Ақуыз молекуласының ІІІ реттік, табиғи (нативті) құрылымының түзілуіне оның белгілі бір лигандпен байланысуы айтарлықтай әсер етеді. Ақуыз-лиганд әрекеттесулердің бірнеше түрлері белгілі: 1) Лиганд ақуызбен байланысып оның құрылымын тұрақтандырады, бірақ конформациясының өзгеруіне айтарлықтай әсер етпейді. Мысалы, лизоцимнің Са2+ ионымен байланысуы; 2) Лиганд ақуыздың ІІІ реттік құрылымын айтарлықтай өзгертеді және тек осы күйінде ол белсенді болады. Мысалы, кальмодулин Са2+ионын байланыстырғаннан кейін белсенділік қасиетке ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |