау жоспарын құрастыру;

- бақылауды, өлшеуді және эксперименттерді жоспарлау және

жүргізу;

- жүйенің дамуын болжау;

- іс-әрекетті орындау жоспарын талдау (практикалық іс-әрекеттерді

жоспарлау және орындау түрлері)

Жоғарыдағы көрсеткіш кестедегі салыстыру арқылы тәжірибелі-эксперимент жүргізген сыныптағы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінің деңгейі бақылау сыныбына қарағанда жоғары екендігін байқауға болады.

Қорытынды.

Жүргізілген зерттеу жұмысымыз педагогика мен мектеп тәжірибесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі болып табылатын оқушылардың танымдық дербестігін дамыту мен оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулуға арналған.

Әлеуметтік және ғылыми -техникалық процесті дамытудағы басты мәселелердің бірі – адамдардың белсенділігі, сапалы және терең білімі мен іскерлігі, сонымен қатар кәсіптік дайындығы болып табылады. Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты- жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын дамыту мен шығармашылық іс – әрекетке баулуға негіз салу болып табылады. Осы мақсатты есепке ала отырып, оқыту барысында оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың жолдары мен тәсілдеріне байланысты бірқатар мәселелері қарастырылды.

“Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың ғылыми -теориялық негіздері” атты тарауда:

- Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс -әрекеттерінің мәні мен мазмұнын анықтауда бірқатар педагог-психологтардың (Т.С., Сабыров., М.А. Асылжанова., С. Жақыпов., Л.И. Божович., Д.Б. Эльконин., И.Г. Салмина., Н.И. Гуткина., А.А. Люблинская., А.Н. Леонтьев және т.б.) көзқарастарын талдаулар жасалды;

- Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың психологиялық – дидактикалық шарттары Л.М. Фридман., Г.И. Волков., А.Н. Леонтьев., В.И. Селиванов., Е.Н. Кабанова, Меллер., М.И. Махмутов., П.Я. Гальперин., Ю.Н. Кулюткин., Т.И. Шамова., И.Л. Половинкова және т.б. педагог- психологтардың көзқарастарын басшылыққа ала отырып, айқындалды.

Сондай -ақ, шығармашылық іс -әрекетке баулудың деңгейлерін анықтауда И.Л. Половникова., П.И. Пидкасистый және т.б. көзқарастарымен ой пікірлері қарастырылды. “Шығармашылық”, “шығармашылық іс -әрекет” ұғымдарына анықтамалар берілді және оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың деңгейлері мен психологиялық – дидактикалық шарттары анықталды.

“Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық іс -әрекетке баулудың жолдары” атты тарауда:

- оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулу технологиясының педагогикалық сипаттамасында қарастыруды “технология” ұғымына П.Р. Атутов., В.А. Поляков., Ф.Б: Гильбрейт., Ф.У. Тейлор анықтамалары, ал “педагогикалық технологияның” мәнін ашуда В.П. Беспалько., В.М. Монахов., Г.К. Селевко., В.А. Сластениннің анықтамалары келтірілді.

- Бастауыш сыныпта өтілетін пәндер (математика, бейнелеу, еңбек, дүниетану) арқылы оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың жолдары айқындалды;

- оқыту процесінде оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың тиімді әдіс – тәсілдері айқындалып, оны эксперимент – тәжірибе жүзінде тексерілді.

Сонымен, бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық іс -әрекетке баулу жұмыстары оларды болашақта шығармашыл тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін фактор болып табылады. Олай болса, оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулуды зерттеу, тек оқыту процесінде ғана емес, оны тәрбиелік үрдістерде, сыныптан, сабақтан тыс жұмыстармен байланыстырып дамыту қолға алынатын болса, онда бұл мәселе өз мазмұнын одан әрі жетілдіре түсетіні анық.



Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Қазақстан Республикасының білім туралы заңы. 1999 ж. 7 маусым

№ 389 – 1.

2. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы

А., 2004.

3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға білім беруді дамыту

тұжырымдамасы // Қаз. мектебі, 2004 № 2.

4. Крупский В.А Психология обучения и воспитания школьников.,

М., Просв. 1976.

5. Талызина Н.Ф. Формирование позиовательной деятельности младших

школьников. - М., 1988.

6. Алексеев В.Е. Активизация работы по развитию технического

творчества учащихся – М., 1989.

7. Тұрғынбаева Б.А. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының

шығармашылық қабілеттерін дамыту. А., 1998.

8. Қаламқалиев М.Қ. Мектеп оқушыларын еңбекке баулудағы

техникалық шығармашылықты дамытудың педагогикалық негіздері.

А., 1998.

9. Мырзабаев А.Б. Оқушылардың шығармашылығын дамытуда белсенді

оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. А., 2005 .

10.Әбілқасымова А.Е. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын

қалыптастыру., -А., 1994.

11.Мирозова А.Т. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытудағы

мұғалімнің кәсіптік шеберлігі. // Ұлағат. 2/ 2000, 3-8 бет.

12.Қалиев С. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың

педагогикалық негіздері. А., 2001.

13.Кішібаева Д.Ж. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық

тұлғасын пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыу. А., 2004.

14.Атутов П.Р., Поляков В.А: Роль трудового обучения в политическом

образовании школьников. - М., 1985.

15.Еңбекке баулу: Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарын

арналған оқулық Т. Оразбекова А., 2001.

16. Дүниетану: Ж.б.. мектептің 1-4 сыныптарын арналған оқулық /Қ.

Жүнісова) – А., 2004.

17. Күнпейіс Ж. “Еңбекке баулу” пәнін оқыту әдістемесі. -А., 2005.

18. Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно – воспитательного процесса

(метод. основы). -М., 1982.

19. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. -М., 1980.

20. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.

21. Жарықбаев Қ.Б. , Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі.-Алматы:

Санат, 1995.

22. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992.

23. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана., 1998

24. Щукина Г.И. Активизация познавательной деятельности учащихся в

процессе обучения. -М., 1979.

25. Лернер И.Я. Дидактичесие основы методов обучения. - М., 1981.

26. Махмутов М.И. Современный урок. -М., 1981.

27. Рахымбек Д. Оқушылардың логика – методологиялық білімдерін

жетілдіру. А., 1998.

28. Кабанова -Меллер Е.Н. Формирование приемов умственной

деятельности и умственное развитие учачихся. -М., 1968.

29. Психология исследования творческой деятельности /отв. ред. О.К.

Тихомиров. -М., 1975.

30. Пидкасистый П.И. Самостоятельная познавательная деятельность

школьников обучения. Теоретико - экспериментальное исследования.

-М., 1980

31. М.Ө. Мұсабеков. Оқушылардың зерттеушілік қызметі. Ш., 2003.

32. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. - А., 1982.



Қосымшалар

Суретке қарап шығарма жаз.


Қамкорлық

Бір күні ерте көкөтемде Ержан далада ойнап жүрді. Бір кезде күшіктің қыңсылаған дыбысын естіді. Ержан дауыс шыққан жаққа бет алды. Кішкентай күшік суға батып, шығып жатыр екен. Ержан күшікті үйіне алып барды. Сүт берді. Мамасы ұрысады деп ойлады. Бірақ мамасы баласының ісіне риза болды.


Толыбай Аяулым

Сурет бойынша әңгіме құрастыр.


Алтыбақан.
Алтыбақан қазақ халқының сүйіп ойнайтын ұлттық ойыны. Бұл ойынға ақылына көркі сай ауылдың сұлуы мен ержүрек батыр жігіті ойнайды. Бұл ойынның аты мынадай. Бірінші кыз бен жігіт әткеншек ойнайды, екінші қыз әткеншектен атқа мініп шаба жөнеледі. Ал жігіт болса қыздың шешесінен тиісті қамшымен соққы алады да кыздың артынан қуады. Жігіт қызға жетсе, "Жігіт сұлтаны" атағын алады.


Орынбасар Ұлжан.

Сурет бойынша әңігіме құрастыр.


Достық.
Орман ішінде борсық, саршұрнақ. құндыз үшеуі бірге тұрыпты. Олар бірігіп ін қазып, тату тұрыпты. Тапқан тамақтарып бөлісіп жепті. Жауларынан да бірге корғаныпты. Олар өте ұйымшыл болыпты.
Әбдібек Сержан.

Сурет бойынша әңігіме құрастыр.


Ат жарысы.

Досан мее Асан ат жарысына қатысты. Оған бару үшін алдын-ала аттарын баптады. Мәреге бірінші болып Досан келді. Ат жарысы өте қызық өтті.



Құрманбай Әсия.
Сурет бойынша шығарма жаз.


Мысық пен тышқан.
Жаз кезі. Жер жап-жасыл. Жусан иісі аңқып түр. Гүлдер жайнап тұр. Ол жерде Мысық пен тышқан жүруші еді. Екеуінің бастары бірікпейтін еді. Бір күні мысық жатыр еді. Тышқан сол аумақта бақшаны аралап жүрген. Мысық тышканды ұстап, жемек болды. Тышқан сол күйінше аңырап қалды.
Анашбек Гүлнүр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет